«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік этика кодексі талаптарының орындалуы туралы есеп «Қазатомөнеркəсіп»



жүктеу 106.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата31.03.2017
өлшемі106.83 Kb.

 

«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік этика кодексі 

талаптарының орындалуы туралы есеп 

 

«Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ (бұдан əрі – Қоғам) персоналмен жұмыс 



істеу  саласындағы  басты  басымдықтарының  бірі  принциптер  мен 

құндылықтарға  негізделген  корпоративтік  мəдениетті  күшейту  мен  дамыту 

болып  табылады.  Осыған  байланысты  Қоғамда 2009 жылдан  бастап  Қоғам 

Корпоративтік  этикасының  кодексі  (бұдан  əрі – Кодекс)  əзірленді  жəне 

қабылданды. 2011 жылы ол корпоративтік басқару саласындағы əлемдік озық 

тəжірибеге сүйеніп, актуальдандырылды жəне Қоғам Директорлар кеңесінің 

2011 жылғы 7 желтоқсандағы №10/11 шешімімен бекітілді. 

Кодекс  Қоғамның  барлық  бөлімшелеріндегі  корпоративтік  мəдениеттің 

деңгейін арттыруға бағытталған. Мұның сыртында, құжатта қызметкерлердің 

əртүрлі  жағдайдағы  мінез-құлық  ережелері  мен  нормалары,  сондай-ақ 

Қоғамның меншігі мен ресурстарын тиімді пайдалану, мүдделер қақтығысын 

болдырмау  бойынша  ұсынымдар  қамтылған.  Кодекс  ережелері  Қоғамның 

барлық  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлеріне  қолданылады  жəне  оны 

орындау міндетті болып саналады. 

 

КОРПОРАТИВТІК ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ



 

 

Қоғам  өз  қызметінде  корпоративтік  этиканың  мынадай  принциптерін 



басшылыққа алады: 

 



объективтілік; 

 



ашықтық; 

 



жауаптылық; 

 



патриотизм; 

 



мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу; 

 



қоршаған ортаны қорғау принципі; 

 



еңбек жағдайының қауіпсіздік принципі; 

 



сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа жан-жақты қарсы тұру; 

 



корпоративтік шиеленістер мен мүдделер қақтығыстарының алдын алу 

жəне реттеу принципі. 

Қоғамның  негіздемелік  корпоративтік  құндылықтары:  Қоғамның 

лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлерінің  адалдығы,  құзыреттілігі  мен 

кəсібилігі, олардың өз міндеттерін орындау тиімділігі, бір-біріне көмегі, бір-

біріне, мүдделі тұлғаларға жəне тұтастай алғанда қоғамға деген құрмет сезімі 

болып табылады. 

  

ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР 



 

Қоғамда  қабылданатын  инвестициялық  шешімдердің  критерилерінде 

тек  қана  экономикалық  көрсеткіштер  емес,  сонымен  бірге  əлеуметтік, 


экологиялық  көрсеткіштер  мен  корпоративтік  басқарудың  принциптері  де 

назарға алынады.  

Қоғамның 

лауазымды 

тұлғалары 

мен 


қызметкерлері 

құпия 


ақпараттардан  құралған  деректермен,  оның  ішінде  дербес  деректермен 

жұмыс  істеген  кезде,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына,  Қоғамның 

ішкі  құжаттарына  сəйкес,  айрықша  жауаптылық  дəрежесін  арқалайды  жəне 

мұндай ақпаратты қорғау үшін барлық қажетті шараларды қолданады. 

Қоғам  өз  қызметінде  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен 

қызметкерлерінің  жеке  мүдделері  мен  кəсіби  міндеттерінің  арасындағы 

шиеленістерге  жол  бермеуге  ұмтылады.  Қоғамның  барлық  қызметкерлері 

мүдделер  қақтығыстарынан  ада,  ашық,  осы  заманға  лайық  жəне  барабар 

шешімдер қабылдауға жауап береді. 

 

Қоғамда артықшылыққа жету жолындағы кез келген төлемдерге тыйым 



салынған. 

Қоғамның  өнім  берушілермен  өзара  қарым-қатынастары  заңдылық, 

адалдық, тиімділік пен бəсекелестік принципіне негізделген. 

Қоғам 


бəсекелестікке 

кедергі 


болатын 

келісімдер 

немесе 

уағдаластықтар  жасаспайды,  жəне  нарықтағы  бəсекелестік  туралы 



қолданыстағы заңнаманы сақтайды. 

Қоғам  еңбек  тəртібін  сақтайды  жəне  өз  қызметкерлеріне  жайлы 

жағдайлар  жасайды.  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасының  нормаларын  Жəне 

Қоғамның еңбек тəртібі қағидаларын ұстанады. 

Қауіпсіздік,  еңбекті  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау  Қоғам  қызметінің 

басты принциптері болып табылады. Қоғам өз қызметкерлерін қауіпсіз еңбек 

жағдайымен  қамтамасыз  етеді  жəне  қызметтің  осы  саладағы  заңнама 

талаптарына  сəйкестігін  қамтамасыз  етеді.  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары 

мен  қызметкерлері  қауіпсіздік  техникасы  жəне  еңбекті  қорғау  саласындағы 

стандарттар мен қағидаларды сақтайды. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  Қоғамның 

өздеріне  сеніп  тапсырылған  мүлкінің  сақталуын  жəне  оның  мақсатқа  сай 

тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 

 

ӨЗАРА ІСКЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР 



 

Қоғамның  Жалғыз  акционерінің  құқығын  қорғау  жəне  сақтау  негізгі 

басымдықтардың  бірі  болып  табылады.  Жалғыз  акционермен  өзара 

қатынастар  жүйесі,  Қазақстан  Республикасы  заңнамасынның  талаптарына, 

Қоғамның  Жарғысына  жəне  ішкі  құжаттарына,  сондай-ақ  Қоғамның 

Корпоративтік  басқару  кодексінің  ережелеріне  сəйкес,  ашықтық,  есептілік 

жəне жауаптылық принциптеріне негізделген. 

Қоғамның  мемлекеттік  органдармен  өзара  іс-қимылы,  тараптардың 

тəуелсіздігі  негізінде,  мейлі  мемлекеттік  органдар  тарабынан,  мейлі 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  тарабынан  болсын, 

сыбайлас  жемқорлықты    жəне  басқа  құқыққа  қарсы  əрекеттерді  болдырмау 


принципін  сақтай  отырып,  Қазақстан  Республикасы  заңнамасынның 

талаптарына,  Қоғамның  Жарғысына  жəне  ішкі  құжаттарына,  сондай-ақ 

Қоғамның  Корпоративтік  басқару  кодексінің  ережелеріне  сəйкес  жүзеге 

асырылады. 

Қоғам  инвесторлармен  жəне  іскери  серіктестермен  заңдылық, 

тиімділік,  əділдік,  өзара  пайдалылық,  ақпараттық  ашықтық,  өзінің  алған 

міндеттемелеріне  жауаптылық,  шарт  талаптарын  қатаң  сақтау  принциптерін 

ұстана отырып өзара бірлікте жұмыс істейді.  

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  қажет  болған 

жағдайлардың  барлығында  Қоғамның  іскерлік  мүдделерін  тиісінше 

қорғайды, өзінің жұмысқа деген көзқарасымен жəне мінез-құлқымен ұжымда 

орнықты жəне оңтайлы жағдай жасауға ықпал етеді.  

 

ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ 



 

Қоғамдағы ішкі шиеленістерді, сондай-ақ клиенттер мен басқа мүдделі 

тараптардың өзара əрекеттерінін туындайтын сыртқы дауларды реттеу үшін 

2011 жылы Омбудсмен институты құрылды. Қоғам қызметкерлері үшін бұл 

институт  тексерулер  жүргізу  бойынша  шара  қолдануға  жəне  шиеленісті 

реттеу бойынша тиісті лауазымды тұлғаға  ұсынымдар беруге өкілеттілігі бар 

тəуелсіз,  бейтарап  тұлғаға    арыз-шағымдар,  өтініштер,  ұсыныстар  түсіруге 

мүмкіндік  береді.  Мүдделі  тұлғалар  ішкі  құжатпен  белгіленген  тəртіпке 

сəйкес, өзінің тікелей басшысына, Омбудсменге немесе сенім телефоны жəне 

электрондық  пошта  арқылы  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен 

қызметкерлерінің  заңсыз  жəне  əдепсіз  əрекеттері  туралы,  оның  ішінде  аты-

жөнін  көрсетпей-ақ,  хабарлай  алады.  Жəне  осылай  хабарлаған  жағдайда 

олардың құқықтарына нұқсан келтірілмеуге тиісті. 

Есептік  кезеңде  омбудсменге  Кодекстің  сақталмауы  туралы 

қызметкерлерден шағым түскен жоқ.  

 

Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекспен таныс, 



корпоративтік  этика  принциптері  мен  Кодексте  белгіленген  мінез-құлық 

қағидаттарын  адал  ұстанады.  Корпоративтік  этика  принциптері  мен  мінез-

құлық  қағидаттарын  адал  ұстайтындығы  туралы  Қоғамның  лауазымды 

тұлғалары  мен  қызметкерлері  растап  қол  қойған  құжат  Қоғамның  əрбір 

қызметкерінің жеке іс қағазында сақтаулы тұр. 

2015  жылы  Қоғамда  əрбір  қызметкерді  тестілеу  арқылы  оның 

Корпоративтік  этика  кодексін  білуіне  тексеру  жүргізілді.  Оның 

қорытындысы  бойынша  Қоғам  қызметкерлерінің  Кодекс  ережелерін  білу 

деңгейі жоғару болды (орташа балы – 9,8). 

Осы  Кодексте  бекітілген  корпоративтік  этика  мен  мінез-құлық 

принциптерін  Қоғам  қызметкерлерінің  жоғары  кəсіби  мəдениетімен 

үйлесімдікте 

сақтау, 

Қоғамның 

ҚР 

қолданыстағы 



заңнамасының 

нормаларына  сəйкес  болуы  Қоғамның  қатысушылары,  клиенттері,  іскери 



серіктестері мен қызметкерлері үшін де өте пайдалы.    

Каталог: sites -> default -> files -> corpfiles
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
corpfiles -> Біріктірілген жылдық есеп


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет