«ҚазаҚтелеком» аҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы 2012 жылға есебі АлмАты 2013 «Қазақтелеком»



жүктеу 6.12 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі6.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Клиенттермен өзара іс-қимыл

Т

елекоммуникациялық 



қызметтердің 

қолжетімділік 

деңгейін көтеру мақсатында «Қазақтелеком» АҚ бағалары 

қолайлы  және  үнемі  төмендетіліп  отыратын  сапалы 

қызметтер шоғырын ұсынады. Есеп кезеңінде тарифтік саясат 

бойынша іс-шаралар Компанияның әлеуметтік жауапкершілік 

саласындағы позициялары ескеріле отырып  іске асырылды.

2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1.  Жалпы  пайдаланымдағы  телекоммуникация  желісіне 

кіріс, шығыс және транзиттік трафиктің барлық түрлерін 

өткізу барысында байланыс операторлары арасында өзара 

есеп айырысуда тарифтеу бірліктері төмендетілді: 

•  жергілікті,  аймақішілік,  қалааралық  телефон  трафигі, 

ұялы байланыс операторлары және IP-телефония опера-

торлары телефон трафигі: 10 сек.-тан  1 сек. дейін;

•  халықаралық телефон трафигі: 30 сек.-тан 10 сек. дейін.

2.  Кеңжолақты қатынау қызметтері қолжетімділігін арттыру 

бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілді:

•  «Megaline» қызметін ұсыну барысында портқа қосылу үшін 

біржолғы төлем 6% төмендетілді;

•  ай сайынғы төлем «Megaline Hit/Light/Box» және «iD Net 

Hit/Light» тарифтік жоспарлары бойынша 10%, «Megaline/

iD Net Drive» –12,5% төмендетілді;

•  ай сайынғы төлем көлемін өзгертпей, сыртқы ресурстарға 

256  Кбит/с-тан  512  Кбит/с  дейін  «Megaline  2000/4000»  

тарифтік жоспарлары бойынша жылдымдық ұлғайтылды;

•  «Megaline Start тарифтік жоспары бойынша трафик шегі 

ұлғайтылды,  сондай-ақ  трафик  шегіне  жеткеннен  кейін 

сыртқы ресурстарға қатынау жылдамдығы ұлғайтылды.



2012 жылғы 1 наурыздан бастап:

1.  Ай  сайынғы  төлем  көлемін  өзгертпей  2  есе  «Megaline/

iD Net Turbo/Turbo Plus/Turbo Light/Drive» тарифтік жо-

спарлары  бойынша  ай  сайынғы  төлем  есебіне  сыртқы 

ресурстарға  трафик  көлемі  ұлғайтылды;  «Турбо-ре-

жим»  сервисін  ұсынғаны  үшін  төлем  85%  төмендетілді; 

«Megaline/iD  Net  Drive»  тарифтік  жоспарлары  бойынша 

ай сайынғы төлем 200 теңгеге арзандатылды.

2.  Е1  портын  пайдаланғаны  үшін  төлем  төмендетілді 

(әрбір  порт  үшін):  «соңғы  мильді»  ұйымдастырумен 

–767 000 теңгеден 63 970 теңгеге дейін, «соңғы мильді» 

ұйымдастырмай  –728  650  теңгеден  51  219,23  теңгеге 

дейін, ҚСС-сыз.

2012 жылғы 1 сәуірден:

Арнаның  өткізу  мүмкіндігін  төмендете  отырып  «Megaline/

iD Net» қызметі аясында  бір тарифтік жопардан басқасына 

көшудің біржолғы төлемі төмендетілді.



2012 жылғы 1 тамыздан:

1.  Ай  сайынғы  төлем  көлемін  өзгертпей  «iD  Net  Hit/Light» 

тарифтік жоспарларының сипаттамалары өзгертілді:

•  ай  сайынғы  төлем  есебіне  сыртқы  ресурстарға  трафик 

шегі бойынша шектеулер алынып тасталды;

•  қатынау жылдамдығы сыртқы ресурстарға 10 есе (2 Мбит/с 

–тан  20 Мбит/с дейін), ішкі ресурстарға 5 есе (10 Мбит/с –

тан  50 Мбит/с дейін)  ұлғайтылды.

2.  Ай  сайынғы  төлем  көлемін  өзгертпей    «iD  Net  Turbo/

Turbo  Light»    тарифтік  жоспарларының  сипаттамалары 

өзгертілді:

•  ай  сайынғы  төлем  есебінен  сыртқы  ресурстарға  трафик 

шегі бойынша шектеулер алынып тасталды;

•  қатынау  жылдамдығы  сыртқы  ресурстарға  3,75  есе,  ішкі 

ресурстарға  3,3  есе  (30  Мбит/с-тан  100  Мбит/с  дейін) 

ұлғайтылды.



2012 жылғы 1 қазаннан бастап: 

Трафик  өткізу  қызметтерінің  2  аймақтық  тарифтеуіне  көшу 

жүзеге  асырылды:  аймақшілік  және  қалааралық  телефон 

қосылыстары.



2012 жылғы 1 желтоқсаннан: 

1.  Кеңжолақты қатынау қызметтерінің қолжетімдігі бойынша 

бірқатар шаралар жүргізілді: «iD Net»  оптикалық байла-

ныс  желіжолы  бойынша  интернет  желісіне  кеңжолақты 

қатынау  қызметтерін  қосу  үшін  біржолғы  төлем  6% 

төмендетілді.

2.  «Заңды  тұлғалар»  пайдаланушылар  санаты  үшін  барлық 

қатынау технологиялары бойынша портқа қосу үшін үшін 

біржолғы төлем 10% төмендетілді.

3.  «Заңды  тұлғалар»  пайдаланушылар  санаты  үшін  ай 

сайынғы  төлем  көлемін  өзгертпей  «Unlimited»  тарифтік 

жоспарлары  бойынша  интернет  желісіне  сыртқы 

ресурстарға қатынау жылдамдығы екі есе ұлғайтылды. 

4.  Абоненттік  терминал  нөмірін  бере  отырып,  телефон 

желісіне  қосу  үшін  төлем  5%  төмендетілді  (19  756,8 

теңгеден, ҚҚС-мен, 18 769 теңгеге дейін, ҚҚС-сыз).

5.  «Қазақтелеком»  АҚ  жалпы  пайдаланымдағы  телеком-

муникация  желісіне  жергілікті  деңгейде  тіркелген  теле-

фон  байланысы  операторларының  телекоммуникация 

желілерін  қосу  қызметтеріне  біржолғы  төлемнің  5% 

төмендетілгенін  ескере  отырып,  284  128,85  теңгеден   

269 922,41 теңгеге дейін, ҚҚС-сыз төмендетілді.

Интернет  желісіне  кеңжолақты  қатынау  қызметтерінің 

қолжетімділігін арттыру аясында Қоғам халықтың түрлі санат-

тарына қолжетімді болатын, жаңа қызметтер түрлері бойынша 

тарифтік жоспарлар ағымдағы сипаттамаларын  жақсартатын 

жаңа тарифтік жоспарларды үнемі әзірлеп отырады.


«Қазақтелеком» АҚ

22

жеткізушілермен өзара іс-қимыл

«Қазақтелеком» АҚ жеткізушілермен өзара іс-қимылы 

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 

бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқарт 

қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші 

акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп 

пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ  меншік немесе сенімді 

басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде тиесілі 

ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып 

алу қағидасымен (бұдан әрі – Сатып алу қағидасы) 

тәртіптемеленген.

Аталмыш Қағидаларға сәйкес «Қазақтелеком» АҚ 

тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу мынадай 

қағидаттарға негізделеді:

•  сатып алу үдерісінң ашықтығы мен айқындылығы;

•  сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі 

тиімді жұмсау;

•  сапалы тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу;

•  барлық әлеуетті жеткізушілерге мүгедектер 

ұйымдарын, отандық тауар өндірушілерді және 

отандық кәсіпкерлерді қолдау жағдайында сатып алу 

үдерісіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; 

•  Холдинг сатып алатын тауарлар, жұмыстар

қызметтерде жергілікті қамту үлесін арттыру;

•  әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелестік; 

•  Холдингке кіретін ұйымдар арасында холдингішілік 

кооперацияларды дамыту мақсатында сатып алуға 

ықпал ету;

•  қабылданатын шешімдерге бақылау және 

жауапкершілік;

•  сатып алу үдерісіне делдалдардың араласуын 

мейлінше төмендету;

•  инвестициялық стратегиялық жобаларды тиімді іске 

асыру.

2012 жылға тауарлар, жұмыстар және қызметтер  



сатып алудың бекітілген жоспарына «Қазақтелеком» 

АҚ Қазақстан нарығына барлық озық технология-

ларды ұсыну және қолданыстағы телекоммуникация 

желілерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық 

саясатының барлық стратегиялық бағыттарын 

қамтиды.


Ә

леуетті жеткізушілерді сатып алу жоспар-

ланып отырған тауралар, жұмыстар және 

қызметтер туралы ақпаратпен қамту мақсатында 

«Қазақтелеком» АҚ корпоративтік порталында тұрақты 

түрде алдағы кезеңге сатып алу жоспарлары, сондай-

ақ тендерлер және олардың нәтижелері туралы хабар-

лама орналастырылады. 

Қоғам ынтымақтастық туралы меморандумдар жасау 

бойынша, отандық тауар өндірушілердің өнімдерін 

жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасау бойынша 

жұмыс жүргізіп отыр.

Меморандумдар және ұзақ мерзімді шарттар жасау 

сақсаты Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып 

алу бөлігінде отандық тауар өндірушілермен өзара 

қарым-қатынасты дамыту болып табылады. Меморан-

думдар және ұзақ мерзімді шарттар жасау  отандық 

өндірушілерге/жеткізушілерге Қоғам-байланыс 

операторының қажеттіліктері үшін қажетті им-

порт алмастыратын жаңа тауарлар, жұмыстар және 

қызметтерді игеруде қолдау көрсетуді білдіреді. 

Өндіруші өз тарапынан «Қазақтелеком» АҚ қоятын 

техникалық талаптарға сәйкес келетін сапалы тауар-

ларды ұсынады және жеткізіп береді.

Бұл қағидаттар сондай-ақ жеткізушілермен, соның 

ішінде отандық өндірушілермен өзара қарым-қатынасты 

айқындайды. Қоғамның жергілікті қамту бойын-

ша қызметі Директорлар кеңесі 2012.10.02 бекіткен 

«Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобын 2020 жылға 

дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясы» аясында жүзеге 

асырылады, онда Қоғам алдында сатып алуда жергілікті 

қамтуды былайша арттыру қарқынын қамтамасыз ету 

міндеті қойылған:

•  2012 жылы – 56,7%;

•  2013 жылы – 57,8%;

•  2014 жылы – 58,9%;

•  2015 жылы – 60,0%, (с.і. тауарлар бойынша – 30%, 

жұмыстар және қызметтер бойынша – 90%);

•  2020 жылы – 70,0%, (с.і. тауарлар бойынша – 40%, 

жұмыстар және қызметтер бойынша – 90%).



ҚоғАМдА тҰрАҚтЫ НеГіЗде сАтЫп 

Алу Мәселелері БойЫНшА 

есептіліК жАсАу жәНе ҰсЫНу 

тәртіБі турАлЫ НҰсҚАМАғА 

сәйКес шАрттАр жАсАй 

отЫрЫп жүЗеГе АсЫрЫлАтЫН 

жерГіліКті ҚАМту КөрсетКіштері 

МоНиториНГі жүрГіЗіледі. 

58,3%

факт

56,7%

жоспар

«Қазақтелеком» АҚ сатып алуда

жергілікті қамту динамикасы

2012

2011

55,6%

55,6%

23

Бәсекелестермен өзара іс-қимыл Қызметкерлермен өзара іс-қимыл

И

кемді тариф белгілеу және абалама операторлар 



абонеттеріне қызметтер қолжетімділігін арттыру 

жағдайларын жасау аясында 2012 жылы байла-

ныс операторларына қызметтерге тарифтерді азайту 

жұмыстары жүргізілді:

1.  2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «Байланыс  

операторлары үшін трафикті ескерусіз (unlimited)» 

тарифтік жоспары бойынша 1 Мбит/с құны орта есеп-

пен 33% төмендетілді, өткізу мүмкіндігіне қатаң түрде 

теліп қоюды алып тастауға мүмкіндік берген тариф 

кестесіне өзгерістер енгізілді;

2.  2012 жылғы 1 қаңтардан бастап «Байланыс  

операторлары үшін трафикті ескере отырып» 

тарифтік жоспары бойынша 1 Гбайт  үшін төлем 35% 

дейін төмендетілді; 

3.  2012 жылғы 1 мамырдан бастап IP-телефония  

(интернет-телефония) операторлары үшін трафик 

өткізу қызметтеріне тарифтер 76% төмендетілді;

4.  2012 жылғы 1 шілдеден бастап байланыс

 

операторлары желілерінен халықаралық трафик 



өткізу тарифтері төмендетілді;

5.  1 қазаннан бастап жергілікті телефон байланысы 

операторлары үшін аймақішілік және қалааралық 

телефон трафигін өткізу қызметтерін орта есеп-

пен алғандағы тарифті  10% төмендете отырып,  2 

аймақтық тарифтеуге көшу  жүзеге асырылды;

6.  2012 жылғы 1 қарашадан бастап жергілікті деңгейде  

тіркелген телефон байданнысы операторлары 

желілерін қосу қызметтеріне біржолғы төлем 5% 

төмендетілді; байланыс операторлары үшін интернет 

желісіне қатынау құны 2012 жылы орта есеппен 34,7% 

төмендетілді; 

7.  2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап интернет  

желісіне кеңжолақты қатынау үшін біржолғы төлем 

10% төмендетілді;

8.  2012 жылғы  1 желтоқсаннан бастап «Байланыс 

 

операторлары үшін трафикті есептемей» ТЖ бойынша  



1 Мбит/с  шекті құны орта есеппен 11% төмендетілді.

HR-менеджмент

Қызметкерлермен өзара іс-қимыл үдерістік әдіс негізінде 

әзірленген және Қоғамның Директорлар кеңесі есепті жылы 

шешімімен бекіткен Қоғамның Кадр саясаты негізінде 

құрылады. 

Өткен жылы Қоғамда адами ресурстарды және 

қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін нығайту және 

дамытуға бағытталған ірі жобаларды енгізу жұмысы 

жалғастырылды. Қызметкерлерді дамыту және уәждемелеу, 

Компанияның кадр әлеуетін арттыру «Қазақтелеком» АҚ 

стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының қатарында. 

«Кадр резерві» жобасын іске асыру аясында Қоғам 

басшылары және филиалдарының бас директорларының 

қатысуымен калибровкалық сессиялар өткізілді. Оның 

нәтижелері бойынша мыналар жасалды және бекітілді:

1.  2012 жылдың бірыңғай кадр пулы; 

2.  «Топ-50» қызметкерлер тізімі; 

3.  «Топ-50» бағдарламасы бойынша  2012–2013 жж. 

Қызметкерлерді оқыту жоспары; 

4.  «Қазақтелеком» АҚ Бірыңғай кадр пулына кіргізілген 

кандидаттарды жамытудың дербес жоспарлары.

Қоғам кадр және әлеуметті сяасат және қызметткерлерді 

қолдау тетіктерінің негізгі бағыттарын ашатын әлеуметті-

еңбек қатынастарын реттеу қызметіне үлкен көңіл бөледі.

Әлеуеметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі іс-

шараларды жүйелі іске асыру және «Самұрық-Қазына» АҚ 

тапсырмалары аясында өткен жылдың  қыркүйегінде Қоағм 

филиалдары қызметкерлерін басқару бөлімдері басшыла-

рымен  семинар-мәжіліс өткізілді. Қоғам қызметкерлерін 

«Самұрық-Қазына» АҚ  «Әлеуметтік әріптестік орталығы» 

КФ бірлесіп тиісті жоба аясында медиация және 

келіссөздер бойынша дайындау жұмыстары жүргізілуде. 

Жеке еңбек дауларын қарау мақсатында, әлеуметтік-еңбек 

қатынастарын реттеу аясында Қоғам бұйрығымен Қоғамның 

Орталық аппаратының Кеілісі комиссиясы құрылды.

Компания қазақстандық телекоммуникация нарығындағы 

көшбасшы орнын нығайту мақсатында алдына кадр 

әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұзақ 

мерзімді мақсат қойып отыр. Компания қызметкерлерінің 

өзінің жалпы білім және кәсіби деңгейін жоғарылатуға 

ұмтылысын қолдай отырып, оларға төленетін оқу демалы-

старын береді.


«Қазақтелеком» АҚ

24

Компания  білім үздіксіздігі қағидатын ұстана  



отырып, жыл сайын телекоммуникация және ақпараттық 

технологиялардың бейінді жоғары оқу орындарында 

жоғары білім алу (бакалавриат) үшін білім беру квотасын 

бөліп келеді. Мұндай мүмкіндік бірыңғай ұлттық тестілеудің 

нәтижелерін қоса алғанда, іріктеудің барлық сатыларынан 

сәтті өткен Қоғам қызметкерлері мен олардың балалары-

на айрықша тәртіппен ұсынылады. Бұл әлеуметттік жоба 

жоғары білімді және Қоғамның мүддесі үшін қызмет ететін 

білгір мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

Осылайша, 1997 жылы ауыл тұрғындарының ішінен маман-

дар әзірлеу туралы шешім қабылданды, ал 2004 жылдан 

бастап ҚР және ТМД бейінді жоғары оқу орындарында 

бакалаврларды оқыту қолға алынды. Оқыту Қоғамның өз 

қаражаты есебінен филиалдарға белгіленген квота  

бойынша жүргізіледі. Аталған жоба жоғары білімді  

мамандар мүлдем жетіспейтін, әсіріесе ауылдық елді  

мекендерге орайластырылған. 

Қоғамның квотасы бойынша оқитын студенттер міндетті 

түрде жұмыспен қамтылады, сонымен қатар үздік және 

жақсы оқығандығы үшін шәкіртақы төленеді. Дәл осы білім 

беру квотасының арқасында кадр жетіспеушілігі қатты 

байқалған кезеңде Қоғам мәселелерді оңтайлы шеше білді. 

«Қазақтелеком» АҚ квотасы бойынша оқитын студенттердің 

саны 2011-2012 жылдары 253 адамды құрады, соның 

ішінде 121 адам немесе 47,8% шағын қалалар мен ауылдық 

мекендердің тұрғындары болып табылады, ал 2000-2012 

жылдар аралығында 1301 адамды құрады.

Қоғамның филиалдарын жоғарғы оқу орындарынан кейінгі 

кәсіби білім беру бағдарламаларын меңгерген мамандармен 

қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ кадрлар дайындауға 

бөлінген қаражатты  орынды пайдалану үшін, 2011 жылы 

«Қазақтелеком» АҚ корпоративті Магистрлік бағдарламасы 

бірінші рет іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша оқитын 

студенттердің контингентін Қоғам қызметкерлері құрайды, 

бұл ретте сабаққа үлгерім көрсеткіштері (GPA) жоғары 

студенттерге басымдылық беріледі.  Бейінді пәндерді 

ИКТАД – корпоративтік оқыту орталығы оқытушылары 

оқиды, Қоғам қызметкерлері магистерлік диссертацияларға 

басшылық жасайды. 2012 жылы екінші іріктеу болып өтті, 

12 магистрантқа квота бөлінді. Ағымдағы жылғы ақпанла 

магистрлердің алғашқы легі қанат қақпақ.  

Ж

оғары білім беру бағдарларламаларымен (ұзақ 



мерзімді оқу) қатар, компания қайта даяр-

лау және біліктілікті арттыру (қысқа мерзімді 

оқу) бағдарламалары бойынша корпоративтік оқыту 

саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Қысқа 

мерзімді оқу оқытудың бірыңғай жоспарына сәйкес мына-

дай түрлерде іске асырылады:

1.  Алматы қ. «Инфокоммуникациялық технологиялар ака-

демиясы» дирекциясының базасында оқыту;

2.  Қызметкерлерді дамытудың өңірлік орталықтарында 

(ҚДӨО);


3.  үздіксіз жалғасатын өндірістік оқу (ҮЖӨО);

4.  жабдықты жеткізуші фирмаларда және ҚР мен таяу 

шетелдердегі бөгде оқу орталықтарында оқыту;

5.  қызметкерлерді коммерциялық/техникалық 

жетекшілігімен оқыту;

6.  қашықтан оқыту (ҚО).

Жоғарыда аталған оқу түрлерінің ішінде қашықтан 

оқытудың орны бөлек. Себебі қашықтан оқыту бары-

сында уақыт, көлік және басқа да шығындарын талап 

етпейді. Сондай-ақ өндірістен қол үзбей-ақ біліктілік 

деңгейін көтеріп, сертификат алуға болады. Қоғамда ҚО 

2003 жылдан бері IBM Learning Space бағдарламалық 

жасақтама негізінде іскее асырылып келеді. Бүгінгі таңда 

ИКТАД-та қашықтан оқыту жүйесінде бес бағыт (өндірістік-

техникалық және сату технологиясы, қаржы-экономикалық, 

жалпы менеджмент, тілдерді оқыту) бойынша 56 курс 

енгізілген. ҚО жүйесінде барлығы 8 000 тыңдаушы 

тіркелген.

Білімді басқару жүйесіндегі тағы бір маңызды бағыттардың 

бірі  корпоративтік вебинарлар (электронды семинарлар, 

тренингтер, таныстырылымдар) дайындау болып табылады. 

Аталмыш оқу курсының инновациялығын тану ретінде 2012 

жылы компания топ-менеджерлерінің, жетекші сарапшылар 

мен ИКТАД оқытушыларының алғашқы вебинары жазылды. 

Вебинарлар  my.telecom.kz  корпоративішілік порталындағы 

Білім орталығында порталдың барлық пайдаланушылары 

үшін қатынау ұсыныла отырып, орналастырылды. 

ИКТАД және қызметкерлерді дамытудың өңірлік орталықтар 

базасында 2012 жылы күндізгі бөлімде 4 265 тыңдаушы 

және қашықтан оқыту бойынша 1 394 тыңдаушы білім 

алды. Филиалдардағы курстарда (ФБАК) 5571, ҚР басқа  да 

оқу орталықтарында, таяу және алыс шетелдерде 2 838 

тыңдаушы білім алды. Сонымен қатар 12 086 тыңдаушыны 

коммерциялық және техникалық менторлар, мемлекеттік тіл 

мамандары оқытты.

Қ

оғам есепті жылы еңбек ресурстарын жоспарлау және 



дуалды оқыту жүйесін дамыту бойынша үлкен жұмыс 

жүргізді. Компания өкілдері еңбек ресурстарын 

және дуалды оқыту жүйесін жоспарлау жүйесі бойын-

ша «Самұрық-Қазына» АҚ құрылған арнайы жұмыс тобы 

құрамына кіреді.

Қоғамның Жұмыс тобы есепті жылы 13 кәсіби жұмыс стан-

дартын әзірледі, олар Қоағм ішінде келісуде өтуде. 

Компания төрт көшбасшы компания қатарында  Қордың 

компаниялары тобында жұмысшы кадрларды дуалды 

оқыту жүйесін енгізу бойынша қанатқақты жоба аясында 

әлеуметтік серіктестік туралы үш жақты шартқа қол қойды. 

Компанияның HR-менеджерлер қауымдастығы және 

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті өткізген 

жыл сайынғы «Сенім-2012» конкурсында «Үздік жұмыс 

беруші – ұлттық компания» және «Үздік HR-жоба» екі 

престиж аталымда жеңімпаз болып танылуы оның HR-

менеджмент саласында жүргізген жұмысының жемісі 

болып табылады. Оның қорытындылары «Самұрық-Қазына»  

өткізген «Адами ресурстарды басқару: III мыңжылдықтың 

HR-трендтері» халықаралық конференцияда айтылды.

Кері байланыс құралдары

Корпоративтік 

мәдениетті 

дамыту, 


Қоғамда 

коммуникациялық  және  HR-міндеттерді  тиімді  шешу  ая-

сында Компания my.telecom.kz  корпоративішілік порталын 

(интернет-сайт) танымал ету жұмысын белсенді жүргізуде. 

Есепті  кезеңде  портал  пайдаланушылар  саны  14  мың 

қызметкерді  құрады,  алғашқы  дәстүрлер  қалыптаса  ба-

стады.  Айталық,  есепті  жылы  порталда  дәстүрге  айналып 

отырған конкурстар өткізілді:

1.  Қоғам  филиалдары  арасындағы  «Колесо  обозрения».

 

Есепті жылдағы конкурс атауы – «Колесо обозрения: ко-



манда – біз, және біз қуаттымыз!» Ұраны:  «Бір ерікпен 

ортақ арманға!» Жеңімпаздар (1-ші орын, екі екінші, екі 



25

үшінші орын) Жаңа жыл мерекесіне арналған Орталық 

аппараттың корпоративтік іс-шарасына қатысты. «Коле-

со обозрения» конкурсы аясында ғана Қоғам филиалда-

ры 43 конкурс өткізді.

2.  «Казактелеком аруы» сұлулық конкурсы кең таралымға 

ие  болды.

  Екі  тур  онлайн-тәртіпте  порталда  өткізілсе, 

үшінші  тур  «көзбе-көз»,  Наурыз  мейрамына  арналған 

Орталық  аппараттың  корпоративтік  іс-шарасына 

қатысушыларды шақыра отырып өткізілді. 

3.  «Мистер Телеком» конкурсы да ерекше қызықты болып 

өтті. 

Жеңімпаздар  (бірінші,  екінші,  үшінші  орындар) 



Жаңа  жыл  мерекесіне  арналған  Орталық  аппараттың 

корпоративтік іс-шарасына шақырылды.

4.  «Қазақтелеком  –  барша  ғалам  менімен  бірге!» 

балалардың сурет конкурсы финалы порталда өткізіліп, 

Қоғамның  барлық  қызмткерлерінің  балалар  жұмысын 

бағалауға  қатысуына  және  конкурс  жеңімпаздарын 

объективті түрде анықтауға мүмкіндік берді.

Порталда кері байланыс  диагностикасы құралдары (форум, 

дауыс беру, түсініктеме қалдыру және т.б.) белсенді жұмыс 

істейді.  Есепті  кезеңде  порталда  Қоғам  филиалдарының 

барлық бас директорларымен онлайн-қатынас өткізілді.

Корпоративтік  портал  Қоғамның  көшбасшылық  және 

басқарушылық қасиеттерімен ерекшелене білген   белсенді, 

жаңашыл, дарынды қызметкерлерін  анықтауға көмектесті. 

Дәл осы Қоғам қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ алғашқы 

жастар форумына қатысушылардың негізі болды. 

Қызметкерлерді  уәждемелеу  мақсатында  Компания 

қызметінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, инфоммуни-

кация  саласын  және  Компанияны  дамытуға  қомақты  жеке 

үлесін  қосқан  үздік  қызметкерлерді  марапаттайды  және 

көтермелейді.

Айталық, 2012 жылы Компанияның 6 қызметкері мемлекеттік 

наградалармен, соның ішінде 2 «Құрмет» орденімен мара-

патталды.

«Құрметті  байланысшы»  салалық  құрметті  атағы  ҚР  Көлік 

және коммуникация министрінің бұйрығымен байланыс са-

ласында  кемінде  15  жыл    жұмыс  істеп,  телекоммуникация 

саласын дамытуға және жетілдіруге нақты жеке үлес қосқан 

жандарға беріледі.   Есепті кезеңде 67 қызметкер (ұлттық 

және  кәсіби  мерекелер  құрметіне)  салалық  наградаға  ие 

болды.

Компанияның  өзіндік  корпоративтік  «Оскары»  -  «Виват» 



бірегей  мүсіншесі  бар.  Бұл  сыйлық  көпшілікке  алғаш  рет 

2004  жылы  Компанияның  құрылғанына  10  жыл  толуына 

орай  таныстырылды.  Аталған  марапатқа  «Жылдың  үздік 

қызметкері» және «Жылдың үздік филиалы» атақтары кіреді 

және бұл марапатқа тек үздік шыққандарға ғана ие болады. 

Сонымен қатар, Компания қызметкерлерді Қоғамның Құрмет 

грамоталарымен  көтермелейді.  2012  жылы  корпоративтік 

марапаттар жалпы саны 272 қызметкерге ұсынылды. 

Жастар саясаты

 «Қазақтелеком» АҚ, жастар «Қазақтелеком» АҚ 

стратегиялық және бірегей активі, оның болашағы болып 

табылатынын тани отырып,  Компанияның Жастар саясатын 

қалыптастыру, әзірлеу және дамыту мақсаткерлік жұмысын 

жүргізеді.

Есепті жылы Алматы қ. маңызды іс-шара – «Қазақтелеком» 

АҚ бірінші жастар форумы барлық филиалдар және 

Қоғамның Орталық аппаратының өндірістік жетістіктерімен 

қатар, белсенді өмірлік ұстанымымен, көшбасшылық 

қасиеттерімен және Компанияға адалдығымен ерекшелен-

ген жастар өкілдерінің қатысуымен өткізілді.  

Форум нәтижесі бойынша  «Қазақтелеком» АҚ жастар 

ұйымы –  «Жастелеком» құрылды, Қазақтелеком» АҚ 

жастар кеңесі сайланды, Қоғамның жастар саясатын 

қалыптастыру және дамыту бойынша бірқатар концептуал-

ды шешімдер қабылданды.

Ф

ормуда қабылданған міндеттерді орындау үшін 



«Қазақтелеком» АҚ Басқармасының 19.11.2012  

№ 9/229 шешімімен «Қазақтелеком» АҚ Жастар  

саясаты бекітілді. Қоғам Басқармасының  13.12.2012  

№ 457 бұйрығымен «Жастелеком» жастар ұйымы қызметін 

реттейтін құжаттар бекітілді, олар: «Жастелеком» жастар 

ұйымы туралы қағидасы, Жастар кеңесі және  

«Жастелеком» өңірлік топ туралы қағида, ЖҰ 2012 жылға 

жұмыс жоспары.

Қоғам ұжымдарында Жастар кеңесінің құрылуы және 

бірқатар жас көшбасшыларды «ТОП-50» бағдарламасына 

басты лауазымдарды атқаруға кадрлық резерв дайындау 

үшін кіргізу үлкен сілкініс тудырды.

Жастар саясатын тиімді үйлестіру және іске  

асыру, Қоғамның жас қызметкерлерінің шығармашылық 

белсенділігін арттыру мақсатында Компанияда 

Стратегиялық басқару жөніндегі бас директор төрағалық 

ететін Жастар ісі кеңесі құрылды. Оның құрамына  

Компания топ-менеджерлері және құрылымдық  

бөлімшелер басшылары кіреді.


«Қазақтелеком» АҚ

26

Қоғам  өз  қызметкерлерінің  мүдделерін  қорғайтын  екі 



кәсіподақпен өзара іс-қимыл жасайды:

1.  «Қазақстан байланыс қызметкерлерінің кәсіподағы» 

республикалық қоғамдық бірлестігі;

2.  «Ақпараттандыру  және  байланыс  қызметкерлері 

кәсіподақтарының  ассоциациясы»  заңды  тұлғалар 

бірлестігі.

Қоғам мен аталған кәсіподақтардың арасында үш жақты 

Салалық келісім және Ұжымдық шарт жасалады.

«Қазақтелеком» 

АҚ 


Ұжымдық 

шартқа 


сәйкес 

қызметкердің  жұмыс  істеу  сипатына  (тұрақты  неме-

се  уақытша)  қарамай,  мыннадай  әлеуметтік  қолдау 

түрлерін көрсетеді:

1.  некені тіркеуде материалдық көмек;

2.  бала  туылғанда/асырап  алғанда  материалдық 

көмек;

3.  жыл  сайынғы  еңбек  демалысын  беру  барысында 



денсаулығын жақсарту үшін материалдық көмек;

4.  нормативті  құқықтық  актілерден  тыс  белгіленген 

шекте  уақытша  еңбекке  жарамсыздығы  бойынша 

әлеуметтік пособиялар төлеу;

5.  бала бір жарым жасқа толғанша оны күту бойынша 

қосымша демалысты төлеу;

6.  қызметкерлерді  мерейтой  күндеріне  бағалы 

сыйлықтармен көтермелеу;  

7.  бірінші рет зейнетке шыққанда біржолғы төлем;

8.  қызметкерге  1  және  2  топтағы  мүгедектік 

белгіленгенде біржолғы жәрдемақы; 

9.  қызметкер немесе оның жақын туысы қаза болғанда 

оны  жерлеуді  ұйымдастыру  үшін  материалдық 

көмек.


Қоғамның 

корпоративішілік 

әлеуметтік 

жауапкершілігінің 

негізгі 

бағыттарының 

бірі 

қызметкерлердің  тұрғын  үй-тұрмыстық  жағдайын 



Қоғам қызметкерлеріне мақсатты зайымдар беру сала-

сында «Қазақтелеком» АҚ әлеуметтік саясатын дамыту 

арқылы жақсарту болып табылады. Тұрғын үй саясатын 

іске  асыру  жұмысы  тұрақты  негізде  жоспарлы  түрде 

жүргізіледі  және  Қоғамның  Әлеуметтік  комиссиясы 

отырыстары шешімдерімен жүзеге асырылады.



Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет