«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


ҚМГ компаниялар тобының ұйымында ЕҚЖЕҚ бойынша жұмысты ұйымдастыру (Міндеттер)



бет22/74
Дата24.02.2022
өлшемі497,49 Kb.
#26334
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74
5.2.2. ҚМГ компаниялар тобының ұйымында ЕҚЖЕҚ бойынша жұмысты ұйымдастыру (Міндеттер)

5.2.2.1. ҚМГ компаниялар тобының ұйымы өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыру кезінде оның басты міндеттерінің бірі – ҚМГ-нің ЕҚжЕҚ саласындағы жетекші мұнай-газ компанияларының деңгейіне қол жеткізуі үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету басымдығына бағытталған ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптар мен ҚМГ-нің ішкі реттеуші құжаттарын (стандарттарды) сақтау болып табылады.

Осы мақсатта, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының комитеті (ҚМГ Комитетінің қолдауымен):

5.2.2.1.1. Еңбек жағдайын жүйелі түрде жақсартуға және сауықтыруға, ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіруге, ғылым мен техниканың ең жаңа деген жетістіктерін, озық тәжірибесін, тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторларды басқарудың заманауи құралдары мен әдістерді енгізуге, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың алдын алуға, ЕҚжЕҚ жай-күйі туралы ақпараттың жария, толық және дұрыс болуына бағытталған ҚМГ-нің бірыңғай саясатын қабылдайды және іске асырады.

5.2.2.1.2. Жыл сайын ҚМГ компанияларының тобында ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша форумдар мен семинар-кеңестерге қатысады және (немесе) олардың өткізілуін ұйымдастырады.

5.2.2.1.3. ҚМГ компаниялар тобының ұйымы мен мердігерлік ұйымдардың ЕҚжЕҚ саласындағы қолданыстағы Заңнамалық талаптарды, ЕҚжЕҚ қағидаларын, нормалары мен стандарттарын дұрыс қолдануына және қатаң сақтауына мониторингті жүзеге асырады. ЕҚжЕҚ туралы заңнаманы қолдану практикасын жинақтайды, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді, оларды тиісті уәкілетті органдарға қарауға енгізеді.

5.2.2.1.4. ҚР Үкіметінің, мемлекеттік бақылаушы органдар мен ҚМГ-нің ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша шешімдерді іске асыруға қатысады және ҚМГ компаниялар тобының ұйымында олардың орындалуына мониторингті жүргізеді, анықталған кемшіліктерді жоюды ұйымдастыру бойынша тиісті шараларды уақытылы қабылдайды.

5.2.2.1.5. Белгіленген тәртіппен, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша ҚМГ-нің жаңа реттеуші құжаттарын әзірлеуге және қолданыстағы реттеуші құжаттарын қайта қарауға қатысады.

5.2.2.1.6. ҚМГ компанияларының тобында жұмыс істейтіндердің ЕҚжЕҚ дәрежесін арттыру бойынша ғылыми зерттеуге қатысады, еңбек жағдайын жақсартуға және сауықтыруға бағытталған ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізуге ұсынады, ЕҚжЕҚ саласындағы жұмыстың озық тәжірибесін таратады.

5.2.2.1.7. Жылдың басында және есепті жыл ішінде тоқсан сайын ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі іс-шараларды орындау барысын қарауға қатысады, осы жұмысты жақсарту бойынша берілген ұсынымдардың орындалуын бақылауды жүргізеді.

5.2.2.1.8. Қолданыстағы Заңнамалық талаптарға сәйкес, ҚМГ компаниялар тобының ұйымында ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың моральдық және материалдық ынталандырылуын ұйымдастырады. Осы мақсатта ЕҚжЕҚ бойынша байқау-конкурстарды өткізеді.

5.2.2.1.9. ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстарға жедел-әдістемелік басшылық ету және оларды үйлестіру, ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуын ішкі бақылау мақсатында, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ҚМГ компаниялар тобының ұйымында ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бірінші басшысына тікелей бағынатын ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі құрылады.

5.2.2.1.10. ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі өз мәртебесі бойынша ҚМГ компаниялар тобы ұйымының негізгі өндірістік бөлімшесіне теңеледі.

5.2.2.1.11. Қызметкерлер саны 50 адамнан аспайтын ҚМГ компаниялар тобының ұйымында, қызметтің ерекшелігі ескеріліп, ЕҚжЕҚ жөніндегі маманның лауазымы енгізілуі тиіс немесе ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету міндеттері бұйрықпен басқа маманға жүктеледі.

5.2.2.1.12. ҚМГ компаниялар тобының ұйымындағы ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстарға жедел-әдістемелік басшылық ету және оларды үйлестіру ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметіне немесе ЕҚжЕҚ бойынша міндеттері бар маманға жүктеледі. ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бірінші басшысының лауазымдық міндеттерінің негізінде белгіленеді.

5.2.2.1.13. Осы Стандарттың талаптарға сәйкес, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу кезінде, функциялардың іс жүзінде бөлінуіне қарай, ЕҚжЕҚ бойынша лауазымдық міндеттердің жекелеген тармақшаларын ұйым бойынша бұйрықпен бір қызметкерге басқасына жүктеуге болады. Бұл ретте, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінде ЕҚжЕҚ бойынша талаптардың барлық тармақшалары қамтылуы тиіс.

5.2.2.2. Бірінші басшы (бас директор, өңірлік құрылымдық өндірістік бөлімшенің немесе филиалдың, база мен өкілдіктің директоры) ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады, оның ішінде:

1) еңбек жағдайын жақсарту ісінде қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін арттыру үшін жағдай жасайды, ЕҚжЕҚ саласындағы қызметкерлерді материалдық ынталандыру бойынша негізгі көрсеткіштер мен шарттарды қолданыстағы ережелер мен ұсынымдарға сәйкес белгілейді;

2) өндіріс технологияларының, өндірістік жабдықтың, құрылыстардың, өнеркәсіптік және қосалқы ғимараттардың ЕҚжЕҚ саласындағы қауіпсіздік стандарттарына, қағидалары мен нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

3) қызметкерлердің ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, уәкілетті органдардың шешімдері мен қаулыларын орындауын, ҚМГ бұйрықтарының орындалуын және мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын қамтамасыз етеді;

4) ҚМГ компаниялар тобының ұйымдарында ҚМГ саясатын қабылдайды және енгізеді, оларды барлық қызметкерлердің және Мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етеді;

5) МЖ енгізу, қолдау және жақсарту үшін барлық қажетті ресурстардың (қаржылық, материалдық және адами) болуын қамтамасыз етеді;

6) ЕҚжЕҚ саласындағы іс-шаралардың басым түрде қаржыландырылуын қамтамасыз етеді және белгілейді;

7) Заңнамалық талаптарға сәйкес қызметкерлер өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды міндеттерді сақтандыруды қамтамасыз етеді;

8) Заңнамалық талаптарға сәйкес, оқтын-оқтын, кем дегенде, 5 жылда бір рет еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілердің аттестациясын жүргізеді, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындайтын қызметкерлерді, машиналар мен тетіктерді ауысым алдында міндетті куәландырады;

9) Заңнамалық талаптармен белгіленген нормаларға сәйкес, қажетті санитариялық-гигиеналық жағдай жасайды, ЖҚҚ-ның берілуін және жөнделуін, оларды профилактикалық өңдеу құралдармен, жуу және зарарсыздандыратын құралдарымен жабдықтауды, медициналық дәрі қобдишасымен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тамақтандырумен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етеді;

10) ЕҚжЕҚ басқару жүйесі жұмысының тиімділігіне әсер ететін рольдерді белгілейді, жауапкершілік пен есеп беруді белгілейді, тиісті өкілеттіктерді береді;

11) ЕҚжЕҚ бойынша қызметкерлердің оқуын және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;

12) ТЖК мен ТЖЕК жұмысын қамтамасыз етеді, ТЖК мен ТЖЕК төрағасы мен құрамын тағайындайды;

13) еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлардың және қызметкерлердің денсаулығына тиген өзге де зақымдардың, кәсіптік аурулардың уақытылы тергелуін ұйымдастырады;

14) Заңнамалық талаптармен белгіленген нысанда және мерзімдерде түсіндірме жазбалармен бірге, жазатайым жағдайларда зардап шеккендер туралы есептердің уақытылы жасалуын бақылайды;

15) жазатайым жағдайлардың дұрыс және уақытылы тергелуін және есебін жүзеге асырады;

16) жұмыс орындарында/цехтар мен учаскелерде ЕҚжЕҚ бойынша белгіленген талаптарды сақтау мақсатында, ЕҚжЕҚ бойынша ішкі бақылаудың жүзеге асырылуын, анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша дерек шараларының қабылдануын қамтамасыз етеді;

17) құрамы мен жұмыс тәртібі ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ішкі құжатымен белгіленетін Комитетті құрайды, оның жұмысын басқарады және үйлестіреді;

18) басқармаларда, басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлердің кеңестерінде Компаниялар тобының ұйымындағы және мердігерлік ұйымдардағы ЕҚжЕҚ жай-күйінің мәселелерін қарауды қамтамасыз етеді, жекелеген құрылымдық бөлімше басшыларының олар ЕҚжЕҚ жақсарту және өндірістік жарақаттылықты азайту бойынша жүргізетін жұмыс туралы ақпаратын тыңдайды, кемшіліктерді жою бойынша тиісті шараларды қабылдайды;

19) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің құрылымын, штат кестесін және жұмыс жоспарларын бекітеді;

20) басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлердің ЕҚжЕҚ стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтау үшін, ЕҚжЕҚ бойынша белгіленген іс-шаралардың, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының ұйғарымдарының уақытылы орындалуы үшін жауапкершілігін арттыру шараларын қабылдайды;

21) Заңнамалық талаптарға және ҚМГ-нің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленген тәртіппен барлық оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы ЕҚжЕҚ саласындағы уәкілетті органдар мен ҚМГ Орталық аппаратына дереу хабарлауды қамтамасыз етеді;

22) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тағы оқиғалар туралы хабарлау және оларды тергеу тәртібі туралы қағидаларға (KMG-PR-2235.1-13), «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сыни жағдайларды басқару регламентіне сәйкес, барлық оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы хабарламалардың ҚМГ Орталық аппаратына берілуін қамтамасыз етеді.

5.2.2.3. Өндірістік мәселелер жөніндегі директор (бас директорлардың орынбасарлары, өңірлік өндірістік құрылымдық бөлімшелер, базалар мен өкілдіктер директорларының орынбасарлары, техникалық директорлар, бас инженерлер):



5.2.2.3.1. Өндіріс жөніндегі орынбасар қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады, тікелей басқарады, оның ішінде:

1) қызметкерлердің ЕҚжЕҚ бойынша Заңнамалық талаптарды, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын, Комитеттің ұсынымдарын орындауын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың прогрессивті жүйелері мен нысандарын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;

3) ЕҚжЕҚ саласындағы тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқаруға негізделген қызметтің жоспарлануын, жұмыстарды кешенді механикаландыру және қол еңбегін, ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстарды қысқарту бойынша, энергиямен жарақталуды арттыру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын ұйымдастырады;

4) ЕҚжЕҚ бойынша жұмысты жетілдіру бөлігінде жұмысты жақсарту, атқарушылық тәртіпті нығайту, қарамағындағы құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің бастамашылықтарын және шығармашылығын дамыту бойынша іс-шаралардың әзірленуін және іске асырылуын ұйымдастырады;

5) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелері арасындағы ЕҚжЕҚ бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасуды ұйымдастырады;

6) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерін нормалар мен қағидаларда көзделген ЖҚҚ-мен уақытылы қамтамасыз етудің бақылануын қамтамасыз етеді;

7) ЕҚжЕҚ саласындағы өндірісті, еңбекті және басқаруды ғылыми ұйымдастыруды жетілдіреді, ғылым, техника жетістіктерін мен озық тәжірибені насихаттауды және кеңінен пайдалануды жүзеге асырады;

8) ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру бөлігінде өзіне бағынысты ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелері жұмысының негізгі бағыттарын белгілейді;

9) белгіленген тәртіппен ЕҚжЕҚ жақсарту жөніндегі іс-шаралардың, әзірленуін, қаралуын және бекітілуін, олардың бақылануын басқарады;

10) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, нұсқаулықтардың, нұсқаулық карталарының, технологиялық регламенттерінің, нормативтік және техникалық құжаттаманың әзірленуін ұйымдастырады және бақылайды;

11) белгіленген тәртіппен және толық көлемде ЕҚжЕҚ бойынша іс-шараларды қаржыландыру көлемдері мен орындауды бақылайды, іс-шараларды орындау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық және тәртіптік шараларды қабылдайды, олардың орындалуы үшін жауап береді;

12) ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде ҚМГ компаниялар тобы ұйымының және мердігерлік ұйымдардың қызметін бақылайды;

13) еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру бойынша іс-шараларды жүргізу үшін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың өлшемдерін бақылайтын материалдармен, құралдармен, жабдықпен және аспаптармен қамтамасыз етуді бақылайды;

14) қолданыстағы нормативтерге сәйкес, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік жабдығы мен объектілерін еңбек жағдайын жақсартатын және оның қауіпсіздігін арттыратын қауіпсіздіктің техникалық құралдарымен жабдықтау шараларын қабылдайды;

15) Заңнамалық талаптармен белгіленген жағдайларда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

16) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК-ны басқарады, құрылымдық бөлімшелердегі ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың және жай-күйдің ұйымдастырылуын тексереді;

17) қызметкерлердің кеңестерінде, техникалық кеңесте немесе ТЖК отырысында ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің ЕҚжЕҚ жай-күйін қарайды (кем дегенде, жартыжылдықта бір рет), жекелеген құрылымдық бөлімше басшыларының олар еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттылықты азайту бойынша жүргізетін жұмыс туралы ақпаратты тыңдайды;

18) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің жоспарын қарайды және келіседі;

19) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бірінші басшысына ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметін жинақтау туралы ұсыныстарды береді;

20) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының өндіріс технологиясының, өндірістік жабдықтың, өнеркәсіптік және қосалқы ғимараттар құрылыстарының ЕҚжЕҚ саласындағы қолданыстағы қауіпсіздік стандарттардың, қағидалар мен нормалардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді, ұйымдастырады және бақылайды;

21) әбден тозған және пайдалану мерзімі аяқталған негізгі қорлардың техникалық аудиті бойынша іс-шаралардың әзірленуін ұйымдастырады және орындалуын бақылайды;

22) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының барлық өндірістік объектілерінде өрт қадағалау мен оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

23) ықтимал қауіпті жабдықты, қондырғылар мен материалдарды қауіпсіз пайдалану үшін жауапты тұлғалардың тағайындалуын қамтамасыз етеді.

5.2.2.3.2. Күрделі құрылыс жөніндегі орынбасар ЕҚжЕҚ саласындағы тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторларды басқаруға, қарамағындағы құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс бөлімшелерде мақсаттар қою мен оларға қол жеткізуге негізделген қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жоспарлау, жасау және қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады және тікелей басқарады, оның ішінде:



1) қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер мен қызмет қызметкерлерінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіру кезінде қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын орындауын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын, Комитеттің ұсынымдарын орындауын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) іске қосу кешендеріне және жаңадан салынып жатқан, кеңейтілетін немесе қайта жаңартылатын өндіріс кезектеріне ЕҚжЕҚ бойынша қажетті жұмыстардың қосылуын бақылауды ұйымдастырады, өндірістік және қосалқы мақсаттағы құрылыс объектілерді пайдалануға қабылдауға басшылық етеді, олардың қолданыстағы нормалар мен стандарттардан ауытқумен енгізілуіне жол бермейді;

3) ЕҚжЕҚ қағидалары, нормалары талаптарының, стандарттардың орындалуын, сондай-ақ салынатын және/немесе қайта жаңартылатын объектілердің құрылыс және/немесе қайта жаңарту жобаларына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында, объектілердің құрылыс барысын техникалық қадағалауды ұйымдастырады;

4) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен әлеуметтік даму жоспарының әзірленуін басқарады және қаралуын ұйымдастырады;

5) өз қызметінің бағыттары бойынша ЕҚжЕҚ мәселелерін қарау және шешу кезінде ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ТЖК жұмысына қатысады;

6) еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру, көп еңбекті қажет ететін процестер мен жұмыстарды механикаландыру мақсатында құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыс өндірісінің жаңа техникасы мен прогрессивті технологияларын енгізуге арналған техникалық шарттарды әзірлеуге қатысады;

7) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК-ға қатысады (кем дегенде, жартыжылдықта бір рет), құрылыс, құрылыс-монтаж және басқа да оған бағынысты құрылымдық бөлімшелерде ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын және жай-күйін тексереді (ішінара) және ЕҚжЕҚ бойынша жұмыста анықталған кемшіліктерді жою және оны жақсарту бойынша шаралар қабылдайды;

8) белгіленген тәртіппен ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша іс-шараларда көзделген объектілерді қайта жаңарту, күрделі жөндеу және салу жұмыстарының уақытылы болуын және қамтамасыздығын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың толық іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

9) өндірістік және қосалқы мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттаманың ЕҚжЕҚ бойынша қағидалардың, нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді және бақылайды;

10) өндірістік объектілерді және кешендерді салу және/немесе қайта жаңарту кезінде оларға санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды қосуды көздейді;

11) өндірістік объектілерді және кешендерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиялардың құрамы туралы бұйрықтарды дайындау кезінде осы комиссиялардың құрамына ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметтерінің қызметкерлерін, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдерін қосуды көздейді;

12) өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады, өз қызметінің бағыттары бойынша олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

ҚМГ компаниялар тобы ұйымының штатында күрделі құрылыс жөніндегі орынбасардың лауазымы болмаған жағдайда, оның ЕҚжЕҚ бойынша міндеттері күрделі құрылыс қызметінің басшысына жүктеледі.

5.2.2.3.3. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасар әлеуметтік мақсаттағы объектілердің қауіпсіз пайдаланылуын және лайықты жай-күйін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, оның ішінде:



1) әлеуметтік мақсаттағы объектілерде қауіпсіз еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және басқарады;

2) өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

3) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының спорт және сауықтыру іс-шараларының өткізілуін, санаторий-профилакторийлары мен басқа да емдеу-профилактикалық мекемелердің пайдаланылуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

4) ЖҚҚ жөндеуді, тазарту мен жууды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

5) өз қызметінің бағыттары бойынша ЕҚжЕҚ мәселелерін қарау және шешу кезінде, құрылымдық бөлімшелер мен өндірістік объектілерді тексеру кезінде ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады;

6) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК-ға қатысады (кем дегенде, жартыжылдықта бір рет), өзіне ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелерде ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын және жай-күйді тексереді (ішінара) және ЕҚжЕҚ бойынша жұмыста анықталған кемшіліктерді жою және оны жақсарту бойынша шараларды қабылдайды;

7) санитариялық нормаларға сәйкес, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерін санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және қондырғылармен, арнайы тамақтандырудың, арнайы сүт пен арнайы сабынның берілуін, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды уақытылы жөндеуді қамтамасыз етеді;

8) олар басқаратын қызметтердің өздерінің негізгі өндірістік міндеттерімен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша функцияларды да орындауын қамтамасыз етеді;

9) өндірістік объектілерде және қызметкерлер тұратын вахталарда оларды тамақтандырудың және ыстық тамақтандырудың ұйымдастырылуын және санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

10) әлеуметтік мақсаттағы объектілерде еңбек және өндірістік тәртіпті арттыру және күшейту бойынша іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

11) ұжымды әлеуметтік дамыту жоспарының тиісті іс-шараларын және ЕҚжЕҚ жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен қарауды басқарады және ұйымдастырады, жоспарлан іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

12) санаториялық-емдеу мекемелерімен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын нығайту бойынша шарттар жасасу бойынша жұмысты жүргізеді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

13) қызметкерлердің мерзімдік және ауысым алдындағы дәрігерлік қараудан өтуін ұйымдастырады және бақылайды және жүргізілген жұмыстың қорытындылары бойынша тиіс іс-шараларды жасайды.

ҚМГ компаниялар тобы ұйымының штатында әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасар болмаған жағдайда, оның ЕҚжЕҚ бойынша міндеттері басшының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктеледі.

5.2.2.3.4. Экономика және қаржы жөніндегі орынбасар ЕҚжЕҚ саласындағы іс-шаралардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, оның ішінде:



1) қарамағындағы құрылымдық бөлімшелер мен қызметтердің қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ бойынша Заңнамалық талаптарды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын орындауын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйымдарының ұйғарымдарын орындауын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бюджетінде ЕҚжЕҚ бойынша жеке бапта көзделген ЕҚжЕҚ саласындағы жұмыстардың, қызметкерлердің, өндірістік объектілер мен жабдықтың сақтандырылуын, ЕҚжЕҚ бойынша іс-шаралардың уақытылы және толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

3) Заңнамалық талаптармен белгіленген өтемақылар бойынша, болған жазатайым жағдайлар бойынша төлемдердің қаржыландырылуын қамтамасыз етеді;

4) өз қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді қарау және шешу кезінде ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады.

ҚМГ компаниялар тобы ұйымының штатында экономика және қаржы жөніндегі орынбасардың лауазымы болмаған жағдайда, оның ЕҚжЕҚ бойынша міндеттері экономика және қаржы жөніндегі қызметтің басшысына жүктеледі.

5.2.2.3.5. Геология және геофизика жөніндегі орынбасар геологиялық-барлау, геологиялық-іздеу, бұрғылау және кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстар кезінде, ұңғымаларды сынау және зерттеу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыруға басшылық етуді қамтамасыз етеді және жүзеге асырады, оның ішінде:



1) геологиялық-іздеу, геологиялық-барлау және кәсіпшілік-геофизикалық жұмыстар кезінде және зерттеу кезінде қолданылатын жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрылғылардың ЕҚжЕҚ мен өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарының, қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

2) олар жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру бойынша тиісті кешенді іс-шараларды белгіленген тәртіппен әзірлеуге басшылық етеді және олардың қаралуын ұйымдастырады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

3) жұмыстарды кешенді механикаландыру және қол еңбегін, ауыр және көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды қысқарту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

4) ол жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ бойынша Заңнамалық талаптарды, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, ҚМГ және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын орындауын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

5) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК тобын (кіші комиссиясын) басқара отырып, кем дегенде, жартыжылдықта бір рет, өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердегі ЕҚжЕҚ жұмысының ұйымдастырылуын және жай-күйін тексереді (ішінара), тексеру қорытындылары тиісті түрде ресімдейді және талқылайды;

6) ұңғымалардың құрылымына арналған техникалық жобаларды жасау үшін туынды деректердің іс жүзіндегі шарттарының сәйкестігін бақылайды (қабаттық қысым және ашық атқу үшін қабаттық флюид тығыздығы);

7) техногендік оқиғалар мен ТЖ болдырмау үшін, кен орындарын игеру жобаларының сақталуын бақылайды;

8) ұңғымаларды консервациялаудың өнеркәсіптік қауіпсіздігінің нормалары мен қағидаларының сақталуын бақылайды;

9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

ҚМГ компаниялар тобы ұйымының штатында геология және геофизика жөніндегі орынбасардың лауазымы болмаған жағдайда, геология және геофизика қызметінің басшысына жүктеледі.

5.2.2.3.6. ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметінің басшысы ҚМГ компаниялар тобы ұйымында ЕҚжЕҚ саласында Заңнамалық талаптардың, нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, ЕҚжЕҚ саласындағы уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет жасауды жүзеге асырады, оның ішінде:



1) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша уәкілетті органдардың шешімдерінің, ұйғарымдарының, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтарының, ұйғарымдарының, нұсқаулары мен өзге де шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметтері жүзеге асыратын ЕҚжЕҚ қамтамасыз ету қызметін бақылауды жүзеге асырады;

3) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметтерінің жұмысына тікелей басшылық етуді және оны үйлестіруді жүзеге асырады, бұл ретте, жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, оның тиімділігін арттыруға қол жеткізеді;

4) ЕҚжЕҚ саласындағы ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметін жоспарлауды жүзеге асырады;

5) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің ЕҚжЕҚ бойынша нормативтік құқықтық актілермен және өзге де құжаттармен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;

6) стандарттарда, қағидалар мен басқа да нормативтік құжаттарда көзделген ЕҚжЕҚ мәселелер бойынша техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылайды;

7) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің қажетті ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;

8) ҚМГ компаниялар тобы ұйымында МЖ жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

9) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының өндірістік учаскелерінде еңбек жағдайына жедел талдауды, тәуекелдер/қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалауды жүргізеді және ЕҚжЕҚ бойынша талаптармен анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;

10) салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлейді және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығына енгізеді;

11) ҚМГ компаниялар тобы ұйымындағы өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың жай-күйін және себептерін талдауды және олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуді жүзеге асырады;

12) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығына болған оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы хабарлайды;

13) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының объектілеріндегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексеру бойынша ТЖК жұмысын ұйымдастырады;

14) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелеріне басқа құрылымдық бөлімшелерінде болған оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы уақытылы хабарлайды;

15) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру бойынша ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ТЖЕК жұмысына қатысады;

16) қауіпсіз еңбек жағдайларын, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулар, оқиғалар мен жазатайым жағдайлар санын азайтуды қамтамасыз ететін жаңа техникалық құралдарды және технологиялық процестердің енгізілуіне жәрдемдеседі;

17) құрылысы аяқталған немесе қайта жаңартылған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;

18) ЕҚжЕҚ мәселелерін талқылау кезінде салауатты және қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайын жасау туралы, ЕҚжЕҚ бойынша іс-шараларды қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы келіссөздерге қатысады;

19) жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің сақталуын, ауыр жұмыстарда, зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарда істейтін қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақылардың берілуін, қызметкерлердің емдеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады;

20) Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда ҚМГ компаниялар тобы ұйымындағы жазатайым жағдайларды тергеуді ұйымдастырады немесе оған қатысады;

21) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының жазатайым жағдайларды және еңбек қызметіне байланысты қызметкерлердің денсаулығына тиген өзге де зақымдарды тергеу, ресімдеу және есебін жүргізу тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;

22) Заңнамалық талаптармен белгіленген тәртіппен зиянды (аса зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлерді мерзімдік дәрігерлік қарау мен зерттеу үшін кәсіптер мен лауазымдардың тізімдерін жасауда ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді;

23) ЕҚ және ӨҚ КМГ саласындағы саясат көрсетілетін кіріспе нұсқама беру бағдарламасын әзірлейді, жұмысқа жаңадан қабылданатын қызметкерлерге, уақытша қызметкерлерге, іссапарға жіберілгендерге, өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттерге кіріспе нұсқама беруді жүргізеді;

24) қызметкерлер өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде оларды жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыру шартын жасасу арқылы ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлерінің мүліктік мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;

25) ҚМГ компаниялар тобы ұйымы басшылығының ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының жобаларын, сондай-ақ ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;

26) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметтерін білікті мамандармен жинақтау, оларды ұтымды пайдалану және аудару туралы ұсыныстарды ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығына ұсынады;

27) ЕҚжЕҚ саласындағы белсенді жұмыс үшін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін ынталандыру туралы ұсынысты ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығына береді;

28) ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша ҚМГ орталық аппаратының ЕҚОҚД-мен, жергілікті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдармен, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдармен жедел, әдістемелік және консультациялық байланысты жүзеге асырады;

29) өз құзыретінің шеңберінде, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметтерінің басшыларына, құрылымдық бөлімшелері бас мамандарына, басшылары мен лауазымдық тұлғаларына ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларының анықталған сәйкессіздіктерін және жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар береді;

30) жұмыс істейтіндердің өмірі және денсаулығы үшін қауіпті жағдайларда жекелеген учаскелерде, машиналарда, тетіктер мен станоктарда жұмыс істеуге тыйым салады;

31) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына бұл туралы дереу хабарлай отырып, ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларының сәйкессіздігіне жол берген тұлғаларды жұмыстан шеттетеді (тиісті бөлімшелердің басшылары арқылы);

32) өндірістегі жазатайым жағдай кезінде зардап шеккендер және ЕҚжЕҚ бойынша іс-шаралар шығындары, кешенді іс-шараларды орындау туралы есептердің (белгіленген нысандар бойынша), ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ саласындағы жұмысы туралы ақпараттың, анықтамалар мен есептердің жасалуын ұйымдастырады;

33) пайдалану мерзімі аяқталған және әбден тозған негізгі қорлардың техникалық аудитінің, сондай-ақ аудит қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

34) ҚМГ компаниялар тобы ұйымында өрт қауіпсіздігі саласындағы іс-шаралардың өткізілуін бақылауды қамтамасыз етеді;

35) ЕҚжЕҚ бойынша жаңа нормативтік құқықтық актілердің қолданысқа енгізілуіне (қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің өзгеруіне) қарай, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының және құрылымдық бөлімшелердің өндірістік объектілерінің ішкі құжаттарын олардың талаптарына сәйкес келтіруді ұйымдастырады.

5.2.2.4. Желілік басшылар (бас геологтар, бас механиктер, бас энергетиктер, учаскелердің/цехтардың бастықтары), Құрылымдық бөлімшелердің басшылары:



5.2.2.4.1. Жабдық пен тетіктерді жөндеу және пайдалану қызметінің басшысы жабдық пен тетіктерді пайдалануға байланысты оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жоспарлы-алдын алып жөндеудің, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың уақытылы орындалуын ұйымдастырады, оның ішінде:

1) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелері жұмысының озық әдістерін енгізуді және жөндеу жұмыстарын жүргізуді жетілдіруді ұйымдастырады;

2) өз құзыретіне кіретін жабдықты пайдалану мәселелері бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтарын орындауды және нұсқауларын, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

3) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің жабдығы мен тетіктерін жөндеу қызметтері арқылы жерүсті жабдықпен болған және жазатайым жағдайларға әкеп соқпаған оқиғалардың уақытылы және сапалы тергелуін, есепке алынуын ұйымдастырады;

4) жабдықты жөндеу қызметтердің қызметкерлерінің оқуын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, олардың білімін тексеруге қатысады, қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне үйретуді ұйымдастыруда, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша қажетті бағдарламаларды, нұсқаулықтарды жасауда және әзірлеуде ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді, осы жұмыстардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

5) қауіпсіз пайдалануды және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша іс-шараларды уақытылы өткізуді қамтамасыз етеді (ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің жабдығын жөндеу қызметтері арқылы) (жүк көтергіш тетіктерді, жүкқармағыш және шынжырлы құрылғыларды, қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен ыдыстарды, газ және отынның басқа да түрлерінде жұмыс істейтін мұнай мен суды қыздыру пештерін, вентиляциялық жүйелерді, электр-газ дәнекерлеу аппаратурасын, ацетилен, оттегі, сорғы-компрессорлық қондырғыларды және басқа да жабдық пен тетіктерді сынау, техникалық куәландыру және тексеру);

6) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің жабдық пен тетіктерге қызмет көрсетудің және жөндеудің жүргізілуін, оларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады және анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;

7) жабдықтың техникалық диагностикасын жүргізуді ұйымдастырады, жабдықты жөндеу қызметіне бекітілген жабдыққа техникалық көрсету мен оны жөндеудің уақытылы және сапалы жүргізілуін ұйымдастырады және бақылайды және анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды;

8) ЕҚжЕҚ жұмысының ұйымдастырылуын және жай-күйін және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің ҚМГ қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының сақталуын тексеруді жүзеге асырады, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, оның тобын (кіші комиссиясын) басқарады;

9) егер көлік құралдары мен арнайы техниканы бақылау бойынша міндеттер басқа қызметкерге жүктелмесе, тиеу-түсіру жұмыстары кезінде пайдаланылатын көлік құралдарының, көтергіш-көлік тетіктерінің, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер көлігінің техникалық жай-күйін және қауіпсіз пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

10) өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердегі тиеу-түсіру жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылайды;

11) қауіпсіздік тұрғысынан жабдықтың, тетіктердің техникалық аудиті және конструкциялық кемшіліктерін жою бойынша, әбден тозған машиналарды, тетіктерді, жабдықты уақытылы ауыстыру бойынша жұмысты жүргізеді және тиісті шараларды қабылдайды, егер осы функция басқа бөлімшелерге немесе басқа жауапты тұлғаларға жүктелмесе, бұзбай бақылау әдістерін қолданып, техникалық диагностиканың жүргізілуін ұйымдастырады;

12) оқиғаға және жазатайым жағдайларға әкеп соққан жабдықтың, тетіктер мен құрылғылардың конструкциялық кемшіліктері туралы материалдарды жинайды, дайындаушы зауыттар мен әзірлеушілерге (ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдар) беру үшін тиісті ұсыныстарды дайындайды;

13) Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге қатысады, олардың түбегейлі (жүйелік) себептерін талдайды және болашақта оларды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

14) ұжымды әлеуметтік дамыту жоспарларын және ЕҚжЕҚ жақсарту, өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

15) ескі жобалар, қағидалар бойынша дайындалған механикалық жабдық, машиналар, тетіктер, қондырғылар, коммуникациялар қауіпсіздігінің жаңа талаптарына сәйкестікке келтіреді;

16) дәнекерлеушілердің аттестациясын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

17) ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

18) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын есептемегенде, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияның, техникалық қондырғылардың, материалдардың сараптамасын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.2. Энергетика қызметінің басшысы электр және жылу-энергетикалық қондырғыларын пайдалануға байланысты оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың уақытылы әзірленуін және орындалуын ұйымдастырады, оның ішінде:



1) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеудің озық технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ жөндеу жұмыстардың ұйымдастырылуын жетілдіруді қамтамасыз етеді;

2) газ шаруашылығын қауіпсіз пайдалану үшін міндеттер бас механикке жүктелмеген немесе ҚМГ компаниялар тобы ұйымының штатында бас механиктің лауазымы көзделмеген жағдайда, қолданыстағы қағидаларға сәйкес, газ шаруашылығын қауіпсіз пайдалану жұмысын ұйымдастырады;

3) электр және жылу-энергетикалық қондырғыларды профилактикалық қарау мен жоспарлы-алдын алу жөндеуді сапалы жүргізуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;

4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

5) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бас энергетик қызметтері, құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің оқуын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады және олардың білімін тексеруге қатысады;

6) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде техникалық пайдалану қағидалары (ТПҚ) мен техникалық қауіпсіздік қағидаларының (ТҚҚ) сақталуын, электр және жылу-энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздік қағидалары мен нормаларына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады және (тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшылары арқылы) олардың қауіпсіз пайдаланылуын ұйымдастырады, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды қабылдайды;

7) ТПҚ мен ТҚҚ талаптарына сәйкес, электр-техникалық және электр-техникалық емес қызметкерлердің оқуын және аттестациясын ұйымдастырады;

8) қауіпсіздік тұрғысынан энергия жабдығының конструкциялық кемшіліктерінің техникалық аудиті және оларды жою бойынша, әбден тозған энергия жабдығын уақытылы ауыстыру бойынша жұмысты жүргізеді, техниканың жаңа үлгілерін сынауға қатысады;

9) оқиғалар мен жазатайым жағдайларға әкеп соққан энергия жабдығы мен құрылғыларының конструкциялық кемшіліктері туралы материалдарды жинақтайды, дайындаушы зауыттарға және әзірлеушілерге (ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық ұйымдарға) беру үшін тиісті ұсыныстарды дайындайды;

10) ЕҚжЕҚ бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларының жай-күйін және сақталуын тексереді, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК құрамына қатысады немесе оның тобын (кіші комиссиясын) басқарады;

11) Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге, жұмыс орындарындағы қауіптерді айқындауға және тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) бағалауға және оларды ескерту және азайту бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

12) оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың, электр және жылу-энергетикалық қондырғылардың жұмысындағы сәйкессіздіктердің уақытылы және сапалы тергелуін қамтамасыз етеді (ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің немесе бас энергетик қызметтерінің басшылары арқылы);

13) ұжымды әлеуметтік дамыту жоспарлары мен ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

14) құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне қызметкерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне үйретуді ұйымдастыруда, қажетті бағдарламаларды, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды жасауда және әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді, осы жұмыстардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;

15) қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес, қазандықтардың және қазақстандық қондырғыларының электр жабдығының қауіпсіз пайдаланылуын ұйымдастырады және бақылайды;

16) ескі жобалар, қағидалар бойынша жасалған энергетикалық жабдықты, қондырғыларды, коммуникацияларды ЕҚжЕҚ бойынша жаңа қағидалар мен нормативтік құжаттарға сәйкестікке келтіреді.

5.2.2.4.3. Маркетинг және материалдық-техникалық жабдықтау (МТЖ) қызметінің басшысы өзіне бағысты бөлімшелерде (базаларда, қоймалар мен алаңдарда) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады және тікелей басқарады, оның ішінде:



1) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің арнайы киімге, арнайы аяқ киімге, профилактикалық өңдеу құралдарына, жуу және зарарсыздандыру құралдарына, арнайы тамақтандыру мен сүтке, жеке және ұжымдық қорғау құралдарына, ЕҚжЕҚ саласындағы қондырғылар мен жабдыққа деген қажеттілігінің кешенді, уақытылы және біркелкі қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады, олардың өтінімдерін қанағаттандыру бойынша шараларды қабылдайды;

2) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің арнайы киімге, арнайы аяқ киімге, ЖҚҚ-ға арналған өтінімдерін уақытылы және сапалы жасауын ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады және маркетинг және МТЖ қызметінің ҚМГ компаниялар тобының ұйымы бойынша жиынтық өтінімдердің дайындалуын басқарады;

3) арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің және басқа ЖҚҚ, жуу құралдарының, емдеу-профилактикалық тамақтандырудың, медициналық препараттардың, қорғау құрылғыларының, қауіпсіздік белгілерінің уақытылы сатып алынуын қамтамасыз етеді, оларда сапа сертификаттарының болуын бақылайды;

4) бағыныстағы құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ саласындағы Заңнамалық талаптарды сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындауын қамтамасыз етеді;

5) материалдармен, жабдықпен, аспаптармен қамтамасыз ету бөлігінде ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

6) кем дегенде, жартыжылдықта бір рет ЕҚжЕҚ мәселелерін қарау және шешу кезінде ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, бағыныстағы құрылымдық бөлімшелеріндегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексереді (ішінара);

7) арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да ЖЖҚ қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылуын бақылайды;

8) базалар, қоймалар мен алаңдар аумағының, теміржол қатынас жолдарының, өтпелердің, тиеу-түсіру алаңдарының жай-күйін, қажетті жол белгілері мен қауіпсіздік белгілерінің болуын және жай-күйін, көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысының қамтамасыз етілуін, жүк тиеу-түсіру жұмыстары, қоймалау, сақтау және тасымалдау кезінде қауіпсіз еңбек жағдайының қамтамасыз етілуін, көтеру-тасымалдау тетіктері мен құрылғыларының дұрыс қалпы және қауіпсіз пайдаланылуын бақылайды және анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды;

9) арнайы кім мен арнайы аяқ киімді жөндеу, жуу, химиялық тазарту үшін қажетті жабдықты сатып алады;

10) сертификаттау жөніндегі органдар берген сәйкестік сертификаттары талап етілетін жабдық пен материалдарды және өзге де тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алады.

5.2.2.4.4. Өндірісті көліктік қамтамасыз ету қызметінің басшысы оған ведомстволық бағысты көлік ұйымдарында қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және тікелей басқарады, оның ішінде:



1) қызметкерлердің ЕҚжЕҚ бойынша Заңнамалық талаптарды, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерде басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлердің ЕҚжЕҚ және жол қозғалысы қауіпсіздік мәселелері бойынша оқуын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады;

3) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға жалпы басшылықты жүзеге асырады, барлық қызметтер мен бөлімшелердің қызметін жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыруға бағыттайды;

4) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының жол қауіпсіздігі жөніндегі қызметтері мен оның құрылымдық көлік бөлімшелерінің жұмысына әдістемелік басшылық етуді жүзеге асырады, оларды әзірлеу қорытындылары талдайды, олардың қызметін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

5) арнайы техника жүргізушілерінің, машинистерінің және жөндеушілер персоналының қауіпсіз еңбек және демалыс, тұрмыс жағдайын сақтауын және оларға медициналық қызмет көрсетуді үнемі бақылауды жүзеге асырады, көлік бөлімшелерінің медициналық пункттерін барлық қажетті жабдықпен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;

6) жол-көлік оқиғаларын есепке алады және талдайды, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығына жол-көлік оқиғалары (ЖКО) туралы есептер мен ақпаратты және ЖКО алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді береді;

7) ведомстволық бағыныстағы көлік ұйымдарында өндіріс технологиясының, жабдықтың, көлік құралдарының, өндірістік және тұрмыстық ғимараттар мен үй-жайлардың қауіпсіздік стандарттарына, қағидалары мен нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді;

8) жылжымалы құрамның шығуға техникалық дайындығын және желідегі көлік құралдарының жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;

9) тиісті қызметтермен бірлесіп, байқау-конкурстарды, қауіпсіз қозғалыс айлықтарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

10) өндірістегі қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді басқару бойынша жұмыстарға, тәуекелдерді азайту бойынша, ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге қатысады және олардың орындалуын ұйымдастырады;

11) көлік қауіпсіздігі және ЕҚжЕҚ мәселелерін қарау және шешу кезінде ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, кем дегенде, жартыжылдықта бір рет ол жетекшілік ететін көлік ұйымдарында ЕҚжЕҚ жұмысының ұйымдастырылуын және жай-күйін тексереді;

12) өндірістік объектілерді қауіпсіз қозғалысты арттыратын және еңбек жағдайын жақсартатын көлік құралдарына диагностика жүргізудің, оларға техникалық қызмет көрсетудің, жөндеу мен пайдаланудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;

13) Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды, сондай-ақ ЖКО-ны тергеуге, олардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

14) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық көлік бөлімшелеріне көрсетілетін гидрометеорологиялық қызметтерді, гидрометеорологиялық қызметпен жасалған келісімге сәйкес қажетті гидрометеорологиялық ақпараттың алынуын үнемі бақылайды;

15) ЕҚжЕҚ жай-күйі, жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы мәселелер қаралатын, жекелеген ұйымдар басшыларының ЕҚжЕҚ, өндірістік жарақаттылықтың жай-күйі туралы, ЕҚжЕҚ жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралардың орындалуы, жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы ақпараты тыңдалатын көлік ұйымдарының басшы және инженерлік-техникалық қызметкерлерінің кеңесін өткізеді (кем дегенде, жартыжылдықта бір рет)

16) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының өндірістік және қызмет көрсетілетін объектілеріндегі жолдардың жай-күйін үнемі бақылайды және оларды жөндеу, жолдың ақаулы учаскелерінде қозғалыстың жылдамдығын шектеу, қажетті жол белгілерін орнату бойынша шараларды қабылдайды;

17) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының, көлік және арнайы техниканы қауіпсіз пайдалану бойынша талаптардың орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.5. Өндірістік-техникалық қызметтің басшысы ЕҚжЕҚ талаптарын, қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын ескере отырып, өндірістің ұйымдастырылуын және дамуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның ішінде:



1) еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру, жұмыстарды басқару және өндіру, еңбек жағдайын одан әрі жақсарту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлейді;

2) ЕҚжЕҚ қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкес, өндірісті ұйымдастыру, технология, жұмыс істеп тұрған өндірістерді механикаландыру және автоматтандыру, қайта жаңарту бойынша техникалық құжаттамаға сәйкес әзірлейді;

3) құрылымдық бөлімшелерді маусымдық кезеңдерге дайындау бойынша, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен апатсыз жұмысты қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлейді және орындауды бақылайды;

4) ЕҚжЕҚ талаптарын ескере отырып, технологиялық қондырғылардың үлгі схемаларын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;

5) еңбектің ғылым ұйымдастырылуын, еңбек жағдайын жеңілдетуге және сауықтыруға бағытталған жөндеу технологиясын, өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыруды жетілдіруді қамтамасыз етеді;

6) жабдықтың жаңа түрлерін сынауға қатысады, ЕҚжЕҚ қамтамасыз етуді ескере отырып, ұсынымдар береді;

7) технологияны одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа техника мен жаңа техникалық құралдарды енгізу жоспарларын жасауға және өндірісті, механикаландыру мен ЕҚжЕҚ деңгейін арттыруға қатысады;

8) өндірістегі қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді басқаруға, тәуекелдерді азайту бойынша, ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге, өндірістік жарақаттылықтың және кәсіптік аурулардың, оқиғалар мен ТЖ-ның алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

9) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, ЕҚжЕҚ-ның жай-күйін бақылайды, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

10) Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

11) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.6. Технологиялық қызмет басшысы технологиялық қызметтер мен бағыныстағы құрылымдық бөлімшелердің ЕҚжЕҚ бойынша талаптарды сақтауын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның ішінде:



1) жаңа технологияларды енгізу бойынша перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлейді, еңбек жағдайын жеңілдетуге және сауықтыруға, тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) азайтуға бағытталған жаңа технологиялық процестердің енгізілуін қамтамасыз етеді;

2) ЕҚжЕҚ стандарттарына, нормаларына, қағидаларына сәйкес, өндірісті ұйымдастыру, технология, механикаландыру мен автоматтандыру бойынша, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта жаңартуға арналған техникалық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етеді;

3) өндірістегі қауіп-қатерлерді басқаруға, тәуекелдерді азайту бойынша, ЕҚжЕҚ жақсарту, өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың, оқиғалар мен ТЖ-ның алдын алу бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

4) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, объектілерде ЕҚжЕҚ-ның жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

5) қажет болғанда, оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеу, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

6) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.7. Экономикалық жоспарлау қызметінің басшысы ЕҚжЕҚ талаптарын, қауіпсіздік стандарттарын, қағидалары мен нормаларын ескере отырып, өндірістің бюджеттік жоспарлануын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның ішінде:



1) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметімен бірлесіп, ЕҚжЕҚ талаптарын жақсарту бойынша бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті бюджеттік қаражаттың бюджеттегі жеке баппен міндеті түрде жоспарлануын қамтамасыз етеді;

2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын.

5.2.2.4.8. Бухгалтерлік есеп және есептілік қызметінің басшысы ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелеріндегі ЕҚжЕҚ жай-күйін жақсарту бойынша іс-шараларды іске асыруға арналған қаражатты жұмсаудың дұрыс есебін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның ішінде:



1) барлық қаржыландыру көздері бойынша ЕҚжЕҚ бойынша іс-шараларға жұмсалатын қаражаттың есебін ұйымдастырады;

2) ЕҚжЕҚ бойынша іс-шараларға арналған шығындардың дұрыс жұмсалуы, есебі бөлігінде бухгалтерияның жұмысын бақылайды;

3) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.9. Күрделі құрылыс қызметінің басшысы өзіне бағынысты қызметтерде және ведомстволық бағыныстағы жөндеу-құрылыс бөлімшелерде тәуекелдерді басқару, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның ішінде:



1) жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің Заңнамалық талаптарды, ЕҚжЕҚ стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындауын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

2) ЕҚжЕҚ талаптарының, қағидалары мен нормаларының, стандарттардың орындалуын, салынып жатқан және қайта жаңартылатын объектілердің жобаларға сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында, объектілерді салу барысын технологиялық қадағалауды ұйымдастырады;

3) тиісті ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша кешенді іс-шаралардың және ұжымды әлеуметтік дамыту жоспарының әзірленуін басқарады және қаралуын, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

4) өз қызметінің бағыттары бойынша ЕҚжЕҚ мәселелерін қарау және шешу кезінде ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, ТЖК тобын (кіші комиссиясын) басқарады;

5) еңбек жағдайын жеңілдету және сауықтыру, көп еңбекті қажет ететін процестер мен жұмыстарды механикаландыру мақсатында, өндірістің, құрылыс және құрылыс-монтаждау жұмыстарының жаңа техникасын және прогрессивті өндірістік технологиясын енгізуге арналған техникалық шарттарды әзірлеуге қатысады;

6) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК тобын (кіші комиссиясын) басқара отырып, кем дегенде, жартыжылдықта бір рет бағынысты бөлімшелердегі ЕҚжЕҚ жұмысының ұйымдастырылуын және жай-күйін тексереді (ішінара), анықталған кемшіліктерді жою және өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты жақсарту бойынша шараларды қабылдайды;

7) өндірістік және қосалқы мақсаттағы құрылысы аяқталған объектілерді пайдалануға қабылдауды басқарады, қолданыстағы нормалар мен стандарттардан ауытқитын объектілердің пайдалануға енгізілуіне жол бермейді;

8) мемлекеттік өндірістік объектілер мен кешендерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиялардың құрамы туралы бұйрықтарды дайындау кезінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі қызметкерлерінің, мемлекеттік қадағалау органдарының өкілдері мен мемлекеттік еңбек инспекторларының осы комиссиялардың құрамына қосылуын көздейді;

9) белгіленген тәртіппен, ЕҚжЕҚ жақсарту жөніндегі кешенді іс-шараларда көзделген объектілерді қайта жаңарту, күрделі жөндеу мен салу жұмыстарын уақытылы қаржыландыру туралы мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді, олардың толық іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;

10) қағидаларға, нормалар мен стандарттарға сәйкес, ЕҚжЕҚ талаптарының өндірістік және қосалқы мақсаттағы объектілерді салуға арналған жобалық-сметалық құжаттамаға қосылуын бақылайды;

11) салынатын және қайта жаңартылатын құрылымдық бөлімшелердің іске қосу кешендері мен өндірістік бірліктерді қалыптастыру кезінде оларға санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың қосылуын көздейді;

12) Заңнамалық талаптарда көзделген жағдайларда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

13) әбден тозған негізгі қорлардың техникалық аудитінің қорытындылары бойынша іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану жөніндегі комиссияға қатысады;

14) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

15) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын құрылыс материалдарын есептемегенде, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияның, техникалық қондырғылардың, материалдардың сараптамасын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.10. Игеру және жайластыру қызметінің басшысы кен орындарын игеру және жайластыру кезінде ЕҚжЕҚ нормалары мен қағидаларын, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, өндірісті ұйымдастыру мен дамытудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын қамтамасыз етеді және әзірлейді, оның ішінде:



1) өндірістегі қауіп-қатерлерді басқаруды ұйымдастырады, тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) жоюды қамтамасыз ететін жаңа, озық технологиялық процестерді әзірлейді және енгізеді;

2) бағынысты қызметтер мен құрылымдық бөлімшелерді басқару және олардың қызметін ұйымдастыру кезінде ЕҚжЕҚ талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;

3) ЕҚжЕҚ стандарттарының, нормаларының, қағидаларының және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес, өндірісті ұйымдастыру, технология, механикаландыру мен автоматтандыру бойынша, жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта жаңартуға арналған техникалық құжаттаманың әзірленуін қамтамасыз етеді;

4) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде технологиялық жабдық пен құрылыстарды жөндеудің, профилактикалық қараудың уақытылы және дұрыс жүргізілуін бақылайды;

5) жаңа кен орындарын игеру және жайластыру кезінде ЕҚжЕҚ және өнеркәсіптік өнеркәсіп талаптарының сақталуын бақылайды;

6) ғылыми-зерттеу, жобалық-конструкторлық және тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстардың негізгі бағыттарын және жұмыс тиімділігін арттыру жолдарын айқындау кезінде өндірістің қауіпсіз ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін іс-шараларды көздейді;

7) ЕҚжЕҚ жақсарту және өндірістік жарақаттылық пен кәсіптік аурулардың, оқиғалар мен ТЖ алдын алу бойынша тиісті іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;

8) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, объектілердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

9) қажет болғанда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге, олардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

10) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.11. Геологиялық қызмет басшысы ЕҚжЕҚ стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтау бөлігінде қызметтердің жұмыстарына басшылық етуді қамтамасыз етеді және жүзеге асырады және қызметтердің, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, оның ішінде:



1) геологиялық-барлау, бұрғылау, кәсіпшілік-географиялық жұмыстар кезінде, ұңғымаларды сынау және зерттеу кезінде қауіпсіз еңбек шарттарын ұйымдастыруға жалпы басшылық етуді жүзеге асырады;

2) ЕҚжЕҚ шарттарын қамтамасыз етіп, кен орындарын игерудің технологиялық схемалары мен жобаларын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

3) геологиялық-барлау жұмыстардың перспективалық, жалдық, кезеңдік және ағымдағы жоспарларды әзірлеуге және оларға ЕҚжЕҚ жөніндегі іс-шараларды қосуға қатысады;

4) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады;

5) әзірленетін геологиялық-техникалық құжаттамада ұңғыманың забой маңындағы аймағын салу, пайдалану, зерттеу және өңдеу кезінде апат жағдайларын болдырмайтын қауіпсіздік шараларын көздейді;

6) өз құзыретінің шегінде, ҚМГ бұйрықтарының орындалуын, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша қолданыстағы ережелердің, нұсқаулықтардың сақталуын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын бақылауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

7) техногендік ТЖ болдырмау мақсатында, технологиялық схемаларға сәйкес кен орындарының игерілуін бақылайды, сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басшылығына дереу хабарлайды.

5.2.2.4.12. Ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу қызметінің басшысы өзіне бағынысты қызметтерде және өндірістік бірліктерде қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді (қауіпті және зиянды өндірістік факторларды) басқару бойынша, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайын жасау және қамтамасыз ету бойынша жұмысты қамтамасыз етеді және ұйымдастырады, оның ішінде:



1) қызметкерлердің Заңнамалық талаптарды, ЕҚжЕҚ стандарттарын, қағидалары мен нормаларын сақтауын, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларын, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының ұйғарымдарын орындауын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

2) ЕҚжЕҚ саласындағы ғылым мен техниканың ең жаңа деген жетістіктерін өндіріске, сондай-ақ технологиялық және басқа да жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды енгізуді ұйымдастырады және бақылайды;

3) жұмыстарды кешенді механикаландыру және қол еңбегін қысқарту бойынша іс-шаралардың, сондай-ақ энергиямен жарақталу деңгейін арттыру бойынша шараларының әзірленуін ұйымдастырады;

4) ұңғыма технологиясының, өндірістік жабдық пен құрылыстардың қауіпсіздік стандарттарының, қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

5) ЕҚжЕҚ талаптарын ескере отырып, оған бағынысты бөлімшелер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының бұрғылау, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, өндірісті ұйымдастыру саласындағы негізгі бағыттарын белгілейді;

6) белгіленген тәртіппен ұңғымаларды бұрғылау, күрделі жөндеу ұйымдарының және ол жетекшілік ететін басқа да құрылымдық бөлімшелердің еңбек жағдайын жақсарту және сауықтыру бойынша тиісті кешенді іс-шараларды әзірлеуге басшылық етеді және ұйымдастырады, іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;

7) қолданыстағы нормативтерге сәйкес, еңбек жағдайын жақсартатын және оның қауіпсіздігін арттыратын техникалық қауіпсіздік құралдарымен құрылымдық бөлімше объектілері мен өндірістік жабдықты жарақтандыру бойынша шараларды қабылдайды;

8) қажет болғанда, өндірістегі оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеуге және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады;

9) ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК тобын (кіші тобын) басқара отырып, кем дегенде, жартыжылдықта бір рет, бағыныстағы құрылымдық бөлімшелердегі жұмыстың ұйымдастырылуын және ЕҚжЕҚ жай-күйін тексереді (ішінара) және тексеру қорытындыларын тиісті түрде ресімдеп, талқылайды;

10) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.13. Өндірісті жедел басқару қызметінің басшысы өзіне бағынысты қызметтердің құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік процестер мен жекелеген жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуын және қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етеді және бақылайды, оның ішінде:



1) қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басқа да нормативтік құжаттардың, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі қызметкерлерінің нұсқауларының, ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен өкімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

2) жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға тиісті өзгерістерді уақытылы енгізуді бақылайды;

3) өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметтерінде ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша кешенді іс-шаралардың әзірленуін бақылауды жүзеге асырады;

4) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының, ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, кем дегенде, жартыжылдықта бір рет өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметтеріндегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды;

5) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының жоғары тұрған басшылығына құрылымдық бөлімшелерден алынған оқиғалар мен жазатайым жағдайлар туралы хабарламаларды дереу хабарлайды, тергеуді ұйымдастыруға және олардың салдарын жоюға қатысады;

6) штаттан тыс жағдай (оқиға, жазатайым жағдай) туындағанда, қажет болса, құрылымдық бөлімшелердің қызметтеріне сол жерде қажетті медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерді емдеу мекемесіне жеткізу бойынша жәрдемдеседі;

7) ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметіне оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеу жөніндегі комиссияның мүшелерін оқиға орнына жеткізу бойынша жәрдемдеседі;

8) көлік пен арнайы техниканы қауіпсіз пайдалану бойынша ішкі ережеге сәйкес, өз бөлімшесінде, сондай-ақ ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің ведомстволық бағыныстағы қызметтерінде бекітілген көлік пен арнайы техниканы пайдалану қауіпсіздігін бақылайды;

9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.

5.2.2.4.14. Кадр қызметінің басшысы кадр қызметі мен бағыныстағы құрылымдық бөлімшелерінің ЕҚжЕҚ бойынша талаптардың сақталуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, оның ішінде:



1) еңбектің және өндірісті басқарудың ғылыми негізделген ұйымдастырылуын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастырады;

2) жұмыс орындарын ұйымдастыру мен оларға қызмет көрсетуді жақсарту, озық, анағұрлым ұтымды және қауіпсіз еңбек тәсілдері мен әдістерін қолдану, еңбек жағдайын жеңілдету мен сауықтыру және өндіріс мәдениетін арттыру бойынша; ауыр, көп еңбекті қажет ететін және қол жұмысын қысқарту, ұтымды еңбек және демалыс режимдерін енгізу, еңбек жағдайын жақсарту үшін моральдық және материалдық ынталандыру нысандарын және жүйелерін жетілдіру бойынша іс-шаралардың әзірленуін және ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде енгізілуін қамтамасыз етеді;

3) ұжымды әлеуметтік дамыту жоспарларын, ЕҚжЕҚ жақсарту бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеуге, еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, ішкі еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды күшейту бойынша шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

4) зиянды еңбек жағдайы үшін қосымша жеңілдіктер мен өтемақылар беру туралы ұсыныстарды дайындайды;

5) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады және оларда ЕҚжЕҚ талаптарын сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мәселелері бойынша функциялар мен міндеттерді көздейді;

6) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқа да қызметтерімен бірлесіп, ұжымдық шарттың жобасын дайындайды, олардың орындалуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

7) қауіпті және зиянды өндірістік факторлармен ұштасу уақытын шектеу, сондай-ақ жұмыс ауысымдары арасындағы демалыс уақытын ұлғайту қажет болатын қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін еңбек пен демалыстың оңтайлы режимдерін енгізуді қамтамасыз етеді;

8) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының кестелері мен режимдері баланстарының сақталуын бақылайды;

9) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

10) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратында және оның құрылымдық бөлімшелерінде дәрігерлік қараудан (көзделген жағдайларда) және ЕҚжЕҚ бойынша тиісті нұсқамалар беруден өткеннен кейін, қызметкерлердің дұрыс қабылдануын, аударылуын және жұмыстан босатылуын бақылайды;

11) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің ұжымдық шарттарды орындауын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын бақылайды;

12) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратының қызметтерінде және құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс уақытылы демалыс режимінің сақталуын, әйелдер мен жасөспірімдер еңбегінің пайдаланылуын, зиянды және қауіпті еңбек жағдайы үшін жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылайды;

13) кадрларды даярлау және қызметкерлердің, оның ішінде, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жиынтық жоспарын әзірлейді, ЕҚжЕҚ саласындағы қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарларын орындауды ұйымдастырады;

14) даярлау жоспары мен оқудан және білім тексеруден өту кестесіне сәйкес, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ саласындағы оқудан және білім тексеруден уақытылы өтуін қамтамасыз етеді;

15) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлері мен басшылары аттестаттау кезінде ЕҚжЕҚ бойынша мәселелерді бағдарламаға қосады;

16) кіріспе нұсқамалар беруден өткізбей, жаңадан қабылданған қызметкерлерді жұмысқа жібермейді;

17) ЕҚжЕҚ бойынша міндеттерді қоспай, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын келіспейді және бекітуге жібермейді;

18) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлерінің лауазымдары және (немесе) ұйымдық құрылымы өзгерген жағдайда, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына ЕҚжЕҚ бойынша өзгерістердің енгізілуін бақылайды және ұйымдастырады;

19) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлерінің оқуын, білімін тексеруді жоспарлауды, өткізуді, талдауды ұйымдастырады;

20) ұйымда әлеуметтік қызметтер болмаған жағдайда, Заңнамалық талаптар шеңберінде көзделген мерзімдік дәрігерлік қараудың және дәрігерлік қарауға байланысты іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;

21) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының ЕҚжЕҚ жөніндегі ТЖК жұмысына қатысады, өзіне бағынысты қызметтер мен құрылымдық бөлімшелердегі ЕҚжЕҚ жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қажетті шараларды қабылдайды.



5.2.2.4.15. Заң қызметінің басшысы ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппараты мен құрылымдық бөлімшелері қызметтерінің қызметкерлерінің еңбек құқығы және құқықтық тәрбиесі бойынша, оның ішінде, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

1) қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша қажетті жұмысты жүргізеді;

2 ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратының қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерінде еңбек туралы заңнамалық талаптардың (жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегін пайдалану, қызметкерлерді қабылдау, аудару және жұмыстан босату және т.б. мәселелер бойынша) сақталуын және дұрыс қолданылуын бақылайды;

3) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының аппарат қызметтерінде және құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық сипаттағы құжаттарды (ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, ұжымдық және еңбек шарттарын, лауазымдық нұсқаулықтарды және басқаларын) әзірлеуге қатысады;

4) ЕҚжЕҚ бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың (ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, өкімдердің және басқалардың) жобаларын дайындауға қатысады және олардың Заңнамалық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

5) еңбек туралы заңнамалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және құқықтық құралдарды пайдалану бойынша жұмысқа, еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

6) ЕҚжЕҚ бойынша сақтандырудың барлық түрлері бойынша жұмысқа қатысады;

7) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының қызметкерлеріне Заңнамалық талаптардың жаңа ережелері туралы оқтын-оқтын хабарлайды, лауазымдық тұлғалардың олардың қызметіне қатысты ЕҚжЕҚ бойынша заңнамалық және нормативтік актілерді зерттеуін ұйымдастырады;

8) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппараты қызметтерінің басшыларына және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне Заңнамалық талаптарды дұрыс қолдануда құқықтық көмек көрсетеді;

9) ЕҚжЕҚ бойынша құқықтық жұмысты әдістемелік басқаруды жүзеге асырады, ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратының қызметтері мен құрылымдық бөлімшелерінде осы жұмыстың жай-күйін тексереді;

10) ҚМГ компаниялар тобы ұйымының басқару аппаратының қызметтері мен құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің сұрауы бойынша ЕҚжЕҚ саласындағы құқықтық мәселелерді түсіндіреді, оларға қолданыстағы еңбек туралы заңнамалық талаптар және оларды қолдану практикасы бойынша ақпараттық материалдарды жібереді;

11) ЕҚжЕҚ-мен байланысты мәселелерді қарау кезінде сот органдарында ҚМГ компаниялар тобы ұйымының мүдделерін білдіреді;

12) лауазымдық нұсқаулықтар мен кәсіптер бойынша нұсқаулықтарды олардың ЕҚжЕҚ бойынша Заңнамалық талаптарға сәйкес келу мәніне қарайды;

13) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚМГ мен ҚМГ компаниялар тобы ұйымының бұйрықтары мен нұсқауларының, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет