Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды


 Терісі багалы аңдарды боннтировкалау



жүктеу 6.11 Mb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата25.12.2016
өлшемі6.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2.1 Терісі багалы аңдарды боннтировкалау

Аңды  бонитировкалау  оған  көлемі  және  дене  бітімі,  түкті

жабынының  сапасы  жэне  түсі  бойынша  баға  беру.  Осы  бағасы

бойынша  асылдандыру  жұмысын,  асылтұқымдық  аңды  брактау  және 

іріктеу, жүптарды сұрыптау жүргізіледі.

Бонитировкалауды  түктері  толық  дамыған  кезевде  жүргізеді: 

вуальды  қара түлкшерде  қазан  айында,  күзен,  түлісі,  күміс  түсті  қара 

түлкілерді  казан  айының  соңыңда және  қараша  айында;  қүндыздарда

қараша, желтоқсан айларында 7—10 жастарында жүргізеді.

Аңдарды  бонитировкалауды  және  дұрыс  баға  беруді  бас 

зоотехник  және  бригадирлер  жүргізеді.  Бонитировкалау  алдында 

зоотехниктер  табынға  баға  беру  кезіңде  үлгі  бола  алатын  жануарлар 

таңдап  алынады,  ондай  жағдайда  бірінші  таңдап 

алынатын  жекв 

ақцарға баға беруде  бонитировкалауды жүргізеді.

Аңдарды жарық жерде немесе күндізгі күн сәулесі жақсы 

түсетін

жерде бонитировкалайды. Аңдардың түгі дымқыл болганда, ашық күн 



сәулесінде,  жарық  жеткіліксіз  болғанда  бонитировкалауды  жүргізуге 

болмаиды.  Осы  шарттарды  сақтамау  жануарлардын  түсіне  және

түктену сапасына баға бергенде қате жіберуге әкеледі.

2


Бонитировкалаудың  негізгі  көрсеткіштері:  көлемі  және  дене 

бітімі,  түкті  жабынының  сапасы,  түкті  жабынның  түсі.  Асылдандыру 

аңдарды осыдан баска қосымша белгілері бойынша бағалайды.

Аңдарды  бағалау  кезіқде  терісі  багалы  аңдарды  бонитировкалау 

бойынша нұсқаулыкта берілген талаптарды басшылыққа алады.

Маңызды  үш  көрсеткіштері:  дене  көлемі  және  бітімі  жэне  түк 

сапасын бағалау негізінде аңдар класстарга бөлінеді.

Күзен,  құндыздарды  (ақ  және  қара  түстілерінен  басқаларын) 

түстер бойынша қара,  сұр және  ашық түсті деп,  қара түлкілерді  қара-

көгілдір  деп  бөледі.  Күміс  -   қара  тусті  түлкілерде  күміс  тәріздес 

түсінің пайыздық мөлшерін анықтайды.

Күміс  түс  аңның  арқасы  және  бүйірін  алып  жатса,  онда  оның 

күміс  түстілігін  100 

%

  деп  бағалайды,  ал  кұйрығынан  жауырынына

Дейін  болса  75  % деп,  ұшасының  жартысына дейін  болса  50 

%

  және 


терттен  бір  бөлігіне  дейін  болса  25  %  деп  бағалайды,  қажеггі  күміс 

түс деп 80-100 % еесптелінеді.

Түлкілерде  күмістілік  аймағы  және  ақ  алтын  түсті  түгінің 

басымдылығы 

бағаланады. 

Неғұрлым 

қажеттісі 

күміс 


түсті 

аймагының  көлемі  10-15  мм  болса,  ақ  алтын  түстің  екпінділігі 

қылшықтарының жалпы мөлшерінен 50 % кем болса.

Денесінің  көлемін  бағалау.  Аңның  (күзен,  қүндыз)  денесінің

көлемі  көз  мөлшерімен  1  балл  немесе  өлшеп  денесінің  ұзындығын

мұрын  ұшынан  құйрығының  түбіне  дейін  өлшейді.  Көз  мөлшерімен

ДҰРыс  өлшей  білуге  жаттығу үшін,  бонитировкалау  алдында бірнеше 

жануарды өлшеу керек.

Өлшенетін аңдар алдын ала дайындалу керек. Бонитировка жасау 

алынган  бірнеше  аңның  көрсеткіштері  арқылы  жалпы  бағаланады. 

Бағалану 

терісі 


багалы 

аңдарды 


бонитировкадан 

өткізу 


нұсқаулықтағы белгілі бір стандарты бойынша жасалынады.

Терісі  багалы  ақдарды  бонитировкалау  бойынша  нұсқаулықта 

аңцарды  көлемі  және  дене  бітіміне  қойылатын  талаптарға  осы  белгі 

бойынша тиісті балл  1-5  дейін.

Түктену  сапасын  бағалау.  Аңдарды  түктену  сапасы  арқасы, 

бүйірі,  сандарының  түктенуімен  бағаланады.  Түкті  жабынының 

ұзындығы,  қалыңдыгы,  жібектілігі,  түктерінде  ақаудың  болуы  есепке

алынады. 

ш-, 

>>  • 

.

Қажетті  түрдегі  күзендерде  (5  балл)  түкті  жабыны  қалың,  тегіс, 

жібек,  қылшық  түктері  арқасының,  бүйірінің,  жамбасының  түбіт 

түктерін  толық  жабуы  керек.  Күзендерде  қылшық,  түкті  жабыны  аса 

қалың  болмаса,  қылшықтары  тегіс  болмаса  бағасы  төмендейді.

13


Қажетті  сападан  ауытку деңгейіне байланысты  түктену  сапасы 4,  3,  2 

жэне 1  балл деп бағалануы мүмкін.

Түлкілердің  түктену  сапасы  олардың  түкті  жабыны  өте  қалың, 

үлпілдек,  жібек,  қылшық  түктері  түбіт  жабьгаының  толық  жауып

жатса  5  балл  деп  бағаланады.  Қыштық  түктері  киылган  болмауы

керек.  Осы  белгілердің  аз  немесе  көп  жагынан  дамуынын  нашар 

болуына ауытқуы түктену сапасын төмендетеді.

Қара  түлкілердің  түкті  жабыны  ұзындығы  бойынша  әр  түрлі. 

Селекциялық  қысқа  түкті  (қылшығының  үзындыгы  4—4,5  см)  және 

орташа  түкті  түрлерімен  қатар  ұзын  түкті  аңдарды  (қылшығының 

ұзындығы 7-8 см) өсіреді.

Қажетті  деп  селекциялық  түрдің  ұзындығы  орташа  түк 

есептелінеді,  түгі  өте  қалың  және жібек,  жүнінің ұзындығы  бойынша 

тегіс болуы керек.



Түкті жабын түсін бағалау. Түсін көз мөлшерімен кылшық және 

түбіт  түгінің  түсі  бойынша  баллмен  бағалайды.  Жануарлардың  осы 

тобына  тән түс, қажетті емес реңдердің болуы есепке алынады.

Түктердің  жылтырламауына,  қажетті  емес  реңнің  болуьша, 

қылшық және түбіт асты реңінің үйлеспеуі (вуальды қара түлкі есепке

алынбайды) осындай кемшіліктердің көрінуіне байланысты оны төмен

бағалайды.

Қосымша 


белгілерін  бағалау. 

Асылдандыруға  калдырылған 

аңдарды косымша белгілері бойынша бағалайды.

Күзендерді  қажетті  емес  ақ  дақтардың  болуы  және  оның  көлемі 

бойынша бағалайды.

Түлкілерде  қосымша  белгілер:  вуалының  дамуы,  кылшыгының 

ұшынан дақтануы және күміс түкті аймағының көлемі.

Ақ  алтын  түсті  түлкілерде  түбіттің  түсін  бағалайды.  Көгілдір  -  

сұр түсті түбітті 5 балл деп бағалайды. Сұр және қоңыр түстер қажетгі 

емес. 


Щ

Қара  түлкілерде  қосымша  белгі  деп  қылшығының  ұзындығын 

бағалайды. Қылшықтарының ұзындығы теңестірілген болуы қажет. 

Құндыздарда қосымша белгі  ретінде  арқасы және  жамбасындағы

түоітшщ ұзындығының теңестірілуі есепке алынады.

Бонитировка 

мәліметтері 

бойынша 

класын 

анықтау. 

Маңызды  үш  белгісін  бағалау:  түктену  сапасы,  көлемі,  түгінің 

түсі  I   эрбір  аңның  класын  анықтау  кызметін  атқарады.  Класын 

анықтау  кезіңде  қосымша  белгілердің  бағалануы  есепке  алынбайды.

Барлығы сегіз класс бар (2.1-кесте).

14


2.1 -кесте 

бағалау


үшін

баллмен

кем дегенде 2 балл деген бір бага болса 

кем дегенде  1  балл деген бір бага болса

Көлемі және 

дене бітімі

Түкті жабынының

сапасы

Түкті жабынының



түсі

Класс


5



5

I

4-5



4-5

5

II



4-5

4-5


4

ІП

3-5



3-5

5

IV



3-5

3-5


4

V

3-5



3-5

3

VI



VII

VIII


I  класқа  барлық  үш  белгі  бойынша  5  балл  деген  багаланган  аң 

жатады.


Егер аң  түсі үшін 5 балл деп багаланып, ал қалган белгілері үшін 

5 және 4 балл деп бағаланса онда ол II класқа жатады. Түсі 4 балл деп 

багаланып,  калган  белгілері  5  немесе 4 балл деп багаланса онда ол III

класқа  жатады.  Егер  аңды  багалаганда  3  балл  деген  бага  болса  онда 

IV,  V немесе  VI  класқа жатады, IV класқа егер аңды жалпы түсі  үшін

5 балл деп, V  класқа -  4  балл,  VI класқа -  баганьщ  қалган түрлерімен 

бағаласа жатқызады.

Жануарда қандайда бір белгісі үшін, кем дегенде бір 2 балл деген

бага болса онда оны VII класқа жатқызады, ал  1  балл деген багада VIII 

класқа жатқызады.

I және П класс аңдары элита деп есептелінеді.

Авдарды 


бонитировкалау 

және 


олардың 

өндіргіштік

көрсеткіпггері  бойынша  аңдарды  негізгі  табыннан  брактайды,

асылтұқымдық  төлді  іріктейді,  шагылыстыруга  арналган  жұптарды 

таңдайды.

2.2 Негізгі табыннан аңдарды брактау

Аң  өсіру  шаруашьшықтарында  жыл  сайын  нашар  андарды 

брактайды. Олардың орынына табынга төлдерді енгізеді.

Брактауга  арналган  аңдар  саны  төлдің  сапасын  және  ересек 

аңдардың  сапасын  есепке  ала  отыра  анықталады.  Ересек  аңдардың 

сапасы нашар болганда брактау пайыздық мөлшерде көп болады. Жас 

андар өндіргіштілік қабілеті бойынша әлі тексерілмегеніктен, олардың 

арасында  көбінесе  әлсіздері  болады,  сондықтанда  жыл  сайынгы 

алынатын  күшіктер  санын  азайтпау үшін,  күзендерде  ересек  аңдарды

15


жыл  саиын  алмастыру  40—

50  %,  түлкі  жэне  кара  түлкілерде

20-30 %, құндыздарда 50 

%

 дейінгі мөлшерді құрайды.

Аңдарды  брактау  жыл  бойы  жүргізіледі.  Бірінші  кезеңде 

төлдегеннен  кейін  аншіық  және  атальгқтарын  өндіргіштіктері

бойынша іріктейді.

Бракталған аңдарды бір жерге жинайды іріктеу көрсеткіші болып 

күйлеу  және  күшіктеу  нәтижесі  алынады.  Аналыктарды  отыргызуға 

өсірілген  күшіктерінің  саны  есепке  алынады.  Қысыр  қалған,  аз 

күшіктеген, өзінің ұрпағын нашар сақтаган аналыктар бракталады.

Аталықтарда буаз болған және күшіктеген аналықтар саны есепке 

алынады.  Буаз  қылмаған  немесе  аз  мөлшерде  аналықгарды  буаз 

қылған,  сонымен  қатар  барлық  аналықтары  қысыр  қалған  немесе 

өсімталдығы  төмен  болған  аталықтар  бракталады.  Өндіргіштік 

көрсеткіші төмендетілген ересек аталыктарда осылайша бракталады.

Келесі  кезең  — жасы  және  денсаулық  жағдайы  бойынша  іріктеу. 

Жасы  келе  өндіргіштілік  қабілеті  төмендеген  аңдар  бракталады 

(күзендер  үш  жастан  асса,  түлкілер  және  қара  түлкілер  бес  жастан 

асқанда),  жұкпалы  немесе  жұқпалы  емес  аурулармен  ауырғандар, 

кондылыгы нашар, түлеуі ұзаққа созылган аңдар.

Соңғы  кезең  —  аңдардың  асылтұқымдық  сапаларын,  олардың 

түқымының сапасы бойынша бағалау.  Түқымдық  ядро жануарларына

қолданылады.

Бонитировкалау  кезіңде  аңдарды  бағалау,  оның  асылтүқымдық 

сапаларын  анықтауға  мүмкіндік  бермейді.  Осы  сапаларын,  аңдардың 

ұрпақтарын  бағалай  отыра  неғүрлым  айқын  анықтауға  болады. 

Мұның 


өзіңде  олардың  барлық  ұрпақтарын  бағалау  қажет,  олардың 

түқымдары  бірдейлігін 

және  ата  —  анасына  үқсастығын  анықтау

керек.


Тұкымы  оойынша  бағалау  төлді  өсіру  және  бонитировкалау 

журналына  енгізілген  мәліметтер  бойынша  жүргізеді.  Мұның  өзіқце

аңның  үрпақтарын  багалаудың  орташа  көрсеткішін  табын  бойынша 

орташа көрсеткішпен салыстыруға болады.

Мысалға,  күзеннің  табындағы  аталықтарының  орташа  салмагы

2,1  кг, аналықтары  1,1  кг.

Бағаланып  отырылған  еркектерінің  орташа  салмағы 

2,4  кг,


ұрғашылары  1,4  кг,  басқа  аталықты  сәйкесінше  1,9  және 

0,9  кг! 

Бірінші аталық —

- жақсы, екіншісі —

- нашар.

Егер  белгілерін  бағалау  кезіңде  ұрпақтары  анасынан  жақсы 

болса,  онда  аталықтары  жақсартушы,  ал  егер  ұрпақтары  ұсақ  болса 

онда ол нашарлатушы деп есептелінеді.

16


2.3 Лсылтуқымға төлдердг іріктеу

Төлді  іріктеу  оны  өсіру  кезеңі  жыл  бойы  жүргізіледі.  Нашар 

көбейетін  ата  -   анапардан  туған,  түрлі  аталықтармен  жабылған

аналыктардан  туғандарды  және  ауру  екендігі  байқалған  күшіктер 

туған  кезіңде  бракталады.  Сонымен  бірге  туғаннан  кейін  басқа 

аналыкка 

салынған 

күшіктерді  де  брактайды, 

себебі 

ондай 


күшіктердің өскенде ата тегін анықтау қиын болады.

Ең  алдымен  аңдардың  көлеміне  қарайды.  Көлемі  үлкен  жэне 

орташа болса олар асыл тұқымдыларға 

ж атады


Тамыз  айының  екінші  жартысында  -   қыркүйек  айының 

ортасында төлдер арасында асылтұқымдық жануарларды  алдын -  ала



Л  

Ш 

М  


л  

X

жұмысы жүрпзіледі



>бір  күшіктің  денег

дамыған


таңдап  алынады.  Күз  кезіңде

алу  үшін

дұрыс

қалдьфылмайды.



Көбінесе  кеш  іуган  түлкі  және  қара  түлкі  күшіктері  тұқымға 

қалдьфылмайды.  Ерте  туғандарға  қарағанда  олардың  бойы  және 

дамуында  артта  қалу  көп  байқалады,  ол  өз  кезегінде  болашақта 

олардың  өнім  беру  қабілетіне  эсер  етеді.  Бағалы  төлге  жақсы  жагдай

жасау керек.

Соңғы  кезеңі  -  бонитировкалау.  Түктері  -  мамық  сапалары  мен

көлемі  нашар  төл  бракталады.  Жеткіліксіз  түрде  азықтандырылмаған

тұкымы  ірі  жануарлар  өсе  алмайды  да,  олар  орташа  немесе  ұсақ 

болады.

г ч  

_____ •  

Түгінің


жүргізіледі.  Алдын

төлдер  табыннан  бонитировкалау  кезіңде,  түкті  -   мамык  сапасы 

бойьшша  нашар  төлдер  бракталады.  Осы  кезеңнен  кейін  табынды 

жөндеу  үшін  қажетті  төл  саны  қалдырылады,  осылайша  ересек  және 

жас аңдардың саны  1  қаңтарға  100 % кем болмаУЫ кепек.

17


3 Терісі бағалы  аңдарды өсіру

9

j



L

3.1  Аңдармен қары м -  қатынас жасау,  жұмыстың кауіпсіздік

техникасы

Жыртқыш  және  терісі  бағалы  аңдар  өсіретін  фермаларда 

өндірістік  жылды  біріқатар  кезеңдерге  бөледі:  күйлеуге  дайындау, 

буаздық  және  күшхктеу,  төлді  өсіру,  ересек  аңдардьщ  тыныштық 

кезеңі  (аталықтарда  күилеуден  кейін,  аналықтарда  төлдегеннен  кейін 

-3 аптадан соң және күйлеуге дайындық алдында).

Фермаларда кезеқдер бойынша белгілі бір күн тәртібін бекітеді. 

Аңдармен  қарым  -   қатьгаастың  дұрыстығы  және  оларды  дұрыс 

күту жануарлардың өнімділіктерінің жақсы болуын қамтамасыз етеді, 

еңбекті  жеңілдетеді,  жарақат  алмауға  мүмкіндік  жасайды.  Аңдардың 

адамдарға  қатысты  агрессивті  болуы  көбінесе  олармен  қарым  —

қатынас  жасауға  байланысты.  Аңдардан  адамдардан  қорықпау  үшін, 

олармен дұрыс қарым қатынас жасап, оларға зиян келтірмеу керек.

Аңдарды  аулау  тәсілдері  де  үлкен  эсер  етеді.  Күзендерді  торда 

диаметрі  20-25  см  метал  сақинасы  бар  торлы  дорбамен  аулайды 

(3.1-сурет).  Күзенді  аулау  кезіңде  аңдар  тістеп  алмау  үшін,  қолға

дорбаньщ

сақинасына аң шығып кетпеу үшін 

бірге мойынан қысып ұстайды.

аңды


аңды

Күзенді  үйшіктен  немесе  үйшіктен  шыға  берісте  қолмен  ұстап  алуға 

болады.

Өлшеу  кезіңде,  орынын  ауыстыруда  көшпелі  торларды  қолдану



ыңғайлы.  Алдын  ала  қуып  күзен  кіргізілген  үйшіктің  аузына  торды

қояды.  Содан  кейін  оны  көшпелі  торға  қуып  кіргізеді  және  содан 

кейін есігін жабады.

Күзендерді  бонитировкалау  кезіңде  оларды  қолда  ұстап  тұрады 

немесе қос еденді торды қолданады (3.1- сурет). Ішкі еденнін көтеруге 

болады  және  аңды  төбесіне  қысуға  болады.  Қан  алғанда,  егу 

жұмыстарын  жүргізгенде  және  бірқатар  жұмыстар  істегенде  торды 

кұбыр тәріздес арнайы торлар қолданылады.'

18


Түлкілерді  және  қара  түлкілерді  торда  аулайды  немесе  көшпелі 

жэшікке  қуып  кіргізеді.  Анды  торда  аулау  кезіңде  оларды  бұрышқа 

тығады,  тұмсығын  мақта  қолғаппен  жабады,  қолымен  басын  аздап 

еденге басады, ал екінші қолымен желкесінен алады.

Содан кейін қолын басын алады, анды мойынан үстап шыгарады; 

оның  желкесін  босатады,  үшасын  шытақпен  басады,  ал  босаған 

қолымен  сирақтарын  ұстайды  (3.2-сурет).  Кейбір  шаруашылықтарда 

аңдарды еденге тақтайшамен қысады.

Аңцы  оны  көшпелі  жәшікке  қуып  кіргізіп  ұстауға  болады. 

Көшпелі  жэшіктің  қақпағы  ілмектермен  бекітілген,  шет  жагынан 

сьфғымалы  есік  істейді,  сол  арқылы  аңды  жәшікке  кіргізеді  немесе 

шыгарады.  Көшпелі  жәшікпен  аңдарды  ферма  аумағында  көшіріп 

отыру ыңғайлы.

Күзенді аулау кезіңде оны құйрығынан ортасынан немесе түбінен 

ұстайды  жэне  көтереді.  Содан  кейін  қолмен  артқы  сирақтарынан 

ұстайды.  Құйрыгы  және  артқы  сирақтары  бір  қолда  болганда,

к^гзендер  алдыңғы  сирақтарымен  үйдің  төбесіне  немесе  басқадай  бір

тірекке  тіреледі.  Екінші  қолды  бүйір  және  кеуде  жагынан  орайды 

және  осылайша  аңды  үстайды  (3.3-сурет).  Күзенді  қүйрығынан 

алганда  ешбір  күш  салмау  керек,  әйтпесе  буаз  аналықтар  түсік 

тастауы мүмкін және аңдарды жарақаттап алуда мүмкін.

3.1-сурет -  Күзендерді бонитировкалауға арналған қос еденді тор

19


3.2-сурет -  Қара түлкіні ұстау тәсілі.

3.3-сурет -  Күзенді ұстау тәсілі

20


Фермада жұмыс істей  бастағанда аң өсіруші  нұсқаулықтан  өтеді, 

аңдарды  күту  және  олармен  бағу  тәсілдерін  меңгереді.  Аң  өсіруші 

үйшіктерді  тазалауды  бастамас  бүрын,  күшіктеу  немесе  сауын 

(сүттену)  маусымы  кезіңде  төлді  тексеруде,  астындағы  төсемін 

ауыстырар  алдында  және  басқадай  жұмыстарды  бастамас  бұрын,  ең 

алдымен  аналықты  жайылым  торына  қуып  және  үйшіктің  есігін 

жауып  қою  керек.  Егер  бұл  ереже  сақталмаса,  аңдар  аң  өсірушіні 

тістеп алды немесе тордан қашып кетуі мүмкін.

Егу  жұмыстарый,  бонитировкалауды  жүргізуде  аң  өсірушілер 

аңды  қолдарына  алып  бонитирлеушіге  немесе  ветеринарлық  маманға

жақындайды.  Бұл  кезде  өте  мұқият  болуы  керек,  аң  қашып  кетпеуді 

және  өтіп  бара  жатқан  адамды  тістеп  алмауы  қажет.  Түлкімен  және 

қара түлкімен  ұзақ уақыт  жұмыс  істегенде  аңның  тұмсыгын  дәкемен 

жабады.  Аңдар  қашып  кетпеу  үшін  тордың  жэне  үйшіктердің 

күршектерінің  дүрыс  жабылуы  тексеріледі.  Дұрыс  жабылмаған 

есіктен  аң  қашып  кетуі  мүмкін.  Қашқан  аңдарды  торлы  дорбаның 

көмегімен  ұстайды.  Тістеп  алғанда  немесе  басқадай  жарақат  алған 

жағдайда  керек  болатын  дәрі  -   дәрмек  жиынтығы  әрбір  бригада 

болуы керек.

3.2 Аңдарды  күйлеуге дайындау

Аңдарды  күйлеуге  дұрыс  дайындаудың  негізгі  шарты  андарды 

толык қанды азықтандыру және олары дұрыс күту.

Ересек  аналықтар  сауын  маусымы  аяқталганнан  кейін,  әлсіз 

болады.  Сондықтан  да  күйлеуге  дайындық  қалыпты  өту  үшін,  10-15 

күн  бойы  оларды  жақсы  азықтандырады.  Аналықтардың  қоңдылығы 

қалыпты  болғанда,  оларды  күйлеуге  дайындауга  арналган  азыққа 

көшіреді.

Жануарларды  жазғы  -   күзгі  кезеңде  күтуге  аңдарды  күту

ооиынша  қарапаиым  жұмыстар  енеді:  азықтандыру,  суару,  торларын 

тазалау, 

денсаулықтарын 

бақылау. 

Жазғы 

кезеңде 


ересек 

жануарлардың  жыныстық  мүшелері  дұрыс  жетілмеген  болады. 

Олардың дамуы тамыз — қыркүйек айларында басталады.  Күзендердің

жыныстық қызметі қараш -  желтоқсан айларында белсенділендіріледі. 

Түлкілерде 

осындай 


өзгерістер 

желтоқсан 

айының 

соңында 


басталады.  Қара  түлкілерде  жыныстық  мүшелерінің  дамуы  қараша 

айында  баяулайды, және көбею кезеңі оларда кеш басталады.

Аңдарды көбею кезеңіне дайындау шілде айының соңында тамыз 

айының  басында  басталады.  Жеткілікті  түрде  және  толыққанды 

азықтандырмау  буаздықтың  қалыпты  өтуін  бұзады  және  күшіктеу

21


нәтижесіне 

эсер 


етеді. 

Шамадан 


тыс 

азықтандыру, 

әсіресе 

аталықтарының белсенділіктеріне кері эсер етеді.

Бақылау  топтарыньщ  аңдарын  үнемі  өлшеп  отыру  ұсынылады. 

Ересек  аналықгар  төлдегеннен  кейін  өлшенеді.  Одан  әрі  оларды 

айдың басында төл ретінде  өлшейді.  Аңдарды  азықтандырар  алдында 

балаларды  өлшеуге  арналған  немесе  сауда  жасауға  арналған 

таразыларда өлшейді. 

1  '


Өлшеуден басқа аңдардың қоңдылығына анықтау да дүрыс. Түлкі 

және  қара  түлкілерде  оның  көз  мөлшерімен  және  қолмен  ұстап  көру

арқылы  анықтайды. 

Күзендердің  қоңдылығы  көз  мөлшерімен

анықтайды  немесе  салмақтық  индекстерін  есептейді.  Оны  аңның  тірі

салмағының оның денесінің ұзындығына қатынасы ретінде есептейді.

Денесінің  ұзындығын  сантиметрлік  таспамен  мұрын  үшынан

құйрығының ұшына дейін өлшейді.  Ол үшін күзеннің арнайы үстелде 

сым ілмекпен белгілейді.

Жылдың  басында  негізгі  табынды  жинақтайды,  оның  құрамына

төлдерді  енгізеді.  Қаңтар,  ақпан  және  наурыз  айларының  басында

асылтұқымдық барлық аңдар өлшенеді. Бұл кезеңде оларды күн сайын

тексереді.  Арық  және  қондылығы  жақсы  аңдардың  торларьгаа  белгі

қояды,  соның  негізінде  аң  өсіруші  жемнің  үлесін  үлғайтады  немесе 

азайтады. 

?

Өндіру  бойынша  сапмақтық  индекстері  күйлеу  алдында  ересек



күзендерде  25-35,  жастарында  25-31  болғанда  жақсы  нәтиже  береді.

Шамадан  тыс  қонды  және  арық  андар  арасында  күшіктердің  өлімі 

және туған кезде әлсіз күшіктер көп болады.

Күйлеуге  дайындау  түлеу  кезеңінің  барысы  сипаггайды.  Егер 

жазғы  түктің  түсуі  кешіксе  немесе  қысқы  түк  уақытында  ипдптя^а,

онда ол  олардың ондіргіштігіне  эсер  ететін ағзасында бүзылудың бар 

екендігін білдіреді. 

гЧ -  '


Жас аналықтарды және аталықтарды күйлеуге жақсы дайындауға

ерекше  көңіл  бөледі.  Күйлеуге  дайьшдау  кезіңі  олардың  ағзасының

толык  қалыптасуының  аяқталу  кезеңімен  сәйкес  келеді.  Төл  тірі

сапмағы  бойынша  1  қаңтарда  ересек  аңнан  айырмашылыгы  болмаса 

жақсы нәтиже деген сөз.

Табынға  әкелінген  асылтүқымдық  аңдарды  тезірек  отырғызу

керек.  Күту  және  азықтандыру  жағдайын  өзгерту  кейіннен  күйлеу 

барысына эсер етуі мүмкін.

Ылғапды  суық  ауа  райыньщ  басталуымен,  суык  тиіп  ауруып 

қалмаулары үшін күзен үйшіктерін жылытады.  Аң өсіруші аң түратын 

әрбір үйшікті шөппен, жаңқамен толтырады.

22


Күйлеуге 

дайындау 

кезіңде 

жұмыскерлер 

асылтұқымдық 

жануарлардың торлары мұқият тексереді. Бұзылған торлар жөнделеді. 

Фермада  ветеринарлық  шаралар  өткізіледі:  аңдарға  егу  жұмыстарын 

жүргізеді,  анықтау  және  брактау  үшін  қан  алынады,  торлар 

зарарсыздандыралады.  Аңдар жыныстары бойынша тексеріледі, кейде 

аналықтың орынында қателесіп аталық салынып қалуы мүмкін.

Күйлеуді 

бастар 


алдында 

аталықтардың 

жыныстық

жұмыртқаларының 

жағдайы 

тексеріледі. 

Кейбір 

аталықтар 



аналықтарды  белсенді  және  жақсы  жабады,  бірақ  аналықтар  буаз 

болмайды.  Жыныстық  жұмыртқалары  қолмен  ұстап  тексеріледі;

оларды  қалыпты  дамыған,  ұстаган  кезде  мықты  және  қатты  болуы

керек.  ы р  немесе  екі  жыныстық  жұмыртқасы  ұсталыноауы  мүмкін 

немесе  олар  көлемі  бойынша  қалыптылармен  салыстырғанда

кішкентай  болуы  мүмкін.  Жыныстық жұмыртқалары  әлсіз  жануарлар 

күйлеуге жіберілмейді.

3.3 Күйлеуді жүргізу

Күйлеу  -   аналықтарда  күйлеу,  шағылысу  қабілеті  басталатын 

кезең, ал аталықтар жыныстық белсенділік танытады.

Жұптарды  іріктеу  жоспарына  сәйкес  аналықтарга  аталықты 

бекітіп оларды күн сайьш отырғызады.

Іріктеу  жоспарын  құрғанда  зоотехниктер  ата  —  аналардың

сапасын,  олардың  туыстық  байланыстарын  есепке  алады.  Жұптарды

іріктеудің  бұзылуы  және  аналықтардың  әр  түрлі  аталықтармен

жабылуы 


күйлеудің 

соңында 


аталықтардың 

енуыздары 

(сперматогенез) тоқтағанда және аналықтар ұрықтанбай қалуы мүмкін 

деген қауіп болмағанда рұқсат беріледі.

Жабуды  таңертең,  азықтандырылғаннан  кейін  30-40  минуттан 

кейін және түскі астан кейінгі уақытта жүргізеді.  Аталықтар бір күнде 



2-3  аналықты  жаба  алады,  шағылыстыру  арасында 

сағаттық 



демалыс болуы керек.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне
transactions -> Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі
transactions -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
transactions -> Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015
transactions -> К14 Л. К. Казангапова
transactions -> Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары
transactions -> Казақ тілі терминдерінің салалық гылыми түсіндірме создіктерінің топтамасы Қазақстан
transactions -> Г. Ж. Жапекова архапкалык, мэаенпет
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> С. Меңлібаева, А. Ж. Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы Адматы 2003


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет