«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша /пәннің атауы/ лекция конспектілері



бет8/30
Дата28.04.2022
өлшемі152,84 Kb.
#32745
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Аяган Б. Новейшая история Казахстана. 2 том: Выход из кризиса/ Б. Аяган; Ауанасова А., Кудайбергенов Р.- Алматы: ТОО «Литера-М», 2011.

2. Аяган Б. Новейшая история Казахстана. 3 том: Устойчивый Казахстан / Б. Аяган;Ауанасова А., Сулейменов А.- Алматы: ТОО «Литера- М», 2011.

3 Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.


Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі

Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революсиясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. «Қазақ» газеті 9 наурыздағы санында: «...Қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күні туды, жақсылық, қуаныш тек орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш»-- деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың рөлі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастау болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түкпір-түкпірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Ақпан революциясының қазақтар үшін қаншалықты маңызды болғанын А. Байтұрсынов: «Алғашқыда революцияны қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ол, біріншіден, бұл революцияның оларды патша өкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына, екіншіден, оларды өзіміз басқарсақ деген ескі үмітінің нығая түскенінде еді»,- деп түсіндіреді. Халықтың Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуіне оның 1916 жылғы 25 маусым жарлығының күшін жойып, бұратаналарды қара жұмысқа алуды тоқтатуын, ал 7 наурызда 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия жариялау сияқты шараларды да ықпал етті. Ақпан революциясының жеңісі Қазақ өлкесі мен Түркістан аймағында халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтын саяси күштер: «Алаш» ұлттық демократиялық партиясын, большевиктердің мүддесін қорғайтын «Үш Жүз» радикалдар партиясын және түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и- Ислам» т.б. саяси ағымдар, ұйымдар, партияларды тарих сахнасына шығарды. Аумалы төкпелі 1917 жылғы қос революция тұсында құрылған «Алаш», «Шоро-и-Ислам», «Үш жүз» партияларының қызметіне қысқаша тоқталайық.

«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты мен қызметі 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либерадық-демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреуінен туындады. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізуін жалғастырды. Өзінің мәні жөнінен империялық билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешуді қолға алған жоқ. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстан өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болу жөнінде мәселені мемлекеттік дәреже деңгейінде көтереді деген үмітті Уақытша үкімет ақтамады. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Ә Бөкейханов кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Съезде «Алаш» ұлттық-саяси партиясының бағдарламасы жарияланды, жыл соңына қарай ұйымдық тұрғыдан қалыптасты. «Алаш» партиясы күрделі 1917 ж. үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты роль атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында («Қазақ»,1917, № 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйтқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін (1917 ж. желтоқсан) даярлап өткізді. Осы съезде өмірге Алашорда - Ұлттық кеңес үкіметі келгені мәлім. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтай депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері «Алаш» партиясы атынан депутат сайланды. Осы Құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында «Алаш» партиясы ең көп дауыс алған партия болды. Обьективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы «Алаш» партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді.

Исламшылдар «таза ислам» жолын, ал түрікшілдер модернизм және прагматизм бағытын ұстанды. «Шуро-и-Ислам» алғашқы кезде бұл екі бағытты біріктірсе, құрылғаннан кейін үш айдан соң, яғни 1917 жылы шілдеде оның құрамына «таза ислам одағы» - «Шуро-и-Улем» бөлініп шықты. Улемшілер өздерінің жетекшісі адвокат С. Лапиннің басшылығымен «шариғат бойынша таза мұсылман ұстанымдары негізінде мұсылмандардың өзін-өзі билеу құқықтарын іске асыру» бағытында тұрды. Біз қарастырып отырған уақыт аралығында бұрынғы Сырдария және Жетісу облыстарында 19 қазақ пен қырғыз және мұсылмандар арасында «Шуро-и-Ислам» партиясы беделге ие болды. Өйткені қым-қиғаш 1917 жылдың дүрбелең тұсында Қазақ комитеттері, «Алаш», «Шуро-и-Ислам» т.б. саяси партиялар мен ұйымдар ұлттық мүддені қорғаштаған еді.

Ал енді «Үш Жүз» партиясына тоқталатын болсақ, бұл партия өзінің саяси ықпалы Қазақ өлкесінің солтүстік-шығыс аймағында жүрді. «Үш Жүз» партиясының Орталық комитеті Омбыда орналасты. Оның негізін қалаушы Мұқан Айтпенов болды. Бірақ «Үш Жүз» партиясының қызметі Көлбай Төгісов есімімен тығыз байланысты еді. 1917 жылдың соңы мен 1919 жылдың наурызына дейінгі аумалы- төкпелі саяси дүрбелең жағдайында К. Тоғысов «Алаш» партиясына қарсы күрес жүргізіп, оның саяси сахнадан кетуіне күш салды. «Үш Жүз» партиясының қызметіне терең талдау жасаған М.Қойгелдиев: «...Үш жүз» аталатын саяси ұйым өзінің пайда болу негізі жағынан да, әлеуметтік базасы жағынан да, терең, табиғи қоғамдық сұраныстан гөрі, сол тарихи кезеңдегі саяси дүрмек ағымында әлеуметтік саяси айқындамасы толық қалыптасып үлгермеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті саяси ұйым құруға алып келген түрлі әлсіз элементтердің жиынтық көрінісі болып табылады» деген тұжырым жасады. 1919 жылы наурызда, жетекшілерінен айрылған «Үш Жүз» партиясы да өз қызметін тоқтатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет