«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



Дата26.04.2022
өлшемі24.44 Kb.
#32308
түріҚұрамы

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары

  1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз.

  2. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.

  3. ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруының алғышарттарын атаңыз.

  4. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімімен қызметі туралы баяндаңыз.

  5. 1905-1907 жылдардағы Ресейдегі бірінші орыс революциясының Қазақстанның қоғамдық-саяси қозғалысына әсерін талдаңыз.

  6. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері туралы баяндаңыз.

  7. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігін көрсетіңіз (1917 ж.).

  8. Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.

  9. Қазақстан тарихнамасындағы Алаш қозғалысы қайраткерлерінің еңбектерінің тарихи маңызын көрсетіңіз.

  10. Әлихан Бөкейхан – ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының көшбасшысы және оның 155 жылдық мерейтойының атап өтілуі.

  11. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани дамуына қосқан үлесін көрсетіңіз. Қайраткердің 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде атап өту.

  12. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.

  13. Қазақ саяси элитасының (Әлихан Бөкейхан, Мыржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі рөлі.

14.ХХ ғасырдың басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің маңыздылығын анықтаңыз.

  1. Кеңес өкіметін заңдастыру шаралары мен Қазақстанды кеңестендіру ерекшеліктерін талдаңыз.

  2. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы туралы баяндаңыз.

  3. ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси негіздері, мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері (1921 ж.).

  4. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұнын талдаңыз (1925-1933 жж.).

19. Қазақ шаруалары қожалықтарын күштеп ұжымдастыру, отырықшылыққа көшіру, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаттың зардаптарын талдаңыз (1928-1932 жж).

20. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз (1929-1931 жж).

21. Ауыл шаруашылығын кеңестік қайта құрулар мен 1931-1933 жж. ашаршылық және оның демографиялық зардаптары.

22. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы екендігін негіздеңіз.

23. Кеңес өкіметінің білім, ғылым және мәдениет саласының реформаларындағы қайшылықтар туралы пікіріңіз (ХХ ғ. 20-30 жж.).

24. Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз (1939-1945 жж.).



  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтарын баяндаңыз (1939-1945 жж.).

  2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз.

  3. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1954-1964 жж.).

28. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары.

29. Кеңестер Одағы тұсындағы экологиялық дағдарыстар және Семей полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын талдаңыз.

30. Тоқырау жылдарындағы ғылым, әдебиет және өнер саласындағы жетістіктер мен олардың қайшылықты сипатын ашыңыз (1971-1985 жж.).

31. Қайта құру мен жариялылықтың қоғам мен экономикаға тигізген әсерін талдаңыз (1985-1991 жж.).

32. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуының себептері мен қорытындыларын талдаңыз (1979-1989 жж.).

33. Қоғамдық-саяси өмір мен ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар. 1986 жылғы желтоқсан қозғалысы.

34. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз.

35. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңың талдаңыз.

36. Патриотизмді дамытудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің рөлі мен маңызын талдаңыз.

37. Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңіндегі қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі туралы баяндаңыз.



38. Қазақстан Республикасында жүргізілген жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі кезеңдерін көрсетіңіз.

39. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанның әлемдік танымалдығының артуындағы тарихи маңызы.

40. Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістерді баяндаңыз.

41. Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз.



42. Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) қызметі туралы пікіріңіз.

43. Қазақстан Республикасының жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары.

44. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты туралы баяндаңыз

45. «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастырудың мәнін ашыңыз.

46. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы баяндаңыз.

47. Тәуелсіздік тұсында Абу Насыр әл-Фараби, Ж. Баласағун, М. Қашғари, А.Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуының мәнін ашыңыз.

48. Тәуелсіз Қазақстанда халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің, жазбаша тарихнаманың: Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қадырғали Қасым ұлы Жалайридің аса көрнекті еңбектерінің маңызының жаңаша бағалануы.

49. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; Ұлы болашақ туралы баяндаңыз.

50. Қазіргі қазақ мемлекеттілігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз.



51. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтарын ашып көрсетіңіз.

52. «Қазақстан – 2050» Стратегияның мақсаты мен маңызы туралы баяндаңыз (2012 ж.).



53. Қазақстанның жаһандық мәселелерге байланысты көзқарастары мен бастамаларың қарастырыңыз.

54. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелерін талдаңыз (2010 ж.).

55. Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайлары туралы баяндаңыз (1992-2017 жж.).

56. Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мәні мен мазмұнын айқындаңыз.

57.Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз.

58. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талдаңыз (2021 ж. 5 қаңтар).

59. ҚР Президентінің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының мән-мағынасын қарастырыңыз. (2021ж. 1 қыркүйек).



60. Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі басымдықтарын талдаңыз (2022 ж. 16 наурыз).

.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет