Қазақта баланы қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін дәстүрлер көп,- дейді Құралай Сәрсембина. Өйткені этнографтың айтуынша, ұрпақ жалғастығына, саналы ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор болған



бет1/4
Дата22.01.2022
өлшемі34,84 Kb.
#24187
  1   2   3   4

І-нұсқа

1-мәтін

Қазақта баланы қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелейтін дәстүрлер көп,– дейді Құралай Сәрсембина. Өйткені этнографтың айтуынша, ұрпақ жалғастығына, саналы ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы зор болған.

Айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай деген: "Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды". Сондықтан дәстүр мен тәрбиені ұштастыра білу керек. Мысалы, "Қол ұшын беру" деген керемет дәстүр бар. Бұл дәстүр әлі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Қол ұшын беру – ауыл адамы біреудің үйінің жанынан өтіп бара жатып, кірпіш құйып, үй салып жатқандарын көрсе, өтіп кетпеген. Қол ұшын беріп, көмектескен. Яғни, бұл дәстүр арқылы адамды қайырымдылыққа, жанашырлыққа тәрбиелеген.

Қайырымдылық-доброта

Бауырмалдық – любезность (родным)

Әулет- потомки

Мәдениет – культура

Ұштастыру-связывать

Жанашырлық- заботливость

Ұрпақ жалғастығы - преемственность поколений

1. Мәтінге сай тақырып таңдаңыз?

А) Дәстүр мен тәрбие

В) Дәстүр туралы

С) Тәрбие

Д) Ұлттық мәдениет

Е) Байлық

2. Мәтіндегі асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз?

А) тағайындау

В) көмектесу

С) себеп болу

Д) жанашырлық

Е) қайырымды болу

3. Саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін не қажет?

А) бала кезінен салт-дәстүрді үйрету

В) сабақты жақсы оқу

С) ауылдың тәрбиесін көру

Д) ата мен әжерлерді тыңдау

Е) көптеген үйірмелерге қатыстыру

4. Мәтінде қандай жақсы қасиет туралы айтылған?

А) көмектесу

В) сөйлесу

С) әңгімелесу

Д) тәрбие беру

Е) көпшіл болу


2-мәтін

Мен магистратураны бітіргеннен кейін Мишель де Монтень атындағы Бордо III университетінде француздарға араб тілінен сабақ бердім. Қазір грек тілін оқытамын. Оқытушылықтан бөлек, аудармашы болып та істеймін. 2012 жылы Францияда Азия елдерінің XVIII халықаралық Везуль атты кинофестивалі болды. Фестивальда қазақстандық режиссерлердің де жұмыстары көрсетілді. Сонда Қазақстаннан барған шығармаларды француз тіліне аудардым.

5. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

А) Фестиваль Қазақстанда өтті.

В) Мишель де Монтень елге келді.

С) Ол магистратурада білім алған.

Д) Ол Азия елдеріне барып келді.

Е) ағылшындарға араб тілінен сабақ бердім.

6. Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөздің мағынасын ашыңыз.

Мен магистратураны бітіргеннен кейін Мишель де Монтень атындағы Бордо III университетінде француздарға араб тілінен сабақ бердім.

А) тәлім

В) дәріс

С) мысал

Д) өнеге


Е) тәрбие

7. Автор қай тілден сабақ берді?

А) Қазақ тілі

В) Араб тілі

С) Ағылшын тілі

Д) неміс тілі

Е) испан тілі
3-мәтін
Тәуке Ахметұлының отбасында бес адам тұрады. Олар: өзі, жұбайы, ұлы, қызы және анасы. Оның жұбайының есімі – Нағима. Ол кісі дәрігер болып жұмыс істейді. Жасы елу үште. Ұлының есімі – Нұрлан. Ол – студент, болашақ экономист. Нұрлан спортпен айналысады, әсіресе, суда жүзгенді ұнатады. Қызының аты – Әлия. Ол кітап оқығанды ұнатады. Тәуке Ахметұлы анасының есімі – Зере. Зере әженің жасы сексен екіде. Ол бұрын мұғалім болған. Тәуке бос уақытында тауға барғанды ұнатады. Оның отбасы тату тұрады.

Тату- дружно,мирно

8. Мәтін мазмұны бойынша сөйлемді толықтырыңыз.

Нұрлан ... ұнатады.

A) суда жүзуді

B) кітап оқуды

C) тауға барғанды

Д) жұмыс істегенді

Е) теледидар көргенді

9. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

A) Тәукенің отбасы тату тұрады.

B) Тәуке тауға барғанды жақсы көреді.

C) Оның қызы дәрігер болып жұмыс істейді.

Д) Зере әже бұрын мұғалім қызметінде болды.

Е) Зере әженің жасы тоқсанда

10. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.

A) Нағима дәрігер болып қызмет етеді.

B) Әлия болашақта экономист болады.

C) Тәуке кітап оқығанды қатты ұнатады.

Д) Ұлы Нұрлан мұғалім болғысы келеді.

Е) Нұрлан шаңғы тепкенді ұнатады



4-мәтін

Қаздауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізігісі келген бір білгір адам оған: Кім жақын? - деп сұрақ қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп жауап қайырған екен деседі:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.



Шешендік- ораторство

Инабатты- порядочный

Сыбайлас- граничащий; живущий по соседству; находящийся вблизи;

Еркелеу- баловник; любимец; неженка

11. Мәтін бойынша «тату болса» кім жақын?

А) ағайын

В) апайың

С) келінің

Д) қарындасың

Е) шөберең

12. Білгір адам не себепті Қазыбек биге сұрақ қояды?

А) өзі білмегенді үйрену үшін

В) сынау үшін

С) дауды шешу үшін

Д) шешендігіне көзжеткізу үшін

Е) жауап алу үшін

13. Инабатты болса кім жақын?

А) немерең

В) келінің



С) қарындасың

Д) шөберең

Е) досың


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет