Б. Е. Абдрахманов Асқапов С. Н., Құсмиденов М. Е., Жангазин А. Ш


Нұсқаулық-әдістемелік сабақ және сабаққа дайындалу



жүктеу 1.1 Mb.
Pdf просмотр
бет5/7
Дата24.03.2017
өлшемі1.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2.3 Нұсқаулық-әдістемелік сабақ және сабаққа дайындалу 

 

Саптық оқытудың негізгі әдістерінің бірі – сабақ жүргізуде командирдің 



шебер  әдістемесінен  және  жеке  дайындығының  тиімділігне  байланысты 

жаттығу. Жаңа тақырыпты өңдемас бұрын командирледің әдістемелік шебер- 

лігін  жоғарылату  мақсатында  олармен  мақсатқа  лайықты  нұсқаулық-

әдістемелік  сабақ  өткізу  қажет.  Сондай  сабақтардың  жетекшілері  ереже 

бойынша:  сержанттар  және  старшиналармен  рота  командирлері,  офирлер- 

мен –  батальон  командирі  немесе  кеме  командирінің  көмекшісі  бола  алады. 

Нұсқаулық-әдістемелік  сабақта  пән  жетекшілері  міндетті  түрде  қатысуы 

қажет, себебі, оқушыларды үйрету кезінде бұл ең қажет әдістемелердің бірі 

болып табылады.  

Нұсқаулық-әдістемелік  сабақта  пән  жетекшілерінің  Саптық  жарғының 

ережелерін  білуі  және  олар  өздерінің  бағыныштағыларын  үйрететін  саптық 

амалдарды  орындау  тәжірибесі  тексеріледі.  Сонымен  бірге,  олар  аталған 

тақырып  бойынша  әдістемені  игереді.  Сондықтан  да  нұсқаулық-әдістемелік 

сабақ жеке құраммаен сабақтан үш-бес күн бұрын өткізіледі. 

Нұсқаулық-әдістемелік сабақты келесі түрде өткізу ұсынылады: 

– Сабақ  жетекшісі  офицерлердің  (прапорщиктердің,  мичмандардың, 

серженттар  мен  старшиналардың)  немесе  бөлімшелердің  студент-

командирлерінің сыртқы келбетін, олардың өңдеудегі тақырыптың көлемінде 

Жарғы  ережелерін  білуі  тексеріледі,саптық  есеп  жүргізіледі  және  сабаққа 

қатысушылардын тұратын бөлімшені (взводты) қалыптастырады; 

– Қалыптасқан  бөлімшемен  (взводпен)  жетекші  саптық  амалдарының 

орындалу бейнесін оқыту әдістемесіне аса назар аударып сабақ өткізеді

– Оқушыларсаптық  бейнелерді  бейнелі  орындп,  оқыту  әдістемесін 

меңгергеннен  кейін,  командир  офицерлерді,  мичмандарды,  старшиналарды 

бөлімшенің  студент-командирлерін  сабақ  барысында  жаттықтыруға  көшеді: 

ол  үшін  командир  сабаққа  қатысушылардың  ішінен  бір-бірден  сабақ 

жетекшісін  тағайындайды,  кейін  саптық  амалдарды  көрсету  әдісі  арқылы 

көрсетеді; 

– Сабақ  аяқталғаннан  кейін  командир  сабақтың  әрбір  қатысушысына 

олардың  жеке  саптық  және  әдістемелік  дайындығын  талдап,  баға  береді, 

келесі  сабаққа  дайындық  тәртібі  мен  оны  басынан  бастап  қалай  орындау 

керектігін нұсқайды. 

 

Сабаққа дайындалу  

Жауынгерлік даярлық бейбіт уақытта әскери қызметшілердің күнделікті 

қызметінің негізгі мазмұны болып табылады. Қазіргі заманғы ұрыста әскери 

қызметшілердің  іс-қимыл  тәсілдерін  меңгеру  мақсатындағы  сабақтар  мен 

оқу-жаттығулар жеңіл және қарапайым өткізілмеуі тиіс. 

Оқу  сабақтары  мен  оқу-жаттығуларда  бөлімнің  барлық  жеке  құрамы 

қатысуы тиіс. Сабақтан жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, 

тәуліктік  нарядтағы  адамдар,  сырқаттанғандар,  сондай-ақ  демалыс  және 



42 

мереке  күндері  белгіленген  қызмет  уақытынан  артық  әскери  қызмет 

міндеттерін  орындауға  тартылғаны  үшін  демалыс  берілген  әскери 

қызметшілер босатылады. 

Денсаулығы  бойынша  сабақтан  босатылған,  медициналық  мекемелерде 

емдеуде  емес  әскери  қызметшілер  сыныптардағы  сабақтарға  тартылуы 

мүмкін. 

Жеке  құрамның  сабақтан  қол  үзуіне  кінәлі  командирлер  (бастықтар) 

тәртіптік  жаза  тартады.  Сабақтар  күн  тәртібімен  белгіленген  сағатта  белгі 

(команда)  бойынша  басталады  және  аяқталады.  Сабақтарды  дайындау  мен 

өткізудің  тікелей  ұйымдастырушылары  бөлім  (бөлімше)  командирлері, 

сондай-ақ  сабақтар  жетекшілері  болып  тағайындалған  офицерлер  мен 

сержанттар болып табылады. 

Сабақтарға  (оқу-жаттығуларға)  шығар  алдында  бөлімшелер  командир- 

лері  мен  взводтар  сержанттары  (взводтар  командирлерінің  орынбасарлары) 

жеке  құрамның  болуы  мен  оның  сыртқы  пішінін,  жабдықтарды  шақтап 

тігудің дұрыстығын тексереді. 

Сабақтарды бастау үшін белгіленген уақытта бөлімшелер командирлері 

(сержанттар) жеке құрамды сабақ жетекшісіне тапсырады. 

Сабақтар  (оқу-жаттығулар)  барысында  бөлімшелер  командирлері  мен 

сержанттары  жеке  құрамның  қауіпсіздік  талаптарын  сақтауына,  қару-

жарақты,  әскери  және  басқа  техниканы,  оқу  материалдық-техникалық 

базасының  сақталуына  және  дұрыс  пайдаланылуына,  құпия  және  басқа  да 

қызметтік  құжаттардың  болуына,  оқ-дәрілер  мен  басқа  да  материалдық 

құралдарды дұрыс жұмсауға бақылауды жүзеге асыруға міндетті. 

Командирдің  саптық  оқыту  мен  тәрбиелеуде  тапсырмаларды  сапалы 

шешіммен  қамтамасыз  ететін  педагогикалық  қызметіндегі  маңызды 

элемент – ол сабақты жүргізуге деген жалпы және тікелей дайындығы. 

Жалпы дайындыққа: 

– Тапсырмаларды  анықтайтын  жоспардағы  құжаттары  игеру,  оқу 

процесінің мазмұны мен ұйымдастырылуы; 

– Бұйрықтарды, 

нұсқауларды, 

ұйымдастырушылық-әдістемелік 

нұсқауларды, тематикалық бағдарламаны білуі. 

Бұл  командирге  оқытудың  мақсатыг  көруге,  іскерліктің  және  білімнің 

жалпы  көлемін,  бастысын  анықтап  алуды,  сонымен  қатар,  пәнді  оқуда 

мақсатқа ұмтылушылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.  

Дайындық: 

– Сабақтың мазмұнын анықтау, топтың жеке құрамын дайындауда оның 

орынын  анықтау  және  осы  тақырып  бойынша  сабақтың  нәтижесіне  талдау 

жасау; 


– Негізгі  оқудың  мақсатын  және  нақты  оқыту-тәрбиелік  тапсырманы 

анықтау; 

– Сабақтың  құрылымын,  оның  негізгі  мәселелерін,  уақытын  анықтау, 

сонымен қатар, сабақты материалмен қамтамасыз етуде материалды таңдау



43 

– сабақтың жеке бөліктері бойынша оқыту амалдарын таңдау (сабақтың 

сұрақтарын элемент бойынша өңдеу); 

– сабақты материалмен қамтамасыз етуге дайындық; 

– сабақтың жоспар-конспектін өңдеу; 

– жетекші көмекшілерін сабаққа дайындау

Жоспар-конспекті  –  бұл  оқушының  және  оқытушының  бірлескен 

қызметінің  сипатын  анықтайтын  болатын  сабақтың  үлгісі.Сонымен  бірге, 

конспект  командирге  өзінің  педагогикалық  мүмкіншіліктерін  белсенді 

көрсетуге мүмкіндік береді.  

Сабақты  дұрыс  өткізу  үшін  командирге  теориялық  білім  жеткіліксіз. 

Командир  жүйелі  түрде  өзінің  әдістемелік  шеберлігін  жоғарылатып  отыру 

қажет.  Саптық  дайындау  бойынша  әдістемелік  шеберлікті  жоғарылату 

нысанының  негізі  –  оқыту-әдістемелік  жинақ  барысында  жүргізілетін 

нұсқаулық-әдістемелік  сабақ  және  нұсқаулық  болып  таюылады.  Сонымен 

қатар,  командирлердің  білімі  студенттердің  дербес  жүргізетін  барлық 

сабақтарында олардың дағдылары мен іскерлігі. Саптық дайындық бойынша 

негізгі ұйымдастырушы бөлімше және бөлік командирлері болып табылады. 

Олар  саптық  дайындық  жан-жақты  білуге  міндетті  және  өзінің 

бағынысындағылардың саптық дағдыларын қалыптастыруда қажетті шаралар 

қолдануы тиіс. 

Көрсету  сабақтары  оқытудың  ұйымдастырылуы  мен  әдістемесіне 

бірыңғай  көзқарасты  қалыптастыру  мақсатында  әр  түрлі  бағыттарда  болуы 

мүмкін. Олар тек қана әдістемелік болуы және командир бағыныстағыларын 

қалай  үйретеді,  оларға  солай  басты  назар  аударылуы  мүмкін.  Офицерлер 

аталған  тақырып  бойынша  оқытуда  мақсатқа  лайықты  әдістемені  игереді 

және  өзерінің  қол  жеткізген  нәтижелерін  тәжірибеге  енгізе  алады.  Бейнелі 

көрсету  және  түсіндіру  оқушыларға  кейінгі  уақытта  жетекшінің  сабақтағы 

жұмысы  мен  жеке  құрамды  дайындаудағы  әдістемесін  игеруге  жол  береді. 

Жалпылай  атйқанда  командирлер  саптық  амалдарды  тек  қана  түсіндірме 

қысқаша  көрсету  арқылы  оқушының  санасына  нақты  тапсырманы  тез 

қондырады.  

Жетекшілер 

өтетін 


сабақтың 

нұсқауын 

әскери 

дайындық 



бағдарламасының әдістемелік нұсқаулығын білуін тексеруден бастап, жарғы 

ережелерін,  тақырып  мазмұны  және  өңделетін  оқу  мәселелері,  жоспар-

конспектілерді құру тәртібі және оқыту уақытының бөлінуіне дейін тексеріс 

жүргізеді.  Нұсқамада  саптық  амалдарды  орындауды  көрсету  техникасына, 

әрекеттері  және  тәжірибелік  жаттығуға  басты  назар  аударылады.  Бұл 

әдістемені  кеңінен  тарату  сержанттарды,  старшиналарды,  сабақтарды 

жүргізуге бөлімшелердің студент-командирлерін дайындағанда қолданылды.  

Нұсқама  ереже  бойынша  алаңда  өткізілуі  тиіс,  себебі,  сабақ  жетекшісі 

нұсқамадан кейін командирмен көрсетілген жетіспеушіліктерді жоюды және 

алдағы сабаққа сапалы дайындалуға мүмкіндік болу керек.  

Нұсқаманың  басқа  нысандардан  және  сабақ  жетекшілерінің  сабаққа 

әдістемелік дайындығының әдістемелерінен айырмашылығы зор. Ол: 



44 

– Қалай жеке өткізілсе, солай сабақ жетекшілерінің тобымен жүргізіледі; 

– Жеделдігімен  ерекшеленеді,  пайда  болған  жаңа  тапсырмаларда 

белгіленген жетіспеушіліктерді жылдам жоюға мүмкіндік береді;  

– Уақыт бойынша көпке созылмайды, әрі барса 15-20 минутке созылады, 

аз  ғана  уақыт  ішінде  сабақ  жетекшілері  қажетті  әдістемелік  кеңес  беріп, 

кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс береді. 

– Басқа нысандар мен әдістерге қарағанда оқытудың мақсатқа лайықты 

сипаты бар; шешілетін тапсырмалар бойынша үнемі нақты жағдайда өтеді. 

Нұсқамада  бөлімшемен  шешілетін  тапсырмалардың  спецификасын 

толық  есепке  алу,  командирдің  әдістемелік  шеберлігімен  дайындығының 

деңгейі,  олардың  жұмыс  тәжірибесі  мен  тәжірибелік  дағдыларын  есепке 

алудың мүмкіндігі бар. 

Саптық  дайындық  бойынша  сабақ  жетекшілерінің  кезекті  сабаққа 

дайындалуы  ережеге  сәйкес,  дербес  дайындық  сағаттарында  немесе  взвод 

командирінің жетекшілігімен дербес жүргізіледі.  

 

 

2.4 Ротада сабақ жүргізудің тәртібі және жеке саптық дайындық  



 

Рота  командирі  сабаққа  барар  алдында  взводтардың  бі  командирінен 

дайындық  жөнінде  баяндама  алып,  жеке  құрамның  сырқы  келбетін  байқап, 

ротаны сабақ орнына апарады. Рота сабақ орнына саппе жүріп әнмен немесе 

дабылмен  барады. Сабақ  орнына  келісімен  рота  командирі  ротаны  жайылға 

екі  қатарға  сапқа  түзейді.  Сосын  тақырыпты,  сабақтың  мақсаты  мен  оқу 

мәселелерін  хабарлап,  сабақ  орнын  көрсетіп  взвод  командирлеріне  сабақ 

орындарына  жайғастыруды  бұйырады.  Көрсетілген  орындарға  взвод 

шыққаннан кейін әрбір взводтың командирі саптық жаттығудың орындалуын 

көрсетіп, 

әрбір 

бөлімшеге 



дайындалу 

орнын 


белгілейді.Бөлімше 

командирлері  бөлімшелерді  орын  орындарына  апарады.  Барлық  бөлімше 

өздерінің  орындарына  орналасқаннан  кейін  рота  командирі  «Сабақты 

бастауға – КІРІСІҢДЕР» деген бұйрық береді.  

Бөлімше  командирлері  саптың  ортасына  шығып,  өткен  сабақтан 

үйренген жаттығуларын қайталаудан бастап, кейін жаңа жаттығуды үйренуге 

және  жаттығуға  кіріседі.  Жаңа  саптық  жаттығуды  үйретуді  бөлімше 

командирі  бірінші  рет  толығымен  көрсетеді,  кейін  баяу  және  жарғылық 

ырғақпен  элементтер  бойынша  көрсетеді.  Көрсетуді  аяқтап,  оқушылардың 

жаттығуды  түсінгенін  анықтаған  бөлімше  командирі  бағыныштағыларды 

баяу  ырғақта,  содан  кейін  толығымен  үйретуге  кіріседі.  Жаттығуды 

үйренгеннен кейін, взвод командирінің нұсқауы бойынша бөлімше екі-екіден 

жаттығуды дербес орындауға кіріседі.  

Жаттығуды  өткізу  үшін  бөлімше  командирі  саптық  алаңның  ортасына 

тұрады,  ал  бөлімшенің  жеке  құрамы  оның  периметрі  бойынша  төрт  қадам 

интервалмен  сапталады.  Командир  оқушылардың  жаттығуды  орындауда 

кеткен  қателерін  ескерген  кезде,  сол  оқушыға  жақындап,  жаттығуды  бірге 


45 

жасап үйретеді,  ал қалған  бөлімшенің жеке  құрамы  сол  уақытта  жаттығуды 

дербес  жалғастырады.  Егер,  жаттықтыру  барысында  бірнеше  оқушылардың 

бір  қатені  қайталағанын  көрсе,  командир  бөлімше  жаттығуын  тоқтатады, 

жаттығуды қайтадан көрсетіп, кейін жаттығуды жалғастырады.  

Жаттықтыруды өткізу кезінде оқушылар екі-екіден кезектесіп командир 

ретінде  әрекет  етеді.  Бөлімше  командирі  бағыныштағылардың  әрекетін 

бақылайды,  олар  жіберген  қатені  түзей  отырып,  бір  жұптан  екінші  жұпқа 

ауысады.  

Взвод командирі бөлімше командирлерінің және оқушылардың әрекетін 

бақылап,  кезек-кезек  оларға  оқуда  және  жіберілген  қателарді  жоюда  көмек 

көрсетеді.  Әлсіз  дайындалғандарды  ол  өзіне  шақырып,  саптық  жаттығуды 

дұрыс орындауға үйретеді.  

Рота командирі бір ротадан келесі ротаға ауысқан кезде сабақ барысын, 

оқытудың  дұрыстығын  бақылайды  және  оқушылардың  жіберген  қателерін 

қалай жоюға болатыны жөнінде взвод және бөлімше командирлеріне ұсыныс 

береді.  Қажетті  жағдайда  бір  взвод  (бөлімше)  командиріне  сабақ  жүргізуді 

үйретеді.  

Сабақ соңында командир бөлімше командирі саптық жаттығуды жақсы 

орындауға  салыстыру  жасап,  кейін  әрбір  оқушыға  нені  және  қай  уақытқа 

дейін аяқтауды және келесі сабаққа дайындалуды нұсқайды.  

Взвод  командирі  талдау  барысында  ең  жақсы  бөлімшені  және  ерекше 

көзге түскен студентті белгілеп, салыстырудың қорытындысын шығарады.  

Рота командирі бүкіл жеке құраммен және сабақ жетекшілерімен жарыс 

өткізеді.  Жалпы  талдауда  ол  взводтарда  үйретілген  жаттығулардың  игері 

деңгейін  көрсетіп,  жарыстың  қорытындысын  шығарып,  аталған  жаттығуды 

күнделікті  өмірде  орындап  жетілдіруді  нұсқайды.  Сабақ  жетекшілерімен 

жүргізген  талдауда  рота  командиріт  жүргізілген  сабақтың  жетістіктер  мен 

кемшіліктерін  белгілейді,  жіберілген  қателерді  ескертеді,  келесі  сабаққа 

дайындалуға нұсқау береді.  

Саптық  дайындық  –  оқытудың  аса  тәжірибелі  пәні.Мұнда  әрбір 

жаттығуды  қайта-қайта  жаттықтыру  арқылы  игереді,  оны  игергеннен  кейін 

де  оны  қайталау  тоқтатылмайды,  себебі,  оны  орындау  алдындағы  дағдылар 

ұмтылып, жаттығу нақты әрі әдемі орындалмайды. 

Жеке дайындық саптық оқытудың ең басты жауапты бөліктің бірі болып 

табылады.  Жеке  саптық  дайындық  ереже  бойынша  тікелей  бөлімше 

командирімен  жүзеге  асырылады.  Бөлімше  командирі  бөлімшемен  сабақты 

өзі жүргізіп, әрбір студенттің жеке дайындығына жауап береді. Жеке саптық 

дайындық  бойынша  сабақ  тақырыбын  бөлімше  командирі  ротаның  сабақ 

кестесінен алып, тақырыпты оқытушы-офицер көрсетеді.  

Өздігінен  дайындалу  сабақтарында  бөлімше  командирі  жарғылық 

ережелермне  пәрмен  береді,  взвод  командирінң  көрсетілген  пәремніне 

жоспар  құрады,  саптық  дайындық  бойынша  әдістемелік  көмекті 

пайдаланады,  сабақта  орындалатын  жаттығулар  мен  амалдарды  орындау 

техникасын жетілдіреді, жеке құрамның сабққа дайындығын бақылайды.  


46 

Саптық  жаттығуларды  үйрену  бойынша  сабақта  алшақ  сапта  өткізу 

қажет,  үлкейген  дистанцияда  қозғалыстан  бөлімше  командирі  әрбір 

оқушының  әрекетіндегі  жетіспеушіліктерді  көріп  тұру  керек.  Жек  саптық 

дайындық  бойынша  сабақ  арнайы  жабдықталған  алаңда  немесе  саптық 

алаңда өткізілуі тиіс.  

Жақсы  саптық  дайындық  оқушылардың  оқу  сәттілігін  бөлімше 

құрамының әрекетіне әсер етуін қамтамасыз етеді. Саптық жарғының негізгі 

ережелерін  сәтті  игеру  және  әр  түрлі  сапта  үшін  епті  әрекеттену  үшін  ең 

бірінші  саптық  барлық  элеметтерін  білу,  бұйрықты  орындау  тәртібін, 

студенттердің сапталу және сап алдындағы міндеттерін білу өте қажет.  

Пәрмен  алдын  ала  және  орындауға  бөлінеді,  бірақ  тек  қана  орындау 

болуы мүмкін. Алдын ала пәрмен саптағыларға ұғынықты болу үшін айқын, 

қатты әрі созылыңқы беріледі. Әр түрлі алдын ала пәрмен алдында саптағы 

және  саптан  тыс  студенттер  орнында  «тік  тұрады»,  ал  қозғалыста  аяқтарын 

қаттырақ қояды. 

Орындау  пәрмені  кідірістен  кейін  қатты,  үздік-создық  және  нақты 

беріледі.  Орындау  пәрмені  бойынша  баяу  және  оның  нақты  орындалуы 

болады.  

Орындау  пәрмені  алдында  студенттің  назарын  аудару  үшін  қажетті 

жағдайда  оның  арнайы  атағы  мен  тегі  айтылады.  Пәрмен  беру  кезіндегі 

дауыс қаттылығы сап бойына байланысты болады, ал баянат үнемі дауысты 

оқыс көтермей, нақты беріледі.  

Қорытындыда командир жаттығуды немесе тоқтату үшін оның «Доғар» 

деген  пәрмен  берілетінін  түсіндіреді,  сонымен  қатар,  осы  пәрмен  бойынша 

оқушылар жаттығуды орындауға дейін қандай жайда болды сол жайға қайта 

келесіні айтады.  

 

 



47 

3 САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРІП 

БАҒАЛАУ 

 

3.1 Жалпы  ережелер  және  оқушылардың  сыртқы  келбетіне 



қойылатын талаптар  

 

Саптық  дайындық  әскери  бөлімшелерде  және  қосылуларда  тексеріледі 



және  оқыту  процесінің  бақылау  сабақтарында,  саптық  байқауларды,  оқу 

жылының  және  оқу  мерзімінің  қорытындысы  бойынша  тексерістерде 

бағаланады, ал әскери-оқыту мекемелерде сонымен қатар, курстық (семестр- 

лік)  емтихандарда,  сынақтарда  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  күштернің 

жалпы  әскери  жарғысының  және  саптық  жарғының  талаптарына  сәйкес 

бағаланады.  Сонымен  бірге,  тексеріс  бөлімше  командирлерімен  оқыту 

сабақтарында  жеке  саптық  дайындықты  бағалау  кезінде  ағымда  болуы 

мүмкін. 


Саптық дайындықты тексеру жоспарлы әрі кездейсоқ саптық байқаулар 

мен бақылау сабақтарын жүргізу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.  

Взвод,  рота,  батальон  және  оқу  бөлімшелерінің  саптық  дайындық 

тексерісін екі немесе үш сағат жүргізу ұсынылады.  

Тексеріске  тағайындалған  бөлімше  қару-жарақтарымен  саптық  алаңға 

шығды. Тексеріс орнына келісімен олар жайылған екі қатарлы сапқа тұрады. 

Тексерілетін бөлімше командирі аға бастық келгенде бөлімшенің тексеріске 

дайын екені жөнінде баяндайды.  

Тексерушілердің  саптық  байқаудағы  кездесулері  Саптық  жарғының 

талаптарына сәйкес өткізіледі.  

Бақылау  сабағын  жүргізу  барысында  кездесу  тәртібі  сақталады,  бірақ 

тексеруші фронтты айналып өтпейді, ал рота командирі саптық хатты қолына 

бермейді.  

Оқушылардың жеке саптық дайындығын тексеру сыртқы келбетін қарау, 

саптық  жаттығуларды  қарумен  және  қарусыз  орындау,  сонымен  қатар 

олардың Саптық жарғы ережелерін және басқа да жалпы әскери жарғыларды 

білуі,  ал  офицерлер  мен  әскери  училищенің  курсанттарының  оқыту 

әдістемелері тексеріледі.  

 

Оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар  

Тексеріс  оқушылардың  сыртқы  келбетін  тексеруден  басталады,  әсіресе 

киім-кешекті,  аяқ  киімді  дұрыс  киюге,  оларды  ұқыпты  түзеп  жөндеуге 

ерекше  назар  аударады.  Ілмектер  мен  погондардың  дұрыс  тігілуі,  ордендер 

мен  медальдарды  (ордендік  ленталар  және  медальдардің  ленталары)  және 

әскери  кеуде  белгілерін  дұрыс  тағу;  эмблемалар  мен  жұлдыздардың 

орналасуы,  погондарда  тігістер  дұрыс  болуы;  әскери  нысанмен  жеке 

заттарды  ұстау  ережелерін  сақтауы;  шаш  үлгісі;  қару-жарақ  пен  оқ-

дәрілердің жағдайы тексеріледі.  


48 

Сыртқы  елбетті  тексерумен  қатар  жеке  құрамның  болуы,  Саптық 

жарғының және басқа жалпы әскери жарғылардың ережелерін игеруі, өзінің 

бастықтары  мен  бағыныстағыларын  білуі,  офицерлердің  жеке  белгілерінің 

болуы  және  жеке  куәліктерінде  арнайы  әскери  атағының  сәйкес  жазылуы, 

лауазымы және оқушыға бекітілген жеке қару да тексеріледі.  

Тексеріс  барысында  әрбір  оқушыға  сыртқы  келбеті  үшін  баға  беріледі. 

Сыртқы келбетті бағалау:  

– «қанағаттанарлық»,  егер  курсант  (әскери  жиындарды  студенттер 

курсанттар деп аталады) ұқыпты киініп тұрса, шаш үлгісі және әскери киім 

нысаны саптық жарғы талаптарын сәйкес болса

– «қанағатсыздандырарлық»,  егер  оқушылар  әскери  киім  нысанын 

киюде  бұзушылық  жіберсе  және  бұл  бұзушылықты  сапта  тұрып  жоюға 

келмеген жағдайда.  

Бөлімше  (бөлім)  егер  оқушылардың  (бөлімшенің)  15  пайызына  сыртқы 

келбеті  үшін  «қанағатсыздандырарлық»  деген  баға  берілсе  кейінгі 

тексерістен  босатылады.  Егер  жетіспеушіліктер  тексеріс  барысында 

жойылса,  ондай  жағдайда  оларды  жоюға  кішкене  уақыт  беріледі  деқайта 

байқау жүргізіледі.  

Егер  тексерілетін  бөлімшенің  оқушылары  15  пайыздан  төмен  әскери 

киім  нысанын  киюде  бұзушылық  жіберсе,  онда  бөлімше  тексерісі  жалғаса 

береді,  бірақ,  оқушыларға  сыртқы  келбеті  үшін  «қанағатсыздандырарлық» 

деген баға беріледі. 

 

 



3.2  Саптық  жаттығуларды  орындауды  тексеру  және  жеке  саптық 

дайындық үшін бағалауды анықтау  

 

Сыртқы  келбетті  тексеруді  аяқтаған  соң,  жеке  дайындықты  тексеру 



басатлады.  Ең  бірінші  саптық  амалдар  және  қарусыз  әрекет,  кейін  қарумен 

әрекет тексеріледі.  

Бірінші, ереже бойынша бөлімше командирлері тапсырады.  

Сабақтарда сигналист  – дабылшылардың дайындық  деңгейі  тексеріледі 

(Саптық жарғыға қосымшаға сәйкес марштың орындалуы). 

Тексеріс  шаблон  бойынша  емес,  әр  түрлі  саптық  жаттығулардың 

алмасуы  бойынша  жүргізіледі.  Ереже  бойынша  тексеруші  әрбір  оқушыға  

8–10  жаттығулар  мен  амалдарды  тағайындайды,  нәтижесінде  бөлімше 

тексерісіне барлық саптық амалдар мен жаттығулар енеді.  

Саптық байқау барысында оқушылардың Саптық жарғының ережелерін 

білуі,  ал  офицерлер  мен  әскери  училище  курсантарының  сабақтарды  оқыту 

әдістемесі тексеріледі. Жеке дайындық тексерісі Саптық жаттығулар тізіміне 

сәйкес жүзеге асырылады.  

Әрбір  саптық  жаттығуды  орындау  техникасы  келесілер  бойынша 

анықталады:  


49 

– «өте жақсы», егер саптық амал Саптық жарғының талаптарына сәйкес 

нақты, батыл әрі әдемі орындалса.  

– «жақсы», егер саптық амал Саптық жарғының талаптарына сәйкес аса 

батыл орындалмаса. 

– «қанағаттанарлық»,  егер  саптық  амал  Саптық  жарғының  талаптарына 

сәйкес орындалса, бірақ бір ғана қате болса да; 

– «қанағатсыздандырарлық»  егер  амал орындалмаса  немесе  екі  не  одан 

да көп қате жіберілсе.  

Жек  саптық  дайындық  үшін  жеке  бағалау  келесі  қағидаларға  сәйкес 

болса беріледі:  

– «өте  жақсы»,  егер  тексерілген  саптық  амалдардың  50  пайызы  «өте 

жақсы» деген бағаға ие болса, ал қалғандары «жақсы» деген бағаға ие болса, 

Саптық жарғының ережелерін білу және басқа да жалпы әскери жарғыларды 

толық  білсе,  ал  офицерлер  мен  әскери  училищелер  курсанттарының  оқыту 

әдістемесін білген жағдайда;  

– «жақсы»  деген  баға  тексерілген  саптық  амалдардың  50  пайызы 

«жақсы»  деген  бағадан  төмен  алмаса,  ал  қалғандары  сыртқы  келбеті  үшін 

«қанағаттанарлық» деген баға алса, Саптық жарғының ережелерін білу және 

басқа  да  жалпы  әскери  жарғыларды  толық  білсе,  ал  офицерлер  мен  әскери 

училищелер курсанттарының оқыту әдістемесін білген жағдайда; 

– «қанағаттанарлық»,  егер  тексерілген  саптық  амалдардың  80  пайызы 

(офицерлер, сержанттар, прапорщиктер және әскери училищелердің курсант- 

тары мен әскери академияның тыңдаушылары 100 пайыз) «қанағаттанарлық» 

деген  баға  алса,  Саптық  жарғының  ережелерін  білу  және  басқа  да  жалпы 

әскери  жарғыларды  толық  білсе,  ал  офицерлер  мен  әскери  училищелер 

курсанттарының оқыту әдістемесін білген жағдайда; 

Әскери  бөлімдерде  және  әскери  оқыту  мекемелерінде  бөлімшелердің 

саптық  дайындығының  жеке  бағасы  сарбаздардың,  курсанттардың, 

тыңдаушылардың  студенттердің,  сержанттардың,  пропорщиктердің  және 

офицерлердің жеке алған бағасына қосылып, қойылады:  

– Егер 90 пайыз оң баға алса (әскери-оқыту мекемелерінің бөлімшелері 

үшін – 100 пайыз), сонымен қатар, тексерілгендердің 60 пайызы «өте жақсы» 

деген баға алса, «өте жақсы» деген бағаға ие болады

– Егер 80 пайыз оң баға алса (әскери-оқыту мекемелерінің бөлімшелері 

үшін  –  100  пайыз),  сонымен  қатар,  тексерілгендердің  60  пайызы  «жақсы» 

деген баға алса, «жақсы» деген бағаға ие болады; 

– Егер 80 пайыз оң баға алса (әскери-оқыту мекемелерінің бөлімшелері 

үшін  –  100  пайыз),  сонымен  қатар,  тексерілгендердің  60  пайызы 

«қанағатаннарлық»  деген  баға  алса,  «қанағаттанарлық»  деген  бағаға  ие 

болады. 

Бөлімнің,  әскери-оқыту  мекемесінің  жеке  саптық  дайындығы  үшін 

алатын бағасы бөлімшелермен алынған бағаға қосылып, қойылады: 

– «өте  жақсы»,  тексерілген  бөлімшенің  жартысынан  көбі  «өте 

жақсы»деген, ал қалғандары «жақсы» деген бағаға ие болғанда қойылады


50 

– «жақсы»,  «өте  жақсы»,  тексерілген  бөлімшенің  жартысынан  көбі 

«жақсы»деген,  ал  қалғандары  «қанағаттанарлық»  деген  бағаға  ие  болғанда 

қойылады; 

– «қанағаттанарлық»,  егер,  тексерілген  бөлімшенің  80  пайызы  (әскери-

оқыту мекемесі 90 пайыз) оң баға алғанда.  

 

 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет