Қазіргі оқыту технологияларының негіздері



жүктеу 0.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата30.01.2017
өлшемі0.7 Mb.
  1   2   3   4   5

                                  Қазіргі оқыту технологияларының негіздері. 

Қазіргі  білім  беру  технологиялары  бойынша  жүйелі  білімдерді  меңгеру,  оқу  процесінде 

жаңа  технологияларды  қолдануға  оқыту  және  болашақ  педагогтың  кәсіби-тұлғалық 

қасиеттері  мен  қабілеттерін  дамыту,  мемлекетімізде  жүргізіліп  жатқан  білім  беру 

реформасының  мақсаттары  мен  талаптарын  жүзеге  асыру  жаңа  технологиялардың 

құзырына жатады. 

     «Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынын 

кездестіреміз.  Қолданылатын  ұғымдарды  ажырату  мақсатында  келесідей  негізгі 

ұғымдарды  қарастырамыз,  олар:  техника,  технология,  педагогикалық  технология,  оқыту 

технологиясы, білім беру технологиясы т.б. 

     Жалпы «технология» деген ұғым гректің techne-ӛнер, кәсіп, шеберлік, ал logos-ғылым, 

ілім  деген  сӛздерден  құралған,  сонда  оның  қазақша  мағынасы  шеберлік  туралы  ілім 

дегенді білдіреді. 

     Жалпы  педагогика  оқулығы  бойынша  «технология  –материалды  ӛңдеу  процесінің 

жиынтығы»  немесе    «материалды  ӛңдеу  тәсілдері  туралы  білім  жиынтығы».  Мағынасы 

бойынша  технология- түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсіл. 

  Технология-  тәртіп  бойынша  реттеліп  жоспарланған  іс-әрекет,  процесс  және 

педагогикалық  тәсілдердің  жиынтығы  түрінде  берілген  педагогикалық  жүйе  болып 

табылады. 

    Қазіргі заманғы    педагогикалық  технологиялардың  шет  елдегі  авторлары-  Дж.  Кэролл, 

Б.Блум,  Г.Гейс  және  т.б.  Ал  білімге  қатысты  технологиялық  бағытты  жүзеге  асырумен 

айналысқан 

ресейлік 

авторлар- 

П.Я.Гальперина, 

А.Г.Ривина, 

Ю.К.Бабанский, 

В.П.Беспалько және т.б. 

   Қазақстандық 

ғалымдардың  Ж.А.  Қараев,  Г.М.Құсайынов,  М.М.Жанпейісова, 

Қ.Ж.Қожахметова, 

С.А.Ұзақбаева, 

Н.Оразақынова 

және 


басқа 

ғалымдардың 

зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылуда. 

     Оқытуды  технологияландыру  бағытындағы  алғашқы  қадам  1940-50  жылдар 

аралығында оқыту процесінде техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды білдіреді. 

Оқытуды  технологияландыру  бағытындағы  екінші  қадам  кӛбіне  зерттеушілер 

педагогикалық  технологияны енгізуді  және оны жалпы ӛңдеу  мәселелерін ХХ ғасырдың 

50-60  жылдарына  жатқызады,  сонымен  қатар  ең  алдымен  америкалық,  ал  кейінгі 

европалық  мектептерде  оқытуды  құруда  технологиялық  ыңғайдың  пайда  болуымен 

байланыстырылады. 

Технологияландырудың  үшінші  қадамы  ең  басында  –  педагогикалық  технологияларды 

оқу процесін технологияландыру ретінде түсінді; оның басты бағыты және қаланған негізі 

–  бағдарламалық  оқыту  болды.  Ол  70-жылдардың  аяғы  мен  80-жылдың  басында 

техникалық  құралдар  мен  бағдарламалық  оқытумен  қатар  педагогикалық  технология 

оқушылардың  оқу  процесі  үстінде  танымдық  іс-әрекетті  басқару  теориясын  және 

педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру жолдарын қарастырады. 

Оқытуды  технологияландыру  бағытындағы  тӛртінші  кезең  80-жылдардан  бастап 

оқытудың ақпараттық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарастырылады. 

     Педагогикалық  процесті  технологияландырудың  негізгі  белгілері:  жалпы  білім  беру 

жүйесіндегі  «білім  беру  ӛндірісін»  үйлестіру,  стандарттау;  шығармашылық  процесті 

ұйымдастырудың неғұрлым жоғары деңгейіне кӛтеру; ұйымдастыру сатысының негізінде 

және арнайы технологияларға сәйкес  білім беру жүйесін тәртіпке келтіру. 

     Бүгінгі  күні  педагогикада    технология  ұғымының  келесі  түсіндірмелерін  кездестіруге 

болады: 


 

Оқытуды  ұйымдастырудың  әдістері  мен  тәсілдері  немесе  формасы  ұғымдарының 



синонимі ретінде қолданылады; 

 



Нақты  бір  педагогикалық  жүйенің  синонимі  (оқытудың  дәстүрлі  технологиясы, 

мектепке және т.б. арналған В.В.Давыдов, Д.Б.Элбконин жүйесі); 



 

Берілген қасиеттері бойынша азық алуға мүмкіндік беретін әдістер және процестер 



тізбектілігі мен олардың жиынтығы ретінде қарастырылады. 

    Педагогикалық  технология  дамуының  негізгі  белгілері  «білім  берудегі  технологиялар» 

түсінігінен «оқыту технологияларына» ауысуы, ал кейіннен «педагогикалық технология» 

терминдерінің  ӛзгеруі  болып  табылады.  Осы  терминдер  мазмұнының  ӛзгеруі  үш  кезеңді 

қамтиды: 

 



50  жылдардың  басы,  ол  мектептерде  әр  түрлі  техникалық  құралдардың  пайда 

болуымен сипатталады; 

 

50-60  жылдар,  оқыту  процесіне  технологиялық  жағынан  қараумен  сипатталады. 



«Оқыту технологиялары» түсінігін педагогикалық процесті жоспарланған нәтижеге 

алып  келетін,  ғылыми  сипаттау  (құралдар  мен  әдістер  жиынтығы)  ретінде  ұғына 

бастады; 

 



70-жылдар,  ол  педагогикалық  базасының  кеңеюімен  сипатталады.  Осы  кездегі 

педагогикалық  технологияның  негізін  информатика,  телекоммуникация  теориясы, 

жүйелі  талдау  мен  педагогикалық  ғылымдар  (оқыту  технологиясы,  танымдық  іс-

әрекетін  басқару  теориясы,  педагогикалық  еңбекті  ғылыми  ұйымдастыру,  оқыту 

процесін  белсендіру)  құрды.  Осы  процестің  негізгі  бір  ерекшелігі-  компьютермен 

жабдықталған  және  жаңа  дисплей  кластарының  пайда  болуы,  педагогикалық 

бағдарлама  құралдары  санының  ӛсуі  мен  олардың  сапасы,  интерактивті  бейне 

жүйесін қолдану болды. 

  Педагогикалық 

технологиялардың  мән-мағынсын  ашу  үшін  «білім  беру 

технологиясы»,  «педагогикалық  технология»,  «оқыту  технологиясы»,  «жаңа 

ақпараттық технологиялар» сияқты ұғымдарды қарастыру қажет. 

      Білім 

беру  технологиясы-  білім  беру  стандартында  және  мемлекеттік 

бағдарламаларда  ұсынылған  білім  беру  әрекетін  жүйелі  ұйымдастырудың  тәсілін, 

оның  жалпы  мақсаттық  және  мазмұндық  бағыттарын,  ұйымдастыру  құрылымы  мен 

формасын  түсіндіреді,  ортақ  білім  беру  кеңістігіндегі  дамудың  жалпы  стратегиясы. 

Білім  беру  технологиясының  мақсаты-педагогикалық  жүйені  жетілдіру  болып 

табылады. 



      Оқыту технологиясы- педагогикалық технология түсінігіне жақын, яғни ол белгілі 

бір пән шеңберінде педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, нақты оқу 

материалын меңгеру жолын бейнелейді. Сонымен қатар оқыту технологиясы қойылған 

мақсатты  қамтамасыз  етуде  оқыту  әдістерін,  құралдарын,  формалар  жүйесін 

қарастырады. Оқыту технологиялары аумағын зерттеп, оның нәтижелерін талдай келе 

педагогика  ғылымдарының  докторы  В.В.Гузеев  негізгі  тӛрт  идеяны  белгіледі: 

дидактикалық  бірліктерін  бекіту;  оқыту  қорытындысын  жоспарлау  және  білімді 

саралау; білім беру процесінің психологиясы; компьютерлендіру. 

      Педагогикалық  технология-  білім  беру  технологиясын  жүзеге  асырумен 

түсіндіріледі, оған нақты пәнге байланысты емес,оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын 

заңдылықтар  тән.  Педагогикалық  технология  ғылым  мен  практиканың  басқа  да 

салаларында  кеңінен  таралған,    әр  түрлі  арнайы  технологияларды,  жаңа  ақпараттық 

технологиялар,  электрондық  және  т.б.  біріктіреді.  Педагогикалық  технология 

педагогтар жеке басының шығармашылық күш-қуатын ӛрістетуді қамтамасыз етудегі, 

адамаралық  және  іс-әрекеттегі  қарым-қатынасты  рухани  жоғарлатудағы,  кәсіби 

еңбекте адамгершілік жүйе болып табылады. 



   Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім 

саласын  кең    түрде  игеруде,  оларды  іс  жүзінде  пайдаланғанда  аумағы  кең,  жаңа 

мәліметтер мен күнделікті іс әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.  

    Жаңа  білім  беру  технологиясын  іске  асырудың  қажетті  шарты  ретінде  мынадай 

әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса кӛңіл аудару аса маңызды: 

 



Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі; 

 

Оқытудың  кез-келген  уақыт  аралығында  берілген  пәннен  студенттің  кепілді 



дайындығының болу принципі; 

 



Оқу процесінің модульдік жобалау принципі; 

 



Ұйымдастыру  және  оқыту  технологияларын  қолдану  мен  қалыптастырудағы 

мәліметтердің дұрыстығы, шындыққа сәйкестілік принципі; 

 

Жаңа  технологияны  жобалаудағы  мазмұндық,  бірізділік,  мотивациялық 



жақтарының бірлігі принципі. 

 

  



 

 

 



      Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Оқытудың  жаңа  технологияларын  зерттеген  қандай  қазақстандық  ғалымдарды 

білесіңдер? 

2.

 

Қазіргі  оқыту  технологияларының  мақсаты  және  олардың  дәстүрлі  оқыту 



жүйесінен айырмашылығы неде? 

3.

 



Оқытуды технологияландыру бағыттары мен негізгі белгілері қандай? 

4.

 



Педагогикалық технологияларды оқып-білуде оқушылар неге үйренеді? 

5.

 



Жаңа  білім  беру  технологияларын  іске  асыруда  қандай  принциптерге  назар 

аударылады? 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                         Технология мен оқыту әдістемесінің ӛзара байланысы. 

 

1.Педагогикалық  процесс  түрінде  белгілі  бір  қағидалар  жүйесіне  негізделген 



педагогикалық  технология  іс-әрекеттің  ішкі  және  сыртқы  байланысын  кӛрсететін,  осы 

принциптің  негізінде  қарым-қатынасы,  педагогтың  жеке  дара  ӛзіндік  ерекшелігінің 

біртұтас  бірлігі  ретінде  қарастырылады.  Осыған  байланысты  педагогикалық  технология 

мен  тәрбие  жұмысының,  сабақ  беру  әдістемесінің  арасындағы  ерекшеліктерді  кӛрсетуге 

болады.Оқу  процесіндегі    әдістемелік  және  технологиялық    әдіс-тәсілдер  арасында 

айырмашылық  жоқ  сияқты  болып  кӛрінеді.  Бірақ  екеуі  екі  бӛлек  ұғым  және  «әдістеме» 

технологияға қарағанда мағынасы әлде қайда кең ұғым болып саналады.  

      Әдістеме-  әдістер  кешені  мен  педагогтың  жеке  даралық  қабілеті  негізінде 

қарастырылады.  Әдістеменің  пәні  –  білім  берудің  мақсатын,  мазмұнын,  оқу  процесінің 

ұйымдастыру әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе. 

  Басқаша айтқанда, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруді қарастырады, не үшін, неге 

және  қалай  оқыту  керек?    Ал  технология  мақсатқа  жетудің  нақты  іс-әрекетін,  оның 

жолдарын  қарастырады,  сондықтан  да  «технология»  ұғымы  жоғарыда  берілген  үшінші 

сұраққа ғана жауап береді. 

   Мұны ғалым К.Ӛстеміров «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары» 

атты еңбегінде тӛмендегі суреттегідей қарастырады. 

                                             

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

    Педагогикалық  технологияның  әдістемеден  ерекшелігі  мазмұны  мен  қызмет 



жолдарына,  әрі  педагогикалық  процеске  қатысатын  тәрбиеленушілерге  де  байланысты. 

Педагогикалық  процестің  сапасы-  оқушының  жеке  ерекшелігіне,  дамуына  бағытталған 

ықпалдарының тұтастығын қамтиды. 

 

 



 

   2. Технология мен оқыту әдістемесі арасындағы айырмашылық. 

Педагогикалық  технология  мен  оқыту  әдістемесінің  арасындағы  ерекшеліктерді 

салыстыра  отырып,  бірқатар  авторлар  технология  мен  әдістемелер  арасындағы 



Әдістемелік жүйе 

мақсат 

мазмұн 

әдістер 

формалар 

құралдар 

тәсілдер 

Т 

Е 

Х 

Н 

О 

Л 

О 

Г 

И 

Я 

 

 

Ә 

Д 

І 

С 

Т 

Е 

М 

Е 

 

айырмашылықтарды  кӛрсетеді,  сонымен  қатар  әдістеме  мен  технологияның  қандай 

негізде қарастырылатынын түсіндіреді. Оны мына кестеден кӛруге болыды. 

                                      Технология мен оқыту әдістемесі арасындағы айырмашылық 

№ 

Әдістеме 



Технология 

Оқыту  формасының  құрамы  мен 



тәсілінің жиынтығы 

Оқыту  формасының  құрамы  мен  тәсілінің 

жүйесі 



Оқыту нәтижесіне бағдарлайды 



Оқыту процесіне бағдарлайды 

Оқыту  құрылымындағы  құралдар 



мен  әдіс-тәсілдерінің  жеке  даралық 

сипаты 


анық 

байқалады 

(іс-

тәжірибені  мамандық  бойынша  беру 



қиын. 

Ол 


әр 

адамның 


жеке 

шеберлігіне, бейімділігіне, қабілетіне 

байланысты жүзеге асырылады). 

Оқыту  формасы  мен  тәсілдерінің  жеке 

даралық  сипаты  нақты  анықталмаған  жүйе 

(мұғалімнің 

кәсіптік 

іс-тәжірибесінің 

кеңейтілуі,  күрделенуі  немесе  ӛзге  бір 

техниканы меңгергісі келетін жанға берілуі 

мүмкін). 

Оқу 



ақпаратының 

сапалық 


ӛзгешелігіне 

кӛңіл 


кӛбірек 

аударылып, пәннің ӛзіндік ерекшелігі 

айқын кӛрініс табады. 

Білім 


беру 

жүйесі 


құрылымының 

тұтастығына  кӛзқарастық,  дүниетанымдық, 

эмоционалдық 

құндылық, 

тәжірибелік, 

шығармашылық  білім,  дағды,  біліктердің 

кӛрініс табуында 

Оқу 



хабарының 

білімдік 

дидактикалық  ӛлшемдері  кӛбірек 

орын алады 

Білімнің  ғылыми  зерттеушілік  негізін 

білімдік  түсініктерден  тауып  іске  асыруға 

негізделеді 

 

  Әдістемеге қарағанда технологияның келесідей артықшылықтарын кӛрсетуге болады: 



 

Технологияда  түпкі  нәтиже  дәл  анықталады.  Ал  дәстүрлі  педагогикада  мақсатқа 



жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан, оны дәл 

анықтауға мүмкіндік бар; 

 

Мақсат  диагностикаға  сүйеніп  қойылғандықтан,  оған  жету  үшін  істелетін 



жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі

 



Технологияда мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды; 

 



Әдістемеде  берілген  сабақ  жоспарлары-  мұғалімнің  жоспары,    яғни  оқыту 

процесінде  жұмыс  істейтін  мұғалім.  Ал  технологияда  оқушылардың  оқу  іс-

әрекетінің  түрлері  және  оның  мазмұны  кӛрсетілген  жоба  жасалады.    Әдістеме 

бойынша  әр  мұғалім  сабақ  жоспарын  ӛзінше  жасайды,  демек  оқушылардың  іс- 

әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. 

    Сонымен  қорыта  айтқанда,  бұған  оқыту  әдістемесі  мен  оқыту  әдістерінің  барлығы 

мұғалім  қызметі  тұрғысынан  ғана  қарастырылып,  негізінен  мұғалімге  арналып  келді. 

Сондықтан  да  бар  салмақ  мұғалімге  түсіп,  ол  оқушыға  белгілі  бір  тапсырманы  беріп, 

жеке дара жұмыс істеп, қарым-қатынас жасап, жаңа материалды, білімді, сабақты тиімді 

түсіндіру  жолдарын  іздестіріп,    барлық  ӛзінің  күш-жігерін  тиімді  оқыту  жолдарына 

жұмсайды. Ал педагогикалық  технология ізденіс пен белсенді іс-әрекет арқылы оқушы 

тарапынан  да  іс-әрекет  негізінде  ӛзіндік  шығармашылық  жұмыс  түрлерін  атқаруды 

кӛздейді. 

     Жалпы  технологиялар  ӛндірістік  және  әлеуметтік  деп  екіге  бӛлінеді.  Ӛндірістік 



технологияларға  табиғи  шикізаттарды  (ағаш,  тас,  темір,  мұнай  және  т.б.)  ӛңдеу 

технологиясы немесе одан алынған ӛнімдер жатады. Әлеуметтік технологияда адаммен 

жұмыс  істеп,  оның  басты  бір  немесе  бірнеше  қасиеттері  ӛзгертіледі,оған  оқушыларды 

оқыту технологиясын жатқызуға болады. 

    Әлеуметтік технологияның ӛндірістік технологиядан кӛптеген айырмашылықтары бар. 

Ең  бастысы-ӛндірістік  технологияның  нақты  жүйелі  операциялардан  тұруында.  Бір 

жерде ғана ӛзгеріс болса, іс-қимылдардың орындары алмастырылып, нәтиже тӛмендейді.  


     Әлеуметтік  технологияда  түрлі  шараларды  іріктеу  жақсы  тәжиженің  кепілі  емес, 

себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан да әлеуметтік технологияға 

нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. 

     Сонымен,  әлеуметтік  технология  әдістеменің  кемшіліктерін  түзете  алады.  Оны 

ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  ӛндірістік  технологияға  қарағанда  күрделірек  болып 

келеді.  Бірақ  екі  ұғым  бір-біріне  жақын,  себебі  екеуі  де  ұйымдастырушыға  белгілі  бір 

ӛнім береді, сондықтан да екі ұғымды қатар қолдануға болады. 

    Әлеуметтік  технологияның  ӛндірістік  технологиядан  тағы  бір  айырмашылығы- 

жүйесінің онша қатаң еместігі және онда кері байланыстың( осал жерлерін анықтау, сол 

жерде қосымша жұмыстар істеу, түсіндеген тақарыпты қайталау және т.б)болуы. 

    

 

 



 

      Бақылау сұрақтары: 

1.

 

Әдістеме дегеніміз не? 



2.

 

Оқыту әдістемесі мен технологиясының айырмашылығы неде? 



3.

 

Әдістеме қандай сұрақтар аумағын қамтиды? 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Педагогикалық технология, инновация.

 

    Қазақстандық  мектептердегі  білім  беру  мазмұнының  тірегі-ұлттық  және  адамгершілік 



құндылықтар,  әлемді  тану  және  ойлау  жүйелерінің  қалыптасуы,  адамдардың  гуманистік 

мәдениеті мен техникалық байланыстары болып табылдаы. 

Әлеуметтік  ӛмірдің  барлық  саласындағы  түбірлі  ӛзгерістер,  ғылым  мен  мәдениеттегі 

прогресс,  педагогикалық  қызмет  саласындағы  жаңа  талаптар  білім  жүйесіндегі  қайта 

құруға  әкеліп  соқтырды.Бұл  салаларды  әрі  қарай  жетілдірудің  бірден-бір  жолы  – 

инновация,  яғни  педагогикалық  жаңалықтарды  игеру  мен  қолдануды  басқаратын 

процестер.  Бұл  білім  беру  мазмұнына,  білім  беру  және  тәрбиелеу  әдістеріне,  сонымен 

қатар білім беру мекемелер ұйымдастыру мен оларды басқару жұмыстарына байланысты.  

 

Инновациялық ізденіс бүгінгі педагогтарды негізгі белгісі деп айтуымызға болады. 



Соңғы  кезде  білім  беру  орталығында  жаңа  процесс  –  педогогикалық  инновация  орын 

алады.  


 

Инновация  ұғымы  антропологиядан  экономикаға,  сонан  соң  педагогикаға  кӛшіп, 

оқыту  мен  тәрбие  жүйесіндегі,  оқыту  әдістемесіндегі  білім  беру  мекемелерінің 

практикалық немесе ғылыми әрекетіне туынған түрі ӛзгерістерді зерттейді.  

 

 Инновация  -  innovation    деген  ағылшын  сӛзінен  алынған,  жаңашылдық,  жаңалық 



енгізу деген мағынаны білдіреді. Инновация – жүйе ішінде ӛзгерістер. 

 

Инновация  мен  педагогикалық  зерттеуді  бірегей  үлгісін  кӛрсеткен  Н.Волков, 



Т.И.Гончарова,  И.П.Иванов  және  т.б.ғалымдар  мен  педагогтар  тәжірбиелі  мұғалім  

қауымының игілігіне айналады.  

 

Инновация  дегеніміз  –  жаңа  мазмұнды  ұйымдастыру,  яғни  инновация  процесін 



мазмұнды дамытуды, жаңаша ұйымдастыруды, оны қалыптастыруды анықтайды.  

 

Инновациялық  процесс  –  бұл  күнделікті  тәжірибе  жүзінде  ӛз  алдына  бӛлек 



жаңалық  ретінде  танылған  нақты,  ауқымды  бірлік.  Инновациялық    процесс  нәтижесі  – 

қолданысқа енген теориялық және практикалық жаңа бӛліктер.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Осыған  байланысты  А.В.Хуторский  «педагогикалық  инновация  басқарылатын  жүйені 

ұйымдастырудың жаңа деңгейін құруға әсер ететін шығармашылықтан – зерттеуге, содан 

кейін дамудың жаңа деңгейі  - ӛздігіне дамуға» әсер ететіндігін атап ӛтті. 

 

 

 



Білім беру  

Процессінің ӛзі  

Инновациялық  

      процесс 

Сол уақытта       

дамиды 


Кезеңдері бар 

Кешенді процесс 

жаңалықты құру. 

Тарату, қолдану. 

Арнайы ұйымдасқан 

ортада іске 

асырылады. 

Ортаға жаңалықтар 

енгізеді  

Жүйені сапалы 

деңгейге 

ауыстырады 

Педагог –процесті 

жүзеге асырушы 

 


Белгінің сипаттамасы  

Инновация белгісі 

 

№ 

Идеяның  жаңашылдығы  мұғалімнің  шығармашылық 



ізденісін, оның технологиялық шешу жолын анықтайды.

 

Бағыттылығы 



 

1

 



Білім беру процесінің ӛзекті мәселелерін шешу 

 

Ӛзектілігі 



 

2

 



Инновацияның 

мақсаты 


оның 

мазмұнымен 

ұйымдастыруымен,  әдістемелік  қамтамасыз  етілуімен 

байланысты

 

Композициялық 



толықтығы 

 

3



 

Педагог пен оқушылардың күш-жігерін және уақыттарын 

неғұрлым аз мӛлшерде жұмсауы

 

Тиімділігі



 

4

 



 

Инновациялық  құбылыстар  мен  процестерді  қабылдау,  түсіну,  ойлау,  қатынасты 

қалыптастыру,  жаңашылдық  саясатты  белгілеу  қоғам  әлеуметтік,  экономикалық  дамуды 

басқарудың және дағдарысты жеке маңызды шарты болып саналады

 

 

Инновация  адамның  кәсіптік  қызметінің  бәріне  де  тән,  материялдық  және  рухани 



салаларына да тән болғандықтан , ол табиғи түрін зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге 

енгізудің нысанасына айналды. 

 

Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі инновациялық бағыттардың мақсаты – білім 

беру мазмұнын ізгілендіру, оқу пәндері құрамының, кӛлем ӛзгеруі,  жаңа оқу сабақтарын 

енгізуге  және  мұғалімдердің  пегогикалық  жаңалықтарды  қабылдауына  қатысын  ӛзгеру 

болып табылады. Олардың бірнеше шарттардан туындап тұр. 

 

әр  текті  оқу  орындарындағы  білім  беру  жүйесінің,  әдіснамасының    оқу-тәрбие 



процесін ұйымдастыру технологияларының  жаңалануы;  

 



білім мазмұнының ізгілендіру сипатта  болуы;  

 



оқу  пәндері кӛлемінің үздіксіз ӛзгертіп отыруы;  

 



оқудың  жаңа    ұйымдастыру  формалары  мен  технологияларын  іздестірудің  қажет 

ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі; 

 

мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен  қолдану болғандардың 



сипатының ӛзгеруі;  

Инновациялық  оқытудағы  басты  нәрсе  –  бұл  білім  алу  және  ӛздігінен  білім  алу 

негізінде  адамның  қабілеттері  мен    икемділіктерін  дамыту.  Мұндағы  міндет;  барлық 

студенттерге  ӛзін-ӛзі  дамыту,  жетілдіру,  ӛздігінен  оқу  мен  ӛзін-ӛзі  бағылау 

дағдыларын қалыптастыру. 

 

   




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет