«ҚазМұнайГаз» Қайта өңдеу және МаркетинГ» аҚ


Сату үшін ұсталатын айналымнан тыс активтер және тоқтатылған қызмет



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі5,56 Mb.
#5501
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сату үшін ұсталатын айналымнан тыс активтер және тоқтатылған қызмет 

топ  айналымнан  тыс  активтер  мен  шығарылатын  топтарды,  егер  олардың  баланстық  құны, 

негізінен,  оны  әрі  қарай  пайдалану  нәтижесінде  емес,  оларды  сату  арқылы  өтелуі  тиіс  болса,  сату 

үшін  ұсталатындар  ретінде  жіктейді.

 

сату  үшін  ұсталатындар  ретінде  жіктелген  айналымнан  тыс 



активтер мен шығарылатын топтар екін мәннің – сатуға жұмсалатын шығындарды алып тастағанда, 

баланстық  құны  мен  әділ  құнының  еңі  азы  бойынша  бағаланады.  сату  үшін  ұсталатын  ретінде 

объектіні  жіктеу өлшемдері, егер сату  ықтималдығы  жоғары  болса, ал актив  немесе  шығарылатын 

топ  өзінің  ағымдағы  жағдайында  дереу  сатыла  алатын  жағдайда  ғана  сақталды  деп  есептеледі.

 

басшылық соған қатысты жіктелген күнінен бастап бір жыл ішінде аяқталған сату мәмілесі ретінде 



тану өлшемдеріне сәйкестігі күтілетін сатуды жүзеге асыруға мығым ниеті болуы тиіс.

тоқтатылған қызмет жалғасатын қызмет нәтижелерінен алынып тасталады және пайдалар мен 

залалдар туралы есепте салық салынғаннан кейін тоқтатылған қызметтен түскен пайда немесе залал 

ретінде жеке баппен ұсынылады.

негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтер сатуға арналғандар ретінде жіктелген соң 

амортизацияланбайды.



Негізгі қаражат

негізгі  қаражаттар  жинақталған  тозу  мен  құнсыздануды  алып  тастағанда  бастапқы  құны 

бойынша есепке алынады.

активтердің  бастапқы  құны  сатып  алу  немесе  құрылыс  бағасынан,  активті  жұмыс  күйіне 

келтіруге    және  қажет  болған  жағдайда,  активті  жою  бойынша  шығындарды  бастапқы  бағалауға 

тікелей қатысы бар кез келген шығындардан тұрады.

сатып  алу  немесе  құрылыс  бағасы  актив  сатып  алу  үшін  ұсынылған  кез  келген  түрдегі 

сыйақының жиынтық төленген құны және әділ құны болып табылады.

жер  мен  аяқталмаған  құрылысты  қоспағанда,  негізгі  қаражаттардың  тозуы  мынадай  пайдалы 

қызмет ету мерзімі ішінде тура әдіспен есептеледі:

өңдеу бойынша активтер ................................................................................................................................ 3-75 жыл

ғимараттар мен құрылыстар .......................................................................................................................... 8-60 жыл

Машиналар мен жабдықтар  ......................................................................................................................... 3-30 жыл

өзгесі .......................................................................................................................................................................... 2-20 жыл

негізгі  қаражаттардың  болжамды  пайдалы  қызмет  ету  мерзімі  жыл  сайын  қайта  қаралады, 

және қажет болған жағдайда мерзімдерін өзгерту кейінгі кезеңдерде түзетіледі. 

негізгі қаражаттардың баланстық құны, баланстық құн өтелмейтіндігін көрсететін қандай-да бір 

жағдайлар немесе өзгерістер орын алған жағдайда құнсыздану нысанына қайта қаралады.



Материалдық емес активтер

жеке  сатып  алынған  материалдық  емес  активтер  бастапқы  тануда  бастапқы  құны  бойынша 

бағаланады. бизнесті біріктіру нәтижесінде сатып алынған материалдық емес активтердің бастапқы 

құны сатып алған күндегі олардың әділ құны болып табылады. бастапқы танудан кейін материалдық 

емес  активтер  жинақталған  амортизация  мен  құнсызданудан  жинақталған  залалдарды  алып 

тастағандағы бастапқы құны бойынша есепке алынады.

Материалдық емес активтердің пайдалы қолдану мерзімі не шектеулі, не белгісіз болуы мүмкін.

Пайдалы  қолдану  мерзімі  шектелген  материалдық  емес  активтер  осы  мерзім  ішінде 

амортизацияланады  және,  егер  аталған  материалдық  емес  активтің  құнсыздану  белгілері  болса, 

құнсыздану  нысанына  бағаланады.

 

Пайдалы  қолдану  мерзімі  шектелген  материалдық  емес  актив 



үшін  амортизация  есептеу  кезеңі  мен  әдісі,  кем  дегенде,  әрбір  есепті  жылдың  аяғында  қайта 

қаралады. болжамды пайдалы қолдану мерзімін немесе активте қорытылған болашақ экономикалық 

пайдаларды  болжамды  тұтыну  құрылымын  өзгерту  қаржылық  есептілікте  жағдайға  қарай, 

амортизацияны есептеу кезеңін немесе әдісін өзгерту ретінде көрсетіледі және есептік бағалауларды 

өзгерту ретінде есепке алынады.

 

Пайдалы қолдану мерзімі шектелген материалдық емес активтерді 



амортизациялау  бойынша  шығыстар  жиынтық  залал  туралы  есепте  материалдық  емес  актив 

функциясына сәйкес келетін шығындар санатында танылады.



Ш

ОҒ

ы



РЛ

ан

Ды



Ры

ЛҒ

ан 



Қа

РЖ

ы



Лы

Қ 

ЕСЕПТІЛІК



53

Пайдалы  қолдану  мерзімі  белгісіз  материалдық  емес  активтер  амортизацияланбайды,  жыл 

сайын не жеке-жеке, не ақша ағындарын түзетін бөлімшелер деңгейінде құнсыздануға тестіленеді. 

Пайдалы  қолдану  мерзімі  белгісіз  материалдық  емес  активті  пайдалы  қолдану  мерзімі 

аталған  активті  пайдалы  қолдану  мерзімі  белгісіз  активтер  санатына  жатқызу  қаншалықты  тиімді 

екендігін анықтау мақсатында жыл сайын қайта қаралып отырады. егер бұл тиімді болса, пайдалы 

қолдану  мерзімін  белгісіз  мерзімнен  шектелмеген  мерзімге  өзгерту  перспективалы  негізде  жүзеге 

асырылады.

баланстан  материалдық  емес  активті  шығынға  жазудан  түскен  пайда  немесе  шығыс  активтің 

шығып  қалуына  түскен  таза  түсім  мен  активтің  баланстық  құны  арасындағы  айырма  ретінде 

өлшенеді және жиынтық табыс туралы есепте аталған актив шығынға жазылған кезде танылады.

Қаржылық емес активтердің құнсыздануы

әрбір есепті күнге топ активтің ықтимал құнсыздану белгілері бар-жоқтығын анықтайды. егер 

мұндай  белгілер  орын  алса,  немесе  егер  активті  жыл  сайын  құнсыздануға  тексеру  қажет  болса, 

топ активтің өтелетін құнын бағалайды. активтің немесе ақша ағындарын түзеті бөлімшенің (аатб) 

өтелетін  құны  –  бұл  мынадай  шамалардың  ең  үлкені:  сатуға  кеткен  шығындарды  алып  тастағанда, 

активтің (аатб) әділ құны, және активті (аатб) пайдаланудан түскен құндылық. актив, негізінен, басқа 

активтермен  немесе  активтер  топтарымен  түзілетін  ағындарға  тәуелсіз  ақша  ағындарын  түзбейтін 

жағдайларды  қоспағанда,  жекелеген  актив  үшін  өтелетін  құн  анықталады.  егер  активтің  немесе 

ақша  ағындарын  түзетін  бөлімшенің  баланстық  құны  оның  өтелетін  құнынан  артық  болса,  актив 

құнсызданған деп есептеледі және өтелетін құнына дейін шығынға жазылады. 

Пайдаланудан  түскен  құндылықты  бағалау  кезінде  болашақ  ақша  ағындары  ақшалардың 

уақытша  құнын  нарықтық  бағалау  мен  активке  тән  тәуекелдерді  көрсететін  салық  салғанға  дейінгі 

дисконттау  ставкасы  бойынша  дисконтталады.  сатуға  кеткен  шығындарды  алып  тастағандағы 

әділ  құнын  анықтау  кезінде  жақындағы  нарықтық  мәмілелер  (егер  мұндайлар  орын  алса)  есепке 

алынады.  Олар  болмаған  жағдайда  тиісті  бағалау  моделі  қолданылады.  бұл  есептеулер  бағалау 

коэффициенттерімен,  еншілес  ұйымдардың  акциялар  нарығында  еркін  айналыстағы  бағалар 

кесімімен немесе әділ құнының өзге де қолжетімді көрсеткіштерімен расталады.

жалғасатын  қызметтің  құнсыздануына  келген  залалдар  жиынтық  залал  туралы  есепте 

құнсызданған актив функциясына сәйкес келетін шығыстар санаттарының құрамында танылады.

әрбір  есепті  күнге  топ,  гудвилді  қоспағанда,  бұған  дейін  танылған  активтің  құнсыздануынан 

келтірілген  залалдар  енді  болмайтынын  немесе  қысқартылғанын  анықтайды.  егер  мұндай  белгі 

болса, топ активтің немесе ақша ағындарын түзетін бөлімшенің өтелетін құнын есептеп шығарады.

 

бұған дейін танылған құнсызданудан келтірілген залалдар, егер құнсызданудан келтірілген залалды 



соңғы рет танылған кезінен бастап активтің өтелетін құнын анықтау үшін пайдаланылған бағалауда 

өзгеріс  орын  алған  жағдайда  ғана  қалпына  келтіріледі.

 

Қалпына  келтіру  активтің  баланстық  құны 



оның өтелетін құнынан аспайтындай шектелген, сондай-ақ, егер алдыңғы жылдары құнсызданудан 

келтірілген  залал  танылмаған  жағдайда  аталған  актив  танылатын  амортизацияны  алып  тастағанда, 

баланстық  құнынан  артық  болалмайды.

 

Құнды  мұндай  қалпына  келтіру  жиынтық  залал  туралы 



есепте танылады.

сондай-ақ нақты активтерді бағалау кезінде келесі өлшемдер қолданылады:



Гудвил 

әрбір есепті күнге топ гудвилдің құнсыздану белгілерінің болуын бағалайды. Гудвил жыл сайын 

және  жағдайлар  баланстық  құнының  құнсыздануы  мүмкін  екендігін  көрсеткен  кезде  құнсыздану 

белгілеріне тексеріледі.

Гудвилдің құнсыздануы гудвил жататын ақша ағындарын түзетін бірліктердің өтелетін сомасын 

бағалау арқылы айқындалады. егер гудвил жататын ақша ағындарын түзетін бірліктер сомасы оның 

баланстық  құнынан  төмен  болса,  онда  құнсызданудан  келтірілген  залал  танылады.  Құнсызданудан 

келтірілген залал болашақ кезеңдерде қалпына келтіріле алмайды.



Қауымдасқан компанияларға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар 

Үлестік  қатысу  әдісін  қолданған  соң  топ  қауымдасқан  компаниялар  мен  бірлескен 

кәсіпорындарға  салған  топ  инвестицияларының  құнсыздануынан  келтірілген  қосымша  залалды 

тану  қажеттігін  айқындайды.  әрбір  есепті  күнге  топ  қауымдасқан  компаниялар  мен  бірлескен 

кәсіпорындарға  салған  инвестициялардың  құнсыздануының  объективті  дәлелдерінің  болуын 

анықтайды. егер инвестициялар құнсызданса, топ құнсыздану сомасын қауымдасқан компания мен 

бірлескен кәсіпорынның әділ құны және сатып алу құны арасындағы айырма ретінде есептейді. бұл 

сома жиынтық залал туралы шоғырландырылған есепте танылады.



жылдық есебі' 

2012 


54

«ҚазМұнайГ

аз» – қайта өңдеу және марк

етинг» 


аҚ

Материалдық емес активтер

Пайдалы  қолдану  мерзімі  бар  материалдық  емес  активтер  жыл  сайын  31  желтоқсандағы 

жағдайы  бойынша,  сондай-ақ  егер  жағдайлар  олардың  баланстық  құны  құнсыздануы  мүмкін 

екендігін  көрсетсе,  тестіленеді.  тестілеу  жеке  түрде  немесе,  егер  қажет  болған  жағдайда,  ақша 

ағындарын түзетін бірлік деңгейінде жүргізіледі.

Қаржылық активтер

Бастапқы тану және бағалау

Хбес 39 қолдану аясында жатқан қаржылық активтер сәйкесінше пайда немесе залал; қарыздар 

мен дебиторлық берешек; өтелгенге дейін ұсталатын инвестициялар; сату үшін қолда бар қаржылық 

активтер;  тиімді  хеджирлеу  кезінде  хеджирлеу  құралдары  ретінде  айқындалған  туынды  құралдар 

арқылы  әділ  құны  бойынша  қайта  бағаланатын  қаржылық  активтер  ретінде  жіктеледі.

 

топ  өзінің 



қаржылық активтерін олардың бастапқы танылуы кезінде жіктейді.

Қаржылық  активтер  бастапқыда  инвестиция  жағдайында,  пайда  немесе  залал  арқылы  әділ 

құны  бойынша  қайта  бағаланбайтын,  мәміле  бойынша  олармен    тікелей  байланысты  шығындарға 

ұлғайтылған әділ құны бойынша танылады. 

заңнамада  немесе  белгілі  бір  нарықта  қабылданған  ережелерде  белгіленген  активтерді 

мерзімінде  жеткізуді  талап  ететін  («стандартты  жағдайлардағы»  сауда)  қаржылық  активтерді  сатып 

алу немесе сату бойынша барлық мәмілелер мәміле жасалған күні, яғни топ өзіне актив сатып алу 

немесе сату міндеттемесін алған кезде танылады.

топтың  қаржылық  активтері  ақша  қаражаттары  мен  қысқа  мерзімді  депозиттерді,  сауда  және 

өзге де дебиторлық берешекті, алынуы тиіс өзге де сомаларды қамтиды.



Кейінгі бағалау

Қаржылық активтерді кейінгі бағалау оларды жіктеуге былайша байланысты болады:



Қарыздар және дебиторлық берешек

Қарыздар мен дебиторлық берешек белсенді нарықта еркін айналыста болмайтын белгіленген 

немесе айқындалған төлемдер бар туынды емес қаржылық активтерді білдіреді. бастапқы танудан 

кейін  мұндай  түрдегі  қаржылық  активтер,  құнсызданудан  келтірілген  залалдарды  алып  тастағанда, 

тиімді  пайыздық  ставка  әдісін  қолдану  арқылы  анықталатын  амортизацияланатын  құны  бойынша 

бағаланады.  амортизацияланған  құны  дисконттарды  немесе  сатып  алу  кезіндегі  сыйақыларды, 

сондай-ақ  тиімді  пайыздық  ставканың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын  комиссиялық  немесе 

шығындарды  есепке  ала  отырып  есептеледі.

 

тиімді  пайыздық  ставканы  қолдану  негізіндегі 



амортизация  қаржыландырудан  түскен  табыстар  құрамына  енгізіледі.  Құнсызданудан  туындаған 

шығыстар  құнсыздану  туындаған  кезеңдегі  қаржыландыру  бойынша  шығындар  құрамында 

танылады.

Өтеуге дейінгі ұсталатын инвестициялар

белгіленген  немесе  анықталатын  төлемдері  және  белгіленген  өтеу  мерзімі  бар  туынды 

емес  қаржылық  активтер,  топ  оларды  өтеу  мерзіміне  дейін  ұстап  қалуға  нық  сенімді  әрі  қабілетті 

болған  кезде  өтеуге  дейін  ұсталатын  инвестициялар  ретінде  жіктеледі.

 

өтеуге  дейін  ұсталатын 



инвестицияларды  бастапқы  бағалаудан  кейін,  құнсызданудан  келтірілген  залалдарды  алып 

тастағанда,  тиімді  пайыздық  ставка  әдісін  пайдалану  арқылы  айқындалатын  амортизацияланған 

құны  бойынша  бағаланады.

 

амортизацияланған  құны    дисконттарды  немесе  сатып  алу  кезіндегі 



сыйақыларды,  сондай-ақ  тиімді  пайыздық  ставканың  ажырамас  бөлігі  болып  табылатын 

комиссиялық немесе шығындарды есепке ала отырып есептеледі. тиімді пайыздық ставканы қолдану 

негізіндегі  амортизация  қаржыландырудан  түскен  табыстар  құрамына  енгізіледі.    Құнсызданудан 

туындаған  шығыстар  құнсыздану  туындаған  кезеңдегі  қаржыландыру  бойынша  шығындар 

құрамында  танылады.  топтың  2012  жылғы  31  желтоқсанда  және  2011  жылғы  31  желтоқсанда 

аяқталған есепті кезеңдері ішінде, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялары болған жоқ.



Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар 

сату  үшін  қолда  бар  қаржылық  инвестициялар  үлестік  және  борыштық  бағалы  қағаздарды 

қамтиды.  сату  үшін  қолда  бар  ретінде  жіктелген  үлестік  инвестициялар  –  бұл  саудаға  арналған 

ретінде  де  жіктелмеген,  пайда  немесе  залал  арқылы  әділ  құны  бойынша  да  қайта  бағаланбаған 

инвестициялар.  аталған  санаттағы  борыштық  бағалы  қағаздар  –  бұл  компания  белгілі  бір  уақыт 

ішінде  ұстап  қалуға  ниетті  және  өтімділікті  қамтамасыз  ету  мақсатында  сатылуы  мүмкін  немесе 

нарықтық жағдайлардың өзгеруіне жауап ретіндегі бағалы қағаздар. 

бастапқы бағалаудан кейін сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар әділ құны бойынша 

бағаланады,  ал  олар  бойынша  өткізілмеген  табыстар  немесе  шығыстар,  жинақталған  табыстар 

немесе  шығыстар  сату  үшін  қолда  бар  құралдар  қорынан  пайда  немесе  залал  құрамына  қайта 



Ш

ОҒ

ы



РЛ

ан

Ды



Ры

ЛҒ

ан 



Қа

РЖ

ы



Лы

Қ 

ЕСЕПТІЛІК



55

жіктелетін  және  қаржылық  шығыстар  ретінде  танылатын  инвестицияларды  тануды  тоқтатқан 

кезге  дейін  сату  үшін  қолда  бар  құралдар  қорының  құрамындағы  өзге  де  жиынтық  табыс  ретінде 

танылады.

топ сату үшін қолда бар өзінің қаржылық активтерін оларды жақын болашақта сату мүмкіндігі 

және  ниеті  бар  екендігі  туралы  жорамалдың  әділдігі  нысанына  бағалады.  егер  топ  олар  үшін 

белсенді  нарықтардың  болмауына  және  басшылықтың  оларды  жақын  болашақта  сатуға  қатысты 

ниеті  өзгеруіне  байланысты  аталған  активтер  саудасын  жүзеге  асыруы  мүмкін  болмаса,  топ 

сирек  жағдайларда  мұндай  қаржылық  активтерді  қайта  жіктеу  туралы  шешім  қабылдай  алады.

 

Қарыздар  мен  дебиторлық  берешек  санатына  қайта  жіктеу,  егер  қаржылық  активтер  қарыздар 



мен  дебиторлық  берешек  анықтамасын  қанағаттандырған  жағдайда  рұқсат  етіледі  және  бұл  ретте 

топтың  аталған  активтерді  көз  жетерлік  болашақта  немесе  өтеуге  дейін  ұстап  қалу  мүмкіндігі  мен 

ниеті  бар.

 

өтеуге  дейін  ұсталатын  құралдар  санатына  қайта  жіктеуе  егер  компанияның  қаржылық 



активті өтеуге дейін ұстап қалу мүмкіндігі мен ниеті болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

«сату  үшін  қолда  бар»  санаты  құрамынан  қайта  жіктелген  қаржылық  активтер  жағдайында, 

бұған  дейін  капитал  құрамында  танылған  олармен  байланысты  табыстар  немесе  шығыстар  тиімді 

пайыздық  ставканы  пайдалану  арқылы  инвестицияның  қалған  мерзімі  ішінде  пайданың  немесе 

залалдың  құрамында  амортизацияланады.  амортизацияланған  құнның  жаңадан  бағалануы  мен 

күтілетін  ақша  ағындары  арасындағы  айырма  да  тиімді  пайыздық  ставканы  пайдалану  арқылы 

активті  пайдаланудың  қалған  мерзімі  ішінде  амортизацияланады.  егер  соның  салдарынан  активтің 

құнсыздануы анықталса, капиталда көрсетілген сома жиынтық залал туралы есепке қайта жіктеледі.



Тануды тоқтату

Қаржылық  актив  (немесе,  қолданылуына  қарай  –  қаржылық  активтің  бір  бөлігі  немесе  ұқсас 

қаржылық активтер тобының бір бөлігі) баланста танылуын тоқтатады, егер:

•  активтен ақша ағындарын алу құқығының әрекет ету мерзімі аяқталса;

•  топ  өзінің  активтен  ақша  ағындарын  алу  құқықтарын  берсе  немесе  үшінші  тарапқа 

алынатын ақша ағындарын толық көлемде және «транзиттік» келісім бойынша айтарлықтай 

кешіктірусіз төлеу бойынша міндеттемені өзіне алса; не (a) топ активтен туындайтын барлық 

тәуекелдер мен пайдаларды берсе, не (б) топ активтен туындайтын барлық тәуекелдер мен 

пайдаларды бермесе, бірақ өзіне сақтамаса, алайда аталған активтерді бақылауды берсе.

егер  топ  өзінің  активтен  ақша  ағындарын  алу  құқықтарын  бермесе,  не  транзиттік  келісім 

жасаса, және бұл ретте өзіне активтен туындайтын барлық тәуекелдер мен пайдаларды сақтамаса, 

сондай-ақ активті бақылауды бермесе, жаңа актив топ өзі берілген активке қатысуын жалғастырған 

дәрежеде танылады. 

бұл  жағдайда  топ  тиісті  міндеттемені  де  мойындайды.  берілген  актив  пен  тиісті  міндеттеме 

топпен сақталған құқықтар мен міндеттемелерді көрсететін негізде бағаланады.

берілген  актив  бойынша  кепілдік  формасын  қабылдайтын  қатысуды  жалғастырушы  мынадай 

шамалардың ішінде ең кішісі бойынша танылады: активтің бастапқы баланстық құны немесе төленуі 

топтан талап етілуі мүмкін ең көп сомасы.



Қаржылық активтердің құнсыздануы

әрбір  есепті  күнге  топ  қаржылық  активтің  немесе  қаржылық  активтер  тобының 

құнсыздануының  объективті  белгілерінің  болуын  бағалайды.  Қаржылық  актив  немесе  қаржылық 

активтер тобы қаржылық актив немесе қаржылық активтер тобы бойынша күтілетін болашақ ақша 

ағындарына сенімді бағалауға бейімделген ықпал ететін активті бастапқы танудан кейін орын алған 

бір немесе бірнеше оқиғалар («залал келтіру жағдайының» орын алуы) нәтижесінде құнсызданған 

деп  саналады.

 

Құнсызданудың  дәлелі  ретінде  борышкер  немесе  борышкерлер  тобы  біршама 



қаржылық қиындықтарға тап болғандығын, өз берешегіне қызмет көрсете алмайтындығын немесе 

пайыздарды  немесе  негізгі  берешек  сомасын  төлеуді  дұрыс  жүзеге  асырыла  алмайтындығын, 

сондай-ақ  олар  банкроттық  немесе  өзге  түрдегі  қаржылық  қайта  ұйымдастыру  ресімін  өткізуі 

ықтимал  екендігін  көрсетуі  мүмкін.  сонымен  қатар,  мұндай  дәлелдерге  қаржылық  құрал  бойынша 

күтілетін  болашақ  ақша  ағындарының  төмендеуін  бағалауға  бейімделгендігін  көрсететін,  оның 

ішінде қарыздарды төлеу бойынша міндеттемелерден бас тартумен белгілі бір өзара байланыстағы 

мерзімі  өткен  берешек  көлемдерінің  немесе  экономикалық  жағдайлардың  өзгеруі  сияқты 

бақыланатын деректер жатады.



Қаржылық міндеттемелер

Бастапқы тану және бағалау

39  Хбес  қолдану  аясындағы  қаржылық  міндеттемелер  пайда  немесе  залал,  кредиттер  мен 

қарыздар,  немесе  тиімді  хеджирлеу  кезінде  хеджирлеу  құралы  ретінде  айқындалған  туынды 


жылдық есебі' 

2012 


56

«ҚазМұнайГ

аз» – қайта өңдеу және марк

етинг» 


аҚ

құралдар  арқылы  әділ  құны  бойынша  қайта  бағаланатын  сәйкесінше  қаржылық  міндеттемелер 

ретінде жіктеледі. топ өз міндеттемелерін оларды бастапқы тану кезінде жіктейді.

Қаржылық  міндеттемелер  бастапқыда,  қарыз  берілген  жағдайда  мәміле  бойынша  онымен 

тікелей байланысты шығындарға ұлғайтылған әділ құны бойынша танылады.

топтың қаржылық міндеттемелері сауда және өзге де кредиторлық берешекті, кредиттер мен 

қарыздарды қамтиды.

Кейінгі бағалау

Қаржылық міндеттемелерді кейінгі бағалау оларды жіктеуге былайша байланысты болады:

«Пайда  немесе  залал  арқылы  әділ  құны  бойынша  қайта  бағаланатын  қаржылық 

міндеттемелер»  санаты  саудаға  арналған  қаржылық  міндеттемелерді  және  пайда  немесе  залал 

арқылы  әділ  құны  бойынша  қайта  бағаланғандар  ретінде  бастапқы  тану  кезінде  айқындалған 

қаржылық міндеттемелерді қамтиды.

Қаржылық міндеттемелер, егер олар жақын болашақта сату мақсатында салып алынса, саудаға 

арналғандар  ретінде  жіктеледі.  бұл  санат  топ  шарт  бойынша  тарап  болып  табылатын,  39  Хбес 

айқындалғандай, хеджирлеу операциясында хеджирлеу құралдары ретінде айқындалмаған туынды 

қаржылық  құралдарды  қамтиды.  бөліп  алынған  қоса  салынған  туынды  құралдар  да,  олар  тиімді 

хеджирлеу құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналғандар ретінде де 

жіктеледі.

саудаға  арналған  міндеттемелер  бойынша  табыстар  мен  шығыстар  жиынтық  залал  туралы 

шоғырландырылған есепте танылады.

топта  оны  пайда  немесе  залал  арқылы  әділ  құны  бойынша  қайта  бағаланғандар  ретінде 

бастапқы тану кезінде айқындалған қаржылық міндеттемелер жоқ.



Сауда және өзге де кредиторлық берешек

сауда  кредиторлық  берешек  бастапқыда  әділ  құны  бойынша  көрсетіледі  және  кейін  тиімді 

пайыз ставкасы әдісін қолдана отырып амортизацияланған құны бойынша бағаланады.

Кредиттер мен қарыздар

бастапқы  танудан  кейін  пайыздық  кредиттер  мен  қарыздар  тиімді  пайыздық  ставка  әдісін 

қолдана отырып амортизацияланған құны бойынша бағаланады.

 

Мұндай қаржылық міндеттемелер 



бойынша  табыстар  мен  шығыстар  оларды  тануды  тоқтатқан  жағдайда,  сондай-ақ  тиімді  пайыздық 

ставканы қолдану арқылы амортизация есептелуіне қарай, залал туралы шоғырландырылған есепте 

танылады.

амортизацияланған  құны  сатып  алу  кезіндегі  дисконттар  немесе  сыйақыларды,  сондай-ақ 

тиімді пайыздық ставканың ажырамас бөлігі болып табылатын комиссияларды немесе шығындарды 

есепке  ала  отырып  есептеледі.  тиімді  пайыздық  ставканың  амортизациясы  жиынтық  залал  туралы 

шоғырландырылған есепте қаржылық шығындар құрамына енгізіледі.

егер топта төлемді есепті күннен кейін кемінде 12 айға кейінге шегерудің сөзсіз құқығы болса 

ғана, қарыздар ағымдағы міндеттемелер ретінде жіктеледі. білікті актив сатып алуға, құруға немесе 

өндіруге  тікелей  қатысты  қарыздар  бойынша  шығындар  мұндай  актив  құнының  бір  бөлігі  ретінде 

капиталға  айналады.  Қарыздар  бойынша  өзге  де  шығындар  туындаған  кездегі  шығыстар  ретінде 

танылады.



Тануды тоқтату

егер  міндеттеме  өтелсе,  күші  жойылса,  немесе  оның  әрекет  ету  мерзімі  аяқталса,  қаржылық 

міндеттемені  қаржылық  жағдай  туралы  есепте  тану  тоқтатылады.  егер  қолда  бар  қаржылық 

міндеттеме  сол  кредит  беруші  алдындағы  басқа  міндеттемеге  айтарлықтай  ерекше  жағдайлармен 

ауыстырылса,  немесе  егер  қолда  бар  міндеттеменің  шарттары  өзгертілсе,  мұндай  ауыстыру 

немесе  өзгерістер  міндеттемені  бастапқы  тануды  тоқтату  және  жаңа  міндеттемені  тануды  бастау 

ретінде  есепке  алынады,  ал  олардың  баланстық  құнындағы  айырма  жиынтық  залал  туралы 

шоғырландырылған есепте танылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет