«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»



бет20/74
Дата24.02.2022
өлшемі497.49 Kb.
#26334
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
5. СИПАТТАМА
5.1. СТРАТЕГИЯ, САЯСАТ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕСТІК
5.1.1. Өндірісте қауіпсіздікті қамтамасыз ету өндірістегі қауіпсіздікті, сондай-ақ өнімділікті, экономикалық тиімділік пен сапаны арттыру үшін тиімді құрал болып табылатын өндірістегі процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу үшін ҚМГ-нің Даму стратегиясындағы негізгі бастамашылықтарының бірі болып табылады.

5.1.2. ЕҚжЕҚ саласындағы негізгі бастамашылықтарды іске асыру шеңберінде, ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес мақсаттарда, өндірістік және мінез-құлық тәуекелдерін бағалау және талдау, жұмыстардың, (көрсетілетін) қызметтердің қауіпті түрлерін жүргізу кезінде мердігерлік (қосалқы мердігерлік) ұйымдарды тиімді басқару негізінде бірыңғай тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану қажет.

5.1.3. Негізгі бастамашылықтар ЕҚжЕҚ саласындағы жүйелік өзгерістерді енгізуге, қалыптасқан стереотиптерді ескерту, алдын алу және қайта қарау ахуалын қалыптастыруға, оқиғалар мен жазатайым жағдайларға ден қоюдың тиімсіз және расталмаған қағидаттарынан ауытқуға, ҚМГ компанияларының тобында қызметкерлердің денсаулығына және өміріне қатысты оң өзгерістерді енгізуге бағытталған.

5.1.4. ЕҚжЕҚ-ның негізгі басты бағыттары:



  1. өндірістік тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың) алдына алу, анықтау және жою арқылы жұмыс орындарында және өндірістік бірліктерде қауіпсіз еңбек жағдайын жасау;

  2. басшылардың ЕҚжЕҚ саласындағы міндеттерді ұстануының негізінде өндіріс қауіпсіздігін және қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру;

  3. барлық деңгейдегі лидерлік және ЕҚжЕҚ басқару дағдыларын дамыту;

  4. қызметкерлерді өндірістік операцияларды қауіпсіз жүргізуге деген ынтасын арттыру және қызметкерлерді тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқару процестеріне тарту;

  5. өндірістік процестерді ұйымдастыру және жұмыс рәсімдерін орындау кезінде ЕҚжЕҚ бойынша тиімді тәсілдер мен практикаларды енгізу;

  6. қызметкерлерді тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторларды, оның ішінде, мінез-құлық тәуекелдерін (мінез-құлықты бақылау) сәйкестендіру, бағалау, талдау және басқару және болған оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеу процесіне тарту;

  7. ЕҚжЕҚ саласындағы пәрменді және тиімді әдістерді және басқару жүйелерін (коммуникациялық, ақпараттық, хабарландыру жүйелерін) қолдану;

  8. ЕҚжЕҚ саласындағы жұмысты жақсарту үшін барлық деңгейлердегі қызметкерлерді үнемі дамыту және оқыту;

  9. ЖҚҚ қамтамасыз ету;

  10. ЕҚжЕҚ бойынша басқару мониторингі, пәрменділігі мен тиімділігін бағалау, оны жақсарту үшін қайта қарау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет