«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері



бет1/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Лекция конспектілері

Н 2-1-40-2021

1 баспа 05.01.2021






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


м.х.дулати атындағы тараз өңірлік университеті

БЕКІТЕМІН

кафедра меңгерушісі т.ғ.к.,доцент
_________________ Серікбаев Е.Қ.

/қолы/ /Аты-жөні/


«_____»_______________20____ж.


_________ «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» _пәні бойынша

/пәннің атауы/
ЛЕКЦИЯ КОНСПЕКТІЛЕРІ
Факультет/институт:___ «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» _____________
Білім беру бағдарламасы: _______ Барлық білім беру бағдарламалары мамандықтарына арналған
Кредит саны __5______

ТАРАЗ – 2021ж.


__ «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша лекция конспектілері

/пәннің атауы/
«Тарих және география» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған

/кафедраның атауы/


Хаттама №_____ «______»_____________2021____ж.

.

Кафедра меңгерушісі:«_Тарих және география» _________________



/кафедраның атауы/ /қолы/

Лекция №1 Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің мақсаты мен міндеттері

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы жүз жылдан аса мерзімді қамтитын Отандық тарихтың бір саласы. Қазіргі кезеңде Қазақстан тарихы бойынша біршама оқулықтар жарық көрсе де, еліміздің тарихының әлі де болса, жете қарастыратын қалтарыстары баршылық. Бұл дәрістер курсы бұрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға берумен қатар, Қазақстан тарихының кезінде жазуға тиым салған «ақтаңдақ» беттерін де тарих оқулығына қойылатын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан сараланып жазылған Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсында Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғарғы оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай типтік бағдарлама көлемінде баяндалады. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның халқы өзінің төл тарихын терең тану үрдісін атқарып келе жатқан кезеңде Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні жоғарғы оқу орындарында негізгі пәндердің біріне айналды.

Тәуелсіздіктің тағлымы толы жиырма жылы - еліміздің нәтижелі тарихи жылдарында мемлекетіміздің ЕҚЫҰ-на жемісті түрде төрағалық етуі, Астана Саммитіне 56 елдің мемлекет басшыларымен халықаралық ұйым өкілдерінің келуі, Астана мен Алматыда өтіп жатқан Ақ Азияда ойындары, 2011 жылы Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық мәртебесі, Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы.

2011 жылы 3 сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында жаңа мерзімге қайта сайланған Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы алдында ант қабылдап, президенттік қызметіне ресми кірісуі және Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XVII сессиясы өтті. 1997 жылдан 2012 жылға дейін Президент Қазақстан халқына 15 Жолдау жолдады. «Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясына» кейін басталған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы жағдайға талдау жасауға және елдің ішкі – сыртқы саясатының келешегіне арналды. Елбасы қазіргі әлемдік-экономикалық қиыншылық кезеңінде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың сапалы білім алуы, оларға тәуелсіздік шежіресін оқытуда ЖОО-на үлкен жауапкершілікті сезіну керек екендігін атап көрсетті.

Қазақстан егеменді, тәуелсіз, өз алдына жеке мемлекет болғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Екі ғасырға жуық басқа мемлекеттің отары болған халықтың ұлттық санасын ояту жолында қоғамдық пәндердің, оның ішінде төл тарих ғылымының алатын орны ерекше. Ұлттық тарихты терең білмейінше ұлттың менталитетін, өзіндік даму жолын, сол жолда көрген мұң-зарын, жетістіктерін түсіну мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан территориясында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да тарихи отаны санайтын халықтардың тарихын білу маңызды болмақ. Отан тарихы бүкіл адамзат тарихының бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Еуразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтарының тарихы, Орталық Азия елдерінің тарихымен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы – Қазақстан территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, үрдістерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы отандық тарихтың аса маңызды бөлігі және жалғасы. Шынайы тәуелсіздік үшін Қазақстан әзірше ұзақ емес, бар жоғы жиырма бес жылды құрайтын жолдан өтті. Дамудың дүниежүзілік тарыхымен салыстырғанда, ширек ғасыр соншалықты үлкен мерзім болмағанмен, бірақ біздер үшін ол біртұтас бір дәуір. Осындай салыстырмалы қысқа уақыт аралығында мемлекетіміз өз дамуының саяси векторларын айқындап, нарықтық экономикаға өтуді іске асырды, әлеуметтік күрделі тауқыметтерді басынан өткерді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан қалыптасты. Осы тарихи кезеңді түсіну, одан алар сабақ отанымыздың тарихи ғылымындағы өзекті міндет болып саналады.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін жоғары оқу орындарында оқытып үйрету студенттердің бойларында отансүйгіштік пен азаматтық ұстанымның қалыптасуына, Қазақстанның барша көпғасырлық тарихы бойынша терең ғылыми білімдердің бекуіне септігі тиетін факторға айналуы тиіс.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке ие болғаннан бері халықтың елдің тарихына деген қызығушылығы арта түсті. Себебі бұрын айтылмаған, айтылса да саясаттың ыңғайына көндігіп айтуға мәжбүр болған көзқарастар қазіргі таңда басқаша сипатқа ие болуды. Осыған байланысты сіздерге ұсынылып отырған «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі міндеттерін айтуымыз керек:

- Халықтың ұлттық тарихи санасын қалпына келтіру;

- Ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру;

- Азаматтанушылық пен отаншылдықты тәрбиелеу;

- Өз халқына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін игеру азаматтардың қазіргі таңда Қазақстан қоғамында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени мәселелерді түсінуге, оның оң шешілуіне әсер етеді. Осыған байланысты бұл пән еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет