Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі



Дата08.11.2022
өлшемі2,63 Mb.
#48622

Қазіргі философиядағы адам мәселесін талдау тәжірибесі


Адам философиялық талдаудың объектісі ретінде: Шығыс дәуірінен қазіргі заманға дейін.
Адам туралы алғашқы идеялар философия пайда болғаннан көп уақыт бұрын айтыла бастады. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейін жеткен мифтер мен алғашқы қауымдық діни түсініктер мәлімет береді. Аңыздарда, әпсаналарда, мифтерде табиғаттың, оның болмысының мақсаты мен мәні қарастырыла бастайды.Адам туралы алғашқы ілімдер ежелгі Шығыс мемлекеттерінде пайда болды.
Ежелгі Үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады.
Ежелгі Қытай философиясы да адам туралы өзіндік ілім қалыптастырды. Оның ең көрнекті өкілдерінің бірі Конфуций болып табылады. Конфуций өз ілімінің түп қазығы ретінде «адамсүйгіштік» (жэнь) мәселесін алды. Оның түсінуінше, адам басқа адамдарды өзіндей жақсы көру керек, сыйлауы керек ешкімнің алдын кесіп өтпеуі керек дейді.
Ежелгі грек философияның құрушылардың бірі – Демокрит. Демокрит бойынша, адам – табиғаттың бөлігі, табиғат сияқты ол да атомдардан тұрады. Адамның жаны да атомдардан құралады.
Адамның ой-сезімін, мінез-құлқын тәрбиелеп, жетілдіру арқылы бақыт жолына салу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған орта ғасырдағы Шығыстың ойшыл философы, біздің әйгілі жерлесіміз әл-Фараби болды. Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт – әр адамның көздейтін мақсаты.
Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм - философиялық дүниетанымның даму кезеңдері
Философия өз дамуында үш кезеңнен өтті: космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм - бұл әлемді түсіндіру үшін ғаламның шексіз сыртқы күштерін қолданатын идеяларды тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үндістанда, Қытайда және Ежелгі Грецияда кең таралған).
Теоцентризм - бұл бүкіл тіршілікті жоғарғы жаратушы күш, Құдай (ортағасырлық еуропалық философияға тән ерекшелік) арқылы түсіндіру.
Антропоцентризм - бұл адам негізгі мәселе болатын философиялық көзқарас (бұл Ренессанс, қазіргі және қазіргі заманғы философиялық мектептерде қарастырылады).
Философияның пайда болуы әлемді ғылыми түсіну аясында адамзаттың білімі мен санасының елеулі дамуына байланысты дүниеге келді.
Адамзат өз бетінше емес жеке, нақты адамдар арқылы көрінеді.
Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі «индивид» ұғымы арқылы
айқындалады. Абай философиясындағы адам мәселесі
Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне
заманнан белгілі. Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған
іргелі тақырып. Ертедегі ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі
атқаратын қызметі мен алатын орны жайлы ой-толғауларына тоқталып
көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі-адам» деген
қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды
білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді
философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан
құтқаруды мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның
баласы болма, адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам
мәселесі және оның тарихи дамуы, философиялық тұжырымдар мен
толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай қалдырған емес. Адамды
философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан түсініктер,
идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология
арасындағы сұхбат нәтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те,
даналық ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани әлеміне жақындай
береміз. Хәкім Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс
тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Даралық — түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет