LA12 көрсеткіші
Нәтижесін үнемі бағалау және мансабын көтеру
жүргізілетін қызметкерлердің үлесі
Қоғамда қызметкердің жұмысының тьиімділігін/
нәтижесін бағалау жүйесі енгізілді, соның негізінде
оны дамыту жоспары құрастырылады. Бұл жүйе
Ақмола ОТД пилоттық аймағында сынақтан өтті,
нәтижесі оны Қоғамның барлық көлемінде тарату
қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік
берді. Қазіргі уақытта Компанияның барлық
қызметкерлерін қамти отырып бағалау жүйесін енгізу
үшін бағдарламалық жасақтама әзірлеу жүзеге асы-
рылуда. Бұдан басқа қызметкердің мансабын көтеру
және негізгі қызметкерлерді дамыту қарастырылатын,
кадр рерзервін дайындау және тиімділігін жоспарлау
жөніндегі жұмыс жүзеге асырылып отыр.
ұлғайтады және қызметкерлердің біліктілігін көтеруге
қаржылық шығынды азайтады. ИКТАД-тың барынша
танымал оқу курстарының арасында «GPON технологиясы
бойынша желі құру», «NGN хаттамасын тереңірек оқып-
үйренудің интерактивті курсы», «Басқару есебі-1»,
«Кеңжолақты желі бойынша IР TV-хабарын ұйымдастыру»,
«Телекоммуникациядағы ІР-технологиясы», «CDMA жылжы-
малы байланыс жүйесін салу технологиясының теориялық
негізі», «Телекоммуникация саласындағы жаңа қызмет
түрлерін сату технологиясы мен ұйымдастыру негізі»,
«Ішкі брендинг», «Іскери келіссөздер жүргізу және тайм-
менеджмент» оқу курстарын атап өтуге болады.
Қызметкерлердің өздерінің жалпы білімін және кәсіби
деңгейін көтеруге деген ынтасын қолдау мақсатында, Ком-
пания оларға ақы төленетін оқу демалыстарын береді.
Қоғам үздіксіз білім беру қағидасын ұстана отырып, жыл
сайын кәсіби жоғары оқу орындарында жоғары білім
(бакалавриат) алуға білім алу квота бөліп отырады. Мұндай
мүмкіндік Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысын қоса
алғанда, барлық таңдау кезеңдерінен табысты өткен
Қоғам қызметкерлері мен қызметкерлердің балаларына
артықшылық тәртібінде беріледі. Бұл әлеуметтік жоба, ол
Қоғамға сауатты және берілген жас мамандарды құрауға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 1997 жылы ауыл тұрғындарының арасынан
ауылда жұмыс істеу үшін мамандар, ал 2004 жылдан бастап
ҚР және ТМД елдеріндегі кәсіби жоғары оқу орындарында
бакалаврлар дайындау туралы шешім қабылданды. Оқу
жоғары білімді мамандардың барынша төмен пайызымен
қамтылған, әсіресе ауылдық аймақтардағы филиалдарда
квота белгілеу бойынша Қоғамның өз қаражаты есебінен
жүзеге асырылып отыр.
2013 жылдан бастап, Қоғам үздік білім беру
бағдарламасымен және үздік практикалық дайындығымен
ерекшеленген жетекші оқу орындарымен тығыз
ынтымақтастықта «қос диплом» жүйесін енгізуді жоспар-
лауда. Осы оқу орындарының сертификаттары барлық
әлемде қабылданған, олар ағылшын тілінен білімі терең
студенттердің жеткен жетістіктерін көрсетеді және оларға
кез келген елде қажет болатын маман ретінде мүмкіндік
беріледі.
Қоғам квотасы бойынша оқыған студенттерге жұмысқа
орналасуға кепілдік беріледі, оқу кезеңінде стапен-
дия төленеді (үлгерімі өте жақсы немесе жақсы болған
жағдайда). Осы білім беру квотасы «кадрлардың
жетіспеушілігі» қиын жағдайда Қоғамға кадрмен
қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
қазақтар
орыстар
немістер
татарлар
украиндар
басқалар
Қоғам филиалдарын жоғары оқу орнынан алған білімінен
кейінгі кәсіби оқу бағдарламасын меңгерген мамандармен
қамтамасыз ету аясында, сондай-ақ кадрларды дайындауға
ақшалай қаражатты мақсатты пайдалану үшін 2011 жылы
алғаш рет «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік магистрлық
бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама бойынша
оқитындар контингентін Қоғам қызметкерлері құрайды,
сонымен қатар басымдылық Қоғам квотасымен және
үлгерімі (GPA) бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізген
студенттерге беріледі. Кәсіби пәнді корпоративтік оқу
орталығы – ИКТАД оқытушылары оқиды, магистрлық
диссертация басшылығын Қоғам қызметкерлері жүзеге
асырады. 2012 жылы 2-ші топқа жүргізілді, барлығы
12 магистрантқа квота бөлінді. Ағымдағы жылдың
ақпанында магистрлердің алғашқы түлектері бітіреді деп
күтілуде.
Бұдан басқа Қоғамда басқа да қосымша және үздіксіз білім
беру формалары жұмыс істейді, олар:
• компьютер сауаттылығын оқыту;
• қазақ және ағылшын тілдері курстары;
• жалпы дамыту курстары.
Қоғам қызметкерлерін әлеуметтік қорғау аясында олар
зейнеткерлікке шығу кезінде Ұжымдық шартқа сәйкес
жұмыс өтілі ескеріле отырып біржолғы жәрдемақы
төленеді.
39
LA13 көрсеткіші
Өкілдері азын көрсете отырып, жынысы мен жасы-
на қарай, сондай-ақ әртүрлі басқа көрсеткіштерге
бөлінген басшылық органдар мен ұйым
қызметкерлерінің құрамы
2012 жылдың есеп деректері бойынша Қоғам
қызметкерлерінің жалпы санының 61,4% еркектерді,
38,6% әйелдер құрайды.
LA14 көрсеткіші
Қызметкерлер санаты бойынша бөлінген еркектер мен
әйелдердің базалық жалақысына қатысты
ҚР Еңбек кодексінің ережелеріне сәйкес еңбек
құқығын жүзеге асыру кезінде гендерлік
айырмашылығы бойынша қандай да бір кемсітуге жол
берілмейді. Еркектер мен әйелдер тең мүмкіндікке ие
және еңбек ету бостандығы бар.
iO3 көрсеткіші
Мачт, базалық станса, кәбіл салу және басқа да
сыртқа орнатылатын телекоммуникация жабдықтарын
техникалық қамтамасыз ететін және жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін орнатуларға тартылған
жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын
қорғауды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын
практика
Компанияда жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі
мен денсаулығын қорғауды (антенна-матчтық
құрылғылардың электр механигі) қамтамасыз ету
мақсатында келесідей іс-шаралар атқарылады:
1. АҚС-та техникалық жұмыстарды орындайтын
қызметкерлерді жыл сайын қайта аттестациядан
өткізу;
2. жалпы медтексеру;
3. қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (ЖҚҚ)
қамтамасыз ету.
Қауіптілігі жоғары жұмыстардың тізіліміне сәйкес
осындай жұмысты атқаратын барлық қызметкерлер екі
адамнан топқа бөлінуі тиіс (монтерлер, электр меха-
никтер, кәбілші-дәнекерлеушілер).
Бұдан басқа, Қоғамда келесідей ұйымдастыру іс-
шаралары өткізіледі:
1. жұмыс орнында нұсқама беру;
2. электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін АҚС-
да жұмыс істеу кезінде мачты (СОМ) сигналды
жарықтандыруын өшіру;
3. қауіпті аймақты белгілеу;
4. бақылау.
Hr1 көрсеткіші
Адам құқығын қамтамасыз ету туралы ережеге
қосылған немесе адам құқығы көзқарасында
бағалаудан өткен қолданыстағы инвестициялық
келісімдердің пайызы мен жалпы саны
Қоғамның маңызды инвестициялық шарттары,
стратегиялық инвестициялық жобаларды жүзеге
асыру мақсатында жасалған тауарлар, жұмыстар
мен қызметтерді сатып алу шарттары болып табы-
лады. 2012 жылы осындай тауарлар, жұмыстар мен
қызметтер сатып алуға 4 шарт жасалды.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 9 мүшесі бар, оның
ішінде еркектердің үлесі - 78%, әйелдер - 22%. Дирек-
торлар кеңесі мүшелерінің жас мөлшерлері бойын-
ша 30 бен 50 жасты 78%, 50 жастан асқаны 22%-ды
құрайды.
Қоғам Басқармасына 7 адам кіреді, еркектердің үлесі
– 100%, 30 бен 50 аралығындағы жас санаты 85%,
50-ден асқаны 15%-ды құрайды.
жастарына қарай санаты бойынша
қызметкерлер құрамы келесі үлгіде
берілді:
Қызметкерлердің ұлттық құрамы:
24 жасқа
дейін
11,2%
25-29 жас
30-45 жас
15,3%
37,7%
46 және
одан көп
35,8%
қазақтар
орыстар
немістер
татарлар
украиндар
басқалар
62%
27%
1%
2%
3%
5%
«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлер санының
құрылымындағы еркектердің үлесі 63,1%-ды құрайды.
2012 жылға еркектер мен әйелдердің орташа айлық
жалақысының қатынасы 0,91-ді құрады (2011 жылғы
дерек бойынша – 0,98). Лауазымдық жалақының
мөлшері қызметкердің біліктілігі, орындайтын
жұмысының қиындығы, көлемі, сапасы және жағдайы
ескеріле отырып еңбек міндеттерін орындауына
қатысты болады.
«Қазақтелеком» АҚ
40
Hr2 көрсеткіші
Адам құқығы көзқарасында бағалаудан өткен
маңызды жеткізушілер мен мердігерлердің үлесі және
қабылданған әрекет
Қоғамның маңызды жеткізушілердің жиынтығы сатып
алуды ұйымдастырудың үлкен бөлігін қамтитын
өнімдер мен қызметтің нақты бір түрін қамтитын
негізгі жеткізушілер болып табылады.
2012 жылы Қоғам 8 ауқымды жеткізушімен тауарлар,
жұмыстар және қызметтер сатып алуға шарттар жаса-
ды.
Есеп беру мерзімінде адам (қызметкердің)
құқығын бұзу бойынша даулар Қоғамда және оның
жеткізушілерінде болған емес.
Hr4 көрсеткіші
Кемсітушілік жағдайының жалпы саны және
қабылданған әрекет
Қоғамдағы еңбек қызметі Конституцияға, Еңбек
кодексіне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге,
Ұжымдық шарт пен ішкі құжаттарға сәйкес жүзеге
асырылады. Қоғамда еңбектік қарым-қатынасты
іске асыратын барлығынан бұрын келесі қағидалар
басшылыққа алынады:
1. еңбек саласында адам мен азаматтың құқығын
шектеуді болдырмау;
2. кемсітушілікті, еңбек етуге мәжбүрлеу мен балалар
еңбегінің өте төмен формасына (бала еңбегі тек өте
нашар формада ғана емес, жалпы қабалданбайды)
тыйым салу;
3. қызметкерлердің құқығы мен мүмкіндігін
теңестіру.
«Қазақтелеком» АҚ ҚР заңдарының талаптарын ұстана
отырып, өз жұмысында кемсітушілік жағдайларына
жол бермейді. Компанияның іскери этикалық кодексі
жұмыс орнында кез келген кемсітушілік пен қысым
жасау формасын болдырмау бойынша Қоғамның
міндеттемелерін қарастырады.
2012 жылы кемсітушілік жағдайы бойынша ресми
өтініш тіркелген жоқ.
Қоғам бұдан әрі де өз жұмысында еңбек саласында
адам мен азаматтардың құқығын сақтауға ұмтылатын
болады.
Hr5 көрсеткіші
Қоғамдастық еркіндігін пайдалану және ұжымдық
келіссөздер жүргізу құқығы аясындағы жұмыс, осы
құқықтарды қолдау үшін жасалған әрекеттер мен
маңызды қауіптерге ұшырауы мүмкін
«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері кәсіподақ ұйымын
таңдаудағы өз құқықтары мен бостандықтарын
іске асырудағы тең мүмкіндіктерімен екі кәсіподақ
қоғамын таңдады:
1. Республикалық «Қазақстан байланыс
қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі;
2. «Ақпараттандыру және байланыс қызметкерлері
кәсіподағының қауымдастығы» заңды тұлға
бірлестігі.
Бұл кәсіподақтармен 2013.12.31 күніне дейін
қолданылу мерзімімен үштараптық Салалық келісім
мен Ұжымдық шарт жасалды, ол бұдан әрі де жаңа
мерзімге қайта жасалатын болады.
Hr3 көрсеткіші
Қызметкерлерді оқыту үлесін қоса алғанда, ұйымның
қызметі үшін маңызды, адам құқығы аспектілерімен
байланысты, саясат пен іс-жосыққа қызметкерлерді
оқытудың (сағатқа) жалпы өзін-өзі өтеу ұзақтығы
Адам құқығы аспектілеріне байланысты әдістемелер
мен саясатқа қызметкерлерді оқытудың барлық
жиынтық ұзақтығы 6 416 сағатты құрады, оның ішінде
ИКТАД – 1 480 сағат (160 қызметкер), филиалдардағы
курстар – 2 248 сағат (114 қызметкер), бөгде оқу
орталықтарында – 2 368 сағат (56 қызметкер), Орталық
аппаратта – 320 сағат (11 қызметкер) болды.
Қоғамда тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді са-
тып алуды жүргізу, сенімсіз әлеуетті жеткізушімен
(жеткізуші) тапсырыс берушінің қарым-қатынасын
қарастыратын, «Самұрық-Қазына» АҚ Директор-
лар кеңесінің шешімімен бекітілген, «Самұрық-
Қазына» ұлттық әл-аухат қоры» акционерлік қоғамы
мен меншіктілік немесе сенімгерлікпен басқару
құқығындағы тікелей немесе жанама «Самұрық-
Қазына» АҚ жататын, дауыс беру (қатысу үлесі)
акциясы елу және одан да көп ұйымдардың тауарлар,
жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелерімен
тәртіптеледі. Қор бекіткен Сенімсіз әлеуетті
жеткізушілер (жеткізуші) тізілімін жасау, жүргізу және
бекіту ережесіне сәйкес тізілім жасалды (бұдан әрі
– тізілім) және жүргізілуде, Қоғам тізілімге қосылған
жеткізушімен (орындаушы) тауарлар, жұмыстар мен
қызметтерді сатып алуға шарт жасауды жүзеге асыру
кезінде басшылыққа алынады.
Бұдан басқа, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді
сатып алу шартының мәтінінде адам құқығына қатысты
нормаларды сақтау бойынша жеткізуші мен тапсырыс
берушінің міндеттемелері көрсетіледі.
Есеп беру кезеңі үшін адам (қызметкердің) құқығын
бұзу мәселесі бойынша даулар мен тәуекелдер
жөніндегі мәселелер Қоғамда және оның
жеткізушілерінде болған емес.
Қоғамның корпоративтік орталығы–
«Инфокоммуникациялық технологиялар академия-
сы» дирекциясында есеп беру жылында құқықтық
тақырыпта күндізгі және сырттай оқу курстары
өткізілді.
41
Hr7 көрсеткіші
Мәжбүрлеген немесе міндетті еңбекті пайдалану
жағдайындағы едәуір қауіп бар жердегі жұмыс,
мәжбүрлеген немесе міндетті еңбекті түбірімен жою
жөніндегі іс-шараларға қатысу үшін қабылданған
әрекет
Қоғамда еңбек қатынасы Қазақстан
Республикасындағы еңбек заңдылықтарының
талаптарына сәйкес қатаң түрде реттеліп отырады.
Қоғам Ұжымдық және Еңбек шарттарының,
Лауазымдық нұсқаулықтардың, Еңбек тәртібі
ережелерінің талаптарына сәйкес атқарып отырған
лауазымына сай жұмысты (еңбек қызметін)
орындайды.
2012 жылы Компания қызметінде қандай да бір
маңызды тәуекелге алып келген, мәжбүрлі немес
міндетті еңбек жағдайлары тіркелген жоқ.
Hr6 көрсеткіші
Бала еңбегін пайдалану жағдайларының едәуір қауіпі
бар жердегі жұмыс және бала еңбегін түбірімен жою
жөніндегі іс-шараларға қатысу үшін қабылданған
әрекет
Компанияда тек кәмелеттік жасқа деткен тұлғалармен
ғана еңбек шартын жасауға рұқсат беріледі.
2012 жылы бала еңбегін пайдалану жағдайлары
тіркелген жоқ.
Hr8 көрсеткіші
Қызметін жүзеге асырумен байланысты адам құқығы
аспектілеріне қатысты саясат пен әдістеме оқуларынан
өткен еңбек қауіпсіздігі қызметі қызметкерлерінің
үлесі
2012 жылы қауіпсіздік қызметін қызметкерлерін адам
құқығы аспектілеріне қатысты іс-жосықпен және
саясатпен байланысты тақыцрыптар бойынша оқыту
жүргізілген жоқ.
Hr9 көрсеткіші
Тұрғылықты және саны аз халықтардың құқығына
тиетін бұзушылық жағдайларының жалпы саны және
қабылданған әрекеттер
«Қазақтелеком» АҚ көпұлтты компания болып табыла-
ды, әртүрлі ұлттар мен халықтардың өкілдерінің ара-
сында тең құқықтық қағиданың сақталуын қамтамасыз
етеді. Компанияда қазақтар (62%), орыстар (27%),
украиндар (3%), татарлар (2%), немістер (1%), басқа
ұлттардың өкілдері (5%) еңбек етеді.
iO1 көрсеткіші
Елдерге/аймақтарға бөлінген телекоммуникациялық
желі инфрақұрылымына күрделі салым
2012 жылы күрделі салым 54 млрд теңгені, еншілес
компанияларды есептегенде 63 млрд теңгеден аса
қаражатты құрады.
Инвестициялық бағдарлама
2012 жылы,
млн. теңге
«ҚАЗАҚтелеКоМ» АҚ
54 498
1. телекоммуникация желісі
48 132
оның ішінде аймақтар бойынша:
Ақмола
602
Ақтөбе
605
Алматы
656
Шығыс Қазақстан
726
Жамбыл
241
Батыс Қазақстан
212
Қарағанды
661
Қызылорда
338
Қостанай
553
Маңғыстау
54
Павлодар
425
Солтүстік Қазақстан
524
Оңтүстік Қазақстан
446
«Алматытелеком» ҚТО
330
2. Ақпараттық технология
4 924
3. әкімшілік-шаруашылық Кс
1 442
«НҰрсАт» АҚ
239
«Алтел» АҚ
4 928
«ВостоКтелеКоМ» жшс
2 971
Басқа етК
634
«Қазақтелеком» АҚ компания тобы
63 270
Компания қызметінде ұлттық теңестіру қағидасы
лауазымға қабылдау және тағайындау, марапаттауға
кандидатуралар ұсыну, қызметкерлерді ауыстыру
тәрізді мәселелерді шешуде айрықша басымдылықтың
бірі болып табылады.
2012 жылы тұрғылықты және саны аз халықтардың
құқығына тиетін ресми жағдайлар тіркелген жоқ.
«Қазақтелеком» АҚ
42
iO2 көрсеткіші
Әмбебап қызметтерін ұсыну туралы міндеттемелерге
сәйкес Компания үшін зиянды болып табылатын,
кірісі төмен нақты бір жағрафиялық аймақтар мен
тұтынушылар тобы қызметтерді ұсыну кезінде
провайдерлер үшін қызметтің өзіндік құны
Бөліп есепке алу деректері бойынша ауылдық
жерлердегі (абоненттік қатынау) жергілікті телефон
байланысы қызметін ұсыну шығындары 2012 жылы
айына 1 желіжолына 1 741,37 теңгені құрады.
Ауылдық жерлерде телефонды қосу қызметі мерзімдік
төлем жүйесіне ауыстырылмаған негізгі бір телефон
аппараты үшін ай сайынғы абоненттік төлемақы айына
ҚҚС-сыз 596,59 теңгені құрады.
SO1 көрсеткіші
Қоғамдастықта қызметтің әсер етуін, қызметтің
басталуынан бастап, оның жүзеге асырылуын,
аяқталуын бағалайтын, кез келген бағдарлама
мен практикалық әдістемемен қамту саласы мен
нәтижелілік, сипаттама
«Қазақтелеком» АҚ өз қызметінің барысында
денсаулыққа және Қоғам қауіпсіздігіне, еріксіз көшіп
келушілерге зиянды әсерін тигізетін, сондай-ақ
жергілікті мәдениетке кері әсер етуге байланысты
бағдарламасы жоқ және ондай іс-шаралар өткізбейді.
SO3 көрсеткіші
Жемқорлыққа қарсы және ұйымдастыру іс-жосығы
оқуынан өткен қызметкерлердің үлесі
2012 жылы коррупцияға қарсы және ұйымдастыру
іс-жосығына байланысты тақырыптар бойынша
қызметкерлерге оқу өткізілген жоқ.
SO4 көрсеткіші
Жемқорлық жағдайына қабылданған іс-әрекет
Жемқорлық заманауи Қазақстан туындап отырған
проблемалардың бірі болып табылады және саяси
тұрақтылық пен қоғам қауіпсіздігіне маңызды қауіп
тудырады, оның демократиялық институттары мен
құндылықтары мемлекеттің ұлттық экономикасының
тұрақты дамуына және құқықтық тәртіптің нығаюына
зиян келтіреді, осыған байланысты еліміздің
Президенті жемқорлықпен күрес Қазақстан
Республикасының ішкі саясатының басымды бөлігінің
бірі деп жариялады.
«Қазақтелеком» АҚ әрқашан өз қызметін заңды,
адал, айқын адал бәсекелес ұстанымында жүзеге
асырады, үнемі жемқорлық жағдайына қарсы
күреседі. Қоғамның лауазымды тұлғаларының
қызметі заңды және жауапкершілікке негізделген.
Қоғам жемқорлыққа қарсы күрес саласында ҚР
заңдарын және бизнесті адал жүргізудің жалпылама
қабылданған стандарттарын сақтайды, соның әсерінен
абоненттерге қызмет көрсету сапасының деңгейі
жылдам қарқынмен дамып келеді.
2012 жылы Қоғам қызметкерлеріне қатысты
жемқорлықпен айналысқан деректер бойынша сотта
қарау жағдайлары болған жоқ.
SO2 көрсеткіші
Жемқорлықпен байланысты, қаіп-қатерге қатысты
талданған бизнес-бірліктердің үлесі және жалпы саны
Қоғамда қызметкерлер арасында күнделікті жұмыс
барысында, адалдық пен сараңданбау, заң
алдында әділ, жауапты және теңдец болу қағидасымен
сусындаған атмосфера құру, сондай-ақ жемқорлықтан
кері итеретін жалпы корпоративтік мәдениетті
қалыптастыруға жәрдемдесіп, Қоғамның имиджін
нығайту мақсатында, басшылар құрамына нақты
тапсырмалар берілген, оның ішінде алдын алу
сипатына сәйкес жемқорлықтың пайда болуымен
күресуге бағытталған өкімдік құжат шығарылған
болатын. Мемлекеттік сатып алудың айқын жүйесі
енгізілуіне орай, тәуекелдерді талдау әдісінің бірі жыл
сайынғы қаржы-шаруашылықт жұмыстарына тексеру
жүргізу мен Компанияның құрылымдық бірліктерінің
қаржылық тәртібіне тексеріс жүргізу болып табылады.
2012 жылы Қоғамның 16 құрылымдық бөлімшелері
– филиалдарына тексеру жүргізілді. Тексерістің
қорытындысы бойынша жемқорлық сипаттағы
жағдайлар анықталған жоқ.
43
Мемлекет үшін өз жұмысының маңыздылығы мен
көлемін сезіне отырып, Қоғам қызметінің барлық
аспектілерінде заңдылықтың сақталуы қатаң
бақыланып отырады. Қоғам өз құзыреттілігінің
аясында телекоммуникация саласын реттеуге оңтайлы
механизм таңдау барысында мемлекетке сараптау
қолдауын көрсетеді және байланыс қызметін көрсету
үдерісінде барлық қатысушылардың назарында тұрған
проблемаларды операторлардың назарына жеткізуге
тырысады.
2012 жылдың ішінде «Қазақтелеком» АҚ талқылауға
қатысқан, байланыс саласын дамытудағы барынша
өзекті мәселелер:
Тарифтік саясат тұжырымдамасы;
Табиғи монополия саласынан басқа қалааралық,
халықаралық телефон трафигін қосу және өткізу
жөніндегі қызмет;
Табиғи монополия субъектісі қызметтерінің тізімін
қысқарту;
Кәбіл құбырлары бойынша тарифті есептеу
әдіснамасын бекіту;
Жергілікті телефон байланысының әмбебап
қызметтерін ұсынудан келген шығынды субсидалау;
Жергілікті телефон байланысы қызметтеріне
тарифтерді қайта теңестіру;
Байланыс операторлары үшін секундпен тарифтеуді
енгізу мерзімін ауыстыру.
SO6 көрсеткіші
Саяси партияларға, саясаткерлерге және онымен
байланысты ұйымдарға, елдерге бөле отырып
қаржылық және берілген қайырымдылықтың жалпы
ақшалай көрінісі
Демеушілік қызметінің негізгі ұстанымдары мен
басты бағыттары Директорлар кеңесінің 10.06.2011
жылғы № 6 шешімімен бекітілген «Қазақтелеком»
АҚ демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек
көрсету саясатының осы ұстанымдарына (Саясат)
сәйкес қалыптастырылды Осы саясаттың қағидаларына
сәйкес «Қазақтелеком» АҚ жыл сайын Қоғамның
шоғырландырылған таза түсімінің 1 пайызын
демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуге
бөледі.
Компания спорттық, мәдени, білім беру іс-шараларын,
денсаулықты сақтау саласын, қоршаған ортаны қорғау
іс-шараларын дамыту мен қолдауға үлкен көңіл бөледі.
«Самұрық – Қазына» АҚ демеушілік пен
қайырымдылық көмек көрсету қарастырылған Қоғам
қаражатын пайдалануға маратория жариялауына
байланысты 2012 жылы Қоғам ақшалай көріністе
демеушілік пен қайырымдылық көмегін көрсеткен жоқ.
Сонымен қатар 2012 жылы «Қазақтелеком» АҚ
Достарыңызбен бөлісу: |