ҚазақТЫҢ топонимикалық АҢыздары



бет1/6
Дата28.10.2022
өлшемі39,95 Kb.
#45975
  1   2   3   4   5   6

БАҒДАРЛАМА
Гимназия компонентінің үйірмесі

ҚАЗАҚТЫҢ ТОПОНИМИКАЛЫҚ АҢЫЗДАРЫ


6-сынып оқушыларына арналған (аптасына – 1 сағат, барлығы – 36 сағат)

Түсініктеме хат мазмұны


Қазақ халқының тарихы өте терең. Әрбір жер, тау-тас, өзен-көл атауларының барлығы да бізді ескі күндерге жетелейді. Осыларды жинақтап оқушыларға, жас буынға таныту мәселесі кенжелеп қалғандай көрінеді. Сондықтан да еліміздің ежелгі тарихын, бай әдеби мұраларын оқушыларға таныту мақсатында осы бағдарламаны жаздық. Мұндай тақырыптағы курстар болмағандықтан, сұраныс бар деген ойдамыз. Ұзақ жылдар бойғы толғанысым «Қазақтың топонимикалық аныздары» атты курсты әзірлеуге итермеледі. Бағдарламаны құрастыру үшін әртүрлі тақырыптағы аңыз- әңгімелерді жинақтадық. Оларды ортақ тақырыптарына қарай бөлімдерге бөліп, түрлі оқыту әдістерін қамти отырып, курс бағдарламасын әзірледік. Қолымыздағы ресурстар жеткілікті деп есептейміз. Курс қазақ әдебиеті пәнінің оқу мақсаттарына сай жаңартылған білім мазмұны бойынша дайындалды. Әр тақырып арқылы оқушы білім жеңілден ауырға, күрделіге қарай спиральды қағидат бойынша жетіліп отырады. Іздену, талдау тапсырмалары баланың шығармашылық қабілетін дамытады. Бағдарлама әдебиетіміздегі халық ауыз әдебиетін қарастыра отырып, соның негізінде әу баста дәлдікке негізделген географиялық атаулардың шығу тегін сипаттайтын халық ауыз әдебиетінің жанры топономикалық аңыздарды тереңірек оқытуды көздейді.Аталған бағдарлама Қазақстан тарихы пәнімен кіріктіре отырып дайындалды.Сондай-ақ география, қазақ тілі пәндерімен де байланысты болды. Курс бағдарламасы 5-8- сынып оқушыларының тарихпен байланысты әдеби мұраны терең білуге жол ашады. Бағдарлама «Мәңгілік Ел» құндылықтары мен басшылыққа ала отырып жазылған.
Курстың базалық білімнен ерекшелігі – арнайы танымдық білімнің болуында. Бұл тақырыптар әр пәнде бір аталып өтілсе, аталған бағдарламада белгілі бір жүйемен жинақталып жазылды. Бұл оқыту курсының бағдарламасы «Қазақтың топономикалық аңыздары» деп аталды. Бұл курста Ұлы Даланың бай ауызекі шығармашылығындағы аңыздары мен көне әңгімелері жинақталған. Осы ежелгі қазақ аңыздары мен ауыздан-ауызға айтылып сақталған әңгімелері біздің бағзы заманымызда өмір сүрген бабаларымыздың рухани өмірінің айнасы болып табылады. Курсты 5-8-сынып оқушыларына арнау себебіміз: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты болып отыр. Аңыз-әңгіме қашанда адамзаттың рухани кемелденуіне зор ықпал етеді. Негізгі міндетті шешумен қатар Қазақстан тарихын бейіналды курсында оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және дінтану пәніне алғашқы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Қазақстан тарихына деген бейімділігін анықтауға және Қазақстан тарихымен жене дінтанумен байланысы бар мамандықтарға бағыттауды көздейді. Осындай мақсатта «Қазақтың топономикалық аңыздары» атты бағдарламаны жасауды жөн көрдік. Қазіргі жас буын өзінің ана тілінде де дұрыс сөйлемеуі көңілге қаяу салары анық. Оларға өздерінің ата-бабасынан қалған ұлан-ғайыр жердің тарихын танытып, түсіндіре білсек, олардың бойларындағы ұлтжандылық қасиеттері оянуына ықпал ете аламыз. Курстың өзектілігі осы жерден анық байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет