Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі225,75 Kb.
#73235
  1   2   3   4


Қазақстанның ауылшаруашылығы кешенінің даму бағыттары
Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен 
минералдық ресурстар базасының кӛлеміне емес, алысты аңғаратын 
экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы 
технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға 
негізделген жӛн. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары 
мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді»… жүргізіліп 
отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға кӛшу тәжірибесіндегі 
нақтылы қызметте тиімділігінің тӛмен болуы обьективті түрдегі кедергі 
факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен 
шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан 
аграрлық ӛнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты 
талдауды қажет етеді. 
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына 
дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, 
қызмет кӛрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық 
нақты кӛрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің кӛкейтесті 
талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік 
шаруашылықта ӛз тауарымен және қызметімен ӛз орнын табуы тиіс. Десе де, 
белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше ӛзі 
қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті 
болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі. 
Осы дипломдық жұмысымда бәсекелестікке қабілетті экономиканың 
маңызды бір бӛлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке 


қабілеттілігін теориялық негіздемеге сүйене отырып, кәсіпорын мысалында 
кӛрсетуге тырыстым. 
Дипломдық жұмыстағы талдау материалдар аграрлық саланы зерттеуші 
Қалиев Г.Ә., Мәдиев Г., Сейтбеков Л.С., Баймұхамедова Г., Айтуганова Б., 
Тілеубергенова М.А. және тағы басқа ғалымдардың ғылыми еңбектеріне 
негізделінді. 
Даярланған талдау материалдарының ерекшелігі бәсекелестікке 
қабілетті тауар шығару үшін болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі 
— құрылымдық ӛзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын 
қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыз 
ету талаптарымен анықталады және ауыл шаруашылығын жүргізу 
жүйесіндегі мал шаруашылығының ӛз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар, 
етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығын 
дамытуды қарастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет