Азаттық таңын аңСАҒан алаш арысы



Pdf көрінісі
бет1/21
Дата25.01.2023
өлшемі1,77 Mb.
#62968
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Әл-Фараби кітапханасы 
АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСЫ



АЗАТТЫҚ ТАҢЫН АҢСАҒАН АЛАШ АРЫСЫ 
Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам 
баласы қазынаға жарымайды. Ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен 
жүре ұлғаяды

Ә. Бөкейханов 
Әл-Фараби кітапханасы Ә.Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 155 жыл 
толуына орай «Азаттық таңын аңсаған Алаш арысы» атты кітапхана 
қорындағы әдебиеттерден виртуалды кітап көрмесін ұсынады.
Көрменің мақсаты: Көрнекті қазақ қоғам қайраткері, этнограф, 
публицист және «Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың 
өмірі мен шығармашылығын таныстыру. 
Көрме 2 бөлімнен тұрады. 
• Әлихан Бөкейханның еңбектері 
• Әлихан Бөкейхан туралы зерттеулер 
Әлихан Бөкейханның еңбектері 
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы 
Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. 
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан қазақ халқының азаттық жолындағы 
күресте алдаспаны болған аяулы тұлға.
Әлихан Бөкейханов XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының 
көшбасшысы болды. Ол ғалым-энциклопедист, қазақ өлкетануының негізін 
қалаушы, Қазақстан тарихы, экономикасы, этнографиясы, әдебиеті
шаруашылығы бойынша көптеген зерттеулердің авторы, даладағы ең танымал 
ұйымдастырушысы ретінде білгілі. 
«Әлихан Бөкейхан. Шығармалары – Сочинения» көптомдығы Мәдениет 
және спорт министрлігінің «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті 
жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау 
және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және 
тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет