«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


ЕҚЖЕҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет21/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
5.2. ЕҚЖЕҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5.2.1. ҚМГ Орталық аппаратында ЕҚЖЕҚ бойынша жұмысты ұйымдастыру/Міндеттер

5.2.1.1. ҚМГ-нің корпоративтік басқару мен орнықты дамуды жетілдіру бойынша стратегиялық мақсатының шеңберіндегі негізгі стратегиялық бастамашылықтардың бірі – ҚМГ компанияларының тобында МЖ қолдау және үнемі жақсарту, өндірістегі процестердің қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізу болып табылады.

Осы мақсатта ҚМГ Директорлар кеңесінің комитеті (ЕҚЕҚОҚОДК) ҚМГ-нің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасауға және қамтамасыз етуге және жетекші әлемдік мұнай-газ компанияларының деңгейіне қол жеткізуге бағытталған ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ҚМГ компаниялар тобының және мердігерлік ұйымдардың қызметін жалпы үйлестіреді.

5.2.1.2. ҚМГ комитеті (ҚМГ Директорлар кеңесі Комитетінің қолдауымен):

5.2.1.2.1. ҚМГ компанияларының тобында еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуға және сауықтыруға, ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіруге, ғылым мен техниканың ең жаңа деген жетістіктерін, озық тәжірибені, тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқарудың, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік ауруларды, оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың алдын алу заманауи құралдары мен әдістерін енгізуге, ЕҚжЕҚ жай-күйі туралы ақпараттың ашық, толық және дұрыс болуына бағытталған бірыңғай саясатты қалыптастырады және жүргізеді. Осы мақсатта ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының қатысуымен форумдар мен семинар-кеңестерді жыл сайын ұйымдастырады, жылдық есептерді тыңдайды. Семинар-кеңестердің алқалық шешімдері мен жылдық есептерді тыңдау жөніндегі кеңестердің шешімдерінің тармақтарын орындайды және ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының оларды орындауын бақылайды.

5.2.1.2.2. ҚМГ компаниялар тобының және мердігерлік ұйымдардың ЕҚжЕҚ бойынша заңнамалық талаптарды, ЕҚжЕҚ қағидаларын, нормалары мен стандарттарын дұрыс қолдануына және қатаң сақтауына мониторингті жүзеге асырады. ЕҚжЕҚ туралы заңнаманы қолдану практикасын жинақтайды, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді, оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына енгізеді.

5.2.1.2.3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мемлекеттік бақылаушы органдарының және ҚМГ-нің ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша шешімдерін орындауды ұйымдастырады және ҚМГ компанияларының тобында олардың орындалуына мониторинг жүргізеді, анықталған кемшіліктерді жоюды ұйымдастыру бойынша тиісті шараларды уақытылы қабылдайды.

5.2.1.2.4. Белгіленген тәртіппен ҚМГ-де ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша жаңа корпоративтік стандарттардың (қағидалардың, нұсқаулықтардың, үлгі ережелер мен басқа да басқарушылық және нормативтік-әдістемелік құжаттардың) әзірленуін және қолданыстағы корпоративтік стандарттардың (қағидалардың, нұсқаулықтардың, үлгі ережелер мен басқа да басқарушылық және нормативтік-әдістемелік құжаттардың) қайта қаралуын ұйымдастырады, оларды бекітеді.

5.2.1.2.5. Жұмыс істейтіндердің ЕҚжЕҚ дәрежесін арттыру бойынша ғылыми зерттеулердің жүргізілуін ұйымдастырады, еңбек жағдайын жақсартуға және сауықтыруға бағытталған ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуге ұсынады, ЕҚжЕҚ саласындағы жұмыстың озық тәжірибесін таратады.

5.2.1.2.6. Есепті жыл ішінде, жылдың басында және тоқсан сайын, ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының ЕҚжЕҚ бойынша іс-шаралардың орындалу барысын қарап, осы жұмысты жақсарту бойынша ұсынымдарды береді.

5.2.1.2.7. Қолданыстағы Заңнамалық талаптарға сәйкес ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ бойынша жұмысты моральдық және материалдық ынталандыруды ұйымдастырады. Осы мақсатта ЕҚжЕҚ бойынша байқау конкурстарын өткізеді.

5.2.1.2.8. ЕҚжЕҚ саласындағы ҚМГ жұмысына жалпы басшылық ету ҚМГ басшылығына жүктеледі.

5.2.1.2.9. ҚМГ ЕҚжЕҚ-ның қаржы және экономикалық мәселелерін шешу бойынша басшылық және осы мәселелерді ҚМГ компанияларының тобында шешу Бизнес-бағыттардың басшыларына, Қызмет бағыттарының басшыларына жүктеледі.

5.2.1.2.10. ҚМГ-нің барлық ұйымдастырушылық-үйлестірушілік жұмысын және ЕҚжЕҚ бойынша әдістемелік қолдауды жүзеге асыру ҚМГ ЕҚОҚД-ға жүктеледі.

5.2.1.3. ҚМГ басшылығы

5.2.1.3.1. ҚМГ басшылығы Заңнамалық талаптарға сәйкес ҚМГ қызметін басқарады және ЕҚжЕҚ саласындағы ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеуге басшылық етеді.

5.2.1.3.2. Заңнамалық талаптарға сәйкес, ҚМГ басшылығы:

1) қызметкерлердің ЕҚжЕҚ-ға құқықтарына кепілдікті;

2) нормативтік талаптарға сәйкес, өндірістік объект штатының қызметкерлермен жасақталуын;

3) қызметкерлердің, оның ішінде, ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілеріне баратын қызметкерлердің ЖҚҚ-мен жабдықталуын;

4) қызметкерлерді оқыту мен даярлаудың белгіленген тәртібінің сақталуын;

5) ҚМГ ЕҚОҚД-ның білікті мамандармен жинақталуын қамтамасыз етеді және олардың өз функционалдық міндеттеріне кірмейтін жұмыстарды орындауға тартылуына жол бермейді;

6) еңбек жарақатын алған, кәсіптік ауруға шалдыққан немесе өз еңбек міндеттерін орындауына байланысты оның денсаулығына өзге де зақым келтірілген жағдайда, қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянның уақытылы өтелуін;

7) ЕҚжЕҚ бойынша іс-шаралардың басымдықпен қаржыландырылуын;

8) апат және төтенше жағдайлардың алдын алу, осындай жағдайлар туындағанда қызметкерлердің өмірін және денсаулығын сақтап қалу бойынша, оның ішінде, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдауды;

9) өндірістегі жазатайым жағдайларды және кәсіптік ауруларды белгіленген тәртіппен тергеуді, уәкілетті органдарға оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың себептерін тергеуге жәрдемдесуді;

10) салауатты еңбек жағдайын жасауды;

11) ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуын бақылауды;

12) Заңнамалық талаптар мен ҚМГ-нің ішкі құжаттарына сәйкес, қызметкерлердің еңбек және демалыс режимін;

13) апат және төтенше жағдайлар туындағанда, қызметкерлердің өмірін және денсаулығын сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді.

5.2.1.3.3. ҚМГ басшылығы ҚМГ Комитетінің жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ Директорлар кеңесі Комитетінің жұмысына жәрдемдеседі.

5.2.1.4. Бизнес-бағыттың басшысы

5.2.1.4.1. Бизнес-бағыттың басшысы ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды, нормативтік құжаттарды және ҚМГ-нің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

5.2.1.4.2. Бизнес-бағыттың басшысы (қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша):

1) ЕҚжЕҚ саласындағы талаптарға сәйкес жетекшілік ететін мәселелер бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) жетекшілік ететін Қызмет бағытының басшыларына ЕҚжЕҚ саласындағы мақсаттар мен міндеттерді қояды (Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына);

3) ЕҚжЕҚ бойынша іс-шаралардың уақытылы және толық көлемде қаржыландырылуын қамтамасыз етеді;

4) ЕҚжЕҚ саласындағы іс-шараларды іске асыру үшін қажетті ресурстарды ұтымды бөледі;



5) өндірістік объектілердегі ірі оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың түбегейлі (жүйелік) себептерін талдайды;

6) ЕҚжЕҚ және, тұтастай алғанда, МЖ басқаруды жетілдіру бойынша түзету және алдын алу іс-әрекеттерін енгізуді және олардың нәтижелілігін бағалауды қамтамасыз етеді;

7) қызметкерлерді ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, ЕҚжЕҚ бойынша қағидалар мен нұсқаулықтарды сақтауын, ҚМГ Басшылығының ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша бұйрықтарын, ұйғарымдарын, нұсқаулары мен өзге шешімдерін, уәкілетті органдардың қаулыларын, ұйғарымдары мен өзге де құқықтық актілерін орындауын;

8) ЕҚжЕҚ жақсарту, сондай-ақ өндірістік жарақаттылықты және кәсіптік ауруларды, апат және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды қамтитын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ даму жоспарын (жеке) қалыптастыру, бекіту, түзету және мониторингі қағидаларына (KMG-PR-150.11-24), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕТҰ бизнес-жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингі қағидаларына (KMG-PR-84.9-66) сәйкес ҚМГ компаниялар тобының перспективалық және ағымдағы жоспарларын ұйымдастырады, келіседі және (немесе) әзірлеуге қатысады;

9) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес, бірлесіп бақыланатын және бақыланатын ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған инвестициялық жобаларды қарау және мониторингін жүргізу қағидаларына (KMG-PR-2138.2-38), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын қарау, келісу және мониторингін жүргізу қағидаларына (KMG-PR-1793.4-38), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес, бірлесіп-бақыланатын және бақыланатын ұйымдарының негізгі құралдарды салу, қайта жаңарту және жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларын қарау қағидалары (KMG-PR-2139.2-38) сәйкес, іске асырылып жатқан жобалардың тиімділігі және тәуекелдерді, оның ішінде, ЕҚжЕҚ саласындағы тәуекелдерді барынша азайту мақсатында, инвестициялық жобаларды іске асыру қызметін ұйымдастырады, келіседі және (немесе) жоспарлауға қатысады;

10) жабдықты ауыстыру, жаңғырту, еңбек жағдайлары қанағаттанарлықсыз немесе қауіпті өндірістік процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды ұйымдастырады, келіседі және (немесе) қарауға қатысады. Осы ұсыныстарды еңбек жағдайын жақсарту бағдарламаларына қосу қажеттілігін айқындайды;

11) ұжымдардың әлеуметтік дамыту жоспарларын, ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастырады, келіседі және (немесе) әзірлеуге қатысады, еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды күшейту шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;



12) ЕҚжЕҚ бойынша мол жұмыс тәжірибесімен алмасуды ұйымдастырады;

13) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет туралы ережесіне (KMG-PR-847.1-13) сәйкес, жетекшілік ететін мәселелер бойынша ҚМГ Комитетінің жұмысына белсенді түрде қатысады (келісім бойынша), МЖ жақсарту мақсатында қолдау көрсетеді;

14) төмендегілерді:



  • қызметтер мен жұмыстардың бақыланатын түрлерін лицензиялауды және алынған лицензиялардың қолданылу шарттарының, уәкілетті органдар ұйғарымдарының орындалуын және әкімшілік-өндірістік бақылауды;

  • әбден тозған және пайдалану мерзімі өтіп кеткен негізгі қорлардың техникалық аудиті бойынша іс-шаралардың орындалуын;

  • мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын/(жөндеу-құрылыс және іске қосу-реттеу және басқа да жұмыстарды/қызметтерді) орындауын бақылайды, өндірістік объектілерді салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге тартылатын мамандандырылған және құрылыс-монтаж және қосалқы мердігерлік ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

  • ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларына сәйкес, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді салуға және кеңейтуге арналған жобаларды ескертпе бақылау және қарау жөніндегі комиссияның жұмысын;

  • белгіленген тәртіппен өндірістік объектілерді салуға арналған жобалық-сметалық құжаттамада және жаңадан пайдалануға енгізілетін өндірістік объектілерге арналған жобалық құжаттаманың құрамында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәніне сараптама жүргізуді;

  • ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларына сәйкес, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді салуға және кеңейтуге арналған жобаларды ескертпе бақылау және қарау жөніндегі комиссияның жұмысын және өндірістік объектілерді пайдалануға енгізу тәртібінің сақталуы бойынша тиісті қорытындының дайындалуын;

  • ЕҚжЕҚ бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілердің, техникалық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар мен кешенді зерттеу негізіндегі техникалық пайдалану қағидаларының қолданысқа енгізілуін (қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің, техникалық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттар мен кешенді зерттеу негізіндегі техникалық пайдалану қағидаларының өзектендірілуін);

  • өндірістік объектілерді, техникалық шарттарды, нұсқаулықтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы жаңа нормативтерге сәйкес келтіруді;

  • ЕҚжЕҚ бойынша жобалық шешімдерді уақытылы орындау бөлігінде салынып жатқан және қайта жаңартылатын өндірістік объектілердің іске қосылуын (тиісті қызметтермен бірлесіп) бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады (қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша тікелей немесе ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының бірінші басшылары арқылы).

5.2.1.5. ҚМГ ЕҚОҚД/ҚОӘБ жөніндегі басшы

5.2.1.5.1. ҚМГ ЕҚОҚД/ҚОӘБ жөніндегі басшы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды, нормативтік құжаттарды және ҚМГ-нің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

5.2.1.5.2. ҚМГ ЕҚОҚД/ҚОӘБ жөніндегі басшы:

1) ЕҚжЕҚ саласындағы орта және қысқа мерзімді мақсаттардың, бағдарламалар мен іс-шаралардың жоспарларын әзірлеуді;

2) әлемдік практикалармен және тәсілдермен қалыптасқан ағымдағы жағдайға қатысты ЕҚжЕҚ саласындағы қызметтің негізгі бағыттарын талдауды және бағалауды (бенчмаркинг), МЖ үнемі жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуді;

3) өндірістік жарақаттылықтың, кәсіптік ауруларды, қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғатын апаттардың мән-жайлары мен себептерін талдауды, олардың алдын алу бойынша ЕТҰ мен олардың мердігерлік ұйымдарының іс-шараларын әзірлеуді;

4) ЕҚжЕҚ саласындағы ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының объектілерінде берілген ұсынымдардың орындалу барысын тексеруді (аудит жүргізу), мониторингін жүргізуді;

5) ЕҚжЕҚ саласындағы ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау жөніндегі іс-шаралардың, өндірістік бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізуді;

6) ҚМГ басшылығының ЕҚжЕҚ саласындағы оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы уақытылы хабардар болуын бақылауды;

7) ҚМГ Директорлар кеңесінің Комитеті үшін ЕҚжЕҚ мәселелері жөніндегі мерзімді есептілікті белгіленген уақытта дайындау мен қалыптастыруды;

8) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ даму жоспарын (жеке) қалыптастыру, бекіту, түзету және мониторингі туралы қағидаларға (KMG-PR-150.11-24), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы ұйымдарының бизнес-жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту және мониторингі туралы қағидаларға (KMG-PR-84.9-66) сәйкес, ЕҚжЕҚ талаптары бөлігінде ҚМГ компаниялар тобының бизнес-жоспарларын, жыл сайынғы өндірістік бағдарламалары мен бюджеттерін қарауды және келісуді;

9) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес, бірлесіп бақыланатын және бақыланатын ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған инвестициялық жобаларды қарау және мониторингін жүргізу қағидаларына (KMG-PR-2138.2-38), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ірі мұнай-газ жобаларын қарау, келісу және мониторингін жүргізу қағидаларына (KMG-PR-1793.4-38) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес, бірлесіп-бақыланатын және бақыланатын ұйымдарының негізгі құралдарды салу, қайта жаңарту және жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларын қарау қағидаларына (KMG-PR-2139.2-38) сәйкес, ЕҚжЕҚ талаптары бөлігінде келісімшарттардың, қолданыстағы және жаңа жобалардың сараптамасын;

10) белгіленген тәртіппен ҚМГ Комитетін жұмысын және қатысуын ұйымдастыруды, қамтамасыз етуді;

11) Заңнамалық талаптарға сәйкес ҚМГ компанияларының тобындағы адам өліміне әкеп соққан жазатайым жағдайларды тергеуге қатысуды, ҚМГ Басшылығы мен ҚМГ Директорлар кеңесі үшін тергеу қорытындылары бойынша есептіліктің дайындалуын;

12) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та оқиғалар туралы хабарландыру және оларды тергеу тәртібі туралы қағидаларға (KMG-PR-2235.1-13) сәйкес, оқиғалар мен жазатайым жағдайларды ішкі тергеуге қатысуды, түбегейлі (жүйелік) себептерге қатысуды;

13) ҚМГ компанияларының тобындағы ішкі коммуникация мақсатында, оқиғалар мен жазатайым жағдайлардан алынған сабақ бойынша ақпаратты дайындау мен таратуды, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша жеделхаттар мен ақпараттық парақшаларды, басқа да материалдарды дайындауды;

14) ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптардың сақталуына, ҚМГ басшылығының, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ұйғарымдарының орындалуына мониторинг жүргізуді;

15) ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіруді, ғылым мен техниканың ең деген жетістіктерін, өндірістік жарақаттылықты, кәсіптік аурулар мен апаттардың алдын алудың заманауи құралдары мен әдістерін енгізуді;

16) ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ бойынша елеулі тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізілімін әзірлеуді, оларды азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;

17) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау әдістемесі (KMG-MD-986.3-37), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарында өндірістік және өндірістік емес тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастырудың үлгі қағидаларына (KMG-PR-251.3-37) сәйкес, елеулі тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауды, сәйкестендіру мен бағалауды;

19) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сыни жағдайларды басқару регламентіне (KMG-RG-3313.1-13) сәйкес, ҚМГ компаниялар тобының апат және төтенше жағдайларға ден қою жүйелерін үйлестіруді;

20) ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарының өзгеруіне мониторинг жүргізуді, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс топтарына қатысуды;

21) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және ұйымдарының еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың негізгі көрсеткіштері жөніндегі есептілікті беру қағидаларына (KMG-PR-2407.1-13) сәйкес, ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ негізгі көрсеткіштерін талдауды;

22) GRI (Global Reporting Initiative) орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі ғаламдық бастамашылықтың халықаралық стандарттарына сәйкес ҚМГ орнықты даму саласындағы жыл сайынғы есепке арналған ЕҚжЕҚ бөлімін дайындауды;

23) халықаралық стандарттарға сәйкес, ҚМГ-нің IOGP (International Association of Oil and Gas Producers) мүшелігі шеңберінде ЕҚжЕҚ саласындағы есептілікті дайындау мен беруді, IOGP функционалдық комитеттеріне қатысуды;

24) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қауіпсіздік бойынша мінез-құлықты бақылау қағидаларына (KMG-PR-2312.1-13) сәйкес, ҚМГ компанияларының тобында (ҚМҚБ/ҚМҚБВ) қауіпсіздік бойынша мінез-құлықты бақылау бағдарламасын енгізу мен іске асыруды;

25) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобына арналған «Қорғау» картасын қолдану регламентінің (KMG-RG-3537.1-13) талаптарына сәйкес, ҚМГ компанияларының тобында «Қорғау» картасын қолдануды бақылауды және мониторингін жүргізуді;

26) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың негізгі көрсеткіштері жөніндегі есептілікті беру қағидаларына (KMG-PR-2407.1-13) сәйкес, ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ негізгі көрсеткіштерін талдауды;

27) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына (KMG-PR-2198.1-13) сәйкес, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесін дамыту мен техникалық сүйемелдеу бойынша үйлестіруді;

28) ҚМГ компанияларының тобында бірыңғай корпоративтік басқарушы құжаттар жүйесін және ЕҚжЕҚ және әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдіснаманы әзірлеу мен қолдауды;

29) ҚМГ компаниялар тобының басшылары мен мамандарының қатысуымен ЕҚжЕҚ бойынша симпозиумдарды, форумдар мен кеңестерді ұйымдастыруды және өткізуді, хаттамалық шешімдердің орындалуын бақылауды ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады;

30) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының денсаулық сақтау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең үздік инновациялық идеялар мен практикалар» атты жыл сайынғы конкурсын өткізу тәртібі мен шарттары туралы қағидаларға (KMG-PR-2191.2-13) сәйкес конкурстың ұйымдастырады және өткізеді;

31) ҚМГ Орталық аппараты қызметкерлерінің қауіпсіз және салауатты еңбегінің қамтамасыз етілуін бақылауды, ЕҚжЕҚ және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқаулықтың өткізілуін;

32) ҚМГ-нің адами ресурстарды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттерді қамтамасыз ету жөніндегі корпоративтік стандартқа (KMG-ST-3467.1-13) сәйкес, қызметкерлердің құзыреттерін және қажетті оқуын қамтамасыз етуді;

33) ЕҚжЕҚ саласындағы ҚНК-нің орындалуын бақылауды және талдауды ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады.

5.2.1.6. Қызмет бағытының басшысы (Құрылымдық бөлімшенің басшысы)

5.2.1.6.1. Қызмет бағытының басшысы (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды, нормативтік құжаттарды және ҚМГ-нің ішкі құжаттарын басшылыққа алады.

5.2.1.6.2. Қызмет бағытының басшысы (Құрылымдық бөлімшенің басшысы) қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша:

1) қызметкерлердің ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптар туралы хабардар болуын және (немесе) оларды білуін;

2) жұмысқа қабылдау кезінде қызметкердің ЕҚжЕҚ бойынша кіріспе нұсқаулықтан өтуді, Заңнамалық талаптарға сәйкес ЕҚжЕҚ бойынша білімін оқтын-оқтын тексеруді, оның ішінде оны ҚМГ компаниялар тобының өндірістік объектілеріне іссапарға жіберу кезінде тексеруді;

3) қызметкердің лауазымдық нұсқаулығына ЕҚжЕҚ бойынша міндеттер мен жауапкершілік енгізуді қамтамасыз етеді;

4) жүктелген функциялар мен құқықтарға сәйкес:


  • белгіленген тәртіппен ҚМГ компаниялар тобының жетекшілік ететін ұйымдарында болған оқиғалар мен жазатайым жағдайлар немесе олар іске асыратын жобалар туралы ҚМГ ЕҚОҚД-ға уақытылы хабарлауды қамтамасыз етеді;

  • ҚМГ-нің ішкі құжаттарына сәйкес, ҚМГ компаниялар тобының жетекшілік ететін ұйымдарында немесе олар іске асыратын жобаларда ЕҚжЕҚ-ның жай-күйі туралы есептік ақпараттың ҚМГ ЕҚОҚД-ға берілуін қамтамасыз етеді;

  • ҚМГ компаниялар тобының жетекшілік ететін ұйымдарында немесе олар іске асыратын жобаларда ЕҚжЕҚ бойынша Заңнамалық талаптар мен келісімшарттық талаптардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады, сәйкессіздіктерді болдырмау бойынша шараларды қабылдайды;

  • ҚМГ компаниялар тобының жетекшілік ететін ұйымдарында немесе олар іске асыратын жобаларда ЕҚжЕҚ бойынша жоспарлы іс-шаралардың орындалуына мониторингі жүзеге асырады;

  • Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

  • ЕҚжЕҚ, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік ауруларды, оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды ҚМГ компаниялар тобының жетекшілік ететін ұйымдарының немесе олар іске асыратын жобалардың жұмыс бағдарламалары мен бюджеттеріне белгіленген тәртіппен қосылуын қамтамасыз етеді;

  • өз құзыретінің шеңберінде және белгіленген тәртіппен, ҚМГ компаниялар тобының жетекшілік ететін ұйымдарында немесе олар іске асыратын жобаларда ЕҚжЕҚ бойынша іс-шаралардың қаржыландырылуын, оның ішінде, Заңнамалық талаптарда көзделген қызметкерлер мен негізгі қорларды сақтандырудың барлық түрлерін қамтамасыз етеді.

5.2.1.6.3. Қызмет бағытының басшысы (Құрылымдық бөлімшенің басшысы), өз құзыретінің шеңберінде, қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша, тікелей немесе ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының бірінші басшылары арқылы:

1) қызметтің және жұмыстардың бақыланатын түрлерін лицензиялауды, алынған лицензиялардың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және әкімшілік-өндірістік бақылау жөніндегі уәкілетті органдарының ұйғарымдарының қолданылу шарттарының орындалуын;

2) әбден тозған және пайдалану мерзімі өтіп кеткен негізгі қорлардың техникалық аудиті бойынша іс-шараларды;

3) мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын/(жөндеу-құрылыс және іске қосу-реттеу және басқа да жұмыстарды/қызметтерді), өндірістік объектілерді салуға, және жөндеуге тартылатын мамандандырылған және құрылыс-монтаж мердігерлік ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

4) ЕҚжЕҚ бойынша қағидалар мен нормаларға сәйкес, өндірістік объектілерді қайта жаңартуға және кеңейтуге арналған жобаларды ескертпе бақылау және қарау жөніндегі комиссияның жұмысын;

5) белгіленген тәртіппен Өндірістік объектілерді салуға арналған жобалық-сметалық құжаттамадағы және жаңадан пайдалануға енгізілетін өндірістік объектілердің жобалық құжаттамасының құрамындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасын;

6) еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларына сәйкес, жаңа өндірістік объектілерді салуға арналған жобаларды ескертпе бақылау және қарау жөніндегі комиссияны және өндірістік объектілерді пайдалануға енгізу тәртібін сақтау бойынша тиісті қорытындыны дайындауды;

7) зиянды еңбек жағдайлары үшін қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар беру туралы ұсыныстарды дайындауды, олардың сақталуын бақылауды;



8) ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау, қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бөлігінде функциялар мен міндеттерді көздей отырып, ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды дайындауды;

9) ұжымдық шарттың жобасын әзірлеуді, оның орындалуын бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;

10) қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен ұштасу уақытын шектеу қажет болатын қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбектің және демалыстың оңтайлы режимдерін енгізуді, сондай-ақ жұмыс ауысымдары арасындағы демалыс уақытын ұлғайтуды;

11) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының кестелері мен режимдерінің баланстарын сақтауды;

12) кадрларды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтық жоспарын әзірлеуді, ЕҚжЕҚ саласындағы қызметкерлерді даярлау және арттыру жоспарларының орындалуын ұйымдастыруды;

13) еңбекті ғылыми-негізделген ұйымдастыруды әзірлеу мен енгізуді және өндірісті басқаруды;

14) ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеуді және енгізуді (жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету; еңбектің озық және қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін тарату; еңбек жағдайын жеңілдету және сауықтыру; ауыр, еңбекті көп қажет ететін және қол жұмысын қысқарту; еңбек пен демалыстың ұтымды режимдерін енгізу; еңбек жағдайын жақсарту үшін моральдық және материалдық ынталандыру нысандары мен жүйелерін жетілдіру);

15) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша барлық деңгейлердегі басшылар мен қызметкерлерді аттестаттауды;

16) жұмыс орындары мен үй-жайлардың қауіпсіздігін және жөндеуді, тазалықты, тәртіпті және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын;

17) ЖҚҚ тегін беру және еңбек жағдайдың нормаларына сәйкес, қызметкерлерді ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету жұмыстарын;

18) кешенді зерттеудің негізінде ЕҚжЕҚ бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілерін, техникалық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарды қолданысқа енгізу (қолданыстағыны өзектендіру) жұмыстарын;

19) жүк пен материалдарды тиеу-түсіру жұмыстары кезінде, қоймалау және тасымалдау кезінде көлік құралдарының техникалық жай-күйін және ЕҚжЕҚ-ның сақталуын бақылауды;

20) әкімшілік ғимараттарды дұрыс қалпында ұстау, уақытылы және сапалы жоспарлы-алдын алып жөндеу жұмыстарын, объектілердің пайдаланылуын әкімшілік-өндірістік бақылауды және қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайының жасалуын орындауды немесе жүргізуді қамтамасыз етеді.

5.2.1.6.4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы және (немесе) қызметкерлері ҚМГ компаниялар тобы ұйымының (қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша) өндірістік объектілеріне барғанда, ЕҚжЕҚ саласындағы сәйкессіздіктерге (қауіпті іс-әрекеттер немесе қауіпті шарттар) назар аударып, белгіленген тәртіппен, анықталған сәйкессіздіктерді жоюға ұсынымдарды беруге міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет