Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
Дата07.01.2022
өлшемі1 Mb.
#19976
түріҚұрамы


Қазақстанның физикалық географиялық

сипаттамасы

Қазақстан Республикасы алғаш рет 1920 жылы 26 тамызда Қазақ АССР-і болып құрылды. КСРО

құрамына Одақтас Республикалардың бірі болып 1936 жылы 5 желтоқсанда кірді. 1991 жылы

16  желтоқсаннан  бастап,  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз  мемлекет  болды.  Қазақстан

Еуразия  орталығында  орналасқан  мемлекет.  Қазақстан  екі  дүние  бөлігін  қамтиды.

Қазақстанның 15%-ы  шартты  түрде  Еуропа  шегінде.  Қазақстанның  екі  облысының  (Атырау,

Батыс  Қазақстан)  тұрғындарының  күнделікті  Еуропа  мен  Азияға  саяхат  жасау  мүмкіндіктері

бар.


Республиканың  географиялық  орны  оның  табиғат  жағдайларын  анықтайды.  Сол  себепті

Қазақстан  аумағы  табиғатының  бір  шетінің  екінші  шетінен  үлкен  айырмашылығы  бар.

Оңтүстікте  алма  ағаштары  гүлдеп  жатқанда,  солтүстік  аймақтарда  әлі  суық,  қарлы  боран

соғып жатады.

Қазақстан  ауданы  жөнінен  дүниежүзінде  Ресей,  Канада,  Қытай,  АҚШ,  Бразилия,  Аустралия,

Үндістан, Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орынды алады. Жер көлемі 2 млн 724 мың км .

Ал  Еуразия  материгінде  жер  көлемі  жөнінен  Ресей,  Қытай,  Үндістаннан  кейінгі  төртінші

орынды алады. Қазақстан 5 мемлекетпен  шекараласады.  Батыста,  солтүстік  батыста  және

солтүстікте

Ресеймен,

шығыста

Қытаймен,

оңтүстікте

Өзбекстан,

Қырғызстан,

Түрікменстанмен шектеседі.

Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7591 шақырымды құрайды. Қазақстанмен ең

қысқа шекарасы  өтетін  мемлекет  Түрікменстан.  Түрікменстанмен  шекарасының  ұзындығы

380  (426)  шақырымды  құрайды.  Қазақстан  Франциядан  5  есе,  Италиядан  9  есе,

Ұлыбританиядан  11  есе  үлкен.  Қазақстан  жері  төртінші,  бесінші  сағаттық  белдеулерде

орналасқан.  Батыс  Қазақстан  облыстары  төртінші  сағаттық  белдеуде,  ал  басқа  облыстар

бесінші сағаттық белдеуде орналасқан.

Қазақстан 1991 жылғы 21 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, 1992 жылдың 2

наурызында  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  құрамына  кірді.  1995  жылы  30  тамызда  Қазақстан

Республикасының  Конституциясы  қабылданды.  Әкімшілік  аумақтық  жағынан  Қазақстан  14

облысқа,  160  ауданға  бөлінеді.  Қазақстанда  85  қала,  200  қала  типті  кент  бар.  Қазақстан

Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  1995  жылғы  15  қыркүйектегі  жарлығына

дейін Қазақстанның астанасы Алматы болды. 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан

Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана өзгертілді.

2



Қазақстан

Тәуелсіздік монументі



Ақорда


Байқоңыр ғарыш айлағы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет