Б. Е. Абдрахманов Асқапов С. Н., Құсмиденов М. Е., Жангазин А. Ш



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата24.03.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10275
1   2   3   4   5   6   7

1.5 Жайылған саптағы бөлімше  

 

Жеке  құрамды  сапқа  тұрғызуды  оқыту  алдында  бөлімшенің  жайылған 

және  бір-екі  қатарлы  сапқа  тұрғанда  бөлімше  командирі  Саптық  жарғымен 

жайылған  және  жаяу  жүру  саптары  бөлімше  үшін  қарастыралатынын 

түсіндіреді.  

Бөлімшенің  жайылған  сабы  –  бұл  фронт  бойынша  бір  сызықта 

барлығының  жайғасуы.  Бұндай  кезде  олар  бір  немесе  екі  қатарлы  сапқа 

бөлінбеуі мүмкін. Бұндай сап тексерісті жүргізу үшін, есеп, қарау, сонымен 

қатар, басқа да жағдайларды тексеру үшін бастапқы сапқа тұрғызады.  

Бұдан әрі командир Саптық жарғының студенттерден: саптағы өз орнын 

жылдам  әрі  епті  тауып  тұруды;  сапта рұқсатсыз  сөйлеспеу  және  тыныштық 

сақтау, өзінің командирінің бұйрықтары мен командаларына (сигналдарына) 

мұқият болуды және басқаларға бөгет жасамай жылдам әрі нақты орындауды 

талап ететінін түсіндіру керек. Содан кейін бөлімше командирі бөлімшені бір 

қатарлысапқа тұрғыза бастайды, бөлімшенің әрекеттері түсіндірумен ілеседі.  

Бөлімшені  сапқа  тұрғызу  «Бөлімше  бір  қатарға  саптал»  деген  команда 

бойынша орындалады. «Бөлімше» деген алдын ала команда бойынша барлық 

оқушылар асықпай бөлімше командиріне бетімен қарап,  «тік тұру» қалпына 

келеді және келесі команданы тез әрі нақты  орындау дайындығымен күтеді. 

Бөлімше  командирі  команданы  оқушыларға  қарап  береді.  Сапталуға 

команданы  беріп  болған  соң,  саптың  фронт  жағына  қарап,  «тік  тұру» 

қалпында қалады.  



30 

«Саптал»  деген  команда  бойынша  оқушылар  сапта  өз  орындарына 

тұрады.  Саптың  фронт  жағына  бетпен  қарап,  бөлімше  командирі  бағыныс- 

тағыларға тұруды бұйырады. 

Оқушылар сапта өз орындарына тұрған соң, бөлімше командирі екі-үш 

оқушыларды саптан шығарып, оларға оқушылар сапта қалай тұру керектігін, 

араларындағы алшақтықты, алақанның енін, аяқ киімнің ұшы қалай болуын 

тәжірибеде  көрсетеді.  Аталған  тәжірибелер  «Еркін»  деген  команда 

берілгенше дейін орындалады.  

Содан  кейін,  оқушылармен  жаттығуларды  жаттықтырғаннан  кейін 

«Тараңдар»  деген  команда  береді.  Бұл  жаттығуды  орындауда  жылдамдық 

керек.  Түсіндіру  мен  тәжірибені  көрсетіп  болған  соң,  бөлімше  командирі 

оқушыларға  «Саптал»  және  «Тараңдар»  деген  командаларды  қалай 

орындатынын  көрсетеді.  Әрбір  командадан  кейін  мақсатты  түрде  бөлімше 

саптың фронтын ауыстыру керек.  

Сапқа  тұрғызу  басында  бөлімше  командирі  саптан  шығып, 

оқушылардың  әрекеттерін  бақылайды,  саптағы  өз  орындарында  дұрыс 

тұрып,  алшақтық,  аяқ  киімнің  ұшымен  қалай  тұруды,  сонымен  қатар, 

олардың  ұйымшылдығына  ерекше  назар  аударады.  Жаттықтыру  оқушылар 

әрекетті әбден нақты әрі әдемі орындауды үйренгенше дейін жалғасады.  

Бөлімшені  бір  қатарға  сапқа  тұрғызуды  үйрету  кезінде  бөлімше 

командирі  оқушылар  сапта  «тік  тұру»  немесе  «еркін»  тұруға  болатынын 

түсіндіреді. 

Саптық тік тұру «тұр» деген команда бойынша орындалады. «тік тұру» 

қалпы  бұл  –  сол  саптық  тік  тұру,  «тік  тұр»  деген  команда  бойынша 

орындалады,  сол  командадан  кейін  келесі  командаға  дейін  қимылдауға 

тыйым  салынады.  Орында  тұрып  «тік  тұру»  командасы  әр  түрлі  алдын  ала 

командалары бойынша орындала береді.  

Оқушыларды  жайылған  екі  қатарлы  сапқа  тұрғызуды  үйрету  үшін 

бөлімше  командирі  бұндай  жағдайда  «бөлімше  екі  қатарға  тұр»  деген 

команда  берілетінін  хабарлайды.  Содан  кейін  әрбір  оқушының  екі  қатарлы 

саптағы орнын көрсетеді. Содан кейін саптан екі оқушыны шығарып, біреуін 

екіншісінің желкесіне қаратып қойып, олардың екі қатарлы саптағы қалпын 

көрсетеді.  Кейін  ол  екі  қатарлы  сапта бірінші  қатарда  тұрған  оқушылардың 

желкесіне  екінші  қатардағы  оқушылар  қарап  тұру  керек.  Осы  кезде 

оқушылардың  арасындағы  алшақтық  бір  қадамға  немесе  қолды  алдына 

шығарып  бірінші  қатардағы  оқушының  иығына  тиіп  тұрғандағы  қашықтық 

болу керек.  

Екі қатарлы сапта алдында тұрған қатар бірінші деп аталады, ал артында 

тұрған қатар – екінші деп аталады. Сап бұрылған кезде ату аталмайды. Егер 

бөлімшеде  төрт  адам  немесе  одан  да  аз  болса,  онда  бөлімше  бір  қатарға 

сапталады.  

Көрсету  мен  түсіндіруден  кейін  бөлімше  командирі  оқушылардың 

саптағы өз орындарын тез тауып тұра қалуды жаттықтырады.  



31 

Бөлімнің  түзелуі.  Бөлімшені  түзеу  қажеттілігі  болған  кезде  «Түзел» 

деген немесе «оңға түзел» деген команда беріледі.  

«Түзел» деген команда бойынша оң жақ флангідегіден басқасының бәрі 

бастарын  оңға  бұрып  (оң  жақ  құлақ  сол  жақтан  жоғары  тұру  керек),  әрбір 

оқушы  өзінің  кеудесін  көріп  тұру  керек.  «Солға  бұрыл»  деген  командадан 

кейін сол жақ флангідегіден басқасының бәрі бастарын солға бұрып (сол жақ 

құлақ  оң  жақ  құлақтан  жоғары  тұруы  керек).  Түзелу  барысында  оқушылар 

сапта бірнеше алға немесе артқа қозғалуға болады.  

Бөлімшенің  түзелуі  қажетті  жағдайларда  ғана  болады.  Мысалы: 

оқушылар  арасында  интервал  бұзылса,  қатар  араларындағы  интервал 

сақталмаған  жағдайларды.  Бөлімшені  сапқа  тұрғызу  кезінде  «Тұр»  деген 

команданы  барлық  оқушылар  дұрыс  орындаса,  «Түзел»  деген  команда 

берудің қажеті жоқ.  

Оқушыларды түзетуге үйрету келесі жүйеде ұсынылады. 

Табанның біркелкі түзетілуін сапқа тұрғызу кезінде бірден үйрету қажет, 

кейін  бұл  жаттығуды  қайта-қайта  жаттықтыру  арқылы  дағдылы  түрде 

орындауға  жеткізу  керек.  Табанды  түзету  көбінесе  оң  жақ  флангінің  дұрыс 

болуына байланысты. Сондықтан бөлімше командирі бәрінен бұрын осыған 

назар  аудару  керек.  Аяқ  киімнің  табаны  саптың  фронт  сызығын  нақты 

анықтап  тұрып,  табанның  жалпақтығына  жайылу  керек.  Табанды  түзетуге 

бастапқы  жаттықтыру  үшін  бөлімшені  арнайы  жабдықталған  алаңда  немесе 

оның  бойындағы  түзу  сызықта  сапқа  тұрғызу  қажет.  Сонымен  қатар, 

оқытудың  бас  кезінде  оқушыларға  аяқ  киімнің  табанына  қарауға  рұқсат 

беруге  болады,  осылайша  олардың  қалпын  анықтайды.  Бірақ  бұл  әдетке 

айналып кетпеу керек, себебі бұл қатені жою кейін қиындық туғызады.  

Оқушылардың  аяқ  киімдерінің  табандары  дұрыс  жатпаған  жағдайда 

бөлімше командирі келесі команда бойынша түзей алады:  «Студент Қайыр- 

баев табанды алға!», «Студент Асқаров сол жақ табанды артқа» және т.б.  

Сапқа  тұрғызу  және  түзету  кезінде  дене  корпусының  қалпы  сапта 

тұрғандай  тік  болуы  керек.  Оқушылар  аяқ  киімдерінің  табандарын  бір 

сызыққа  қойып  тұрғанда,  түзелу  жаққа  басын  бұрғанда  өзінен  бастап 

төртінші адамды көріп тұруы керек. Осы кезде иекті алдына шығармай басты 

еңкейтпеу  керек.  Айтылғанды  түсіндіре  отырып,  бөлімше  командирі 

оқушыларға бір уақытта оның тәжірибеде қалай орындалатынын көрсетеді.  

Басты  бұруды  үйрету  үшін  аяқ  пен  кеудені  қозғалтпай,  басты  түзелу 

жаққа  бұрған  кезде  оң  жақ  құлақ  сол  құлақтан  сәл  жоғары  тұру  керек,  ал 

солға бұрылған кезде – керісінше.  

Бөлімше  командирі  өзі  аталған  жаттығудың  қалай  орындалатынын 

бірнеше  рет  көрсетіп,  қажетті  жағдайда  түсіндіреді.  Жаттықтыру  кезінде 

басты  түзелу  жаққа  қысқа  жолмен  орындалу  қажеттігін  тағы  да  түсіндіру 

қажет.  


Жаттықтыру  барысында  бөлімше  командирі  оқушылардың  жіберген 

қателерін  келесі  командаларды  бере  отырып  түзетеді.  Мысалы:  «Студент 



32 

Қайырбаев  кеудені  алдына  шығар»,  «Студент  Асқаров  иекті  жоғары  көтер» 

және т.б.  

Бөлімше  командирі  оқушыларға  оңға  түзелу  кезінде  (оң  жақ  флангіге) 

«Түзел»  деген  команда  берілетінін,  ал  сол  жаққа  түзелу  кезінде  «Солға 

түзел»  деген  команда  берілетінін  еске  түсіреді.  Егер  бөлімше  шеңбермен 

айналған болса (оң флангі сол жақтан болады, ал сол жақ – оң жақтан), онда 

кез-келген жаққа түзелу үшін командада түзелетін жақайтылу керек – «Оңға 

түзел»  немесе  «Солға  түзел».  Қарумен  түзелу  кезінде  (белбеуге  немесе 

кеудеге) өзгеріссіз қалады, ал «аяққа» тұрған кезде зеңбірек немесе карабин 

оң жақпен қысылады. Түзеліп болған соң  «Тік тұр» деген команда беріледі, 

сол  кезде  оқушылар  бастарын  тез  арада  тік  қойып,  зеңбіректер  мен 

карабиндер саптағы тұрыс қалпына келтіріледі.  

 

 



33 

2 САПТЫҚ ОҚУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ 

БОЙЫНША САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

2.1 Саптық дайындықтың жалпы ережелері және саптық оқытудың 



әдістері 

 

Саптық  дайындық  әскери  дайындық  жүйесінде  оқытуда  дербес  пән 



болып  табылады,  сонымен  қатар,  білімнің,  қабілеттің,  дағдының  және 

психлолгиялық  тұрақтылықтың  дамуына  әсер  ететін  оқытудың  басқа  да 

пәндеріне  органикалық  түрде  енеді.  Сондықтан  саптық  оқытудың  негізіне 

педагогиканың жетекшілік принциптері болуы қажет.  

Офицерлердің,  прапорщиктердің,  мичмандардың,  сержанттардың  және 

старшиналардың  жоғары  саптық  дағдылары  саптық  дайындықта,  Саптық 

жарғымен  қаралған  амалдарды  бейнелі  түрде  орындауда  және  бағыныста- 

ғыларды әдістемелік түрде дұрыс үйретуде табыстарға қол жеткізуге шешуші 

мәні бар.  

Командирге  жоғарғы  әдістемелік  шеберлікті  білу,  жақсы  теориялық 

дайындық  пен  тәжірибелік  дағдыларға  ие  болу  жеткіліксіз,  ол  өзінің 

бағынышындағылардың  танымдық  қызметін  арттыру  қажет.  Оған  тек  қана 

саптық оқытудың сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық ойлауын 

және  оқыту  барысында  рационалды  амалдарды  меңгеруге  көмек  көрсету 

арқылы қол жеткізуге болады.  

Командир оқытудың негіздерін бірінші күннен бастап бекіту керектігін 

естен  шығармауы  тиіс.  Дәл  сол  уақытта  дағдыланады,  содан  кейін  саптық 

амалдарды  игеруде,  сонымен  қатар,  қару  және  техникамен  әрекетте  белгі- 

ленген  тәртіп  әдетке  айналады.  Адамдардың  танымдық  шегі  салыстырмалы 

екені 


белгілі, 

сондықтан 

бағыныштағылар 

бүгінгі 


білмегенінен 

(іскерліксіздігінен) ұялмауына қол жеткізу қажет.  

Игеру  дегеніміз  –  түсіну  және  есте  сақтау,  ал  білімді  меңгеру  меңгеру 

дегеніміз – игеру және білгеніңді тәжірибеде қолдану болып табылады.  

Оқыту  кезінде  белгісізді  белгілімен,  теорияны  тәжірибемен  байла- 

ныстыра  отырып,  саптық  оқытудың  аса  тиімді  нысандары  мен  әдістерін 

анықтау  қажет.  Сонымен  қатар,  әрбір  саптық  сабақ  рухани  жарыстың 

жоғарылауының  нәтижелерін  салыстыру  арқылы  өтуі  тиіс.  Бұл  зерттеудегі 

материалдардың жылдам игерілуіне қажетті алғы шарттардың бірі.  

Әрбір  саптық  сабақ  бөлімшелердің  және  студенттердің  саптық 

дағдыларын  жетілдіруде  жаңа  баспалдақ  болуы  қажет.  Осыдан  алынған 

білімнің  тереңдігі  және  дағдының  беріктігі,  көбінесе  сабақ  барысында 

таңдаған  оқыту  әдісі  мен  жаттығуға  байланысты.  Қатысушылардың  бар 

күшін  салып,  үзіліссіз  дайындалуы  –  бүгінгі  таңдағы  саптық  сабақтардың 

талабы.  

Тәжірибе  қатысушылардың  саптық  дағдыны  келесі  жоғарғы  деңгейде 

игерілуі мүмкін екенін көрсетеді: 


34 

– саптық  дайындықты  мақсатты  және  дұрыс  жоспарлау,  барлық 

сабақтарды әдістемелі түрде, сонымен қатар, нақты ұйымдастыру; 

– саптық  дайындық  сабақтар  бойынша  нұсқаулық-әдістемелік  және 

жоспарлы нұсқауды жүйелі түрде жүргізу; 

– барлық  сабақтарда,  сонымен  қатар,  күнделікті  өмірде  қозғалу  және 

сапқа тұру кезінде саптық оқыту дағдыларын жетілдіру; 

– саптық амалдарды дербес жаттықтыру

– командирдің  барлық  қатысушылардан  саптық  жарғының  ережелерін 

орындауға жоғары талап қойып, үнемі бақылау. 

 

Саптық оқытудың әдістері 

Оқыту  әдістері  –  бұл  жол,  әрі  тәсіл.  Оның  көмегімен  дағды  мен 

іскерліктің  қалыптасуы,  атаққа  ие  болу,  психологиялық  және  моральдық-

әскери сапалардың қалыптасуына қол жеткізуге болады.  

Мысалы,  зерттейтін  әрекеттің  бүтіндей  немесе  бөлшектей  демонстра- 

циясы – бұл көрсету әдісінің амалдары; элеметті орындау тәртібінің мазмұны 

–  бұл  айту  әдісінің  амалы.  Оқытудың  бірнеше  әдістері  көп  жағдайда 

үйлестіріліп  қолданылады,  мысалы,  көрсетуді  айтумен,  түсіндіруді 

жаттығумен.  

Осы немесе басқа үйлестіруде әдістердің біреуі басты рөлде болады да, 

басқалары бағыныста болады.  

Саптық оқытуда көбінесе келесі әдістер қолданылады: 

– ауызша мазмұндау; 

– көрсету; 

– жаттығу; 

– дербес зерттеу.  

Оқу  материалдарын  ауызша  мазмұндау  оқу  процесінде  әрқашан 

маңызды  орынға  ие.  Саптық  оқуда  көбінесе  түсіндіре  отырып  үйренетін 

амал-әрекеттерді көрсетумен (демонстрация) үйлестіреді.  

Көрсету өзімен бірге амалдар мен әрекеттер жиынтығын ұсынады, оның 

көмегімен  оқушылардың  санасында  оқып  жатқан  пәннің  көрнекі  бейнесі 

қалыптасып,  естерінде  амал  және  әрекеттің  нақты  бейнесі  сақталады. 

Көрсетудің әр түрлі әдістерінің бірі демонстрация болып табылады. 

Көрсету  жеке  немесе  арнайы  оқушылардың  нұсқаулығымен  болуы 

мүмкін.  Жаңа  амалмен,  сонымен  қатар,  көрсету  сабақтары  барысында  және 

оқу кинофильмдерін демонстрациялау кезінде танысуға болады.  

Жетекші көрсету әдісін сәтті көрсету үшін келесілерді орындау қажет: 

– оқу  материалын  терең  біліп,  ұмытылып  қалатын  амалдар  мен 

әрекеттерді шебер орындау: 

– амалды немесе әрекетті орындауда беркелкі тепмте болу; 

– жетекші  орындап  жатқан  амалды  немесе  тәсіді  көріп  тұрған 

оқушылардың ракурсын епті қолдану.  

Жаттығу  –  оқушылардың  дағдылары  мен  іскерлігін  жетілдіруде  және 

белгілі амалдарды өңдеу мақсатында күрделенген әрі саналы түрде қайталуы.  



35 

Жаттығудың сәтті болуы үшін келесілер қажет: 

– оқушылардың жаттығу жасаудағы мақсатын түсіну; 

– оқушылар  ұмытылып  қалатын  әрекеттерді  орындауда  сап  және 

мазмұнды игеру; 

– күрделі әрекеттерді жетекшінің құрама бөлітерге бөлуі

– оқушылардың дұрыс әрекетті өңдеу бойынша жұмыста екпінді өсіру; 

– белгілі  ырғақтың  сақталуын,  оқушылардан  талап  етілетін  әр  түрлі 

физикалық жәнге моральдық күштің дұрыс алмасуы;  

– оқушылардың жаттығуға деген қызығушылығын үнемі қолдау. 

Амалдарды  немесе  әрекетті  дербес  үйрену  оқытудың  ең  маңызды 

әдісіболып табылады. 

Оқушылардың дербес жұмысын дұрыс ұйымдастыруда: 

– дербес дайындыққа тапсырма көлемін анықтау

– амалдарды  тәжірибелі  орындау  бойынша  немесе  оқығанды  қайталау 

бойынша әдістемелік кеңес беру; 

– әрбір  бөлімшеге  оқу  орнын  көрсетіп,  қажетті  көрнекі  оқулықтармен 

қамтамасыз ету; 

– серіктестік  өзара  көмек  көрсетуді  қамтамасыз  ету  үшін  жақсы 

дайындалған студент болу үшін оқушылардан топ құру қажет; 

Оқушыларға  оқу  материалдарына  дербес  ие  болуда  қажетті  көмек 

көрсетіп, тұрақты бақылауды жүзеге асыру қажет. 

Саптық  оқудың  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  командир  келесі 

ұсыныстарды қолдана алады. 

Кез-келген пәнді оқытуда қажетті шарттардың бірі ол – пәнді терең білу, 

оған  еркін  бағдарлана  отырып,  материалды  қарапайым  және  түсінікті  етіп 

жеткізу.  Бірақ,  саптық  оқытуды  сәтті  ұйымдастыру  үшін  тек  қана  білу 

жеткіліксіз, сонымен қатар, неге және қалай үйрету керектігін білу қажет.  

Командирдің әдістемелік шеберлігі қазіргі уақытта, осы сабақта, дәл осы 

саптық  амалды  немесе  әрекетті  көрсету  және  жаттықтыру  сияқты  түсін- 

дірудің  әдісін  білумен  анықталып,  қысқа  мерзім  ішінде  ең  жақсы  нәтиже 

шығарады.  

Оқыту  процесінде  командир  материалды  қайталау  кезінде  барлық 

қатысушылар  белсенді  қатысуды  талап  ету  керек.  Амалды  немесе  әрекетті 

түсіндіру  сол  амал  немесе  әрекет  сияқты  нақты  әрі  түсінікті  болу  керек. 

Түсіндірудің әрбір бөлігі тәжірибелік көрсетумен ілестірілу керек. 

Командирдің  саптық  дайындық  бойынша  сабақ  өткізетін  орны 

оқушылардың  әрекеттерін  қадағалауды  қамтамасыз  ету  қажет,  себебі 

командир жіберілген қателерді уақытында байқап, олардың жойылуына қол 

жеткізу  керек.  Командирдің  бөлімшенің  саптық  қателерді  жойу  мақсатқа 

лайықты деп санау керек: бөлімше командирлері үші – үш-төрт қадам; взвод 

командирлері үшін – бес қадам; рота командирлері үшін – жеті-сегіз қадам; 

Осылай тұру кезінде командирлер түгел сапты көре алады. 

Оқыту сабында командирдің бұйрықты нақты әрі қатты дауыспен беруі 

маңызды рөл атқарады. Нақты берілмеген бұйрық оның дұрыс орындалуына 


36 

қиындық  туғызады  және  оқушылардың  сасқанынан  амалды  орындамауға 

соқтырады.  Командир  бұйрық  бермес  бұрын  «тік  тұру»  қалпын  қабылдау 

керек. Бұл бағыныштағыларды сапқа деген құрметін тәрбиелейді.  

Саптық амалдарға оқытуды: таныстыру арқылы өткізу қажет.  

Амалдармен таныстыру үшін командир: 

– Амалды  атау  және  сол  амалдың  қай  жерде,  сонымен  қатар  қандай 

мақсатта қолданылатынын көрсету керек; 

– Көрсетілетін амалға бұйрық беру; 

– Саптық  жарғы  бойынша  амалдың  толығымен  қалай  жасалатынынң 

көрсетіп, кейін баяу ырғақта бөлшектеп қысқаша түсіндірумен көрсету керек.  

Амалды  таныстыруға  аз  ғана  уақыт  бөліну  керек.  Саптық  амалдың 

күрделілігіне  байланысты  оны  ұмытып  қалу  мүмкін:  амал  күрделі  болмаса 

толығымен; амал күрделі болмаса бөлшектеп; егер амал күрделі болса және 

және  рның  жеке  элементтері  қиын  игерілсе,  дайындық  жаттығуларының 

көмегімен;  

Амалдың  әрбір  элементін  меңгеру  (егер  орындауға  қиын  болса)  сол 

сияқты  көрсетуден  және  қысқаша  түсіндіруден  басталады.  Көрсету  кезінде 

оқушының  саптық  амал  немесе  әрекет  жөнінде  көру  елесі  қалыптасады, 

сондықтан көрсету мінсіз болу керек. 

Нақты,  дұрыс  әрі  әдемі  көрсетілген  амалдар  оқушыларға  аса  әсер 

қалдырып, оларда сол амалдарды қалай көрсетілді дәл солай орындау тілегі 

пайда болады.  

Көрсетуді  қысқаша  түсіндірумен  ілестіру  қажет.  Меңгерудегі  амал 

немесе әрекетті толық әрі дұрыс көрсету үшін көру жады ғана емес, сонымен 

қатар, оны ұғу қажет.  

Түсіндуру  меңгерудегі  күрделі  және  көрсетуден  қиын  игерілетін 

амалдың  немесе  әрекеттің  жан-жақтылығын  ашу  мүмкін.  Ол  оқушыларды 

көрсетілетін немесе саптық амалды не әрекетті дұрыс орындауға бағыттайды.  

Саптық амалмен танысқан соң өзара екі негізгі кезеңнен тұратын толық 

әрекет ретінде дағдыны қалыптастыруға кіріседі.  

Бірінші кезеңде күрделі амалдарды элементтерге мүшелеп, оны мүшелеп 

орындаулады.  

Екінші  кезең  аталған  элементтерді  бір  топқа  жинақтап,  кейін  бірыңғай 

бүтінге біріктіреді.  

Оқуды  аяқтаған  соң  жаттығу  басталады,  содан  кейін  үйреніп  жатқан 

амалды бірнеше рет орындап бекітеді. Сол уақытта командир оқушылардың 

амалды нақты, дұрыс және әдемі орындауларына қол жеткізу керек. 

Командир жақсы нәтижелерді өз тәжірибесінде қол жеткізе алады, егер 

ол  оқушының  жеке  ерекшеліктері  мен  жағдайын  ескерсе,  қателерден 

құтылуы мүмкін.  

Бұл  командирге  бөлімшелермен  және  әрбір  оқушымен  жеке  жақсы 

қатынас орнатуға, сол оқушыларға оқу материалының мазмұнын және дербес 

жұмысқа  тапсырма  көлемін  дұрыс  анықтауға,  саптық  оқуда  ашық  жерлерді 



37 

жоюға  уақытында  көмек  көрсетуге,  әрбір  оқушыға  тәрбиелік  әрекеттегі 

негізгі бағыттарды анықтауға жол береді.  

Оқытудың  техникалық  құралдарын  орынды  пайдалану,  әсіресе  саптық 

дайцындық  бойынша  оқу  кино  фильмдері  өз  мақсаты  емес,  материалды  тез 

ұғып, оңай есте сақтау құралы екенін естен шығармағаны абзал. Сондықтан 

демонстрациялық  материал  үнемі  мұқият  алынып,  ал  оны  пайдалану  өте 

жақсы  ойластырылып,  оқушылар  өткен  сабақтан  қанағаттанарлық  болу 

керек.  

 

 



2.2 Командирдің  педагогикалық  шеберлігі  және  саптық  дайындық- 

ты жоспарлау 

 

Оқыту және тәрбиелік қызмет процесінде командир бір жағынан педагог 



әрі тәрбиеші ретінде, бір жағынан өзінің жоғары өнегелі мінезін, іске, әскери 

борышына  адал  қарайтынын  көрсететін  идеялы  сенімділікпен,  кәсіби 

шеберлікпен  өзін  көрсетеді.  Сондықтан  командирдің  педагогикалық 

шеберлігінің мәселесі – бұл ең бірінші өзін тәрбиесінің мәселесі. 

Педагогикалық  қызметтің  талдауы  командирлер  келесі  негізгі  топтарға 

келтіруге  мүмкіндік  беретін  үлкен  сапа  диапазонына  ие  болу  қажет: 

моралдық-әскери, әскери – кәсіби, ұйымдастырушылық және педагогикалық 

өнеге.  


Бөлімше  командирі  жұмыста  ең  бастысын  білу  керек.  Ол  әрбір 

қатысушының  жеке  психологиялық  жағдайын  және  көңіл-күйін  ескере 

отырып,  кернеулі  шығармашылық  қызметті  қалыптастыру,  оқушылардың 

энергеиясын  жоғарлату,  сергек  іскер  дауыспен  оқудың  жоғарғы  тәртібін 

сүйеу арқылы жарысқа тырысуға шақыру қажет.  

Қазіргі  заманның  жастары  –  жан-жақты  қызығушылығы  бар,  үлкен 

рухани  сұранысыы  бар  адамдар.  Олардың  әуестігін  және  сұрауларын 

қанағаттандыру  үшін  командир  жоғары  мәдениетт,  барлық  жаңалықтардан 

хабардар болуы тиіс.  

Оқыту-тәрбиелік  жұмыс  –  шығармашылық  іс:  әрбір  педагогикалық 

жағдай  өзінің  ерекше  шешімін  талап  етеді.  Егер  командиир  педагогикалық 

байқағыштық  және педагогикалық  ойлау  арқылы елестету  мен  такті  сияқты 

қасиеттерге ие болған жағдайда ол тиімді болады.  

Педагогикалық  байқағыштық  –  ол  өзінің  оқыту-тәрбиелік  әрекетінің 

объектісін сырттан жүйелі және мақсатты түрде зерттеу, оқушылардың ішкі 

дүниесін білінер-білінбес белгімен байқау, оқушының жеке өміріндегі болып 

жатқан  өзгерістерді  білу,  оның  оқу  процесіндегі  және  тәртібіндегі  әр  түрлі 

өзгерістердің себеп-салдарын уақытында белгілеп, табу қабілеті.  

Педагогикалық  елестету  оқушы  тұлғаны  бағдарламалап,  тәрбиелеу 

әрекетінің  салдарын  алдын  ала  көру  қабілеті,  оқушылардың  оқу  қызметіне 

әсер  ететін  факторларды  дұрыс  белгілеп,  психолгоиялық  әрекетке 

бағытталған жұмысты дұрыс жоспарлау мүмкіндігі.  



38 

Педагогикалық  елестету  мен  педагогикалық  ойлау  өзара  тығыз 

байланысты,  себебі  командир  өзінің  қызметін  және  оқушылардың 

жұмыстағы  негізгі  буындарын  айқындау,  байланыстарды  орнатып  жеке 

фактілерді мезгілінде талдап қорыту мүмкіндігін болжайды.  

Педагогикалық такті өзінің күрделі кәсіби сапасын байқатады, ол сезім 

өлшемімен  сипатталатын,  командир  істейтін  мақсатқа  лайықты  әр  түрлі 

әдістердің иілгіштігі, педагогикалық әрекеттің амалдары мен құралдары. 

Педагогикалық такті келесі негізгі белгілерден тұрады: 

– салмақтылық, өзін-өзі ұстау, іскерлік дауыс; оқушыларды тыңдай білу, 

оқушылардың сауалына қойылған жауапқа мән беру күрделілігі; 

– өтініш  білдірудің  қарапайымдылығы,  ағайындық  және  жөнсіздік, 

қыңырлықсыз принциптілік пен табандылық; оқушыларға ықыластылық пен 

нақтылық;  оқушы  тұлғаны  кемсітпейтін  әзіл-оспақ;  жеке  мінез-құлықта 

сыпайылық.  Оқу  сәттілігі  көбінесе  командирдің  логикалық  және  дәлелдеу 

әрекетіне,  оның  оқушыларды  интеллектуалды  жұмысқа  тарту  қабілеті,  яғни 

ойлауды талап ету және бірге әрекет етуге байланысты. 

Командир  өз  сөзімен  және  жеке  әрекетімен  оқушыларға  тәжірибемен 

барлық  құндылықты,  осы  облыстағы  ғылыммен  берілген  және  өзінің 

тәжірибесінің нәтижесінде алынғандарды бере алу керек. 

Педагогикалық  техника  –  бұл  командир  іскерлік  пен  амалдардың 

көмегімен  педагогикалық  әдістерді  қолана  отырып  максималды  тиімділікке 

қол жеткізетін дағдылар кешені. 

Педагогикалық техника қосады: 

– оқу  сабақтарын  және  әр  түрлі  тәрбие  шараларында  іскерлік  пен 

дағдыларды; 

– командирдің өзінің басқа да әрекеттерге және оқушылардың тәртібіне 

қатынасын мәнерлі көрсету амалдары; сөз сөйлей білуі; 

– оқушылардың  моралдық-психологиялық  ерекшеліктерін  есепке  алу 

және зерттеу қабілеті; 

– оқушыларға соның ішінде, ұжым тарапынан тәрбиелік әрекеттегі түрлі 

педагогикалық жағдайларды құрастыруды білуі;  

– оқытудың техникалық құралдарын білуі, оларды дұрыс пайдалануы; 

– оқушылардың  тәрбиелілігі  және  олардың  жарғы  талаптарын 

орындауына педагогикалық бақылау; 

Педагогикалық 

шеберлік 

коимандирдің 

оқытудың 

мақсаты 


ментапсырмаларын терең білуімен байланысты.  

Командирдің шеберлігі келесілермен анықталады: 

– оқушыларға білімді қолайлы түрде беру мүмкіндігі; 

– қабілеттілікмен  теориялық  білімді  тәжірибелік  әрекетпен  байла- 

ныстыруды  және  осы  негізде  қажетті  дағдыларды  қалыптастыру,  оқушы 

тұлғалардың сапасы мен іскерлігіне қол жеткізуі;  

– оқу  материалдарын  қызықты,  жүйелі  және  қисынды  түсіндіре  алу, 

оқушылардың  танымдық  қызметін  белсендіруде  әр  түрлі  амал-тәсілдерді 

қолдану; 


39 

– оқу  барысында  оқу  тәртібі  спецификасынан  және  оқу  контенгетімен 

тәрбиелік тапсырмаларды мақсатты және білікті шеше алу; 

– техникалық құралдарды пайланумен оқытудың қатты дағдылары;  

Оқу  тапсырмаларын  шешуден  басқа  командир  оқу  процесінде 

оқушылармен  тәрбелік  жұмыс  өткізеді.  Оның  жоғары  тиімділігіне  қол 

жетуізу үшін:  

– оқушыларды  құқықтық  және  физикалық  тәрбиелеуде  эстетикалық, 

өнегелі, әскери мазмұндағы тапсырмалар мен мақсаттарды нақты ұсыну; 

– тәрбиеленуші  тұлғалардың  және  факторлардың  қалыптасуына  әсерін 

тигізетін ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу; 

– тәрбиелеудің  ережелері  мен  құқықтық  және  этикалық  нормаларын, 

әдістерін,  принциптерін,  бөлімшелердің  қызметіндегі  нақты  шарттарды  іске 

асыру ерекшеліктерін жетік білу; 

– білім  тәжірибесінде  әскери  педагогика  мен  психологияны,  әскери 

этиканы,  жарғы  талаптарын,  нұсқаулықты  және  бұйрықтарды  шығарма- 

шылық түрде қолдана білу; 

– тәрбиеленушілердің  көңіл-күйін,  пікірін  және  әскери  ұжымның 

дәстүрлерін  есепке  ала  отырып,  тәрбиеленушілер  арасында  өзара  қарым-

қатынасты дұрыс қалымтастыруды білу; 

– амалдар жүйесін және тәрбиелеудегі құралдарды үнемі жетілдіру.  

Командирдің  педагогикалық  шығармашылыққа  деген  қабілеті  оның 

қызметінің  ортаңғы  буыны  болып  табылады.  Ол  командирге  максималды 

тиімділікке жол беріп, әрқашан оқыту-тәрбиелеу процесінде және оқытудың 

және  тәрбиелеудің  жаңаша  нысанын,  кәсіби  білімін,  іскерлігін  және 

дағдыларын, өзінің жеке сапаларын көрсетуге мүмкіндік туғызады.  

Командирдің 

педагогикалық 

шығармашылығының 

дамуында 

тәжірибелік  қызмет  шешуші  рөл  атқарады.  Ұлы  ғұламалар  айтқандай  тек 

қана оқулық бойынша тәрбиелеу және оқыту өнеріне барлық өнерге сияқты 

үйрену  дұрыс  емес.  Адам  қандайда  болмасын  талантты  болса  да,  егер  ол 

өзінің дербес тәжірибесінде дұрыс үлгіде үйренбесе, онда ол ешқашан жақсы 

педагог болуы мүмкін емес.  

 

Саптық дайындық жоспарлау 

Командирдің  бағыныштағылармен  саптық  оқу  бойынша  жұмысы 

жоспарлаудан басталады.  Саптық дайындық бойынша  сабақты жоспарлауда 

командир  әскери  дайындық  бағдарламысының,  тапсырмаларының,  саптық 

дайындыққа  берілген  тапсырмалардың,  ҚР  Қарулы  күштерінің  Саптық 

жарғысының  ережесін,  сонымен  қатар,  жеке  құрамның  саптық  әдетінің 

талаптарын басшылыққа алу керек.  

Жоспарларда қосымша және жоспарға сәйкес сабақтарды ұйымдастыру, 

сабақтарды  өткізетін  жетекшілердің  әдістемелік  дайындығы,  ең  үздік  взвод 

пен  ротаны  жарыстыру,  сонымен  қатар,  саптық  дайындық  бойынша  оқу 

базасын біліктендіру және көрнекілікті өңдеу жұмыстары орын алады.  



40 

Бағдарламалар  командирге  оқушылардың  дайындығына  байланысты 

тақырыптарды  өңдеуге  мезгілді  анықтауға  мүмкіндік  туғызады.  Осылайша 

сабақ  саны  және  әрбір  сабақ  бойынша  тақырыптардың  кейбір  мәселелері, 

күрделі  саптық  амалдарды  (мысалы,  саптық  қадам  сияқты),  қозғалыстағы 

айналыстар  және  тағы  басқалар  бір  неше  рет  қайталануы  керек.  Тақырып 

толығымен меңгерілмегенше, келесі кезектегі тақырыпқа көшуге болмайлды. 

Егер,  қандай  да  бір  себеп  бойынша  аталған  сабақтың  оқу  сұрағы  игерілмей 

қалса,  онда  ол  дербес  дайындық  сабақтарында  өңделу  керек  немесе  келесі 

сабаққа ауытырылуы керек. 

Оқушылардың 

алдыңғы 


сабақтарда 

қалыптасқан 

дағыдаларын 

ұмыттырып  алмау  үшін  саптық  дайындық  бойынша  сабақтар  жүйелі  түрде 

өткізеді.  Жеке  құрамның  және  бөлімшелердің  саптық  дайындық  бойынша 

жоғарғы  нәтижелерге  сапта  алған  дағдыларды  келесі  сабақтарда  бекітетін 

командирлер ғана қол жеткізе алады. 

Саптық  сабақтар  бірнеше  күн  қатарынан  немесе  күніне  екі  реттен 

өткізудің  қажеті  жоқ,  себебі,  бұл  сабақ  оны  дұрыс  ұйымдастыруда  үлкен 

физикалық күшті талап етеді.  

Саптық  дайындық  сабақтарын  аптасына  бір-екі  рет  қана  өткізуді 

жоспарлаған  командирлерге  үлкен  жетістіктерге  жететінін  тәжірибе 

дәлелдейді.  

Саптық  дайындық  бойынша  сабақтар  басқа  да  сабақтар  сияқты  мұқият 

дайындалып,  қажетті  материалдармен  қамтамасыз  етілсе  көптеген 

мақсаттарға  қол  жеткізеді.  Сондықтан  да  бөлімше  командирі  нұсқаулық-

әдістемелік немесе пән жетекшілерімен көрсету сабақтарын қарастыру керек, 

осы сабақтардың алдында олармен нұсқа өткізу тиіс.  

Саптық дайындық бойынша сабақ ереже ретінде барлық взводтармен бір 

уақытта  жоспарланып,  рота  командирінің  жетекшілігімен  жүргізіледі:  жеке 

дайындық бойынша – бір сағаттық, бөлімшенің саптық қалыптасуы бойынша 

(масштабқа  байланысты)  –  екі  сағаттық.Әскери  училищеде  (оқу  бөлігінде) 

ереже  бойынша  взвод  командирінің  жетекшілігімен  взвод  құрамында 

өткізіледі.  

Әрбір сабақ үш бөліктен тұру керек: 

– Кіріспе бөліміне қатысушылардың сыртқы келбеті және сабақ орнына 

бөлімше  қорытындысы,  тақырыпты  жариялау,  сабақтың,  оқу  мәселелерінің, 

сонымен бірге алдында үйренген амалдарды қайталау мақсаты кіреді. 

– Негізгі  бөлімге  бөлімшелермен  және  толығымен  жаңа  амаладарды 

меңгеріп, өңдеу; амалдарды жаттықтыру командир пәрмені бойынша немесе 

дабыл  бойынша  дербес  екі-екіден  бөлімше  құрамында  (взвод,  рота) 

өткізіледі; 

– Қорытынды  бөлімде  оқушыларға  талдау  және  баға  беру  ұсынылады, 

жақсыларды анықтап, дербес дайындыққа тапсырма беру кіріеді. 

 

 


41 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет