Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


«Адам баласын заман өсiреді, кiмде-кiм жаман болса,  оның өзiнің замандастарының бəрi кінəлi »



Pdf көрінісі
бет10/71
Дата07.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
«Адам баласын заман өсiреді, кiмде-кiм жаман болса, 
оның өзiнің замандастарының бəрi кінəлi
» деп рухани-адамгершiлік 
құндылықтың келесi жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзiнің 
отыз жетiнші қарасөзiнде: 
«Мен заң қуаты қолымда бар кісi болсам, «адам 
мінезiн түзеуге болмайды» деген кісiнің тiлін кесер едiм немесе 
«Адам 


20
баласы бiр-бірiнен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озады» – деп 
келесi 
рухани-адамгершілiк 
құндылықтарына 
мəдени-этикалық 
құндылықтардың мəнiн ашып көрсетедi
.
Көрнекті философ Ғ.Есім Абайдың Риясыз махаббат туралы 
пайымдауларын былайша зерделейді: «Абай айтқандай толық адам болу 
үшін, ең бастысы ізгі іс жасау керек. Оны Отыз сегізінші қара сөзінде де 
айтады. «Біз айтқан үш сүю бар. Осы үш сүю – адамның толық адам 
болуының ең басты тірегі». Өлең жолдарында Абай өз тыңдаушыларын 
риясыз сүйіспеншілікке шақырады.
1.2-cурет. Адамгершіліктi өрбiтетiн игiлiктер
Абай өз тағылымдарында: адамның өзiн-өзi тану арқылы адамгершіліктi 
өрбiтетiн игiлiктерін атап кеткен (1.2-cурет).
Тыныштық қуаты – жүректе, 
Келісiм қуаты – қайратты, ерiкті, иманды кісiде.
Адамның кісiлігі – əсерлi, əдептi, табысты өнерiнде;
Адамның ең биiк қасиетi – Адам бола білу;
Таза өмірдiң бастауы – адамгершілiкті өрбiтетін бұл адам бойындағы 
келесi қасиеттер: адамшылық, адалдық, əділеттiлік, білімділік, еңбеккерлiк, 
терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке 
берiктік, татулық, тəуекелшiлдік, имандылық т.б. жатады.
Ал осы адамгершіліктiң дамуына керi əсерін тигiзетін адам бойындағы 
кездесетін: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, 
əдiлетсіздік, əдепсiздік, пəлеқорлық, өсекшiлдік, надандық, менмендiк, 
ерiншектік, жалақорлық, залымдық, жылпостық, қанағатсыздық, жиіркенiшті 
мiнез-құлық т.б. бөлiп көрсетедi.
Абайдың рухани-адамгершіліктi өрбiтуге байланысты осындай 
көрсеткішi ақыл мен білiм, рухтың тазалығы əрбiр адамның санасына, 
тəрбиесiне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл-парасаттылығы мен 
ой тазалығы мүдделерiне сай келетiніне көз жеткізуге болады.
Одан 
кейiнгі 
ұлттық 
тəлiм-тəрбиенiң 
көрнектi 
өкілдерi 
Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. 
Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, С. Қалиев, Ш.Майғаранова т.б. өздерiнің 
педагогикалық шығармаларында адамгершілiк, парасаттылық идеяларын 
кеңiнен уағыздап, мəдени, рухани-адамгершiлік туралы көптеген құнды 
деректер қалдырған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет