Қазіргі кезде жылуэнергетикасы проблемалары өзектілігімен ғана емес, сондай-ақшешімдерінің өтеқиындығына байланысты жалпы әлемде назар аударарлық ерекше орын алады



бет2/6
Дата26.10.2022
өлшемі32.3 Kb.
#45376
1   2   3   4   5   6
1 Сипаттау бөлімі
1.1 Ақтөбе ЖЭО-ның жалпы сипаттамасы
Ақтөбе ЖЭО құрылысы 1941 жылдың басында басталды. Ол Берчогур кен орнындағы қоңыр көмірінде жұмыс істеп, Ақтөбе қаласының ферроқорытпа зауытын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етті.
1942 жылы 18 қаңтардан бастап, станция өнеркәсіптік ток берді, ал 20 қаңтардан Ақтөбе ферроқорытпаларының алғашқы өнімі алынды. 1945 жылы ЖЭО-ның қуаты 50 МВт-ты құрады.
1960 жылдың желтоқсанында ЖЭО цех құқығында Ақтөбе ферро қорытпа зауыты жаңадан құрылған Энергобасқармасының теңгеріміне берілді, оның құрамында кейіннен 1963 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеп, содан соң, Қазақ КСР Энергетика министрлігі құрамына көшті. Осы уақытқа дейін 7 бу қазандығы және белгіленген қуаты 100 МВт 4 турбогенератор жұмыс істеді.
1962-1966 жылдар аралығында станцияға50 МВт электр қуаты және 9 МПа жұмыс қысымы бар 2 турбина, 4 бу қазандығы пайдалануға берілді.
1967 жылы ЖЭО іске қосу кезінде және 50-інші жылдары орнатылған жабдықтар, бу құбырлары ескіріп, толығымен істен шығып қалды. Қазандықтар мен турбиналар 1936-1937 жылдары шығарылғандықтан, орташа қысымды жабдықтардың жұмыс істеу сенімділігінің төмендеуі басталды. ЖЭО-ға келетін бастапқы судың қолданыстағы жоғары қаттылығы кезінде жоғары қысымды қазандықтарды өз бетінше пайдалану мүмкін емес.
Энергетикалық жабдықты жаңартусыз ЖЭО-на 1987 жылға дейін жұмыс жасап, істен шығып, №6 блогында турбинаны жаңасына ауыстырды.
1991-1992 жылдар аралығында №1, №2 блоктарындағы турбоагрегатының қондырғылары жаңаларына ауыстырылды, ал 1994 жылы №5 блогының турбоагрегаты жаңартылды және №4 блогының турбоагрегаты бөлшектелді (демонтаж жасалынды). Осының барлығы ЖЭО-ның белгіленген қуатын 73 МВт-қа дейін төмендетуге алып келді.
1980-1995 жылдар аралығында ЖЭО-да 6 су жылыту қазандығы (ПТВМ-100 сондай-ақ,5 КВГМ-100), химиялық су тазарту және аккумулятор бактары пайдалануға берілді, мазутты шаруашылық кеңейтілді, жылулық желілері анағұрлым дамыды. Сонымен, Ақтөбе қаласы өнеркәсібі және халқын жылумен жабдықтау сенімділігін арттыра отырып, ЖЭО жыл бойы белгіленген қуатты тұрақты генерациялау мүмкіндігін жоғалтты.
2002 жылы 24 желтоқсанда генераторы желіге қосылған №4 блогының турбоагрегаты Ақтөбе ЖЭО-на пайдалануға берілуімен ЖЭО белгіленген электр қуаты 1 сағатына 73 МВт-тан 102 МВт-қа дейін артты.
2005 жылғы мамырда, 1998 жылдан бері пайдаланылмай келе жатқан №1 блогы ПТВМ-100 су жылыту қазандығы есептен шығарылды және пайдаланудан шығарылды, ЖЭО орнатылған жылу қуаты 1139 Гкал-ды құрады.
1.1.1 Турбина цехы

Ағымдағы жөндеу және капиталжұмыстарынан кейінтурбоагрегаттар мен қосалқы жабдықтар (конденсатор, конденсатты насостар, атмосфералық деаэраторлар, жоғары қысымды қыздырғыштар, қоректік насостар, желілі жылытқыштар, бойлерлар, басұада қосалқынасостар) жақсы жұмыс жасап тұр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет