Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық



Дата12.05.2022
өлшемі38,67 Kb.
#34121
түріҚұрамы

Колонтитул: [Сокращенный заголовок до 50 символов]

Аралбай Жасмин

кял 21-5
Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Қазақ тілінің сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры. Негізгі сөздік қордың басты белгілері. Түркі тілдеріне ортақ сөздер. Сөз тудырудың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік жолдарын қарастыру


Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді.


Негізгі сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты болады. Қазіргі қазақ тілінің Негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, 5 ғасырдағы Талас, Орхон-Енисей ескерткіштерінде сіз, ұғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, ат, күн, т.б.; 11 ғасырдағы Ж.Баласағұн мен М.Қашқари еңбектерінде ат, қой, күн, кел, өкін, т.б. сөздер кездеседі. ә) Сөз тудыруға ұйытқы болады; сөздік құрамның дамуына байланысты Негізгі сөздік қор да өзгеріске ұшырайды. Негізгі сөздік қордағы бір буынды түбірлерден көптеген туынды сөздер жасалады. Туынды сөздер жаңа сөз тудыра алғанымен, Негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. б) Жалпыхалықтық сипаты; Негізгі сөздік қорға енетін сөздер бүкіл халыққа түсінікті және үнемі қолданыста болып, баршаға ортақ қызмет атқарады.

Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамынан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.

1. Негізгі сөздік қорға тән басты белгі — тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Ү ғасырдан қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, уш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның дамуы барысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің негізгі сөздік қор — тарихи дамып отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда келтірілген мысалдарды қараңыз).

2. Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ, күншығыс, күнбатыс, күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жер- төле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, жер үй, жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарғыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндік; жи сөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, жинақтылық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.

3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі — оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.

4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.
Тіл қогамдық қүбылыс болғандықтан, оның даму тарихи сол( тілді иеленушілердің тарихымен тығыз байланысты. Алуаң түр-тт лі халықтар бір-бірімен өзара қарым-қатынаста өмір сүреді( Түрік тілдері ежелден көршілес отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Бұл халықтардың өмір сүрген мекен жайы, қонысы ғана іргелес болып қоймаған, бұлардың тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, мәдени өмірі көбінесе ортақ болып келіді. Сонымен қатар бұл халықтар генетикалық байланысы бар, өз ара туыс, әрі тектес туркі тілдерінде сөйлейді. Қазақ тілінің төл сөзіне не-гізінен сонау көне заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып, атадан балаға ешпес мұра болып, бірден-бірге үзілмей келе жатқан байырғы жасамалы сөздер жатады., Қазак тілінің негізгі сөздік қорындағы байыргы сөздері шыгу төркіні жағынан карағанда, осы тілдерге еншілес сөздер болып келеді. Бұл қазақ әуелі халық, одан үлт болып құралып, түрік тілдерінен өз алдына жеке бөлінбей тұрын пайда болған. Сондықтан олар түрік тілдеріне ортақ сөздер. я болмаса, жалпы түріктік деп аталады.
Сөз тудыру тәсілдерінің бастылары мыналар:
1. Сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі. Сөздің мағыналық жақтан дамуы барысында көп мағыналары бір-бірінен алшақтап, бара-бара олардың арасындағы семантикалық байланыс үзіледі де, мағыналары басқа-басқа сөздер (омонимдер) жасалады. Сөз тудырудың бұл тәсілі лексика-семантикалық тәсіл деп аталады. Сөз тудырудың бұл тәсілі тіл-тілдің барлығында кездеседі. Семантикалық тәсіл арқылы туынды жаңа сөздердің жасалуына көп уақыт керек, бұл – өте баяу болатын құбылыс.

2. Сөз тудырудың морфологиялық тәсілі. Туынды сөздер түбір морфемаға (немесе негізге) аффикстік морфемалардың жалғануы арқылы жасалады да, сөз тудырудың бұл тәсілі морфологиялық тәсіл деп аталады. Морфологиялық тәсіл өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді. Түркі тілдерінде аффикстік деп аталатын түрі сөз тудыруда өнімді тәсіл болып саналады.

3. Сөз тудырудың синтаксистік тәсілі арқылы күрделі-біріккен сөздер, күрделі-құрама сөздер, күрделі-қос сөздер жасалады

Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөз мағынасының өзгеруіне ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөз мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналараымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланысты жұмсалады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет