Қазіргі заманғы инновациялық ОҚыту технологиясы р. А.Қайырова



Pdf көрінісі
Дата28.01.2017
өлшемі147,54 Kb.
#2927

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

 

Р.А.Қайырова  

Орал қ. 

 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  басты  қайшылығы  –  тез  өсіп  бара  жатқан  жаңа  білімдер 

қарқыны  мен  жеке  тұлғаның  оларды  игерудегі  шектеулі  мүмкіндіктері  арасында.  Бұл  қарама-

қайшылық  педагогикалық  теорияны  білім  берудің  абсалютті  идеялынан  (жан-жақты  дамыған  тұлға) 

бас  тартып,  жаңа  идеалға  –  адамның  өзін-өзі  реттеуі  мен  өздігінен  білім  алу  қабілеттерін  барынша 

дамытуға көшуіне мәжбүр етті.  

Сонымен, жаңаша оқытудағы басты нәрсе – бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде адам 

қабілеттерін,  икемділіктерін  дамыту.  Жаңа  білім  алу  парадигмасында  тұлғаның  қызығушылықтарын 

қамтамасыз  етуде  тұтастық,  бағыттылықпен  бірге  мықты  негізділік  (фундаменталдылық)  те  шешуші 

рөлге ие.  

Қазіргі  заманғы  оқушының,  әсіресе  студенттің  басты  мақсаты  –  көптеген  пәндерден,  олардағы 

ұшан-теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, мәндісін таба білу.  

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, 

ғылымды дамыту. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты 

міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке 

адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар: 

оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  –  деп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттерін  көздейді. 

Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісі  технологияландыру 

мәселесін  қойып  отыр.  Бүгінгі  күннің  басты  ерекшеліктерінің  бірі,  «Қазақстан  Республикасының 

ақпараттық  кеңістіктің  бәсекеге  қабілеттілігін  2006-2009  жылдарында  даму  тұжырымдамасында», 

келтірілгендей,  ақпараттың  ақылға  симайтын  шамадан  тыс,  оны  игеруде  адамның  биологиялық 

мүмкіндіктерінің  «артық»  мөлшерде  дамуы.  Сол  себепті  де  оқу  –  оқыту  қысқа  мерзімде  ақпараттың 

көлемді  бөлігін  тиімді  түрде  ұсынатын,  сол  ақпаратты  жоғарғы  деңгейде  игеретін  және  практикада 

бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді. 

Бұл  талап  білім  беру  саласында  инновациялық  өзгерістерге  әкеліп,  оқудың-оқытудың  негізі 

ретінде  тұлғалық  дамуды  қарастырады,  өйткені  бұл  дәуірдің  идеологиялық,  әлеуметтік,  саяси 

сұраныстары  адамнан  келесідей  құзырлықтарды  талап  етеді:  ақпараттың  ішінен  өзінен  қажеттісін 

таңдап, оны пайдалану;  

проблемаларды шешу және шешім қабылдау; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, 

оларды дәлелдей және қорғай білу;  

-  социумда  ауызша  және  жазбаша  түрде  қарым-қатынас  құра  білу,  бірлесе  жұмыс  жасай  білу, 

жанжалдарды болдырмау;  

- өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін,  қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами 

құндылықтармен байланыстыру;  

- өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашанда дамытып отыру.  

Қазіргі  заманғы  үздіксіз  өзгеріп  жатқан  жағдайында  жоғары  мектеп  өз  әрекетінде  білім 

алушылардың зияткерлік (интеллектуалы) қабілеттерінің дамуына бағытталуы қажет. Өз кезегінде бұл 

қасиет  білім  алушыларға  «техникалық,  экономикалық  және  мәдени  өзгерістер  мен  олардың  сан 

алуандығын саналы түрде түсініп, бастамашылдық, кәсіпкерлік рух пен икемділік секілді қасиеттерді 

қабылдап, қазіргі заманғы өндірістік ортада өзіне сенімді түрде еңбек ету мүмкіншілігін береді». 

Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  болып  жатқан  әлеуметтік  саяси  және  жаңа  технологиялық 

өзгерістерден  ұрпақ  тәрбиесіндегі  бетбұрыстардан  білім  мен  тәрбие  жүйелерінің  ісін  жаңа  сатыға 

көтеру  қажеттілігі  туындап  отыр.  Заман  талабына  сай  білім-оқу  орындарында  білім  мазмұнын,  оның 

құрылымдық жүйесін жақсарту – білім реформасының жүзеге асының басты шарты. Осы заманғы білім 

берудің  стратегиялық  мақсатын  өз  жауапкершілігін  сезіне  алатын,  өздігінен  әрекет  етуге  және 

әрекетінің  шешімін  таба  білуге  қабілетті,  барлық  істе  сауатты  тұлғаны  оқыту  мен  тәрбиелеуді 

қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Жоғарыдағы  мақсаттарға  жоғары  оқу  орындарында  білім  берудің 

Отандық  және  әлемдік  тәрбиелерінде  қалыптасып,  өз  қызметін  оң  атқарып  келе  жатқан  білім 

мазмұнының  негізгі  құрылымын  жобасын  жүзеге  асыруды  қолданылатын  жаңа  педагогикалық 

технология арқылы жету көзделеді.  

Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік 

оқыту  1960  жылдардың  аяғына  қарай  шет  елдерде  (АҚШ-та)  дәстүрлі  оқудың  бір  нұсқасы,  бағыты 

ретінде  пайда  болды.  «Модуль»  латынның  «өлшем»,  «шама»,  «мөлшер»  деген  сөзі.  Сонымен  қатар 

модуль дегеніміз – ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі 

уақытта қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі – 



білім  алушының  танымдық  белсенділігін,  танымдық  іс-әрекеттерінің  әртүрлі  іс-әрекеттерін  ойлау, 

зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік байлықтарын дамыту. 

Айта кетер тағы бір тиімді жағы – бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге 

қолайлы.  Модульдік  оқыту  технологиясымен  оқыту  нұсқасында  білімді  толық  игеруді  негізге  ала 

отырып,  қазіргі  дидактика  талабына сәйкес,  білім  алушыларды  оқыту  ғана  емес,  тұлғаның  танымдық 

қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі 

мен оқытушының жұмысына мынадай өзгерістер туғызады: біріншіден, оқушы мен оқытушы оқудың 

ұйымдастырушысына  айналады;  екіншіден,  мұғалім  сабаққа  алдын-ала  зерттеу  жасап,  уақыттың 

көпшілігін  сабақты  даярлауға  жұмсайды  да,  сабақ  барысында  тек  бақылаушы,  үйлестіруші  қызметін 

атқарады. Ал дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда білім алушының сабаққа «таза парақ» 

күйінде келіп, оқытушының оны сабақта біліммен «толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсінеді. 

Шәкірт  сабақта  ғана  жаңа  білім  алып,  сабақтан  кейін  оны  бекіту  жұмысымен  ғана  айналысады. 

Инновациялық  оқу-оқыту  барысында  үйренушілер  әрқашанда  белсенді  болып,  өзіндік  пікір 

қалыптастырып,  өз  ойларын  дұрыс  жеткізе  білуге,  өз  көзқарасын  дәлелдеуге,  пікірталас  жүргізуге, 

басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді.   

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесін  құру  оқытудың  инновациялық  нысандары  мен  әдістерін 

енгізу  педагог  қызметкерлердің  тұлғасына  және  кәсіпттік  құзыреттілігіне  жоғарғы  талаптар  қоюда. 

Жаңа  оқыту  технологиясын  меңгеруде  оқытушылардың,  педагог  қызметкерлердің  жан-жақты  білімі 

қажет.  Қазіргі  оқытушы  педагогикалық  процесте  жүйелі  жұмыс  жүргізе  алатын,  педагогикалық 

өзгерістерге  тез  төселетін,  жаңаша  ойлау  жүйесін  тез  меңгере  алатын,  білім  алушылармен  ортақ  тіл 

табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – 

өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа 

педагогикалық  идеялар  мен  жаңалықтарды  өмірге  әкелу.  Бұрынғы  білім  алушы  тек  тыңдаушы, 

орындаушы ғана болса, ал қазіргі білім алушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше 

мән  беруіміз  керек.  Қазіргі  білім  алушы  дүниетаным  қабілеті  жоғары,  дарынды,  өнерпаз,  ізденімпаз, 

талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. 

Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  –  педагогикалық  іс-әрекеттердің  мазмұны  мен 

формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден-бір жолы. Компьютерлік желілерді, 

интернет    жүйесін,  электрондық  оқулықтарды,  мультимедиялық  технологияларды,  қашықтан  оқыту 

технологиясын  пайдалану  оқу  орындарында  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  кеңістігін 

құруға жағдай жасайды.  

Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім 

алуын  ұйымдастыруға  бағытталған.  Қазіргі  уақытта  білім  мазмұнын  жаңарту  мен  сапасын  жаңа 

деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50-ге 

жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. 

Педагогикалық  технологиялар  көптүрлі  болуына  қарамастан,  олардың  іске  асуының  екі  ғана 

жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы, екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі. 

Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, 

Ә.Жүнісбек  және  т.б.  ғалымдарымыздың  зерттеулерінде  оқытудың  жаңа  технологиялары  жан-жақты 

қарастырылды.  

Оқыту  үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды  тиімді  қолдану  мұғалімнің 

интеллектуалдық,  кәсіптік,  рухани,  адамгершілік,  азаматтық  сияқты  көптеген  адами  қабілеттерінің 

қалыптасуына  игі  ықпалын  тигізеді.  Оқушының  өз  бетімен  білім  алуына,  өзіндік  ой  пікірін 

қалыптастырып,  қорытынды  жасай  білуін,  өз  білімін  өзі  бағалай  білуіне,  қисынды  ойлау  қабілетін 

қалыптастырып,  шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  

 

Әдебиеттер 



1.  Подласый  И.П.  Совершенствования  методов  обучения.  –  в  кн.:  Выбор  методов  обучения  в 

средней школе / под ред. Ю.К. Бабанской. Москва, 1991.  

2.  Бабанский  Ю.К.  Оптимизация  учебно-воспитательного  процесса.Методические    основы. 

Москва, 1982. 

3.  Курт  Мередит,  Джинни  Стил,  Чарлзь  Тэмпл,  Скот  Уолтер.  Оқу  мен  жазу  арқылы  сын 

тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал.Алматы, 2000. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет