«ҚазҰту оскары 2015» марапаты 2015 жылдың 26 ақпан күні үшінші «ҚазҰту оскары 2015»



Pdf көрінісі
Дата27.01.2017
өлшемі148,08 Kb.
#2797

«ҚазҰТУ Оскары - 2015» марапаты 

 

2015  жылдың  26  ақпан  күні  үшінші  «ҚазҰТУ  Оскары  -  2015» 

салтанатты  марапаттау  кеші  өтті.  «ҚазҰТУ  Оскары  -  2015»  -  ғылымға  зер 

салған,  күмбірлете  күй  төгетін  тамылжытып  ән  шырқайтын,  мың  бұрала 

билейтін студенттердің байқауы!  

Дәстүрлі  марапат  кеші  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Нұрлы  жол  – 

болашаққа  бастар  жол»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауындағы  мақсат-

міндеттерді  жүзеге  асыру  аясында  ұйымдастырылды.  Жобаның  мақсаты  - 

университетіміздің  ғылыми  жобаға,  терең  білімге,  инновацияға  бет  алған 

студенттерді  марапаттаумен  қатар,  талантты  жастардың  өнерін  шыңдау. 

ҚазҰТУ  мақтанышы  атанатын  студенттерді  іріктеп  анықтау  арқылы 

жастарды жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету. 

Университетіміздің 

жеті 


институтынан 

«Ең 


үздік 

ғылыми-


инновациялық  жоба»,  «Ең  үздік  күйші»,  «Ең  үздік  әнші»,  «Ең  үздік  биші» 

номинациялары бойынша студенттер өзара додаға түсті. 

 «ҚазҰТУ  Оскары  -  2015»  марапатына  тәрбие  жұмысы  жөніндегі 

проректор  Гүлнәр  Әлібекқызы  Сәрсенбекова,  Алматы  қалалық  Жастар 

саясатын  дамыту  мемлекеттік  қорының  директоры  Сеитов  Совет  Саутұлы

Бостандық  аудандық  ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы  Нысанбаев  Әділет 



Әділбекұлы,  ҚР  еңбек  сіңірген  қайраткер,  профессор  Капесов  Жар 

Нұрмұханұлы,  ҚР  еңбек  сіңірген  қайраткері 

Бекентұров  Жанас 

Бекентұрұлы  қазылық  етті.  Кешті  Қосқанат  Көпжасарұлы,  Алмас 

Сағынұлы, Молдақұл Бекзат, Ахан Абдурашид шырайын келтіріп жүргізді.  

Студенттердің  тек  мәдени  белсенділігін  бағалап  қоймай,  олардың 

оқудағы  талпыныстары  мен  ғылымдағы  ізденістеріне  негізделген  «ҚазҰТУ 

Оскарына»  үміткерлерінің  жобалары  тамашаланды.  «ҚазҰТУ  Оскары» 

номинациясы  бойынша  7  үміткер  іске  асырылатын  7  ғылыми-инновациялық  

жобаны  ұсынды.  Бұл  сайыстағы  жіліктің  ең  майлысы  «ҚазҰТУ  Оскары  – 

2015». Көптен күткен бұл атаққа лайықтысы кім екенін анықтау әрине оңайға 

түспеді.  Мыңнан  тұлпар,  жүзден  жүйрік  шыққан  «ҚазҰТУ  Оскары  -  2015» 

атағы  Жоғары  технологиялар  және  тұрақты  даму  институтының  2  курс 

студенті    Шәкерхан  Қанатханға  бұйырды.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  Н.Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауында «Отанды сүю – 

бабалардан  мирас  болған  ұлы  мұраны  қадірлеу,  оны  көздің  қарашығындай 

сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау 

деген  сөз»  деген  болатын.  «Ең  үздік  күйші»  номинциясында  кешегі 

бабалардан  қалған  қара  домбырамызды  қолынан  тастамай  жүрген 

студенттердің күй-тартысы болды. Аталмыш номинация бойынша Т.Бәсенов 

атындағы Сәулет және құрылыс институтының 2 курс студенті Ғалымқызы 



Жаңылхан

 

үздік деп танылды.



 

 

Келесі  кезекте  мың  бұралған  бишілер  жеребе  бойынша  анықталған  әр 



елдің  билерін  биледі.  Бұл  номинация  көрерменнің  ерекше  ықыласына 

бөленген  номинация  болды.  «Ең  үздік  биші»  номинациясы  бойынша 



Жоғары  технологиялар  және  тұрақты  даму  институтының  2  курс  студенті 

Бейбітүлы Диас жүзден жүйрік болды. 

Дүйім  жұртты  ауызына  қаратқан  жез  таңдай  әншілеріміздің  үздігін 

анықтау  тіпті  қызық  өтті.  Тек  ән  салып  қоймай,  эстрада  жұлдыздарына 

пародия  жасады.  «Ең  үздік  әнші»  номинациясы  бойынша  Ә.Бүркітбаев 

атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының 2 курс студенті Мырзабек 

Мәди (Әлішер Кәримов) жеңіске жетті.

  

Кеш барысында тек қатысушылар ғана емес, сондай-ақ, көрермендер де 



өзара  додаға  түсті.  Жүргізушілер  көрерменмен  ойын  ойнап,  ерекше  көңіл-

күйге бөледі.  

ҚазҰТУ  жастары  ізгі  бастамаларына  қолдау  көрсетіп  отырған 

университет  ректоры  Жексенбек  Мәкейұлы  Әділов  бастаған  университет 

ұжымына зор алғысын білдірді.  

Бүгінгі  күнде  білімді,  білікті,  талантты,  талапты  жастардың  жаңашыл 

бастамаларын  жүзеге  асыруға  мемлекетімізде,  университетімізде  барлық 

мүмкіндіктер  жасалған.  Соның  айғағы  –  күні  кеше  университетіміздегі 

Жастар  ұйымдары  комитетіне  124-ші  ұйым  болып  тіркелген  Қ.И.  Сәтбаев 

атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  университеті  білім  алушыларының 

«DAMU»  қоғамдық  бірлестігі  демеушілермен  жұмыс  жасап,  «ҚазҰТУ 

Оскары» марапатына арнайы қаржылай сыйлық ұсынды.  

Әр  номинация  жеңімпаздары  дипломмен,  университеттің  арнайы 

сыйлығымен  және  «DAMU» 

қоғамдық  бірлестігі  атынан 

«Оскар» 


бейнесіндегі  мүсін  мен  20 000  теңге  көлеміндегі  ақшалай  сыйлықпен 

марапатталды.  Қатысушыларға  да  алғыс  хат  пен  университеттің  арнайы 

сыйлығы берілді. 

Бүгінгі  ҚазҰТУ  жастары  қашанда  өздерінің  терең  білім-білігімен,  зор 

шығармашылық 

әлеуетімен 

үнемі 

биіктен 


көрініп, 

Қазақстанның 

интеллектуалдық элитасы құрамын әрдайым толықтырады деген сенімдеміз.  

Қызығы  мен  шыжығы  мол  студенттік  кезеңді  жарқын  қылатын 

осындай  іс-шаралар  керек-ақ.  Олай  болса,  «ҚазҰТУ  Оскары  -  2016» 

марапатында жолыққанша... 



 

ТЖД, ЖҰЖжБ 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет