«ҚазаҚтелеком» аҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы 2012 жылға есебі АлмАты 2013 «Қазақтелеком»



жүктеу 6.12 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата03.03.2017
өлшемі6.12 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

еN5 көрсеткіші

Энергия пайдалануды төмендету және 

энерготиімділігін арттыру бойынша іс-шаралардың 

нәтижесінде үнемделген энергия

Қ

оғам тұрақты түрде меншікті өндірісінде энер-



гия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды 

жүзеге асырып отырады, бұл белгілі бір көлемде 

энергияны үнемдеуден көрінеді. 2012 жылы өткізілген 

ісшаралар нәтижесінде Қоғам 555 ГДж энергия 

үнемдеді.

еN6 көрсеткіші

Энерготиімді немесе негізгі қалпына келетін энер-

гия өнімі мен қызметін пайдалануды ұсыну бойынша 

бастамалар және осы бастамалардың нәтижесінде 

энергия пайдалануды төмендету 

Желіні жаңғырту аясында жабдықтарды ауысты-

ру жүргізіледі, нәтижесінде энергия пайдалану 

қысқарады. Олай болса, мысалы, аналогты ма-

гистральды беру жүйесін пайдаланудан шығару 

және байланыс желіжолын оптикалық талшыққа 



2012 

2011

орнына келмейтін тікелей 

энергия көздерін қолдану, Гдж

701 969


825 100

ауыстыру регенерациялық учаскелерде электрмен 

қоректендіруді ұйымдастыруға үнемдеуге мүмкіндік 

береді. 


Деректерді өңдеу орталықтарын салу кезінде 

техникалық шешімдерді таңдау критерийінің бірі 

оның энерготиімділігі болып табылады. 2012 жылы 

Қоғам энерготиімділігі = 1,4 көрсеткішімен Павлодар 

қаласында Деректерді өңдеу орталығын іске қосты.


33

еN11 көрсеткіші

Биосаналуан жоғары құндылығымен немесе осындай 

аймақтарға жалғас қорғалатын табиғат аймақтарында 

орналасқан және меншік иесіндегі, жалға алынған, 

ұйымның басқаруындағы орналасқан олардың шекара-

сынан тыс жер мен жер алаңы  

Т

ехникалық  ғимараттар, контейнерлер мен 



антенна-мачт құрылғылары орналасқан Қоғам 

пайдаланып отырған жалпы көлемі 10 га жер 

телімі, сондай-ақ жерасты желіжолы құрылғылары 

алатын жер телімдері қорғалатын табиғат аймағына 

жатады: 

1. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының 

мемлекеттік табиғат қорықтары;

2. Ақмола, Павлодар облыстары аймағындағы 

мемлекеттік табиғат саяжайы;

3. Алматы облысы аймағындағы мемлекеттік табиғат 

қорығы;

4. Шығыс Қазақстан облысы аймағындағы резерват.



Көрсетілген жер телімдерінің мүліктік құқығы ҚР 

заңына сәйкес ресімделген. Бұл объектілер байланыс 

қызметін көрсету үшін пайдаланылады.

еN14 көрсеткіші

Биосаналуанға  әсерді басқару бойынша болашақтың 

жоспары мен іске асырылатын әрекет стратегиясы 

 «Қазақтелеком» АҚ өзінің негізгі қызметін барынша 

төмен қолайсыз экологиялық әсерінсіз қағидасымен 

жоспарлы түрде жүзеге асырады. Телекоммуника-

ция желісінде пайдаланылатын барлық жабдықтар 

уәкілетті органдардан сертификациялаудан өтеді және 

қоршаған ортаға зиянды әсерінің жоқтығын растайтын 

қауіпсіздік сертификаты бар.  

Байланыс желіжолы мен объектілерінің құрылысы 

кезінде жұмыс жобалары мемлекеттік экологиялық 

сараптама келісімін алу үшін Табиғат ресурстар мен 

табиғи пайдалануды реттеу басқармасына беріледі. 

Табиғи ортаға қандай да бір әсер ету тек талшықты 

– оптикалық байланыс желісінің (бұдан әрі – ТОБЖ) 

құрылысы кезінде болуы мүмкін. Құрылыстың 

қоршаған ортаға кері әсер етуін азайту үшін келесідей 

іс-шаралар кешені орындалады: 

1. кәбіл салушы кәбіл салу (құбыр) кезінде барынша 

шаңның бөліну мүмкіндігін болдырмау;

2. шаңның бөліну деңгейін төмендететін және 

топырақтың сақталуын қамтамасыз ететін ГНБ әдісі 

және тесу әдісімен көлік жолы мен теміржол, жар, 

өзендер мен арналар арқылы кәбіл төсеу (құбыр 

салу);


3. су объектісінің құрылыс алаңынан қатты заттарды 

жууды барынша азайту үшін бұзылған үстіңгі жағын 

бекіту;

4. жарықтарды болдырмау үшін су объектісінің 



бұзылған жағалауындағы топырақты тығыздау және 

таптау, жағалауда бекіту жұмыстарын жүргізу;

5. күзгі-қысқы мерзімдерде ерекше қорғалатын 

аймақтардағы аудандарда және Қызыл кітапқа 

енгізілген өсімдіктер бар жерде құрылыс мерзімін 

және құрылыс жұмыстарын жүргізу мерзімін 

қысқарту;

6. тарихи құнды қазбалар анықталған кезде облыс 

әкімшілігінің жанындағы тарихи ескерткіштер мен 

мәдениет бөліміне хабарласу;

7. көтеріңкі және жоғары техногенді қауіпті 

учаскелердегі жұмысты тиісті органдар өкілдерінің 

қатысуымен жүргізу;

8. шағын өзендер мен арықтар арқылы кәбіл салушы-

лар кәбіл (құбыр) салғанда, су жиналатын орындар-

ды лайламайды. 

«Қазақтелеком» АҚ қоршаған ортаға қолайсыз әсер 

етуді барынша азайту үшін жоғарыда көрсетілген 

іс-шараларды өзінің жоспарлы түрде іске асыратынын 

растайды. 



еN12 көрсеткіші

Биосаналуан жоғары құндылығымен аймақтарда 

және биосаналуан қорғалатын табиғат аймақтарында, 

олардың шекарасынан тыс маңызды әсер ететін 

қызмет, өнім мен қызмет көрсету сипаттамасы 

2012  жылы «Көлсай көлі» (Алматы облысы, Райымбек 

және Талғар аудандары) мемлекеттік ұлттық табиғат 

саяжайы КПП аймағында «ДАМА» жерсерігі стансасын 

орнату жүргізілді.  

Сонымен қатар, бұл аудандарда биосаналуанға 

маңызды әсер ету болған жоқ. 

еN13 көрсеткіші

Қорғалатын түрлердің  мекендеген жерлерін сақтау 

және қалпына келтіру

Т

елекоммуникация объектілерінің құрылысы 



кезінде экология мен қоршаған ортаға әсерін 

азайту және жою үшін шұрайлы жер қыртысын 

қалпына келтіру мен өңдеу жүргізіледі.  

Кәбіл салынатын жерлерде кәбіл салушылардың 

құнарлы жерді қалпына келтіруі қарастырылмайды. 

Кәбіл салушылар п/э құбырларын салу кезінде терең 

ор қазбайды, топырақ жылжытылады және кәбіл 

салғышқа бекітілген арнайы пышақпен тығыздалады 

және пайда болған тесік жерге кәбіл сымы орналасты-

рылады. Мұндай жағдайда жер қыртысының құрылымы 

бұзылмайды және ол өзінің бастапқы шаруашылық 

құндылығын жоғалтпайды. 



«Қазақтелеком» АҚ

34

еN15 көрсеткіші

Түрлердің өмір сүруіне қауіп деңгейі бойынша бөле 

отырып, ұйымның қызметіне қатысты аймақтарда 

орналасқан орындарда мекендейтін қорғалатын 

түрлердің ұлттық тізімі мен ТҚХС қызыл тізіміне 

енгізілген түрлердің саны 

Қоғамның инфрақұрылым объектілері 13 ерекше 

қорғалатын орынды, 80 түрлі ерекше қорғалатын  

еN30 көрсеткіші

Тип бойынша бөлінген  қоршаған ортаны қорғауға жалпы шығын мен инвестиция 

К

омпания табиғатты қорғау қызметіне,  қолайлы қоршаған ортаны сақтауға және ресурстарды сақтауға 



үлкен мән береді. Желіжолы құрылғыларының құрылысы кезінде қоршаған ортаға әсер ететін экологиялық 

зияндылықты  жою Қоғам жобаларының құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Осы мақсатта Қоғам  

қоршаған ортаны қорғау және оны қалпына келтіру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстары мен әзірлемелерге жыл 

сайын 150 млн. теңге бөледі.  

Жобаларды жүзеге асыру үдерісі бойынша жеткізілетін телекоммуникция жабдықтарының типін таңдау  

кезде жеткізушілерден экологиялық менеджмент саласында жабдықтардың мемлекеттік және халықаралық 

стандарттағы сипаттамаға сәйкес келуі талап етіледі. 

2012 жылы инфақұрылым құрылысына байланысты қоршаған ортаны қорғауға жалпы шығын мен инвестиция  

170 049,82 мың теңгені құрайды, оның ішінде келесі санаттар бойынша:

Экологиялық зияндылықты жоюға бағытталған 

шығындар

Магистральдық желі объектілері бойынша топырақ 

құнарлылығын қалпына келтіру шығындары (кәбіл 

салуды пайдалануға болмайтын жерлерде)

24 096,01

Қоршаған ортаға әсер етуін болдырмауға 

байланысты шығындар

Магистральдық желі объектілері бойынша оВос 

және экологиялық сараптама әзірлеу шығындары 

13 075,69

Жергілікті желі объектілері бойынша ОВОС және 

экологиялық сараптама әзірлеу шығындары

115 911,12

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлеу

16 967,00

флора объектілері аймағында және ТҚХС қызыл 

кітабына және қорғалатын түрлердің Ұлттық тізіміне 

енгізілген 136 түрлі фаунаны қамтиды.  

Кәсіпорынның қызметі қорғалатын флора мен фауна 

объектілеріне маңызды қауіп тудырмайды. 

Аймақтар бойынша бөлінген түрлердің саны 

осы Есептің 1 қосымшасында көрсетілген (EN15 

көрсеткіші).

мың теңге


35

әлеуметтік көрсеткіштер

LA1 көрсеткіші

Жұмыс істеу типі, жалдау туралы шарт пен аймақ  

бойынша бөлінген жұмыс күшінің жалпы саны 

2012 жылы «Қазақтелеком» АҚ компания тобы 

қызметкерлерінің нақты саны 29,2 мың адамды 

құрайды (2011 жылы – 29,5 мың адам).  

Басты санаттар бойынша қызметкерлерді бөлу 

келесідей мәнде сипатталады: басшылардың үлесі - 

8,8%, мамандар – 43,2%, жұмысшылар – 47,9%. 

 

LA2 көрсеткіші

Жасына, жынысына және аймақ бойынша топқа 

бөлінген қызметкерлердің жалпы саны мен 

кадрлардың тұрақтамауы

2012 жылы кадрлардың тұрақтамауы 8,6%, бұл 2011 

жылмен салыстырғанда (7,8%) 0,8 пайызға жоғары 

болып отыр. 

Еркектер мен әйелдердің арақатынасы 61% және 39% 

пайызды құрайды.

Жас санаты бойынша қызметкерлердің құрамы 

келесідей: 

•  24 жасқа дейін – 11,2%;

•  25-тен 29 жасқа дейін – 15,3%;

•  30-дан 45 жасқа дейін – 37,7%;

•  46 және одан жоғары жастағылар – 35,8%.



LA3 көрсеткіші

Негізгі қызметі бойынша бөлінген, уақытша  

немесе толық емес белгілі уақытпен жұмыс істейтін 

қызметкерлерге ұсынылмайтын, өзінің жұмысын 

толық жұмыс күні жағдайында жүзеге асыратын 

қызметкерлерге төлемақы

«Қазақтелеком» АҚ қызметкердің жұмысының мәніне 

қатыссыз Ұжымдық шартқа сәйкес (тұрақты  

немесе уақытша, толық немесе жартылай жұмыс күні) 

әлеуметтік қолдаудың келесі түрлерін көрсетеді: 

1. некеге тіркелген кезде материалдық көмек көрсету;

2. баланың тууы/жаңа туылған ұлды/қызды асырап 

алуға байланысты материалдық көмек көрсету;

3. жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезінде 

сауықтандыру үшін материалдық көмек көрсету;

4. уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік 



LA4 көрсеткіші

Ұжымдық шартпен қамтылған қызметкерлердің үлесі

Ұжымдық шарттың ережесі Компанияның барлық 

қызметкерлеріне жарамды. Ұжымдық шартпен 

қамтылған қызметкерлердің жалпы үлесі Қоғам 

қызметкерлерінің жалпы санының 100 пайызын 

құрайды. 

LA5 көрсеткіші

Ұйымның қызметіндегі елеулі өзгерістер, сондай-

ақ оның Ұжымдық шартта анықталу фактісі туралы 

ескертудің ең төменгі мерзімі

Ұйым қызметіндегі елеулі өзгеріс туралы ескерту 

мерзімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне 

сәйкес 30 күнтізбелік күнді қамтиды. 

Қызметкердің мүддесінде жұмыс берушінің құқығына 

сәйкес ескертудің жалпы мерзімі, Қоғамның Ұжымдық 

шартына сәйкес ескертудің барынша ұзақ мерзімі  

45 күнтізбелік күн санымен анықталды. 

Сондай-ақ Қоғамның Ұжымдық шартында жұмыс 

орындарының қысқаруына немесе жұмыс жағдайының 

нашарлауына әкеп соқтыратын Қоғам филиалының 

жойылуына, өндірістің толық немесе ішінара  

тоқтауына байланысты қызметкерлердің құқығы 

мен мүддесін сақтау мақсатында, одан әрі олар-

мен келіссөздер жүргізу мүмкіндігі үшін екі айдан 

кем емес уақытта кәсіподақты жазбаша ескертумен 

қамтамасыз ету міндеті қарастырылды. 

2012 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген 

ескерту мерзімін Компанияның сақтамауы мәселесі 

бойынша бірде-бір өтініш түскен жоқ. 

жәрдемақы төлеу; 

5. бір жарым жасқа жеткенге дейінгі бала күтімі бойын-

ша қосымша демалысқа жәрдемақы төлеу; 

6. мерейтой күндеріне қызметкерлерді бағалы 

сыйлықтармен марапаттау

7. алғашқы зейнетақыға шығу кезінде  біржолғы 

жәрдемақы беру;

8. егер баласы 1 немесе 2 топтың мүгедегі болса, 

біржолғы жәрдемақы беру;  

9. қызметкердің жақын туыстары қайтыс болуына  

байланысты жерлеуді ұйымдастыру үшін материалдық 

көмек көрсету.

Сондай-ақ Қоғам, ҚР Еңбек кодексінің 80 бабы  

талаптарына сай, толық емес жұмыс уақытымен жұмыс 

істейтін қызметкерлерге толық жұмыс күнінің ұзақтығы 

бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін 

еңбек демалысы талабында жыл сайынғы ақылы еңбек 

демалысын береді.

2012 жыл 2011 жыл

Қызметкерлерге төлемақы 

(әлеуметтік қолдау)

4 295 393 4 024 860

мың теңге



«Қазақтелеком» АҚ

36

LA6 көрсеткіші

Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік бойын-

ша бағдарламаға қатысты ұсыныстарды қалыптастыру 

мен мониторингке қатысушы қызметкерлер мен 

басшылардың өкілдерін қатыстыра отырып, денсаулық 

және қауіпсіздік жөнінде ресми бірлескен комитеттер-

де ұсынылған барлық қызметкерлердің үлесі

Қоғамда салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау 

мақсатында Денсаулық комитеті құрылды және жұмыс 

істейді.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында 

жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін Компанияда 

кәсіподақ ұйымы сайлаған еңбекті қорғау жөніндегі 

қоғамдық инспектор жұмыс істейді.

LA7 көрсеткіші

Өндірістік жарақат алу деңгейі, кәсіби аурулар деңгейі, 

жұмыс орнында болмау коэффициенті, сондай-ақ 

аймақтарға бөлінген, жұмыспен байланысты мерт 

болғандардың жалпы саны

2012 жылы бес өндірістік бақытсыздық жағдайы 

тіркелді, олардың екеуі үшінші тұлғаның кесірінен 

болған, үш жағдайда адам өлімі болды (Қарағанды 

ОТД, Жамбыл ОТД, Оңтүстік Қазақстан ОТД).

2012 жылы өндірістік жарақаттың коэффициенті 100 

адамға 0,2 пайызды құрады, оның ішінде Оңтүстік 

Қазақстан ОТД - 0,07%, Қарағанды ОТД – 0,06%, Жам-

был ОТД  – 0,1%,  Шығыс Қазақстан ОТД - 0,04%, Ақтөбе 

ОТД - 0,1% құрады.

2012 жылы соңы адам қазасына әкелген үш жағдай 

тіркелген:

1. Қарағанды ОТД - бөгде тұлғаның кінәсінен ЖКО;

2. Жамбыл ОТД - электр тоғына түсу;

3. Оңтүстік Қазақстан ОТД - тіректің құлауы.

Б

арлық орын алған оқиғалар бойынша Мемлекеттік 



инспектордың басшылығымен мемлекеттік ко-

миссия тексеру жүргізді. Кінәлі тұлғалар жазаға 

тартылды:  Оңтүстік Қазақстан ОТД АТТ директоры 

және ҚТ инженері жұмыстан босатылды, Жамбыл ОТД 

АТТ директорына сөгіс берілді, Қарағанды ОТД оқиға 

бойынша іс сотқа жіберілді.

Денсаулықты қорғау мен қауіпсіз еңбек жағдайы 

– Компанияның корпоративтік әлеуметтік 

бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қоғамда 

тұрақты түрде әдістемелік нұсқаулықпен, еңбекті 

қорғау, техника қауіпсіздігі жағдайына талдау және 

бақылауды қамтамасыз ететін еңбек қауіпсіздігі мен 

еңбекті қорғауды басқару жүйесі жұмыс істейді.

LA8 көрсеткіші

Қолданыстағы білім беру, оқу бағдарламалары, кеңес 

беру, ауыр науқастануына қатысты қызметкерге, оның 

отбасы мүшелеріне және тұрғындардың өкілдеріне 

көмектесу үшін қауіптің алдын алу және бақылау 

«Қазақтелеком» АҚ өз қызметінде қызметкерлердің 

өміріне барынша жақын және олардың өз 

денсаулығына қарым-қатынасына жақын нормалар-

ды басшылыққа алады. Қоғам қызметкерлердің және 

олардың отбасының денсаулығын демеу жөніндегі, 

сондай-ақ жұмыс орындарының қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асы-

рады. 

Қ

оғам филиалы – «Ақпараттық жүйелер акаде-



миясы» дирекциясының (бұдан әрі – ИКТАД) 

қашықтан оқыту жүйесінде салауатты өмір 

салтына арналған ақпараттық бөлім жұмыс істейді. 

Осы бөлімнің аясында «Жастелеком» жастар ұйымы 

ауыр науқастардың алдын алу мәселесі бойынша 

Интернеттегі танымал материалдарға сілтеме  беріліп 

отыратын форум бар. 

«Қазақтелеком» АҚ-да еңбек қауіпсіздігі жағдайын 

жақсарту мақсатында, жұмыс орындарына кезең-

кезеңмен аттестация өткізіледі. 

2012 жылы «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының 

бірі – «Алматытелеком» ҚТО-да қолданыстағы 

басқару жүйесін тексеру бойынша іс-шаралар кешені 

сынақ түрінде жүзеге асырылды, онда өндірістегі 

денсаулық және қауіпсіздік менеджмент жүйесі 

стандартының OHSAS 18001:2007 (ҚР СТ 18001-

2008) талаптарына сәйкес талдау жүргізілді.  

Бұдан басқа, қызметкерлердің еңбегін қорғау мен 

өмірінің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің 

осы стандарттың мазмұны бойынша оқулар 

ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талап-

тарына, сондай-ақ басқа да нормативтік-құқықтық 

актілерге  сәйкес іс-шаралар өткізіледі, оның ішінде:

1. еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты 

басшылар мен мамандарды оқыту;

2. жұмыс орнына аттестация өткізу;

3. қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі;

4. қызметкерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен 

және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету. 

Еңбекті қорғау және өндірістік-тұрмыстық жағдай 

бойынша тексеру өткізілді. Жеңімпаздар Құрмет гра-

мотасымен және ақшалай сыйақымен марапатталды. 


37

LA9 көрсеткіші

Кәсіби одақтармен ресми келісімде денсаулық және 

еңбек қауіпсіздігін көрсету

Қ

оғам қызметкерлерінің еңбекті қорғау және еңбек 



қауіпсіздігі жағдайы Салалық келісім мен Қоғамның 

Ұжымдық шартында қарастырылды.   

Жыл сайын Компания қаражаты есебінен қызметкерлерді 

және олардың отбасын әлеуметтік қорғау мақсатында 

ерікті медициналық сақтандыру қызметі көрсетіледі. 

Айрықша жағдайда Қоғам Басқармасының шешімі  

бойынша егер қызметкердің немесе оның отбасының 

берген өтінішінің негізінде Қоғамның медициналық 

сақтандыру бағдарламасымен белгіленген лимиттен 

медициналық емдеу/ота жасау шығындары, «екі  

айдан асқан уақытша еңбекке жарамсыздығы мерзімінде 

белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесіне» сәйкес 

қызметкердің медициналық емдеуіне/ота жасалуына 

төлемақы жүргізіледі.  

Ж

ыл сайын қызметкерлердің шипажайда/ 



курорттарда емделуіне жолдамалар сатып алу, 

спорттық-сауықтыру іс-шараларына қатысу, 

алғашқы қажет медикаменттер жиынтығы бар аптекалар-

мен қамтамасыз ету (филиалдардың цехтары, учаскелері 

мен әкімшілікке) үшін қаражат бөлінеді.  

Қоғамда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау  

саласында қызметкерлердің өкілдерінің қатысуымен 

еңбек талаптарының жағдайы  бойынша өндірістік 

объектілерге мерзімдік аттестациялар, қайта 

құрылғаннан, жаңғыртудан, еңбек жөніндегі уәкілетті 

органдар бекіткен ережеге сәйкес жаңа техника неме-

се технологияны орнатқаннан соң міндетті аттестация 

өткізіледі. Еңбекті қорғау, өндірістік тазалық, өртке 

қарсы қауіпсіздік бойынша қызметкерлерге нұсқаулық 

жүргізу қамтамасыз етіледі. Қызметкерлер өз уақытында 

тегін арнайы киіммен, аяқ киіммен және басқа да жеке 

қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ емдеу-алдын алу 

профилактикалық тамағымен немесе басқа да тең 

келетін азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.  

LA10 көрсеткіші

Қызметкерлерді санатына бөліп, бір қызметкерге 

бір жылдық оқу сағатының  орташа саны 

Бір қызметкерге бір жылдық оқу сағатының орташа 

саны 9,6 сағатты  құрайды, оның ішінде әкімшілік 

қызметкерлер – 1,66, өндірістік қызметкерлер – 10,4 

сағатты құрайды.

Бұл көрсеткіштің есебінде ИКТАД-та өткізілген 

оқу, сондай-ақ аймақтық және облыстық Қоғам 

қызметкерлерінің біліктілігін дамыту орталықтарының 

базасындағы оқу ескерілді.

LA11 көрсеткіші

Қызметкерлердің жұмысбастылық қабілетін қолдауға 

арналған өмір сүру кезеңіндегі дағдылар мен білімін 

дамыту бағдарламасы, сондай-ақ мансапта болуы аяқталған 

кезде оларға қолдау көрсету 

«Қазақтелеком» АҚ қазақстандық телекоммуникация 

нарығында көшбасшылық жағдайын нығайту мақсатында 

алдына кадрлық әлеуеттің жоғары  зияткерлік және кәсіби 

деңгейін қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді мақсат 

қояды және үздіксіз білім беру қағидасын басшылыққа 

алады. 

Жоғары білім беруге әзірленген бағдарламамен қатар, 



Қоғамда кадрларды қайта дайындау және біліктілігін 

көтеру бағдарламасына сәйкес (қысқа мерзімдік оқу 

курстары) корпоративтік оқу пайдаланылады, оны енгізуде 

Компания алдыңғы қатардағы көшбасшылардың бірі болып 

табылады.  Қысқа мерзімдік оқу Біліктілікті көтерудің 

бірыңғай жоспарына сәйкес келесі формада жүзеге асыры-

лады:

1. Алматы қ. ИКТАД базасында оқу;



2. аймақтық қызметкерлерді дамыту орталықтарында 

(АҚДО) оқу;

3. коммерциялық/техникалық менторлармен оқу;

4. қашықтан оқу (ҚО);

5. вебинарлар.

Аталып өткен оқу формаларының арасында қашықтан 

оқытудың маңызы ерекше өзекті екенін айтып өткен жөн,  

онда уақытты және көлік қаражаты мен басқа да шығындар 

жұмсалмастан оқуға, біліктілігін көтеруге және өндірістен 

қол үзбестен оқып, сертификат алуға мүмкіндік береді. 

Қоғамда қашықтан оқыту 2003 жылдан бастап IBM Learning 

Space бағдарламалық жасақтама базасында жұмыс істеп 

келеді. 

Барынша танымал ҚО курстарының қатарынан «ҚР салық 

заңдылығы», «Телекоммуникация желісінің қызметтері», 

«Байланыс қызметін сатуды ұйымдастыру қағидалары, сату 

саясаты, клиентпен жұмыс істеу», БІТТЛ АЕЖ, «Абоненттік 

бөлім» модулі», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» (бастауыш, 

жалғастырушы және жетілдіруші деңгей), «Телефон бойын-

ша кәсіби сұхбат» оқу курстарын атап өтуге болады.

Сондай-ақ білім беруді басқару жүйесіндегі маңызды 

бағыттардың бірі корпоративтік вебинарлар (электронды 

семинарлар, тренингтер,  таныстырылымдар) дайындау 

болып табылады. Вебинар оқудың бір түрі ретінде ба-

рынша танымал болып келе жатыр. Осы оқу курсының 

жаңашылдығын ескере отырып, 2012 жылы компанияның 

топ-менеджерлерімен, жетекші сараптаушылармен, 

сондай-ақ ИКТАД оқытушыларымен алғашқы семинар 

жазып алынды. Вебинарлар ішкі корпоративтік my.telecom.

kz  порталының Білім орталығына орналастырылды, 

оған порталдың барлық пайдаланушыларына қатынауға 

мүмкіндік берілді. 

 ИКТАД құрылымында Алматы қ. орналасқан біліктілігін 

көтеру факультеті және 4 аймақтық қызметкерлерді дамыту 

орталығы (АҚДО) жұмыс істейді, оның базасындағы оқу 

филиалдардың қажеттілігіне сәйкес алыс аймақтардағы 

қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеруге мүмкіндік беруді 

1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет