ҚазақТЫҢ ойын атаулары (М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясының І томы бойынша)



жүктеу 231.64 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі231.64 Kb.

ҚАЗАҚТЫҢ ОЙЫН АТАУЛАРЫ 

(М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясының І томы бойынша) 

 

Серікбаева Гүлдана - 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» 



мамандығының 3-курс студенті  

Ғылыми  жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова 

 

Академик  Ә.Т.Қайдар:  «Этнолингвистика  –  этностың  (одан  ұлыс, 



халық,  ұлт)  инсандық  болмысынан  туындап,  санасында  сараланып,  тарихи 

жадында  сақталып,  тіл  арқылы  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  қорланып, 

рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып 

келе  жатқан  дәстүрлі  мирасты  жаңғыртып,  жан-жақты  зерттеп,  танымдық 

мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген 

тіл білімінің құнарлы саласы» [1, 475], - деп кешенді анықтама береді. Ғалым 

бұл саланың ерекшелігін нақты айтып кетеді. 

   


Ежелден  дәстүрлі  ойындарда  халықтың  өмір  сүру  әдісі,  тұрмыс-

тіршілік  еңбегі,  ұлттық  салт  -дәстүрлері,  адалдыққа,  күштілікке  ұмтылуы, 

шыдамдылық,  т.б.  құндылықтарға  мән  берілуі  –  халық  данышпандығының 

белгісі. Ұлттық ойындар - халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. 

Мақаламыздың  зерттеу  нысаны  –  қазақтың  ұлттық  ойын  атауларының 

этнолингвистикалық сипаты (М.Әуезов «Абай жолы» 1-том) [2, 1-томы]. 

Ұлттық  спорт  және  ойын  атауларының  қай  түрін  алсақ  та,  халықтың 

тілдік  дәстүріне,  дүниетаным  –  түсінігіне  сай  қалыптасқан.  Ұлттық  ойын 

атауларының негізі этнолингвистика мен этномәдениетте жатыр, оларды бір-

бірінен бөліп қарауға болмайды.  

Біздің  ғылыми  мақаламыздың  мақсаты  да  осы  ұлттық  ойын 

атауларының 

табиғатын, 

шығу 


тегін, 

семантикалық 

өрісін, 

этнолингвистикалық сипатын қарастыру болып танылады. 

Осы мақсатқа жету барысындамынадай міндеттерді орындадық: 

1)

 



Зерттеу материалы етіп М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 1-

томындағы ойын атауларын жинақтап, жалпы саны – 13 екенін анықтадық; 

2)

 

Романннан сол ойын туралы мәліметтерді жинақтау



3)

 

Ойын  атауларының  семантикалық  өрісін  анықтау  барысында  «Аймақтық 



сөздік»,  «Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігін»,  «Түсіндірме  сөздікті»  І  томдық 

қаралып, соның ішінде «Қазақ әдеби тілінің сөздігінен» біраз түсініктемелер 

алынды.  Сонымен  қатар  Е.Сағындықов,  Ж.Мизамхан,  А.Құрауұлы,  «Ана 

тілі»  газеті,  т.б.  зерттеу  еңбектердегі  ойын  атауларының  талдауларын 

қарастырдық. 

М.Жұмабаев  ойындарды  халық  мәдениетінен  бастау  алар  қайнар  көзі, 

ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі 

элементі деп тұжырымдайды

.

 [ http://anatili.kazgazeta.kz/?p=9804] 

Халық мәдениетінің негізгі айнасы оның сөзінен, кез келген құбылысты, 

зат  атауын  тануынан  белгілі  болатынын,  ойын  атауларының  да  қазақ 

халқында  алатын  орны,  атқаратын  рөлі  болғандығына  көзіміз  жете  түсері 

анық.  


Халқымыздың  ұлы  перзенттерінің  бірі,  аса  көрнекті  жазушы 

М.Әуезовтың  өзі  де  кезінде:  «Біздің  халқымыздың  өмір  кешкен  ұзақ 

жылдарында  өздері  қызықтаған  алуан  өнері  бар  ғой.  Ойын  деген  менің 

түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана 

емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп ойынның халық 

өміріндегі 

үлкен 

маңызын 


тұжырымдағанын 

да 


білеміз. 

[http://www.alimsak.kz].

 

Біздің  зерттеуімізде  сол  асқаралы  жазушының  Абай  сынды  ақынның 



өмір жолына арнаған роман тілінен төмендегідей ойын атауларын жинақтап, 

жан-жақты талдауға ұмытылыс жасалды: 

М.Әуезовтың  «Абай  жолы»  роман  –  эпопеясы  І  томында  13  ойын 

атаулары кездеседі. Олар: 

1.

 

Ат шабыс 



2.

 

Көкпар 



3.

 

Серке тарту 



4.

 

Теңге алу 



5.

 

Балуан күрестіру 



6.

 

Ақсүйек 



7.

 

Серек құлақ 



8.

 

Орамал тастау 



9.

 

Хан жақсы ма? 



10.

 

 Мыршым 



11.

 

 Белбеу соқ 



12.

 

 Ләппай тутәлә 



13.

 

 Тоғызқұмалақ 



Мысалы:  1.Тыстағы  ойын:  ат  шабыс,  көкпар,  серке  тарту,  теңге  алу, 

балуан күрестіру - баршасы да осы күні болды [2, 238] деген сөйлемде қазіргі 

кезде ұлттық ойын түрі ретінде Орта Азия бойынша ойналып отырған ойын 

атаулары кіргендігінің дәлелі бола алады.   

Бозбалалар  ойнайтын  қазақтың  ұлттық  ат  спортына  жататын  ертеден 

келе  жатқан  ойындарының  бірі  -  теңге  алу .  Қазақ  әдеби  тілінің  сөздігінде 

мынадай  анықтама  берілген:  «Теңге  алу  (ілу)  –  шұңқырда  жатқан  теңгені 

атпен  шауып  келе  жатқан  адамның  іліп  әкететін  ұлттық  ойыны».  Теңге  ілу 

ойыны  тегіс  жерде  өткізіледі.  Ойынға  жасы  18-ден  асқан  адамдар  ғана 

қатысады.  Ол  ертеде  үлкендігі  ақ  тоқымдай  киіздің  үстінде  50,  20,  15 

тиындық  майда  ақшаларды  салып  қоятын  болған. Қазір  тақыр  жердің 

ойықтау  тұсына  ақ  шүберекке  түйілген  зат  тасталады.Желіп  келе  жатқан 

аттың  үстіне  отырып  желісін  баяулатпастан  төменге  тез  иіліп  сол  және  оң 

жағынан  орамалмен  оралған  теңгені  көтеріп,  артына  тастап  отыруы  керек. 

Әрбір  сәтсіз  талпыныстың  артына  айыптық  уақыт  белгіленеді.  Теңгені  көп 

ілген салт атты жеңімпаз аталады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. 

Теңгені  іліп  алуға  дейінгі  ұзындық  30 метр.  Теңге  саны  бесеу  болуы  керек. 

Теңгелердің ара қашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп 

лақтырып  тастауы  керек.  Жарысқа  бекітілген  ережеге  сай  спортшының 

уақыты,  ілген  теңгесінің  санына  бөліп  қорытындысы  шығарылады.  Ойынға 



жуас  жылқылар  пайдаланылады.  Ат  ойыншының  қалауынша  шабады,  бірақ 

теңге жатқан жерге келгенде, баяулауға немесе тым ағынды шабысқа салуға 

болмайды. 

 

2.Алтыбақан  қасындағы  ән  мен  той  тағы  біраға  созылып  барған  соң, 



Ербол тың ойын бастады. Онысы - «ақсүйек», содан кейін «серек құлақ» еді. 

[2,  274].  Ақсүйек  те,  серекқұлақ  та  ерекше  мәліметтермен  толықтырылып 

берілген.  Ұлы  ақынымыздың  өміріндегі  лирикалық  махаббаттты  суреттеу 

барысында Абайдың Тоғжанмен кездесуіне себепші етіп серекқұлақ ойынын 

көркем түрде береді. Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың 

кең таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатын сүйектің өзі 

«ақсүйек»  деп  аталады.  Бұл  ойынды  ай  жарық  түндері,  көбінесе  жаздыгүні 

қыз  бен  жігіт,  бозбалалар  ауыл  сыртында  ойнайды.  Мал  келіп,  қораланып 

болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде 

ірі қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек ойынының бірнеше нұсқасы бар. 



1-нұсқасы. Ойыншылар  екі  жақтан  жарты  шеңбер  жасап  жиналады. 

Ойыншылар саны алты адамнан кем болмауы керек (И.И.Ибрагимов). Кейде 

сүйек  орнына  сиырдың  қылшығынан  құмға  езіліп  жасалған  жүн  доп 

қолданған. Келісім бойынша бір ойын жүргізуші таңдалып алынады. Ол бір 

таяқты кезектесіп «ұстасу» арқылы ойыншылар екі топқа бөлінеді де ойынды 

бастайды.  Екі  топтың  да  ойыншылары  киімдерін  шешіп,  екі  жаққа  үйіп 

қояды.Содан  кейін  ойын  бастаушы  А.-ті  немесе  жүн  допты  алады  да, 

барынша  алысқа  лақтырады.  Сүйек  лақтырылған  соң  оны  іздеп  жан-жаққа 

жүгіреді.  Ойынға  қатысушылар  А.-ті  лақтыруға  оны  ұстап  алуға  немесе 

түскен жерінен тауып алып, үюлі тұрған қарсыластарының киімдеріне барып 

бір-бір заттан алып кетуге тырысады. Ал, қарсыластары болса, оларға кедергі 

жасап  сүйекті  немесе  допты  тартып  алып,  өз  қарсыластарының  киімдеріне 

қарай  ұмтылады.  Қарсыластары  сүйекті  немесе  шарды  бір-бірлеріне 

лақтырып  беру  арқылы  қарсыластарының  тымақ  немесе  аяқкиім  сияқты 

заттарын алып өз жақтарына қашып келуге тырысады. Осылай ойын бір жақ 

жеңгенше  жалғаса  береді.  Сөйтіп  А.-ті  қай  топтың  ойыншысы  сөреге 

жеткізсе,  қарсы  топтағыларға  жеңілген  есебінде  айып  салынады.  Ойын 

кезінде басқа сүйекті пайдалануға болмайды. 



2-нұсқасы. Екі  топқа  бөлінген  ойыншылар  өз  араларынан  бір  адамды 

«қарақшы» ретінде сайлап  алады.  Ойын басшысының  біреуі  А.-ті  алады да, 

оны  барынша  алысқа  лақтырады.  Екі  топтың  ойыншылары  теріс  қарап 

тұрады  да,  лақтырылған  сүйектің  жерге  түскен  дыбысы  естілгенге  дейін 

орындарынан  қозғалмай  тұрады.  Сүйек  жерге  түсе  салысымен,  сол  жаққа 

қарай екі топтың да ойыншылары түгел іздеп тауып әкелуге кіріседі. Сүйекті 

тауып алған адам үш рет «Ақсүйек» деп айқайлайды да «қарақшыға» қарай 

жүгіреді. Басқалары болса, Ақсүйекті тауып алған адамға қарай жүгіріп, онан 

тартып  алмаққа  ұмтылады.  Егер  ала  алмай  қалса,  онда  ол  өзі  барып 

«қарақшыға» тапсырады. Содан кейін екінші топтың ойын басшысы сүйекті 

лақтырады. Қайсы топ сүйекті көп лақтырса, сол топ жеңген болып саналады. 

Алдын  ала  қанша  рет  лақтырулары  керек  екендігін  келісіліп  алынады. 

Жеңгендер  жеңілген  топты  мазақтап,  «Алай  аттым,  бұлай  аттым,  ақсүйекті 


жалаттым» деп қолдарын соға мазақтайды. Ақсүйекті ойынында отқа табыну

табиғаттың  жандануы  және  табиғат  мезгілдерінің  ауысуы,  осыған  орай, 

шаруашылық маусымның ауысуы көрініс тапты. 

Ойын  шапшаңдыққа,  ұйымшылдыққа  баулиды. Ақсүйек бірін-бірі 

ұнатқан  жастардың  оңаша  кездесуіне  дәнекер  де  болған.  Ертеде  «Ақсүйек» 

ойынын  той-томалақ  жасаған  үй  иелері  ұйымдастыратын.  Ондай  кезде 

алдымен айтыс, ән-жырға кезек тиеді. Үлкендер жағы жастарға тәлім айтып, 

қисса-дастандар  оқитын  болған.  Соңында,  тықыршып  тұрған  жастардың 

ойынына  кезек  тиеді.  Ақан  сері  Ақтоқтысымен,  Абай  Әйгеріммен,  Біржан 

Ләйлімен ақсүйек арқылы табысқан деседі. 

Ал  заманымыздың  белгілі  композиторы  Алтынбек  Қоразбаев  ұлттық 

ойын жайлы ән де шығарды: 

Қызыл бешпент үстінде, 

Қынама бел шашбаулым. 

Алтыбақан тебуге 

Сұранайын мақтаулым, шашбаулым. 

Ай толықсып аспанда 

Туған кезде, шашбаулым. 

Ойнаймын деп Ақсүйек 

Қуана бер мақтаулым, шашбаулым. 



Серек  құлақ  –  жазда  жастардың  кешке  зікір  салғандағы  ойнайтын 

«Қызбөрі», «Көкбөрі» ойындарының бір түрі. 



Сереқұлақ   күрделі  сөзі  дербес  мағыналы серек (серейген  сөзімен 

түбірлес  сын  есім)  пен құлақ сөздерінің  лексика-грамматикалық, 

мағыналық жағынан үйлесіп біртұтас тұлғалануынан жасалған. 

    3.  «Орамал  тастау»,  «Хан  жақсы  ма»,  «Мыршым»,  «Белбеу  соқ», 

«Ләппай тутәлә» сияқты күлдіргі ойындар да тегіс ойналды [2, 318]. 

Мыршым – алқа – қотан отырған қыз-бозбаланың жүзікті аузына салып, 

жасырып ойнайтын ұлттық ойыны. 

«Қазақ тілінің аймақтық сөздігі бойынша»  од. сөйл. Ләббай – Шеше, бір 

әйел,  бір  еркек  келді  ме?  Л  ә  п  п  а  й…Келді,  қарағым  (Ж.Нәжімеденов, 

Кішкентай,  107).  –  Л  ә  п  п  а  й,  тақсыр,  айтқаныңыз  құп  болады  (Оңтүстік 

Қазақстан,  12.07.1998,  4).  Ләппай  тутәлә.  этногр.  Балалардың  күлдіргі 

ойындарының  бірі.  Бұл  түнде  ұзақ  әсем  ән  де  шырқалды.  «Орамал  тастау», 

«хан  жақсы  ма»,  «белбеусоқ»,  «л  ә  п  п  а  й  т  у  т  ә  л  ә»  сияқты  күлдіргі 

ойындар да тегіс ойналды (М.Әуезов, Таңд. шығ. 1, 345). 

Белбеусоқ –  тізенің  астынан  орамал  жүгіртіп  ойнайтын  қазақтың 

ұлттық ойыны. Бұл ойынға оннан отызға дейін адам қатысады. Ойыншылар 

екі топқа бөлінеді. Екі сызық белгіленеді. Екі сызықтың арасы 20-30 метрдей 

болады.  Бірінші  топтың  ойыншысы  белгіленген  екінші  сызыққа  дейін 

жүгіреді.  Ал  екінші  топтың  ойыншысы  оны  қолындағы  белбеуімен  қуады. 

Егер  жетіп  алатын  болса,  екінші  сызыққа  жеткенше  белбеумен  соға  береді. 

Екінші  сызыққа  жеткен  соң  белбеумен  ұрып  келген  ойыншы  қолындағы 

белбеуді  тастай  сала  кері  қайта  бірінші  сызыққа  қарай  жүгіреді.  Ал  әлгі 



қашып  келген  ойыншы  белбеуді  алып,  мына  ойыншының  соңынан  бірінші 

сызыққа дейін қуады. Белбеумен соға алса – жеңгені, ұра алмаса – жеңілгені. 



 «Хан жақсы ма?» – қазақтың ұлттық ойын-сауығының бірі. Бұл ойын 

жастар  арасында  шілдехана,  қыз  ұзату,  келін  түсіру  сияқты  думанды 

кештерде  ойналады.  Ойын  ережесі  бойынша,  ойыншылар  ортаға  ауқымды 

ашық  алаңқай  қалдырып,  дөңгелене  отырады.  Ойынға  жиналғандар  өзара 

ақылдасып,  хан  мен  уәзірді  сайлайды.  Уәзірдің  қолында  мықты  етіп 

шыратылған  орамал  болады.  Хан  уәзіріне  халқымнан  «Хан  жақсы  ма?»  деп 

сұра деген бұйрық береді. Уәзір ойыншыларды жағалай жүріп әрқайсысынан 

сұрап шығады. Бұған «хан жақсы», «мәз емес», «жаман» деген секілді сөзбен 

немесе «хан былай» деп қолындағы орамалмен өзін ұрғыштап, келемеж етіп 

жауап  беруге  де  болады.  Ойыншылардың  қайтарған  жауабы  мен  қимыл-

әрекетін  уәзір  бұлжытпастан  ханның  өзіне  жасап  көрсетеді.  Өз  кезегі 

келгенде  хан  өзін  мазақтағандарға  «жаза»  бұйырады.  Екінші  ойын 

айналымында хан «халқымның кімнен зорлық-зомбылық көргенін сұра» деп 

тапсырады.  Уәзір  ойыншыларга  жекелеп  сұрақты  қайталайды.  Ойынға 

катысушылар  думанды  қызықтырақ  ету  үшін  жігіт  қыздан,  қыз  жігіттен 

көрген «қорлық-зорлығын айтып шағынады. Шағымшылардың сөз саптасына 

орай  «Хан  әмірін»  беріп,  бітімге  келтіреді.  Мысалы,  Жігіт  «Пәленше  екі 

алмамды  ұрлап  алды,  соны  өзіме  қайтарсын  немесе  өзінікі  екендігін 

дәлелдесін»  деген  секілді  шағым  айтады.  Хан  даушыларға  «өзара  келіссін», 

«айыбын  төлесін»,  т.б.  әмір  береді,  жаза  қолданады.  Әмір  мен  жаза  күлкі 

тудыру  мақсатымен  түрліше  үкімге  орайластырылады.  Қазақ  қоғамындағы 

хандық  билікті  астарлап  бейнелейтін  аталмыш  ойынның  жастардың  рухани 

дүниесін жетілдіріп, ой-өрісін дамытуға ықпалы зор. 

Жастардың  сүйіп  ойнайтын  ойындарының  бірі  — «Орамал  тастау» 



немесе «Орамал тастамақ». Бұл  бір жігіт не қыз дөңгелене отырғандарды 

айналып жүріп, қалаған адамның сыртынан орамал тастап ойнайтын жастар 

ойыны.  Ол  жазда,  алаңда,  көгалды  шөптесін  жерде  ойналады. 

Ойнаушылардың  саны  көп  болса,  ойын  соншалықты  қызық  болады. 

Ойнаушылар  тең  екі  топқа  бөлінеді  де,  арасы  он  адымдай  екі  сызықтың 

бойына  қарама-қарсы  қатарласа  тұрады.  Жүргізуші  қолындағы  орамалын 

бірінші  топтың  өз  жағындағы  шеткі  ойыншыға  береді.  Ол  өзінің 

қарсыласының  біреуіне  тастайды да:  «қа»  деп дауыстайды.  Ол  қағып  «ғаз», 

дейді,  болмаса  «ла»  дейді.  Сонда  «қағаз»,  «қала»,  т.  б.  сөздер  шығады. 

Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-

дақ»,  «са-қа»,  «са-бын»-,  «са-қал»,  «са-рын»  т.  б.  сияқты  сөздер  айтылуы 

керек.Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай 

етіп  айтуы  керек.  Егер  ол  екі  буынға  арналған  сөздің  алғашқы  буынын  тез, 

дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды 

қарсыластар  тобына  өзі  лақтырады.  Лақтырған  кезде  жаңағыдай  сөздердің 

бірінші  буынын  айтуы  керек.  Жазаны  жауап  бере  алмаған  ойыншы  да 

тартып,  ортаға  шығып  өнер  көрсетеді.  Осылайша  екі  топтың  ойыншылары 

орамалды  бір-біріне  лақтыра  отырып  ойынды  жалғастыра  береді.  Бұл  ойын 



жастардың  ойын  дамытып,  ана  тілін  жетік  білуге,  тапқырлық  қасиеттерге 

үйретеді [ 5, 176].

 

 

Қазақ  халқының  бай  этнографиялық  материалдарын  жинақтаған  және 



оның  ішінде  ұлт  ойынының  тәрбиелік  маңызы  туралы  пікір  айтқандар 

К.А.Покровский,  А.И.Ивановский,  Н.И.Гродеков,  Е.А.Алекторов,  Ә.Диваев, 

А.Левшин,  Н.Пантусов,  Ф.Лазаревский,  П.П.Пашин,  Г.С.Запряжский, 

А.Шиле,  А.Харунзин,  А.Горячкин,  П.Ходыров,  Е.Букин,  О.Әлжанов,  т.б. 

болды. Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте 

бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға 

бөліп топтастырған. 

Ә.Диваев  «Игры  киргизских  детей»  атты  еңбегінде  тарихта  алғаш  рет 

қазақтың  ұлттық  ойындарын  үш  топқа  бөліп  қарастырады. Кезінде  ұлттық 

ойындарды  зерттеген  авторлар  қатарында  М.Тәнекеев,  Б.Төтенаев, 

М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев,  т.б.  есімдерін  атауға  болады.  Кеңес  Одағы 

кезіндегі  ұлттық  ойындардың   маңызы  мен  қажеттілігін  көрегендікпен 

қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) 

атты  еңбегінде  қазақ  ойындарын  бірнеше  топқа  бөліп,  ойын  шарттарын 

жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.  

ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық 

ойындарын былайша жіктейді: 

1. Жалпы ойындар; 

2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар; 

3. Ашық алаңқайдағы ойындар; 

4. Қыс мезгіліндегі ойындар; 

5. Демалыс ойындары

6. Ат үстіндегі ойындар; 

7. Аттракциондық-көрініс ойындар. 

  

Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып,  



алғаш  рет  бөліп  қараған  ғалым  М.Гуннер  қазақ  ойындарына  топтамалық 

жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс 

жасайды. 

Кеңес  дәуірі   жылдарында  қазақтың  ұлттық  дәстүрлі  халық  ойындары 

күн  тәртібіндегі  өзекті  мәселе  болғанына  қарамастан,  сол  тоталитаризм 

кезінде  дәстүрлі  ұлттық  ойындарды  зерттеген  авторлар  қатарында 

М.Тәнекеев,  Б.Төтенаев,  М.Балғымбаев,  Ә.Бүркітбаев,  т.б.  есімдерін  атауға 

болады.  М.Тәнекеевтің  «Казахские  национальные  виды  спорта  и  игры» 

(Алматы,  1957).  Бұл  зерттеуінде  ізденуші  қазақтың  «Тоғызқұмалақ» 

ойынының ереже тәртіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын 

ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне 

тоқталып,  анықтама  беріп  жіктеп,  ғылыми  сараланған  пікірлер  айтады. 

Кеңестік  кезеңдегі  ұлттық  ойындардың  маңызы  мен  қажеттілігін 

көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» 

(Алматы,  1994)  атты  еңбегінде  дәстүрлі  қазақ  ойындарын  бірнеше  топқа 

бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын 

зерделеген. 


Е.Сағындықовтың   авторлығымен  жазылған  ғылыми  монография 

«Ұлттық  ойындарды  оқу-тәрбие  ісінде  пайдалану»  (Алматы,  1993)  деп 

аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда сабақта және 

сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  қолдану  әдістері  анықталып,  оқу 

үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді.  

Ә.Бүркітбаевтың  авторлығымен  1985  жылы  жазылған  «Спорттық 

ұлттық  ойын  түрлері  және  оның  тәрбиелік  мәні»  жинағында  ұлт  спорты 

түрлері  мен  ұлттық  спорт  ойындарының   балалардың  күнделікті  өміріндегі 

алатын  орны,  тәрбиелік  маңызы  және  ат  спорты  мен  ұлттық  ойындардың 

ережесі  қарастырылса,  М.Балғымбаевтың  «Қазақтың  ұлттық  спорт  ойыны 

түрлері»  (Алматы,  1985)  атты  еңбегіндегі  ат  спортына  қатысты  бәйгені 

бастап  жорға  жарыс,  аударыспақ,  жамбы  ату,  аламан  бәйге,  т.б.  жарыс 

түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады.  

 

А.Құралбекұлы  мен  С.Әкімбайұлы  жалпы  білім  беретін  қазақ 



мектептерінің  дене  шынықтыру  жүйесінде  қазақ  этнопедагогикасы 

материалдарына,  оның  ішінде  халық  шығармашылығы  мен  ұлттық 

ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне 

сүйене  отырып  талдау  жасаса,  А.Айтпаеваның  ғылыми  еңбегінде  орыс 

тілінде  оқытатын  мектептердің  бастауыш  сынып  оқушыларын  тәрбиелеу 

құралы  ретінде  қазақ  халқының  ойындарын  пайдаланудың  теориялық-

әдістемелік 

негіздері 

жасалып, 

олардың 


тәрбиелік 

мүмкіндіктері 

айқындалған. 

 

Қорыта келгенде, қазақтың ұлттық ойындары Әуезовтың Абай жолында 



ерекше түсіндіріліп, анықталғанына көз жеткізілді. Сонымен қатар, мыршым, 

серекқұлақ,  белбеусоқ,  ат  шабыс,  көкпар,  серке  тарту,  теңге  алу,  балуан 

күрестіру,  ақсүйек,  орамал  тастау,  хан  жақсы  ма,  ләппай  тутәлә, 

тоғызқұмалақ.  Мақаламызда  ұлттық  ойын  атауларын  қарастырамыз,  онда 

негізінен  атаулардың  білдіретін  семантикалық  мағына-мәнін  ғана  атап 

көрсеттік.  Ал  ойын  атауларына  этимологиялық  талдау  жасау  болашақтағы 

жұмыстардың үлесіне қалдырылды. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Қайдар Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері // Алматы: Ана тілі, 1998  475б. 



2.

 

Әуезов  М. «Абай жолы» роман-эпопеясы І том. Алматы: «Жазушы» 2013.- 



238-274-318 беттер. 

3.

 



Жұмабаев М. http://anatili.kazgazeta.kz/  

4.

 



Әуезов М. http://www.alimsak.kz/  

5.

 



 

Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» 

баспасы, 1991 жыл .—176 б. 

Резюме 

 

В  статье  рассматриваются  семантические  основы  и  названия  



национальных  игр  казахского  народа  по  материалам  роман-эпопеи  «Путь 

Абая» М.Ауэзова. 



Summary 

The  article  examines  the  semantic  framework  and  national  titles  of  Kazakh 



nation game based on the epic novel "Abai's Way" M.Auezov.

 

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
publications -> Мәдениеттану мамандығы 2 курс PhD докторанты
publications -> Әож 551. 56 1 Қожахмет-Яссауи С., 2
publications -> Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы
publications -> МАҒжан поэзиясы және ел мүддесі
publications -> Проблемы языкознания
publications -> Аширова Анар Тишибайқызы, Қарабаева Ханшайым Əбдуталипқызы
publications -> «Құндылық-бағдарлы білім беру идеясын жүзеге асыру: мәселелер, ізденістер, шешімдер»
publications -> Кəсіби тіл жəне оны оқытудың инновациялық тəсілдері


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет