Қазақстанның «АҚ жол» демократиялық партиясы xxi-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы Астана – 2014 ж



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата12.03.2017
өлшемі5,45 Mb.
#9204
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

1

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ

XXI-ғасырдағы

Алаштың Ақ жолы

Астана – 2014 ж.

2

УДК 94 (574)(063)

ББК 63.3 (5 Қаз) 

Ж 64


 

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы

Ақылдастар  алқасы:  Перуашев  Азат  – «Ақ  жол»  ҚДП  төрағасы,  Мəжіліс 

депутаты, «Ақ  жол»  партиясының  Парламенттік  фракциясының  жетекшісі;  Иса 



Қазыбек  – «Ақ  жол»  ҚДП  төрағасының  орынбасары;  Қамзабекұлы  Дихан  – 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  университетінің  проректоры,  ҚР  ҰҒА 

корреспондент-мүшесі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор;  Шəріп 

Амантай  –  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  университетінің  əлеуметтік 

ғылымдар факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы; Сақ Қайрат 

–  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  университетінің  журналистика  жəне 

саясаттану  факультетінің  деканы,  профессор;  Қойгелдиев  Мəмбет – Қазақстан 

тарихшылары  қауымдастығының  төрағасы,  тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор;  Қабылдинов  Зиябек  –  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық 

университетінің  «Еуразия»  гуманитарлық  зерттеулер  институтының  директоры, 

Тарихшылардың  Ұлттық  Конгресінің  ғылыми  хатшысы,  тарих  ғылымдарының 

докторы, профессор; Жүсіп Сұлтанхан  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық 

университетінің  «Алаш»  мəдениет  жəне  рухани  даму  институтының  директоры, 

PhD.

Жоба авторы жəне бас редактор: Байдалы Сəбит – «Ақ жол» ҚДП Орталық 

Кеңесінің идеологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы; 



Құрастырған:  Ырысбекұлы  Айдын -«Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының 

идеология бөлімінің директоры, Алаштанушы

Ж 64 

ХХІ-ғасырдағы Алаштын Ақ жолы. Алматы: Экономика, 2013. – 440 бет.

ISBN 978-601-225-675-8

Бұл  кітапқа, 2013 жылы 13 желтоқсанда  «Алаш»  қозғалысының 

96  жылдығына  орай, «Ақ  жол»  Демократиялық  партиясының  ұйым-

дастыруымен  жəне  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық  уни вер-

ситетінің қолдауымен өткізілген «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты 

Жалпыұлттық  байқауының  қорытындысын  шығаруға  арнал ған  ұлттық 

ғылыми-практикалық  конференциясында,  байқаудың  жеңімпаздары  мен 

жүлдегерлерінің баяндамалары жəне сынға түскен өзге де назар аударуға 

тұрарлық жекелеген ғылыми - публицистикалық еңбектер, сондай-ақ Алаш 

тақырыбына  қатысты  əртүрлі  басылымдарда    жарияланған  сұхбаттар 

мен мақалалар да енген. 

Кітап мамандарға, оқытушылар мен студенттерге жəне Отанымыздың 

төл тарихына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

УДК 94 (574)(063)

ББК 63.3 (5 Қаз) 

ISBN 978-601-225-675-8

© Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, 2014 ж.

© «Экономика» баспасы ЖШС, 2014 ж. 


3

АЛҒЫ СӨЗ

ҚАДІРЛІ  ОҚЫРМАН! «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы 

2012  жылдың 23 қарашасында  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразиялық 

Ұлттық 


университетінің 

қолдауымен 

Алаш 

қозғалысының 



95  жылдығына  арналған  «ХХ1  ғасырда  Қазақстан  қоғамын 

жаңғыртудағы  «Алаш»  қозғалысы  идеяларының  өзектілігі»  атты 

ғылыми-практикалық  конференциясында  дəстүрлі  түрде  өткізілетін 

«XXI-ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы»  атты  Жалпыұлттық  байқауын 

жариялаған  еді.  Байқаудың  мақсаты - Алаш  қозғалысының,  Алаш 

қайраткерлерінің  мемлекет  құрылысына,  əлеуметтік-экономикалық 

мəселелерге,  ұлттық  құндылықтарға  қатысты  көзқарастарын  жаңа 

заманның  талаптарына  сай  зерделеу  жəне  Алаш  идеяларының 

жүзеге асырылуының қазіргі Қазақстандағы өзектілігіне байланысты 

қоғамдық пікір туғызу болып белгіленді.

Байқаудың  шарттарына  сəйкес, 4 номинация  бойынша  келіп 

түскен  жұмыстарды  арнайы  құрылған  Қазылар  алқасы  алдын-ала 

іріктегеннен кейін, байқаудың екінші кезеңі былтыр қараша айының 

ішінде,  Семей  жəне  Алматы  қалаларында  өткізіліп,  оның  алғашқы 

жүлдегерлері де анықталған болатын. 

Енді,  екінші  кезеңнен  жүлдегер  атанғандар 2013 жылдың 

13  желтоқсанында - Алашорда  үкіметінің  құрылғанына 96 жыл 

толған  күні  Астанада  өткен  «ХХI  ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы» 

Жалпыұлттық ғылыми-практикалық конференциясында баяндамалар 

жасап, бас бəйгелерді сарапқа салды. Байқауға республикамыздың əр 

жерінен келген үміткерлермен қатар, «Ақ жол» партиясының кезек-

ті съезіне жиналған делегаттар, Парламент Мəжілісінің депутаттары, 

зиялы  қауым  мен  қоғамдық  ұйымдардың  жəне  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының өкілдері де қатысты. 

«Ақ  жол»  ҚДП  төрағасы,  Партияның  Парламенттік  фракция-

сының  жетекшісі,  Мəжіліс  депутаты  Азат  Перуашев  Астанадағы 

жалпыұлттық байқаудың қорытындысын шығаратын конференцияның 

жұмысын  кіріспе  сөзбен  ашты.  Жиналғандарды  ұлы  мереке – 

Қазақстан Тəуелсіздігінің 22 жылдығымен жəне қазақ елінің азаттығы 

үшін  күрескен  Алашорда  үкіметінің  құрылған  күнімен  құттықтап, 

Жалпыұлттық  байқауға  қатысушылардың  жұмыстарына  сəттілік 


4

тіледі.  Сонымен  қатар,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  Ұлттық 

университетінің  елімізге  танымал  Алаштанушы  ғалымдарынан 

құрылған  Қазылар  алқасының  мүшелерімен  таныстырды.  Атап 

айтқанда:  ЕҰУ  проректоры,  ҚР  Ұлттық  ғылым  академиясының 

корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профес-

сор Дихан Қамзабекұлы (Қазылар алқасының төрағасы), əлеуметтік 

ғылымдар факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы 

Амантай Шəріп, журналистика жəне саясаттану факультетінің дека-

ны, профессор Қайрат Сақ, экономика ғылымдарының докторы Мыр-

загелді Кемел, саясаттану ғылымының докторы Нəубет Қалиев. 

Өз  кезегінде,  Дихан  Қамзабекұлы  «Ақ  жол»  демократиялық 

партиясының  Жалпыұлттық  байқауының  қорытындысын  шығаруға 

арналған «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» ғылыми-практикалық 

конференциясының  жəне  партияның  осы  тақырыптағы  өзге  де 

маңызды  шараларына  Еуразия  Ұлттық  университетінің  əрдайым 

қолдау  білдіретінін  жеткізді.  Ол  байқаудың  бұдан  бұрынғы  екі 

кезеңінен өтіп, төрт номинация бойынша финалға шыққан əл-Фараби 

атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің 3-ші курс 

студенті  Талғатбек  Манаш  əл-Машанитегін,  тарих  ғылымдарының 

докторы  Зада  Дүкенбаеваны,  ҚР  БҒМ  мемлекет  тарихы  институты 

директорының  бірінші  орынбасары,  тарих  ғылымдарының  докторы 

Жанна Қыдыралинаны, Семей мемлекеттік университетінің «Эконо-

мика жəне бизнес» кафедрасының аға оқытушысы, экономика маги-

стрі  Арайлым  Əлімжанованы,  Алматы  қаласындағы  Халықаралық 

Бизнес  академиясының 4-курс  студенті  Мұқағали  Қайымовты, 

Қостанай Мемлекеттік университетінің Медиа-орталығының дирек-

торы, ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек 

Шаяхметті, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының Құрметті 

азаматы  Көшкінбай  Елікбаевты,  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

педагогикалық  университетінің 2-ші  курс  студенті  Маралбек  Базы-

лбековті,  Семей  қаласындағы  республикалық  «Абай»  журналының 

бөлім  меңгерушісі  Мұратбек  Кенемолдинді,  Халықаралық  «Қазақ 

тілі» қоғамының вице-перзиденті, филология ғылымдарының докто-

ры, халелтанушы Ғарифолла Əнес пен саясаттанушы, ҚР Мəдениет 

қайраткері, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Атырау облыстық 

ұйымының төрағасы Əбілхан Төлеуішевті жұртшылыққа таныстырды. 


5

Əрі  қарай,  конференцияға  қатысушыларға  өз  баяндамаларын 

жасау  үшін,  кезекпен  сөз  беріле  бастады.  Нəтижесінде,  Қазылар 

алқасының  шешімімен  «ХХ1  ғасырдағы  Алаштың  Ақ  жолы» 

Жалпыұлттық байқауының 1-ші: «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің 

мемлекет  құрылысына  жəне  демократиялық  құндылықтарға 

көзқарастары,  олардың  қазіргі  заманғы  Қазақстан  үшін  өзектілігі» 

номинациясы  бойынша  Жанна  Қыдыралинаның  «От  Алаш  к  неза-

висимости  Казахстана:  преемственность  идей»  атты  еңбегі; 2-ші: 

«Алаш»  қозғалысы  қайраткерлерінің  экономикалық  көзқарастары 

жəне  олардың  қазіргі  заманғы  Қазақстан  үшін  өзектілігі»  номина-

циясы  бойынша  Мұқағали  Қайымовтың  номинация  тақырыбына 

сəйкес  эссесі; 3-ші: «Алаш»  көшбасшылары  жұмыстарындағы 

Қазақстандық  қоғамның  əлеуметтік  жаңғыруы,  Еуропалық  жолмен 

дамуы  мəселелері  жəне  олардың  қазіргі  заманғы  Қазақстан  үшін 

өзектілігі»  номинациясы  бойынша  Ақылбек  Шаяхметтің  “Елім  деп 

еңіреп  өткен”  атты  ғылыми-танымдық  очеркі; 4-ші: «Бұқаралық 

ақпарат  құралдарында  ағымдағы  жылда  жарияланған  белгіленген 

тақырыптар бойынша үздік публицистикалық материал» номинаци-

ясы бойынша финалдық сатыға жіберілген екі жұмыс та: Мұратбек 

Кенемолдиннің  республикалық  «Абай»  журналында  жарияланған 

«Архивтен  алынған  айғақтар»  циклімен  үш  Алаш  ардақтысы  тура-

лы: 1. Тұрағұл Абайұлы жəне Алашорда үкіметі, 2. «Бияш» деп елі 

еркелеткен, 3. Алаштың  Ахметжаны  атты  мақалалар  топтамасы 

жəне Ғарифолла Əнес пен Əбілхан Сейтімұлы Төлеуішевтің «Халел 

тұғыры» атты еңбегі бас бəйгелерге лайық деп танылды. 

  Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлерге  «Ақ  жол»  партиясының 

төрағасы  Азат  Перуашев 250 мың  теңгеден  сыйақы  тапсырды.  Со-

нымен  қатар,  байқауға  қатысушылардың  барлығын  «Ақ  жол» 

демократиялық  партиясының  грамоталарымен  марапаттады.  Бұдан 

бұрын хабарланғанындай, бұл шараның дəстүрлі түрде өте беретінін 

жəне 2014 жылғы Алаш қозғалысының 97 жылдығына арналған «ХХ1 

ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының шарттары 

жаңа жылдың басында бұқаралық ақпарат құралдарында жариялана-

тынын хабарлады.

Жалпы,  Ақ  жол  партиясының  «ХХ1  ғасырдағы  Алаштың  Ақ 

жолы»  атты 2013 жылғы  алғашқы  Жалпыұлттық  байқауы  Алаш 


6

зиялыларының  мұрасын  жəне  олардың  принциптік  көзқарастарын 

зерделеумен  оны  қазіргі  заманғы  Қазақстан  қоғамына  тарату  бо-

лып  табылатын  өзінің  негізгі  мақсатын  орындады.  Білім,  ой  жа-

рысына  қатысқандардың  жəне  аудиторияларға  жиналғандардың 

көпшілігі 

жастар 

болғандығы, 



олардың 

Алаш 


мұрасына 

қызығушылығы  осы  шараны  ұйымдастырушыларды  қуантып, 

Алаш  арыстарының  идеяларын  керек  ететін  жоқтаушылар,  оны 

одан  əрі  тарататындар  келешекте  де  табыла  беретініне  сенім 

ұялатты. 

  Сондықтан  да,  дəстүрлі  түрде  өткізіліп  тұратын  Жалпыұлттық 

байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің баяндамаларын уəде 

еткендей  жинақ  етіп  шығарып,  сіздердің  назарларыңызға  ұсынып 

отырмыз.  Аталмыш  жинаққа  ақылдастар  алқасының  ұйғарымымен, 

байқауға түскен өзге де назар аударуға тұрарлық жекелеген ғылыми 

-публицистикалық еңбектер мен Алаш тақырыбына қатысты əртүрлі 

мерзімдік  басылымдарда  жарияланған  мақалалар  мен  сұхбаттар  да 

енгізілді. Сондай-ақ, біздің ойымызша, биылғы кітабымызды байыта 

түсетін «Ақ жолдың» олжалары мен жаңа жобалары» деген бөлім ен-

гізіп отырмыз. Ол қандай олжалар? Ең алдымен Алашорда өмірінен 

1935  жылы  жазыла  бастап, 1936 жылдың 29 ақпанында  аяқталған 

«Мұрат үшін майдан» атты 4 перделі, 6 суретті драма-пьеса табылды. 

Оның  авторы  Мұқтызар  Титаққұлы – біздің  еліміздегі 1937 жылғы 

саяси қуғын-сүргіннің құрбаны. Тəуелсіздігіміздің 23 жылдығы тари-

хында Алаш мұраты тақырыбына ешқандай пьеса жазылмапты. Пье-

са мəтінін «Қазақ үні» газеті ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Дихан 

Қамзабектің алғысөзімен қосып жариялады. Ол пьесаны қазақ драма-

тургиясы үшін тосын жаңалық, аса сəтті шыққан туынды деп бағалап 

отыр.  Пьесаны  тауып,  əдеби  қауымға  жеткізген  ақжолдық  алашта-

нушы Айдын Ырысбекұлы. Қазіргі таңда Əлихан Бөкейханның 150 

жылдығына  орай 2016 жылы  осы  пьесаның  сахналық  қойылымын 

жасауға  ҚР  еңбек  сіңірген  қайраткері,  Мемлекеттік  сыйлықтың  ла-

уреаты, Чехов атындағы (Ресей Федерациясы) медальдің иегері, бел-

гілі режиссер Тəпенов Ерсайын Қадержанұлы жəне танымал жазушы, 

сыншы-аудармашы, əмбе драматург Өтен Ахмет сынды өнер майтал-

мандары партия төрағасы Азат Перуашевтың арнайы қабылдауында 

болып, өз келісімдерін берді. 



7

  Біз  үшін  пьесаның  табылуы  бір  жаңалық  болса,  екіншіден  пь-

еса  авторы  Алаш  қозғалысындағы  тың  есім.  Пьеса  авторы  тура-

лы  аз  ғана  деректер,  алаш  идеяларын  насихаттағаны  үшін  саяси 

қуғын-сүргін  жылдарының  құрбаны  болған  Перуаш  Кəрімұлының 

тағдырына қатысты құжаттар секілді, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің 

мұрағатынан табылып отыр. «Ақ жол» партиясы көпшілікке белгісіз 

болып келген Алаштың ардақты азаматтарының есімдерін елге оралту 

бағытындағы жұмыстарға серпін беру үшін биылғы «ХХ1 ғасырдағы 

Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының шарттарына «Алаш 

қозғалысы  тарихындағы  белгісіз  оқиғалар  мен  жаңа  есімдер»  деген 

жаңа номинация енгізді. 

 Алаш қозғалысы кезінде бірнеше əнұран болған. Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  «Алаш  ұранын»,  Міржақып  Дулатов  «Алаш  гимнін» 

(қосарлы  аты  «Кер  заман»)  жазған.  Жүсіпбек  Аймауытов  «Ұран» 

жəне Алаш маршын («Ғаскер өлеңі»), Ғұмар Қараш «Алашқа» жəне 

«Алаш  азаматтарына»,  Нұржан  Наушабайұлы  «Алашордаға»  деген 

арнау өлеңдер жазған. Редакциялық алқа осы өлеңдердің мəтіндерін, 

біреуінің нотасымен кітапқа қосуды жөн деп шешті. Қалғандарының 

ноталары  іздестірілуде.  Болашақта  орындаушыларын  тауып,  Қазақ 

радиосының  Алтын  қорына  жазып  алудың  қажеттілігін  айтып, 

«Қазақстан»  телерадиокорпорациясының  басшылығына  тиісті 

ұсыныспен шығатын боламыз. 

«Ақ жол» демократиялық партиясы биылғы 25 ақпаннан «Алаш 

тағылымдары»  дəрістерін  бастады  жəне  оны  тыңдармандар  жылы 

қабылдауда.  Ай  сайын  бүкіл  республикаға  он-лайн  режімінде  та-

ратылатын  бұл  дəрістерді  елімізге  белгілі  алаштанушы  ғалымдар 

мен  зерттеушілер  жүргізді.  Үлкен  жауапкершілікпен  дайындалған 

материалдардың  мəтіндерін  кітапқа  енгіздік,  олардың  оқырмандар 

тарапынан да лайықты бағасын алатына шүбəміз жоқ. 

Басталған жұмыстар жалғасын табатын болады. Сонымен қатар 

биылдан  бастап, «Ак  жол»  партиясы  Орынбордағы 1917 жылғы II-

ші Жалпықазақ съезінің өткен күндері: 5-13 желтоқсанның аралығын 

дəстүрлі  түрде  атап  өтілетін - «Алаш  апталығына»  айналдыруды 

көздеп  отыр.  Бұдан  бұрын  партияның  Семей  қаласындағы  белсен-

ділері  кезінде  Алаш  қаласы  атанған  шаhарда  қалалық  əкімдікпен 

бірлесе  отырып,  республикада  тұңғыш  рет  «Алаш  апталығын» 


8

ойдағыдай өткізген болатын. Енді осы жобаны республика көлемінде 

іске асырмақшымыз. Сол себепті де ақылдастар алқасы Семейде өткен 

иманды, ғибраты мол іс-шараның бағдарламасын, жөн-жосықтарын 

үлгі-нұсқа  ретінде  жинаққа  енгізді.  Алашты  ұлықтап,  құрметтеу 

үдерісіне тың сүрлеулер салынып кетіп жатса, тіпті ғанибет болар еді. 

Біздің мақсатымыз Алаш арыстарының құнын қайтаруға жасалған 

қадамдарымызды көбейтіп, оған бұқаралық сипат беру.

 2016 жылы Алаш көшбасшысы Əлихан Бөкейханның туғанына 

150 жыл толса, 2017 жылы Алаш қозғалысының, Алашорда ұлттық 

үкіметінің  құрылғанына 100 жыл  болады.  Яғни,  алдағы 2-3 жыл 

көлемінде Алаш идеясын Тəуелсіз Қазақстанның басты идеяларының 

біріне  айналдыруға  батыл  қадамдар  жасап,  аталған  мерейтойлар-

ды  елімізде  жəне  халықаралық  деңгейде  танымдық,  тағылымдық 

тұрғыдан алғанда қоғамдық санаға сілкініс туғызатындай етіп өткізу 

керек. Кітаптың жауапты шығарушылары осыған аз да болса ықпалын 

тигізіп жатса, алға қойған мақсатының орындалғаны деп санайды. 

Байдалы Сəбит

«Ақ жол» ҚДП Орталық Кеңесінің

идеологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы


9

А.Т.Перуашевтің 2013 жылдың 

13 желтоқсанында Аста-

нада өткен Қазақстанның 

«Ақ жол» демократиялық 

партиясының «ХХІ ғасырдағы 

Алаштың Ақ жолы» атты 

Жалпыұлттық байқауының 

қор ытындысын шығаруға 

арналған ғылыми-практикалық 

конференциясының 

ашылуындағы алғы

 

сөзі

Құрметті əріптестер жəне конференцияға қатысушы қауым!

Бүгін - Қазақ  елі  тарихындағы  айрықша  күн!  Алашорданың 

құрылғанына  тура 96 жыл  толған – Алашорда  үкіметінің  туған 

күні!  Осыдан  бір  ғасыр  жуық  бұрынғы  Алаш  арманының  іске 

асқанының  көрінісі – ол  бүгінгі  Егемен  Қазақстан.(  Ал,  біздің 

«ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының 

қорытындысын  шығаруға  арналған  ғылыми-практикалық  конфе-

ренциямыз Қазақстан Тəуелсіздігінің 22 жылдығының қарсаңында 

өтіп отыр! 

Мен,  Сіздерді  бүгінгі  Алашорда  күнімен  жəне  алда  аталып 

өтетін  ұлы  мейрамымыз - Тəуелсіздік  күнімен  шын  жүректен 

құттықтап,  зор  денсаулық,  қажымас  қайрат,  отбасыларыңызға 

шаттық, береке-бақыт тілеймін! 

«Ақ жол» демократиялық партиясы өзін «Алаш» қозғалысының 

рухани  ізбасарларының  бірі  деп  жариялағаны  мəлім.  Бұл 

тұжырым  сайлауалды  Тұғырнамамызда  да,  Партияның  өзге  де 

құжаттарында көрінісін тапқан. Біз, Алаш қозғалысының көрнекті 

қайраткерлерінің  идеялық  мұраларын  тарату  жəне  оны  бүгінгі 

күннің кəдесіне жаратуды маңызы зор мəртебелі іс деп санаймыз. 


10

Сондықтан  да,  былтыр - 2012 жылдың 23 қарашасында 

«Ақ  жол»  демократиялық  партиясы  Л.Н.Гумилев  атындағы 

Еуразиялық  Ұлттық  университетінің  қолдауымен  Алаш 

қозғалысының 95 жылдығына  арнап,  «ХХ1  ғасырда  Қазақстан 

қоғамын  жаңғыртудағы  «Алаш»  қозғалысы  идеяларының 

өзектілігі»  атты  ұлттық  ғылыми-практикалық  конференция 

өткізген  болатын.  Конференция  өзінің  көздеген  мақсатына  жет-

ті. «Алаш»  көшбасшылары  ұстанымдарының  ұлтпен  бірге  өмір 

сүретін  концепциялық  мағынасы  бар  екендігін  конференцияға 

қатысушыларға сезіндіре алдық. 

Содан да болса керек, конференцияның жаңғырығы жер-жер-

ге тарап, Алматыда, Семейде республиканың басқа да өңірлерінде 

«Ақ  жол»  партиясының  филиалдарының  қатысуымен  Алаш 

тақырыбына  қатысты  бірқатар  іс-шаралар  өткізілді.  Аталған 

конференцияның, одан кейінгі Алматыдағы Халықаралық Бизнес 

академиясымен бірге өткізген «Алаш мұрасы – ұлттық бизнестің 

негізі»  атты «Дөңгелек  үстелдің»  материалдарын  ғылыми жинақ 

етіп  шығардық.  Жинақтан  Ақ  жолдық  депутаттардың  Алашқа 

қатысты Үкіметке жолдаған сауалдары мен оларға берілген жау-

аптар да орын алды. 

Кітап барлық облыстық жəне қалалық филиалдарға 50-100 да-

надан үлестіріліп, ал өзіміздің сенімді серіктесіміз Еуразия Ұлттық 

университетіне тікелей 100 данасы таратылды. Жалпы, конферен-

цияда  жасалған  ғылыми-зерттеу  баяндамаларының  түгелі  дерлік 

еніп  отырған  бұл  кітап - тарихшылардың,  саясаттанушылардың, 

əлеумет,  қоғамтанушылардың,  жас  ғалымдар  мен  студенттердің 

тағы  басқалардың  назарына  ілігіп,  келешек  тың  зерттеулерге, 

жаңа ғылыми ізденістерге даңғыл жол ашса екен, көмегі тисе деп 

ойлаймыз! 

Сондай-ақ,  бұл  қадамды  «Ақ  жол»  партиясының  алда  келе 

жатқан  «Алаш»  қозғалысының 2017 жылғы 100 жылдық  мерей-

тойына  арналған  жүйелі  шараларының  беташары  деп  те  санауға 

болады.  Біз,  Алаштың 100 жылдығына  дайындыққа  Үкіметті 

уақытты созбай, бірден кірісуге шақырғанбыз! 

ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Абылай  аңсаған 

азаттық» атты мақаласында: «Өткенінен сабақ алмаған ел табысқа 


11

жете  алмайды»  деп  атап  көрсетті.  Біз,  Алаш  аманатына  адалдық 

танытып, Алаш идеяларының іске асырылуының тəуелсіздігімізді 

нығайта  түсуге  қызмет  ететініне  қоғамдық  пікір  туғыза  беруіміз 

керек. Мен əрдайым айтып жүргенімдей, бұл біз үшін теориялық 

ғана емес, ең алдымен, қоғамымыздың жаңғыруына, ұлт игілігіне 

қызмет етуі тиіс практикалық та мəселе.

Алаш  қозғалысының  тəуелсіздік  мұраттары  үшін  күрестегі 

рөлі  мен  маңызын,  оның  көшбасшыларының  саяси-құқықтық, 

демократиялық,  ұлттық  құндылықтарға  қатысты  көзқарастарын, 

тұжырымдарын, жаңа заманның талаптарына сай зерделеп, зертте-

уді  жаңа  серпінмен  жалғастыру  қажет.  Оның  бүгініміз  үшін  де, 

ертеңіміз үшін де қажеттілігі еш күмəн тудырмайды.

Сол  себепті  де,  біз  конференцияда  Алаш  тақырыбындағы 

ғылыми еңбектерге, тарихи, журналистік зерттеулерге студенттер, 

жас ғалымдар жəне журналистер арасында бəйге жариялайтыны-

мызды, оның қорытындысын жыл сайын шығарып тұратынымызды 

мəлімдегенбіз! 

Содан кейін, көп ұзатпай «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» 

атты  Жалпыұлттық  байқаудың  шарттарын  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  жарияладық.  Сонымен  қатар,  байқауды  дəстүрлі 

түрде  өткізіп  тұрамыз  деген  ниетпен,  оның  шарттарын  аталған 

кітапқа да қостық. 

Біз, байқаудың екінші кезеңін, кезінде Алаш қаласы атанған, 

Алашорданың  алғашқы  астанасы  десек  те  болады – Семей 

қаласында аштық. Аталмыш қаладағы байқау 1-ші жəне 2-ші но-

минациялар бойынша жүргізілсе, 3-ші жəне 4-ші номинациялары 

бойынша Алматы қаласында өтті. 

Енді  міне,  бүгін  Астанада  «ХХ1  ғасырдағы  Алаштың  Ақ 

жолы»  ғылыми-практикалық  конференциясында,  Жалпыұлттық 

байқаудың  екінші  кезеңінің  жеңімпаздары  баяндамалар  жасап, 

«Бас бəйге» үшін бақтарын сынайды. 

Байқауға  түскен  жұмыстардың  əділ  бағалануын  қамтамасыз 

ету үшін, Қазылар алқасын құрдық. Оған, Л.Н.Гумилев атындағы 

Еуразия  Ұлттық  университетінің  елімізге  танымал,  белгілі  Ала-

штанушы  ғалымдарын  тарттық.  Олар  бүгін,  байқауымыздың 

жеңімпаздарын анықтау үшін, осында келіп отыр. 



12

Атап  айтқанда,  осы  университеттің  проректоры,  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  корреспондент-

мүшесі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Дихан 

Қамзабекұлы (Қазылар алқасының төрағасы), əлеуметтік ғылымдар 

факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Аман-

тай  Шəріп,  журналистика  жəне  саясаттану  факультетінің  дека-

ны,  профессор  Қайрат  Сақ,  экономика  ғылымдарының  докторы 

Мырзагелді Кемел ағамыз жəне саясаттану ғылымының докторы 

Нəубет Қалиев ағамыз! 

Сондай-ақ,  біз  Еуразия  Ұлттық  университетінің  ректоры 

Ерлан  Батташұлы  Сыдықовқа  жəне  біздің  осы  Жалпыұлттық 

байқауымыздың 

бүкіл 


процесінде, 

Қазылар 


алқасының 

жұмысын  басқарып,  тікелей  көмектескен  Дихан  Қамзабекұлына 

шексіз  ризашылығымызды  жеткізе  отырып,  шын  жүректен  зор 

алғысымызды білдіреміз! 

Мен бүгін, өте тығыз кестемен жұмыс істейтінімізді ескеріп, 

іске көшу үшін сөзімді аяқтағым келеді. Оның үстіне, бүгін түстен 

кейін  «Ақ  жол»  партиясы  дəл  осы  залда  өзінің  кезекті  съезін 

өткізіп,  Партияның  жаңа  Бағдарламасының  жобасы  талқыға 

түседі.  Бағдарламада,  біздің  Партиямыздың  Алаш  партиясының 

ізбасары екендігі айқын жазылатын болады. «Ақ жол» тарихында 

тұңғыш  рет  біздің  партияның  Парламенттік  фракциясы  атқарған 

жұмыстары туралы Партия съезі алдында есеп береді. 

Сонымен  бірге,  мен  Сіздерге  «Ақ  жол»  партиясы  ұсынған 

5  адамның  Елбасының  Тəуелсіздік  күнінің  қарсаңындағы 

Жарлығымен 

мемлекетіміздің 

жоғары 

наградаларымен 



марапатталғанынан  хабардар  еткім  келеді.  Оның  ішінде, 

партиямыздың  жетекші  қызметкерлерімен  қатар,  біздің  партия 

наградаға ұсынған, белгілі Алаштанушы, тарихшы-ғалым Мəмбет 

Қойгелдиев те бар. Ол «Парасат» орденінің иегері. Ал, «Құрмет» 

орденімен  байқау  барысында  өздеріңіз  жақсы  біліп  қалған,  осы 

Жалпыұлттық  байқауды  ұйымдастырушылардың  бірі - Сəбит 

Байдалы да марапатталды. Сондай-ақ, біздің қазылар алқасының 

мүшесі,  Парламент  Мəжілісінің  екі  шақырылымының  депутаты 

болған,  белгілі  қоғам  қайраткері  Мырзагелді  Кемел  ағамызды 

да  «Құрмет»  орденімен  марапатталды  деп  естіп  жатырмыз. 



13

Қуаныштымын,  ағалар!  Наградаларыңыз  құтты  болсын,  өмір 

жастарыңыз ұзақ болсын, биіктерден көріне беріңіздер! 

Жиналған  қауымға,  осы  өткізіліп  отырған  іс-шараның  мəн-

мақсатын түсініп, қызығушылық танытып, азаматтық белсенділік 

көрсетіп отырғандарыңыз үшін көп рахмет айтамын!

Ал, байқауға қатысушыларға сəттілік, шығармашылық табы-

стар тілеймін!

«Ақ жол» партиясының «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» 

Жалпыұлттық байқауының қорытындыларын шығаруға арналған 

ғылыми-практикалық  конференцияның  жұмысын  ашық  деп 

жариялауға рұқсат етіңіздер!



14


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет