Азимбекова Асель «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»



Дата14.03.2023
өлшемі323,63 Kb.
#74066

Азимбекова Асель
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама– қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығы (1723- 1725) салдарынан басынан кешкен ауыр қасіретін, босқыншылыққа ұшыраған кезеңін бейнелейтін ұғым. Осы жаугершілік басталардың алдында қазақ даласында ұзақ уақытқа созылған алапат жұттың экологиялық, экономикалық, саяси, әлеуметтік салдары өте ауыр болды: үш жүздің саяси-әлеуметтік байланысы әлсіреді, халықтың әл-ауқаты төмендеп, өндіріс қатынастары құлдырады. Ішкі алауыздық, билікке деген талас-тартыс қауіпті жаудың бар екендігін ұмыттырды. Ш.Уәлиханов Жоңғар қалмақтарының шапқыншылық жасап, қазақ халқын ақтабан шұбырындыға ұшыратуының бір себебін жеті жылға ұласқан жұттан азып-тозып ашыққан елдің ауыр жайымен байланысты қарастырды. Яғни жұттан жұтап шыққан жұрт ес жинай алмай жатқан кезде, Жоңғар әскерінің жеті түмен ауыр қолының анталаған басқыншылығына тап болды. Жер аздырған жұт пен жұрт тоздырған шапқыншылық қазақ елінің хал-ақуалын мүлде ойсыратып жіберді.
Жоңғар ханы Цеван Рабтан қазақ жеріне найза, садақпен емес, отты қарулар – зеңбірек, мылтық, қаруланған қолымен басып кірді. Жоңғарлар жетілген отты қару жасау, картография өнерін 1715 жылғы орыс-жоңғар соғысы кезінде біраз солдатпен бірге қолға түскен шведтік инженер офицер И.Г.Ренаттан үйренген болатын. Бұл зобалаң тұста қазақтардың жүз мыңдай қолы шығынға ұшырап, ел ұл-қыздарынан айрылып, мал-мүлкі талан- таражға түсті. Атажұрт, атақонысынан ауып, жаппай босқыншылықа ұшырады. Қазақ тарихындағы бұл ұлы басқыншылық этностың санасында өшпестей сақталып, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген тарихи фразеологизм осылай қалыптасты.

Ұлы жүз, Орта жүз қазақтарының Қаратау асып, Сырдан өтіп, Алқакөлде қырғынға ұшыраған жері «Алқакөл сұлама»; Кіші жүз қазақтарының Қаратаудан Түркістанға келіп, одан Сауранды айналып, Бұхараға бет түзеген шұбырынды көшін «Сауран айналған», ал, Орта жүздің бір бөлігі Қаратаудан Солтүстікке қарай ауған шұбырынды жолы «қайың сауғанда, ел ауғанда» деп келетін фразеологизмдерде көрініс тапты. Негізгі асы ет пен сүт болған босқын қазақтар қайыңның қабығын тіліп, шырынын ішуге, алғыр (ащы өсімдіктің тамыры), қозықұйрық (саңырауқұлақтың түрі) сияқты жеуге жарамды шөптесін өсімдіктерді талғажау етуге дейін мәжбүр болды. Бұл оқиға қазақ тарихындағы ел айырылысқан ауыр шақ қана емес, көршілес қырғыз халқы да жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырап, атақонысынан Ғиссарға ауа көшті. Осы жайтқа байланысты қалыптасқан «Қазақ қайың сауғанда, қырғыз Ғиссар ауғанда» деген тарихи фразеологизм аталмыш оқиғаның екі халықтың тағдырына үлкен ауыртпалық әкелгендігін айғақтайды. Сөйтіп, Қазақ хандығы (XV ғ.) түрінде мемлекеттілігін қалыптастырған қазақ халқына 1723-1725 жж. Елдігінен айырылып тарих бетінен мүлде жоғалып, шағын этностық топқа айналу қаупі төнді. Алайда, экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық ауыр дағдарысқа ұшырап, есеңгіреген қазақ елі етек-жеңін тез арада жинап, жаумен шайқас майданына шықты. Ар-намысы аяққа басылып, ақтабан болса да, бірақ қазақтар жағы өзінің елдігін, тұтастығын жоймайды


1 миллионга жуык казак соғысқа катысса
Жарты миллионга жуығы каза болды




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет