Қазіргі таңдағы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ерекшелігі



бет1/5
Дата05.05.2023
өлшемі190,79 Kb.
#90507
  1   2   3   4   5

Баяндама тақырыбы: "Қазіргі таңдағы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ерекшелігі"
 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Заң факультеті

Баяндаушы: Азаматтық және экологиялық құқық кафедрасының


аға оқытушысы Оразалиев К.У.
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбаев
"Қазақтың қаны бір, жаны бір жол басшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі", - деген қазақтың кемеңгер ақыны Мағжан Жұмабаев айтқан екен. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты екені сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты сөз, ұстаз – ұлағатты адам демекші. Әрбір ұстаздың орны ерекше, өйткені барлық мамандықтың бастауы – бұл педагог мұғалім болып табылады.
Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылық пен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, атап айтқанда, ол – ізгілігі мол, әр іске жаңашылдықпен, үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияларды жетік меңгерген коммуникативті, толыққанды құзырлы адам - делінген.
Бүгінгі ғылым мен техниканың озған заманында жас ұрпаққа жан -жақты сапалы білім мен саналы тәрбие берудің нәтижесі, жемісті болуы мұғалімнің педагогтік әдебіне, әдістемесі мен кәсіби шеберлігіне байланысты, сабақта педагогикалық жаңа технологияларды ұтымдыпайдалана отырып, әрбір шәкірттің жүрегіне жол табу қажет. Атақты тіл білгірі, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың: «Баламдейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан тусын?» деген ойлы пікірі әрбір ұстазға үлкен ой салары сөзсіз. Осы пікірге құлақ сала отырып, білім алудың жаңа тұрғыдағы форматта білім алушыларға үйрету мақсатында әр бір педагог өз шеберлігін арттыруы қажет.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» - атты 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, Адами капитал – жаңғыру негізінің жетінші міндеттемесінде білім берудің жаңа сапасына көшуін,барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету, білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығына өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту қажеттігі туралы баяндалған болатын [1].
"Қазіргі таңдағы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың ерекшелігі"- атты тақырыбында педагогтың білім беру процесінде білім алушыларды пән бағдарламаларын жаңа тұрғыдан игеру мен бағалау арқылы сабақ берудің жаңа нысанын қалыптастыруға болады. Осыған байланысты, алғашқы қадамдарының бірі бұл - жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен жұмыс 2012 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталы­ғында (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПШО) алғашқы педагогтер деңгейлі бағ­дар­лама бойынша бастау алған болатын. Біліктілікті арттыру бағдарламасының мазмұны тыңдаушылардың жаңартылған оқу бағдарламасымен және жоспарлармен, бағалау критерийлерімен және әдістерімен, оқыту мен оқудағы жаңа әдістермен танысуын қамтиды. Осы мақсатта 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттырудың жаңа түрін құрып, мектептерге енгізе бастады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаның басты бағыттарының бірі – курстық даярлық арқылы мұғалімдердің кәсіпқойлық деңгейін көтеру болып табылады [2].
2018 жылдан бастап, Үкіметтің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламасын кәсіптік орта білім беру мекемелерінде (колледж) және ЖОО-да бір ізгілік қағидасын жалғастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасына (бұдан әрі – Үшінші деңгей бағдарламасы) және «Қазақстан Республикасының педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасына» (бұдан әрі – Бағдарлама) негізделді [3]. Бұл білім беру бағдарламалары оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негізінде дайындалған.
Бұл Бағдарламаның негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері оқытушының күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, студенттер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс тыңдаушылар Бағдарламаға енгізілген оқыту мен оқудағы стратегиялар мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.
Жаңартылған оқыту бағдарламасы бұл білім алудың жаңаша ойлауға, тиімді оқытуға және басқаруға бағытталатын қадамдарының бірі болып табылады. Көптеген ақпараттық мәліметтерде қамтылған оқытудың стратегиялары мен тәсілдерін иегерумен 7 бағдарламалық модульдерді тиімді пайдаланумен іске асыруға болады. Олар:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: «Диалог негізінде оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйрену».
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.
3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшасшылық.
Осыларға қысқаша ақпарат беретін болсақ:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерде: «Диалог негізінде оқыту» - бұл білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен білім алушының арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Ал, «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана – бұл білім алушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және білім берушілердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту, яғни екі жақты да дамытуды көздейді. Білім алушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Білім берушілердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды.
3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқытуда бағалаудың екі түрі бар екенін білеміз. Қалыптастырушы (формативті), яғни оқыту үшін бағалау және жиынтық (сумативті), яғни оқуды бағалау. Оқытуды жақсартуға бағытталған бағалау – формативті де, ал оқытудың қорытындысын шығару – жиынтық бағалау болып табылады. Бағалаудың мақсаты студенттің қандай сатыда тұрғандығын, оларға не істеу керек, қойылған мақсаттарына қалай жету керек екендігін көрсетеді [4].
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Мұнда білім берушінің сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ берудетиімді пайдалануды білдіреді. Дағдылану негізінде ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білуді білдіреді.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін білім беруші – теориялық жағынан білімді, педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, білім алушыны өзіне тарта алатын, тәлімгер, шығармашылық ізденістегі адам. Білім алушылармен ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып, табиғи дарындылығына ықпал етумен байланыстырылады.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Бұл модуль осының алдындағы талантты және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Алайда бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты. Мәселен, түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейі (білім алушының өз деңгейі арқылы нәтижеге жетіп,білім жинау жауапкершілігін түсінуге көмектесетін тәсіл), балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы, әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ, аталған модульдің өзге модульдермен, мысалы, «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен байланысы бар, атап айтқанда әртүрлі жаста өзін-өзі бағалау үшін жауапкершілікті зерделеу тұрғысынан қаралады. Сонымен қатар Қазақстанның жекелеген ауылдық өңірлерінде кездесетін жас шамасы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын іске асыру жолдары да қарастырылады [5].
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Осы модульде айтылған көшбасшылық тәсілі «Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы» қағидатына (Кембридж университетінің жобасы) негізделген. Осы тұрғыдан қарастырар болсақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой-тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар сын тұрғысынан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатын идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Бұл модуль мұғалімнің сын тұрғысынан ойлана білу қабілетімен және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулімен тығыз байланысты [6].
Қазіргі таңда осы 7 модульдік бағдарламаларының ішінде оқыту критерийлерді (оқу үшін бағалау және оқуды бағалау) аса қажетті модуль болғандықтан осыған тоқталып өтемін.

Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау

  • Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау
  • Пәннің оқу бағдарламасына (Силлабус) сәйкес жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, аралық бақылау (рейтинг), қорытынды емтихан бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады [7].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет