Қазақтың ауызша заңдар жинақтары. Билер және батырлар институты



бет1/3
Дата21.05.2022
өлшемі27,31 Kb.
#35249
түріСабақ
  1   2   3

15 практикалық сабақтың тақырыбы: ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ халқының мәдениеті мен қоғамдық құрылысы
Тапсырмалар:
1. Қазақтың ауызша заңдар жинақтары.
2 Билер және батырлар институты
3 Қазақ халқының әдет-ғұрыптары
4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
5. Көшпелілердің астрология және медициналық жоралары.

1. Қазақтың ауызша заңдар жинақтары.


«Тағанақ кеңес» және «Тұрымтай кеңес» деп аталатын екі үлкен жүйеге негізделген Қазақ хандығы дәуіріндегі билік жүйесі кейіннен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» секілді заңдық нормалар арқылы реттелгені белгілі. Қазақ халқының саяси жағдайына сәйкес шығарылған бұл ресми заңдық құжаттар халқымыздың кадым заманнан бастап өзіндік заң-ереже ұстанып келгендігін дәлелдейді. Әрі сондай-ақ, бұл ережелер ар алдындағы жауапкершілік, аманат пен антқа адалдық, опасыздық және қиянаттан сақ болу, бұйрыққа бағыну әрі оны сөзсіз орындау секілді құндылықтарға негізделіп отырды.
Жалпы исі қазақтың ең алғашқы ата заңы - Қасым хан Жәнібекұлының өзі қалаған «Қасымның бас Жарғысы» немесе «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заңдар жинағы. Аты айтып тұрғандай бұл құжат 5 тараудан тұрған. Кейін бұл Жарғының ықпалы артып, одан ары толықтырып Есім ханның тұсында Мемлекеттік заң ретінде қабылданып ресми заң мәртебесін алды. Бұл құжат ел арасында «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті. «Әз Тәуке заманында бұған дейінгі бес тараудан тұратын ережеге жесір дауы және құн дауы деген екі бап қосылады. Сөйтіп құжат жеті тараулы толыққанды құжатқа яғни «Жеті жарғы» деген атақты заң нұсқасына айналады. Бұл заңдар Абылай дәуіріне дейін жектен.
Айтпақшы, Әз-Тәуке хан басқару жүйесіне жаңадан «Хан кеңесі» және «Билер кеңесі» деген билік кеңесі органдарын енгізген адам. Бұл кеңеске Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді атақты билер төрелік етті. Олардың айтқан әділ кесімдері ауыздан-ауызға тарап, уақыт өте келе халықтық бұлжымас ережеге айналып кетіп отырды. Тіптен ел арасында заң ретінде атқарылып отырған.
Енді осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ел арасындағы бұлжымас заңға айналып кеткен билердің шешімдеріне тоқталып өтелік:
Ата салты мен дәстүрден аттап өткендер жұрт арасында ресми түрде қылмыскер атанып, қатаң түрде жазаланып отырды. Айып салынып, дүре соғылды, елден аластатылды немесе өлім жазасына кесілетін болған.
Карызға алған мал мерзімі өткен соң төлемімен қайтарылады;
Ұрғашы мал еркек малдан гөрі қымбат бағаланады;
Қонақ қондырмағандарға айып бар;
Қонақасыны дұрыс бермегендер жазаға лайық;
Ауқатты адамдар кедейлерге қарасуға, жәрдем беруге міндетті;
Малды және басқа жанураларды жәбірлеу - қылмыс;
Әдеп-тəртіп бұзғандарға жаза бар;
Тентекке әке-шеше ғана емес, бүкіл ауыл-ақсақалы жауап береді;
Арақ ішіп өлгендерге жаназа шығарылмайды және бөлек жерленеді;
Оң жақта отырып екіқабат болған кыз қалыңсыз беріледі;
Некесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді;
Карабет болған қыздың бұрымы кесіліп, масқараланатын болған;
Некесіз туған бала - арамза, мезгілсіз туған төл - арамза;
Малдың өрісін, жусауын бұзғанға айып тағылады.
Тәртіпсіз шәкіртке дүре соғылады;
Еңбегі үшін әркім ақы сұрауға хақылы. Бірақ асарда, үмеде ақы сұрауға болмайды;
Өртке, апатқа ұшыраған отбасына ауыл, көрші-қолаң көмек (ақшалай, заттай, малдай) беруге міндетті:
Еркекке кынсыз, пышақсыз, бәкісіз жүруге болмайды:
Соғысқа жалғыз жігіт алынбайды, екеу болса - біреуі. бесеу болса - үшеуі, сегіз болса, бесеуі соғысқа (сарбаздыкка) алынады;
Жиенге сот жоқ;
Күйеуі қайтыс болса, әйелі бір жылға дейін тұрмысқа шыкпайды;
Әйелі қайтыс болса, ер адамға оның жылын күтпей үйленуіне рұқсат беріледі;
Жесір әйел «ерден кетсе де, елден кетпейді», күйеуінің ағасы немесе інісіне тұрмысқа шығуға тиіс. Егер әйел басқа біреуге кететін болса, бұл «жесір дауы» заңымен шешіледі;
Қалыңдық абыройсыз болса және ол дәлелденсе, күйеу жағы қалыңмалын қайтарып алады;
Ұрын келіп жүрген күйеу кейін қалыңдығын абыройсыз деп тапса, оның бұл сөзі қабылданбайды.
Отанын, елін, дінін сатқандарды, дұшпанға жәрдемдескендерді ат құйрығына байлап, азаптап өлтіретін де заң бар;
Елге масқара болғанның, опасыздың, ұрының үйін ауылдан бөлек қондырған;
Бір кісінің екі қызын қатар алуға (үйленуге) болмайды;
Дала заңы бойынша ерлі-зайыптылар ажырасқанда балалар әкесінде қалады;
Дін салты бойынша еркек төрт әйел ала алады;
Еркектің белсіздігі анықталса, әйелдің айырылысуға қақысы бар;
Әйел бала тумаса, ері айырылысады және зәбірлемей, төркініне еншісін беріп, апарып салады;
Өлі туған балаға ат қойылмайды, намаз шығармайды:
Ант бұзғанға айып бар;
«Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»;
«Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»

2 Билер және батырлар институты


Әлем халықтарының тарихы мен мәдениетінде, салты мен 
дүниетанымында берік қалыптасқан заңдылық бар. Ол – ел ертеңі үшін 
күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған билеушілерінің даналығын, 
батырларының ерлігін, өнер саңлақтарының мұрасын ұрпақтан ұрпаққа 
аманаттау. Ерте замандардан дана халық ұрпақ сабақтастығы мен 
жалғастығын осылайша қамтамасыз етті, яғни әлеуметтік - қоғамдық 
ілгерілеудің пәрменді тетігін дөп басып таба алды. Сондықтан да «Илиада» 
мен «Одиссея», Роланд, Нибелунгтер туралы жырлар, Хаммурапи, Ману 
заңдары сағымдай алыстан бұлдырайтын күндердің отын өшірмеген асыл 
мұра санатына кіреді. Қазақ ауыз әдебиетінің мол мұрасында көлемі, 
әртараптығы, көркемдігі тұрғысынан батырлар жырына тең келетіні жоқ 
десек қателесе қоймаймыз. Себебі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуші 
күштер, интеллектуалдық әлеуетке тікелей үлес қосушылар қатарында 
батырлар да тұрды. 
Бұрынғы кеңестік заманда осындай тақырыптарды зерттеуге саяси-
идеологиялық тосқауыл қойылып, жеткілікті мән берілмегенін алға тартқан 
Елбасымыздың: «Байырғы ұлы бабаларымыздың ұрпағы ретінде, біреудің 
шайнап бергенін малдану бізге жараспайды. Сондықтан да, өткенімізге, 
бүгініміз бен болашағымызға жалтақсыз жанар тіктейтін мезгіл жетті» - 
деген пікірінің дұрыстығын уақыттың өзі қуаттап отыр [1]. 
Бұл мәселеге арнайы қалам тартқан тарихшы К. Есмағамбетов: 
«Отандық тарих ғылымында қазақ батырларының елі мен жері үшін қан 
майданда жаулармен шайқасқан жанкештілік күресін, оның халық 
тағдырындағы орнын көрсетуге әлі күнге дейін толық мән берілмей келеді. 
Бұл, ең алдымен кеңес заманында батырларды «үстем тап өкілдеріне» 
жатқызған кеңестік идеология мен тарихнаманың салқыны болса, екіншіден, 
өзіміздің ұлттық идеологияны қалыптастырудағы салдыр-салақтығымыздың, 
«жайбасарлығымыздың» салдары екендігі анық», - деген пікірін білдіреді [2]. 
Қалай болғанда да, тәуелсіздік арқасында өткеннің тағылымы мен 
сабақтарын ұлықтаған, тұлғаларын лайықты бағалаған қазына ұлтымыздың 
арғы – бергі тарихында қисапсыз мол әрі соқталы із қалдырғанын енді біз де 
көсіле айта бастадық. Қазақ халқының рухани-интеллектуалдық әлеует 
бастаулары басқалардікімен терезесі тең, тіпті биік те тұрмаса, бір мысқал 
кемшін түспейтінін «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының 
қорытындылары айғақтап отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың ХVІІІ ғасыр 
батыры Райымбек жайлы: «елін жауға бермеген, күні–түні тыным көрмеген, 
тұла бойын ақыл-ой, күш-қуат кернеген батыр» деген бір ауыз сөзіне 
қаншама пайым-ұстаным, өлшем-қисын, құрмет пен сезім, қарыз бен парыз 
сиып тұрғанын көзіқарақты жан қапысыз түсінді. Осы арада бізге тарихи 
деректердің өзіндік тобын құрайтын батырлар жыры үлкен көмегін бере 
алады. Оларда батырлар институтының бастау көзі, қалыптасу кезеңдері, 
әлеуметтік құрылымдағы орны анық көрінеді. Ежелден қазақ даласында биік 

Қазіргі кезде «батыр» сөзінің этимологиясы туралы әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Жалпы бұл мәселеге ең алғаш көңіл аударған Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Л. Костенко сынды революцияға дейінгі оқымыстылар «батыр» сөзі түркі – моңғолдың «баһадүр»,- batur, багадур, деген сөзден шыққан, негізгі мағынасы ер жүрек, батыл дегенді білдіретінін көрсеткен. Революциядан кейінгі авторлар да осы тұжырымды толықтыра түседі. Кеңестік дәуірде жарық көрген кейбір сөздіктерде де «батыр» терминінің «batur» сөзінен шыққандығын және оның ел үшін жауымен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер екендігі түсіндіріледі.


Еліміз егемендігін алғаннан кейінгі кезеңдегі зерттеушілер И. Ерофеева, А. Кушкумбаевтарда осы көзқарасты толықтайды. О.Сүлейменов өзінің белгілі «АЗиЯ» атты еңбегінде «батыр» сөзі – «буйтур», ботур, багатур деп талдау жасай келе, «буйтур» сөзіне «Буй-тағы, жабайы дегенді білдірсе, «тур» - өгіз, бұқа деген мағынада айтылады, осы екі сөз қосылып айбынды, күшті, бұқадай күшті дегенді білдірсе керек деген дәлелді тұжырым жасап өтеді. Қорқыт ата кітабінда «Дерсе хан ұғлы Бұқаш хан туралы жырмен» түйіндес болып келеді. Бұл жырда басты кейіпкер Дерсе хынның құдайдан сұрап алған жалғыз ұлының күшті бұқамен айқасып, жеңіске жетіп, осының нәтижесінде азан шақырылып қойылған аты өзгертіліп, бұқаны жеңген айбаты үшін Бұқаш деп өзгертілгені бізге жыр жолдарынан мәлім. [1, 69-73 б.]
Кейінгі ғалым зерттеушілердің басым көпшілігі батыр терминінің баһадур сөзінен шыққандығына шүбә келтірмейді. Мысалы, «XV-XVIII ғасырдарды қазақ халықтарының тарихына қатысты материалдардың» авторлары «қазақтар өздерінің қайтпас ерлігімен де, қуат күшімен де бүкіл әлемге таңылған халық» дей келе, ол халық арасында батырлықпен әжелден бар екенің айтады. В. М. Вяткин «батыр» сөзінің XVI ғасырға дейін, тіпті ертеден-ақ пайдаланып келе жатқаның, «егер ежелгі германдықтарда әскери көсем өзінің айналасына өзіне адал берілген жастарды жинаса, қазақтарда да батырлар ерекшеленіп, оның айналасында да адал берілген жігіттердің топтасатының тілге тиек етеді. Сондай-ақ «Қадірғали би Қосымұлы және жылнамалар жинағы» атты тарихи құнды еңбек авторлары Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиев « баһадур» тұлғасы екі мағынада, біріншісі батыр, жүректі адам, екіншісі сол батыр адамға берілген атақты білдіреді. Сонымен қатар баһадур сөзі моңғол билігі тұсында феодалдық қоғамдағы әскери иерархияның титулы болған деп жазады. [2, 532-536 б.]
Жоғарыда қарастырылған ғылыми болжамдарды саралай келе, олардың бәрінің бір ғана пікір төңірегінде тоғысатыны даусыз. «Батыр» сөзі ежелгі баһадур сөзінен тарихи тамырын алса, негізінен жаужүрек, батыл, жауынгер сияқты ұғымдарды білдіреді. Ал пайда болу кезеңі – сонау түркі заманына саяры хақ. Расында да, V-VII ғасырларға жататын көне түркі жазбаларында нақ батыр деп берілмесе де, батырлық, ерлік істері жайлы көп жырланады. «Күлтегін» ескерткішінің кіші жазуында ер, елтебер, иамтар деген сөздер кездеседі. Ал бұл сөздердің мағынасына тереңірек бойлар болсақ, ер сөзі батыр сөзінің синонимі, елтебер сөзі – тарихтан шені сияқты берлген шен екен, ол негізінен ержүрек адамдарға берілген. Бұдан шығатын қорытынды қазақ қоғамындағы «батырлар институтының» тамыры терңде жатқандығы. Бұл бірдің пікірімізді В. Бартольдің «қазақтардағы батырлардың пайда болуы тарихы – исламның алғашқы ғасырларына сай келеді» - деген ойын одан әрі дәлелдей түскіміз келеді.
Жоғарыда келтірілген ғылыми фактілер батыр сөзінің төркіні түркі заманынан бастау алатының дәлелдесе, қазақтың ауызша жыраулық фольклорі – «батырлар жыры» - батырлық Евразия көшпелі әлемінде орта ғасырлық кезеңінде де кенінен қанат жайған құбылыс екендігін дәлелдейді. Батырлық көшпелі қоғамының ерекше әскери-саяси институты болды деп айтуға толық негіз бар.
Батырлар көшпелі қоғамының әскери тәжірибесін, дәстүрін сақтаушы және оны келешекке дәріптеуші. Батырлар өздерінің әскери өнері арқылы келешек ұрпақты патриоттық сезімге, Отан сүйгіштік сезімге тәрбиелейді. Батыр ел үшін, жер үшін ұрыс майданында өлу үлкен мәртебе.
XIII-XV ғасырлар арасындағы моңғол үстемдігі тұсында, қатаң әскери-әкімшілік жүйеде де батырлардын орны ерекше. Шыңғыс хан әулиеті кезеңінің өз-ара қырғысқа толы аумалы-төкпелі кезеңінде де мемлекет қорғаныс ісінде де батырдың ролі зор. Шыңғыс заманының өзі түгелдей бір жауапкершілік заманы болғандықтан – бұл кезең батырлар институтінің өзінше бір әлеуметтік топ ретінде дамуының белгілі-бір сатысы болып табылады.

3 Қазақ халқының әдет-ғұрыптары


Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.
Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».
Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет