Қазақстандық телекоммуникация және байланыс саласының журналы



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата12.03.2017
өлшемі15,65 Mb.
#9073
1   2   3   4   5

әлеуметтік желілер

және мессенджерлер

Вконтакте, Мой 

Мир, Одноклассни-

ки, Facebook, LinkedIn, 

Мой Круг және көптеген басқа да 

әлеуметтік желілердің атауларымен 

оқырманды таныстыру артық іс болар 

еді. Ғаламшарымыздың әрбір бесінші 

тұрғыны қандай да бір әлеуметтік 

желіде тіркелген, ал қалғандары ондай 

желілердің бар екендігін естіген болар. 

Әлеуметтік желілер өзінде тіркелген 

пайдаланушыларға бұрынғы достарын 

тауып, жаңа адамдармен достасуға, пір 

тұтатын адамдарымен қатынас жасауға, 

тіпті ақша табуға және жай ғана желіде 

бос уақытын қызықты өткізуге бірден-бір 

мүмкіндік береді. Өз смартфоныңызға 

әлеуметтік желіге арналған клиентті 

қондырып алсаңыз, сіз қай жерде болма-

сын: жол кептелісінде, саябақта, универ-

ситетте сабақ арасындағы үзілісте немесе 

жұмыста түскі үзіліс кезінде өзіңіздің дос-

жарандарыңызбен қатынас жасай аласыз. 



мультимедиа

Мультимедиялық 

қолданбалар 

смартфоныңыз өздігімен 

ойната алмайтын 

музыкалық және бейне-файлдарды 

көруге, сонымен қатар ән-күйлер мен 

фильмдерді көру үшін қосымша бапта-

маларды іске қосуға мүмкіндік беретін 

баламалы дыбыстық және бейнелі 

ойнатқыштарды, әуен кескіштерді, файл 

жүктегіштерді, онлайн-радионы және 

бейнелеу редакторларын қолдануға 

мүмкіндік туғызады. Осы қолданбалардың 

барлығы смартфоныңызды музыка 

мен бейнетаспаларды өндіру және 

пайдалануға арналған комбайнға 

айналдыра алады. Мысалы, әуен кескіш 

көмегімен смартфонға кез келген тректі 

жүктеп алып, оны сол смартфонның 

өзінде кесіп алып, қоңырау шалуға 

арналған реалтон ретінде қондырып 

ала аласыз. Ал әдеттегі FM-радионың 

қазіргі заманғы баламасы болып та-

былатын онлайн-радиодан Жердің кез 

келген түкпірінен: Мексика мен Жапо-

ниядан, Түркия мен Франциядан, АҚШ 

пен Украинадан беріліп жатқан радио-

трансляцияны тыңдай аласыз. Онлайн-

радионы тыңдауға арналған бірден-бір 

кең танымал қолданба — TuneIn, оны 

бүкіл әлемде 50 млн-нан астам адам 

қолданып жүр. 

Фотосурет

Смартфоныңызға 

қондырылған камера 

көмегімен түсірілген 

суреттердің сапасын 

жақсарту үшін сіз қолданбалар дүкенінен 

графикалық редакторды немесе олардың 

бірнешеуін жүктеп ала аласыз. Фото-

редакторлардың алуан түрлі сүзгілері мен 

қондырмаларын пайдаланып, бір қарағанда 

нашар болып көрінетін фотосуретті 

шедеврге айналдырып, Instagram-да 

өзгелерге ұялмай көрсетуге болады. 

Фото-редактор мен әлеуметтік желінің 

қосындысы болып табылатын Instagram 

ұтқыр қолданбалардың арасында нағыз 

феномен ретінде бағаланады, ол фото-

суретке түсіруді жақсы көретін адамдар 

мен фотосурет өнерінің нағыз майталман-

дарын біріктірді. Голливуд жұлдыздары 

да, саясаткерлер де, әлемдік брендтер 

мен жай ғана смартфон пайдаланушы-

лары да Instagram-да өз фотосуреттерін 

орналастырады. Қарапайымдығы мен 

қолжетімділігінің арқасында бұл аса 

кең танымал қолданбаны 280 миллион-

нан астам пайдаланушы iOSи Android 

негізінде жұмыс істейтін смартфондарына 

қондырып алды, енді жақын арада ол ОС 

WindowsPhone пайдаланушыларына да 

қолжетімді болмақ. 

ойындар 

Қолданбалар дүкендерінде 

смартфон пайдаланушы-

ларына ондаған, жоқ, тіпті 

жүздеген мың ұтқыр ойын 

әзір тұр! Сізге тек оған кіріп, көңіліңізге 

қонымды ойынды таңдап алу керек, 

мәселен, аркада, жарыс, стратегия, шутер, 

алуан түрлі футбол, хоккей, баскетбол және 

гольф симуляторларын және көптеген басқа 

жанрлардағы ойындарды таңдап алуға 

болады. Ойын хиттерінің ішінде AngryBirds, 

FruitNinja, Asphalt, Cut the Rope, Need for 

Speed, Temple Run ойындарын атап өтуге 

болады.

Жоғарыда аталған қолданбалар 



тобымен қатар ондаған өзге қолданбалар 

бар, оларға утилиталар, кітаптар, 

анықтамалықтар, бюджетті бақылауға 

арналған қолданбалар жатады. Бір матери-

ал шеңберінде алуан түрлі қолданбалардың 

барлығын толық суреттеп-сипаттау мүмкін 

емес. Сондықтан белгілі бір ұтқыр платфор-

маны пайдаланушылардың қай қолданбаны 

қондыра алатыны жайлы әңгімемді VOX.

COM журналының келесі сандарында 

жалғастырамын. 

.................................



.................................

.................................

.................................

МарКет


Роуминг:

өзіңді үйдегідей сезін!



роумингті жамандайды, 

роумингке шағым 

білдіреді, роумингті 

жойғысы келеді. 

Бірақ, Қазақстаннан 

тыс шыққан кезде де 

байланыста болғысы 

келетіндер әрқашан 

роумингті қосады. 

VoX.com Kcell-дің 

әлеуметтік желілердегі 

(

Facebook, Контакт

корпоративтік 



беттерінде тіркелген 

абоненттерден 

өздерінің өміріндегі 

роуминг туралы 

оқиғаларымен бөлісуді 

сұрады. Ең қызықты 

әрі үлгі боларлық 

оқиғаларды осы 

нөмірде жарияладық

азиз Есжанов (Facebook)

Өткен  жылдың  қыркүйегінде  мен  Германияға 

оқуға  келдім.  Осыған  дейін  шетелде  болып 

көрмегенмін.  Сондықтан,  жат  елде  жалғыз  болу 

мен үшін қорқынышты еді. Міне, мен жалғыз өзім 

пойызымды  күтіп,  жолжүгіммен тұрмын. Айнала-

да тек өзге тіл, бөтен адамдар... 

Кенет,  күтпеген  жерден  менің  телефоныма  мы-

нандай SMS келді «Қымбатты абонент, Activ сізді 

Германияда қарсы алады!» Шынымды айтсам, сол 

сәтте мен жат елде жан досымды кездестіргендей 

болдым!  Осы  смс-тің  арқасында  менің  барлық 

уайымым  мұз  секілді  еріп  кетті.  Мен  ата-анама 

жағдайымның  жақсы  екендігін тез  арада  хабар-

ладым,  кейін  дайындалдым  да  ішімнен  қатты: 

«Мен  Германиядамын,  балақай!»  дедім.  Бізбен 

бірге болғандарыңыз үшін рахмет сіздерге! 

Білгенге маржан

ақбота жұмаділова (

Контактте

)

Менің  оқиғам  өнегелі.  Ол  Kcell-ден  жақсы  опера-

тор жоқ екендігі туралы. Мен Еуропаға барған кезде 

үнемдемекші  болдым.  Басқа  оператордың  жарнама-

сына беріліп, есепшотыма 2000 теңге салдым да кетіп 

қалдым. Еуропаға келген кезде жергілікті операторға 

қосылдым, бірақ, менің ақшам бір күннің ішінде таусы-

лып қалды! Менің көңіл-күйім түсіп кеткені соншалық, 

Алматыдағы  жақындарыма  жаздым,  олар  енді  менің 

Kcell  нөміріме  2000 теңге  салды.  Ол  маған  10  күнге 

жетті  және  қайтып  келгенде  де  әлі  бар  еді.  Мен 

арзанның сорпасы татымасын енді түсіндім.  Әрдайым 

жанымызда болғаныңыз үшін рахмет саған, Kcell!

жан Sweet (

вКонтакте

)

Бір  жолы,  Kcell  маған  үлкен  көмек  көрсетті.  Ком-

пания  менің  жағдайымды  түсініп,  роумингті  алыс 

қашықтықтан қосып берді. Роумингтің арқасында, мен 

Астанадағы  жұмысқа  қатысты  мәселелерді  Италия-

да  жүріп  шештім.  Шетелде  жүріп,  жұмысты  үйлестіру 

және бар жағдайдан хабардар болу — керемет. Рахмет 

саған, Kcell!



Гүлдана сүлеймен (

Facebook

)

Ақпан  айында  Стамбулға  барғанмын.  Айтарым  бір–

сіздердің  бар  екендеріңізге  үлкен  рахмет  Kcell.  Роу-

минг  қызметінің  арқасында,  мен  телефонымды  үйде 

жүргендей  пайдаландым.  SMS-тер  жібердім,  оны 

да  7 теңгеден.  Бірнеше  рет  қалада  адасып  қалдым 

—Кселл көмектесті. Сіздердің алдағы уақытта гүлдене 

берулеріңізді тілеймін!



алиша сержан (

Facebook

)

2006  жылы  мен  досыммен  бірге  Италияға  бар-

дым.  Милан  алаңдарының  бірінде  біз  екі  қызбен 

кездейсоқ  таныстық,  кейін  белгілі  болғандай,  олар 

мұнда оқуға келген екен, жергілікті нөмірді жаңа ғана 

қосыпты. Роуминг тек менде ғана бар еді. Біз телефон 

нөмірлерімізбен ауысып, екі күннен кейін Римге ке-

тер алдында оларға қонаққа бардық. Уақытымыздың 

көңілді  өткені  соншалық,  өзіміздің  пойызға  отыру 

керектігімізді мүлдем ұмытып кетіппіз. Жүгіріп жүріп, 

вокзалға да үлгердік, енді дем ала бастаған кезде SMS 

келді:  «Алина,  сен  әмияныңды  біздің  үйде  ұмытып 

кетіпсің».  Сәйкесінше,  ақша,  карталар,  құжаттар 

(паспорттан басқа) — барлығы сонда еді! Менің до-

сыммен бірге болғаным жақсы болды, әмиянымның 

жоқтығынан  қиналған  жоқпын.  Миланға  келген 

кезде  мен  әмиянымды  аман-есен  алдым,  қазір  сол 

қыздардың  бірі  —  менің  жақын  құрбым.  Роуминг 

бұл  жерде  үлкен  рөл  атқармағанымен,  мен  соның 

арқасында  әмиянымды  қайда  қалдырғанымды  дәл 

біліп  жүрдім  және  оны  іздеп,  жүйкемді  тоздырып, 

уақытымды жұмсаған жоқпын.



МарКет

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

18

19

қосылу



Мұнда бәрі оңай: егер сіздің шотыңызда 

3000 теңге болса — роуминг автоматты 

түрде қосылады. Activ абоненттері үшін 

одан да оңай: «DA» немесе «Да» сөзін 3030 

нөміріне жіберу керек. Роуминг автоматты 

түрде іске қосылады.



теңгерім

Шетелде жүрген кезде теңгерімді http://

epay.kcell.kz сайтында немесе Homebank.kz 

порталында тез арада толтыруға болады.



сим-картаны ауыстыру

Қазіргі уақытта сим-картаны 4 елде 

ауыстыруға болады-Өзбекстанда, 

Қырғызстанда, Тәжікстанда, Грузияда. 

Өзбекстанда Ucell операторының сервис-

орталығында ауыстыруға болады, ол 

мына мекенжайда орналасқан: Ташкент 

қ., Шахрисабз к-сі, 1. Қырғызстанда-біздің 

әріптесіміз болып табылатын Megacom ком-

паниясында, мына мекенжайда орналасқан: 

Бішкек қ., Шу д-лы, 155, Д2 бутигі,  «ЦУМ-

Айчурек» шығыс жағы. Тәжікстанда  Душан-

бе мен Худжанд қалаларында орналасқан  

Tcell операторында ауыстыруға болады.  

Душанбеде — Рудаки 34, «Tcell Plaza», 

Худжандте — Рифат Хочиев к-сі 2 мекен-

жайында орналасқан. Грузияда ауысты-

руды 2 қаладағы Geocell операторының 

сервис орталықтарында жүргізуге болады: 

Тбилисиде — Чавчавадзе 34, ал Батумиде- 

З. Горгиладзе 54/62 мекенжайы бойынша. 

Осы елдердің барлығында ауыстыру 

рәсімі бірдей: нөмір сізге тіркелген 

болса,  өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз 

болса жеткілікті, ал агер заңды тұлғаға 

ресімделген болса — сіздің ұйымның 

байланыс телефонын көрсету жеткілікті 

болады. Бұл жағдайда операторлар сим-

картаның жоғалғаны туралы хабарлап, хат 

сұрату үшін сол телефон арқылы байла-

нысады. 

жеңілдіктер

Kcell роумингті өзінің абоненттеріне 

қолайлы әрі икемді ету үшін әрдайым 

жеңілдіктер жүйесін жетілдіріп оты-

рады. Әр түрлі елдердегі роумингке 

арналған көптеген жеңілдіктер мен 

арнайы ұсыныстар бар, әрбір абонент 

солардың ішінен өзіне ең тиімдісін таба 

алады. Роумингтегі жеңілдіктер туралы 

мәліметтерге www.kcell.kz және www.activ.

kz сайттарында «Роуминг» бөлімінде қол 

жеткізе аласыз. 



қоңыраулар 50 тенгеден

Әлемнің 100 елінде Қазақстаннан шығатын 

қоңыраулар минутына 50 теңгеден 

бағаланады. Минутына 50 теңгелік 

Қазақстанға шығыс қоңыраулары үшін  

*135*ұялы телефон нөмірі # префиксімен.



роумингтің жұмысын ауыстыру

Kcell абоненттері үшін  дауысты роуминг 167  

елде 372 желі операторында жұмыс істейді, 

GPRS-роуминг – 312 желіде 133 елде жұмыс 

істейді. Activ абоненттері үшін роумингке 

қол жеткізу 99 елдегі 207 оператордың 

желісінде ашық,   GPRS-роуминг   86 елде 

1283 оператордың желісінде жұмыс істейді. 



жаңа бағыттар

Жаңа экзотикалық елдер қол жетімді болды: 

Замбия, Мадагаскар, Сьерра-Леоне, Боливия, 

Сао Томе және Принсипе.  



теңіз саяхатының әуесқойларына

Теңіз саяхатының әуесқойларына арналған 

арнайы «Maritime» қызметі.Сіз роумингте 

теңіз кемесінің бортында тұрып та сөйлесе 

аласыз.


Әдемі нөмір —

жылдам әрі қолайлы

Иван Глущенко

әдемі, оңай жатталатын мобильді телефон нөмірі көптен бері бизнес ортада әлдебір 

қисынсыз   немесе орынсыз сатып алынған дүние ретінде қарастырылмайды. Жаттауға оңай 

етіп ұйқастырылған цифрлардан тұратын нөмірлерді пайдаланудың қажеттілігі мен шынайы 

пайдасын шағын бизнестен бастап, ірі холдингтерге дейінгі барлық деңгейдегі кәсіпкерлер 

іс жүзінде дәлелдеді. Біріншілер үшін әдемі нөмір айқын бәсекелестік артықшылық болып 

табылады, соның арқасында, өз ісін жаңадан бастап жүрген кәсіпкер өзінің нарықтағы  

“күрделі” нөмір ұстайтын оппонентіне қарағанда көбірек қоңырауды, яғни, әлеуетті 

тапсырыстарды қабылдайды. Ал, ірі компаниялар әдемі нөмірлерді өздерінің клиенттерді 

қолдау қызметі мен байланыс жұмыстарында пайдаланады

Енді өзіңе,

 қызметтестеріңе арнап немесе іскерлік 

серіктестеріңе сыйлық ретінде оңай жатталатын нөмірге тап-

сырыс беру kcell.kz сайтында жақында пайда болған «Нөмірді 

таңдау» онлайн-қызметінің көмегімен мүмкін болды.

Онлайн қызметінің интерфейсіне өту үшін kcell.kz 

сайтының басты бетіндегі «Нөмірді таңдау» батырмасын 

басу қажет немесе браузердің сайт мекені жазылатын жолы-

на http://shop.kcell.kz дегенді енгізу қажет. Ашылған бетте 

брендті көрсету қажет- Kcell немесе Vegaline, баға ауқымы 

түрінде көрсетілген санаттарды таңдап, бір немесе төрт аса 

танымал сандар ұйқасын немесе өзіңіздің жеке сандар ұйқасын  

енгізу қажет, бұл мәселен сіздің туылған күніңізді, бақытты 

сандарды білдіруі мүмкін. Интерфейстегі қандай да бір 

тармақты таңдағаннан кейін, бет автоматты түрде жаңарып, 

жаңартылған нөмірлер кестесі ашылады. Кестенің әрбір 

ұяшығында ұялы нөмірден бөлек оның санаты, бренді және 

қызмет құны көрсетіледі. Таңдаудың қолайлылығы үшін әрбір 

баға санатының өз түсі бар:  күлгін, қола түсті, сұр, күміс түсті, 

алтын түсті және қара.

Ұнаған нөмірді алуға тапсырыс беру үшін жай ғана нөмірлі 

ұяшықты басып, ашылған терезедегі бос жолдарды толты-

ру қажет: қала, электронды пошта, аты-жөні және байланыс 

нөмірі. Тапсырыс аяқталған кезде сіздің сұранымыңызға 

бірегей код беріледі, оны сіз қызметтің құнын төлеп, жаңа 

нөмірдің сим-картасын алуға келген кезде абоненттік 

бөлімдегі операторға айтасыз. Егер сіздің уақытыңыз шектеулі 

болса, онда өзіңізге ыңғайлы уақытта үйге немесе кеңсеге 

тегін жеткізу қызметіне тапсырыс бере аласыз. Ол үшін сіз 

жай ғана ccmail@kcell.kz электронды мекен-жайына сұраным 

жібергеннен кейін, сізге жеткізу уақыты мен мекен-жайды 

анықтау үшін серіктес курьерлік қызмет мамандары хабарла-

сады. 

Мыналарды есте сақтау қажет: нөмірге берілген 



тапсырыстың сақталу уақыты–сайтта тапсырыс жасалған 

сәттен бастап 3 тәулік. Егер осы уақыт аралығында сіз 

қызметтің құнын төлемесеңіз, онда тапсырысыңыз жойылып, 

нөмір қайтадан сайтта пайда болады. 



жаңа онлайн-қызметті пайдаланудың артықшылығы айқын, бұл:

• Ыңғайлы әрі түсінікті интерфейс

• Нөмірлерге тәулік бойы тасырыс беру мүмкіндігі

• Қызметтің жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да қол 

жетімділігі

• Тапсырысты тегін жеткізу

• Уақытты  нақты үнемдеу

Егер сіз әлі де ешқандай онлайн-қызметті пайдаланып көрмеген 

болсаңыз, онда «Нөмірді таңдау» қызметінен бастаңыз: бұның 

қаншалықты қолайлы екендігі сізді таң қалдырады.  ●



МарКет

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

21


ұялы байланыс антенналары: 

Наталья Еськова



Ұялы байланыс желілері Қазақстан мен 

бүкіл әлемді орап алды десек болады. 

Кейбір зерттеулердің мәліметтері бойынша 

ғаламшарымыздағы 7 млрд адам ұялы 

байланысты қолданады екен. Біздің 

қалаларымыз бен кенттерімізде біресе 

анда, біресе мұнда тұрғын үйлер мен 

ғимараттардың шатырларында, мачталар мен 

мұнараларда антенналар пайда болып жатыр. 

Бір жағынан, бұл жақсы: біздің байланысымыз 

үзіліп, «бақылдамай», жақсы сапада болады 

деген сөз. Бірақ, екінші жағынан, денсаулық 

үшін бұл қаншалықты қауіпсіз деген мәселе 

Қазақстан халқын толғандырады. VOX.com 

осыны анықтауға тырысып бақты

«Қорыққанға қос көрінеді» 

деген, 


біз алдымен ұялы байланыстың неден 

құралып, қалай жұмыс істейтінін ұғып 

алуды ұйғардық. Жұмыс істеу принципін 

алсақ, ұялы байланыс дегеніміз — 

радиобайланыс. Үйіміздегі немесе 

автокөлігіміздегі әдеттегі радио сияқты 

ол да толқынмен, белгілі бір жиіліктерде 

істейді. Ұялы байланыс антеннала-

ры теледидардағыдай толқындарды 

шығарады. Бұл орайда теледидар 

антеннасының, радиобайланыстың 

және ұялы байланыс антенналарының 

бір-бірінен айырмашылығы — олардың 

сәулеленуінің шығыс қуатының әркелкі 

болуы. Дәл осы тұста кеңінен танымал 

миф пайда болады — ұялы байланыс ан-

тенналары адам ағзасына тигізетін әсері 

аса күшті әрі бұзғыш қуат шығарады-мыс. 



№1-ші миф

антенналар... радиация шығарады

«сәулелену» деген сөзді естіген кез-

де адамның ойында бірден үрейлі 

ассоциация пайда болады, ол – ра-

диация. Бұл сөздер ұзақ уақыт бойы 

бұқаралық ақпарат құралдарында бірге 

қолданылып келді емес пе. Алайда ра-

диация мен радиосәулелену – бір-біріне 

мүлдем жанаспайтын екі түрлі құбылыс. 

Мектептегі физика курсын есімізге 

түсірейікші.

Табиғатта электр-магнитті сәулелену 

бар екенін бәріміз білеміз. Ол галак-

тикаларда да, жұлдыздарда да, соның 

ішінде біздің Күнімізде де бар. Оны 

бүкіл электр аспаптары, теледидар 

антенналары, флюорография, рентген 

және МРТ аппараттары шығарады. Және 

де күннің (белгілі бір мөлшерде) адам 

ағзасына пайдалы екені, ал МРТ немесе 

флюорографияны жылына бір рет қана 

жасаған жөн екенін әрқайсымыз білеміз.

Оның себебі мынада: Күн, ұялы 

байланыс антенналары, теледидар, 

электр шәугімі, компьютер, миксер, 

қысқа толқынды пеш адам үшін зияны 

жоқ иондамайтын сәулелену спектрінде 

«жұмыс істейді». Ал рентген неме-

се атомды электр станциясы белгілі 

бір мөлшерде адамға өлім қаупін 

келтіретін иондағыш спектрде жұмыс 

істейді. Сондықтан адамдардың ондай 

құрылғылармен қатынасы кемде-кем 

болуы тиіс. 

Радиациялық сәулеленудің 

негізгі биологиялық әсері – жасуша 

құрылысын бұзуы. Иондамайтын, соның 

ішінде радиотолқынды сәулеленудің 

биологиялық әсері – жылыну. Сол 

себепті біз жаздыгүні тал түсте 

жағажайда күнге қыздырынған кезде 

денемізден ыстық өтеді немесе күнге 

күйіп қаламыз, бірақ радиацияның бізді 

өлтіретіндей мөлшерін қабылдамаймыз. 

Ұялы телефон арқылы ұзақ уақыт 

сөйлескен кезде, құлағымыздың төңірегі 

қызып кететіні де сондықтан. 



антенналардың жұмысы 

туралы фактілер

• Радиосәулеленудің төмендетілген 

қуаты. БС санын көбейту үшін шағын 

ғана ұялар жасалады — олардың 

саны неғұрлым көп болса, сәулелену 

қуаты соғұрлым аз болады. 

• Секторлы антенналардың 

қолданылуы белгілі бір нысандарға 

тікелей сәуле түсіруге болмайтын 

жағдайларда радиотолқындарды 

белгілі бір секторға бағыттап 

таратуға мүмкіндік береді. 

• БС көлемі мен салмағының шағын 

болуы: бұл құрал-жабдықтарды 

үйлердің құрылысына зиян тигізбей  

шатырларға орнатуға болады.  

• Радиобелгіге бәсеңдеу тән болып 

келеді — БС-дан алыстаған сайын 

радиобелгі  бәсеңдей береді. 

талдау

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

22

23

м



и

ф

т

е

р

н

а



қ

т

ыл

қ

ы

және

қ ы р к ү й е к   —   қ а р а ш а   /   № 3  [2 7 ]

24

25



Ұялы байланыс антеннасы бір адамның 

сүйікті гүлін өлтіргені немесе одан үй 

мысығының кеудесінде қатерлі ісік 

пайда болғаны, шымшықтың ән салуын 

тоқтатқаны, бақшада қызанақ өспей 

қалғаны, осы сияқты бойыңда үрей 

туғызатын тағы басқа әңгімелерді таныс-

тарымыздан жиі естиміз. Алайда бірде 

9 қабатты үйдің техникалық қабатына 

шыққанымызда, біз бір қызықты жайтқа 

куә болдық. Шаң-тозаң мен қоқыр-

соқырдың ішінде ондаған көгершін өмір 

сүріп, өсіп-өніп жатыр екен. Сондай-

ақ Интернетте де ұялы байланыс 

антенналарының жанында ұя салған 

құстардың суреттері көптеп кездеседі. 

Бүкіл Жер шарында миллиардтаған 

адам ұялы байланысты қолданады. 

Сондықтан антенналар шындығында 

адам мен жан-жануарлардың өмірі 



№2-ші миф

шатырларымыздағы антенналар 

денсаулығымызға қауіп төндіреді

№3-ші миф

Байланыс антенналары бүкіл тіршілікті жояды

құрылғылардың «сәулелену» әсерін 

берген, бірақ іс жүзінде ол сәулелену 

болмаған — аппараттар жұмыс істемей 

тұрған. Эксперименттен соң оған 

қатысушылардың 54%-ы зейінінің 

нашарлауына, бас ауруына, бас айналу-

ына шағым айтқан, ал екеуі тіпті нашар 

жағдайда болып, бөлмеден шығып 

кеткен. Және де олардың денсаулығы 

шындығында қатты нашарлаған — мұны 

сол адамдарға таңылған аппараттар да 

көрсеткен. Кейіннен электр-магнитті 

сәулеленудің зияндығы туралы ре-

портажды көргендердің ғана жағдайы 

нашарлағаны анықталған. Мұның себебі 

мынада: денсаулықтың нашарлауын 

туғызатын жаман нәрсенің боларын білуі 

көптеген адамдарда ауру белгілерін 

туындатуы мүмкін. Бұл ноцебо деп атала-

тын әсердің көрінісі.

Ноцебо әсері ең алғаш 

фармацевтикалық сынақтар кезінде 

көрініс тапқан, яғни қатысушыларға 

ешқандай емдік қасиеті жоқ препа-

раттар берілген. Бірақ оны қабылдаған 

адамдарға ықтимал жанама әсерлері 

туралы айтылған. Нәтижесінде плаце-

бо қабылдаған адамдардың көпшілігі 

сол жанама әсерлердің туындағанын 

айтқан. Адамның өзін бір нәрсеге сендіру 

қабілеті аса күшті болғандықтан, но-

цебо әсерін жеңу өте қиын. Әсіресе 

адамдардың сөзсіз сеніміне ие болып 

табылатын қатынас арналары — теле-

дидар, Ғаламтор олардың өз денсаулығы 

үшін қауіптенуін туғызуға бейім болып 

келетін жағдайда бұл оңай емес. Бұл 

орайда бір ғана кеңес айта аламыз: сене 

тұра, тексеріп ал!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет