Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Пəн Пəн бойынша сабақтан



Pdf көрінісі
бет13/71
Дата07.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
Пəн
Пəн бойынша сабақтан 
тыс іс-əрекетпен 
байланыс
Әлеуметтік
ортамен 
байланыс
Отбасы, ата-
аналардың 
қатысуы
Рухани-
адамгершілік 
тəрбие 
Баланы тек 
жақсылыққа-
қайырымдылық, 
мейірімділік, 
ізгілікке тəрбиелеу


24
5. Рухани-адамгершілік білім беру туралы идеялар матрицасын құрыңыз.
Автор
пікірі
ұқсастығы
Аристотель 
Лао-Цзы
И.Кант 
А.Құнанбайұлы
1.3
Рухани-адамгершілік тəрбиесінің педагогикалық негіздері 
мен қағидаттары
Қазіргi қарыштап дамыған елде, ең алдымен, ұрпақ тəрбиесіне аса мəн 
берiліп отырғаны белгiлі. Себебi ұлттың бүгiнi де, болашағы да өскелең 
ұрпаққа байланысты. Осы тұста мектептің алдына қоятын басты 
мəселелерiнің бірi-өркениеттi, азаматтық – адамгершiлік қасиетi мол, сондай-
ақ ұлттық құндылығын жоғалтпаған, бəсекеге түсе алатын биік, өрелi, терең 
білiмді ұрпақ тəрбиелеу.
Тəрбие дегеніміз – қоғамдық үздіксiз үдеріс, қоғам мен жеке тұлғаның 
қарым-қатынасындағы басты жүйе. Оның негiзгі өлшемi - өмірге қажеттi 
тұлғаның жеке қасиеттерiн дамыту. 
Қоғам талабы жаһанда болып жатқан əлеуметтiк, экономикалық, саяси, 
мəдени жаңалықтарға байланысты оқу үдерісiн ұлттық сипатта 
ұйымдастырады.
Ұлттық тəрбиенің негізгі түйіні – адамгершілік пен имандылық, ақыл-ой 
мен еңбек, эстетика мен этика, дене тəрбиесі мен шеберлік, отбасы тəрбиесі 
мен ұқыптылық, қайырымдылық пен əділеттілік сияқты ізгі қасиеттерді бала 
бойына сіңіруге бағытталған. Әр халықтың өзiне тəн дəстүрi, мəдениетi осы 
оқу-тəрбие үдерісiне тiкелей байланысты. Қазақ халқы өзiнің бай тарихи 
мұрасын, өнерi мен тілiн, салт-дəстүрiн, əдеп-ғұрпын, рухани-адамгершiлік 
тағылымдарын ұрпағына мұра етiп қалдырған. Сондықтан оқу-тəрбие
үдерісiнде қолданылатын əдiс-тəсiлдер, деректер ұлттық психология 
ерекшеліктерiн ескеру қажет. Біздің мақсат – өскелең ұрпаққа тəрбие беруде 
күнделікті тұрмыс кəсібін ұлттық арнада ұйымдастырып, рухани-
адамгершілік тағылымымен ұштастыру.
«Адамгершілік»

адам
бойындағы
«ізгілік»,
«сыйластық»,
«инабаттылық», «кісілік» сөздерімен мəндес. Халықтық педагогикада
адамның жағымды мінез-құлықтарын осы ұғымдардан таратады. Мінез -
құлық пен қарым-қатынастағы келесі əрекеттерді атап өтуге болады: адамды
сыйлау, ар-ұятын сақтау, мейірімділік таныту, кішіпейілділік көрсету т.б.
Рухани-адамгершілік тəрбие дегеніміз – білім алушының жоғары 
моральдық-рухани табиғатын ашуға ықпал ететін жəне ой, сөз, іс-əрекет 
бірлігінде өмір сүріп, кемел мінезді тұлға болып қалыптасу мақсатын 
көздейтін, білім беру мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу 
арқылы белсенді оқу-танымдық іс-əрекетті ұйымдастырудың жəне 
ынталандырудың мақсатты түрде бағытталған педагогикалық үдеріс.


25
Адамгершілік тəрбие мəселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене 
отырып, тəрбие берудің əдістемелік жолдарына негізделеді:
- Ұлттық дəстүрлер арқылы оқу-тəрбие үдерісінде адамның рухани
мəдениетін қалыптастыру.
- Ұлттық дəстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін
зерттеп, дамыту.
- Салт-дəстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді
ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды тəрбиелеу.
Міне, осы тұста қоғамға жан - жақты білімді, жоғарғы мəдениетті, 
еңбекқор, іскер, ізденімпаз, қабілетті, шығармашыл тұлға қажет. Ондай 
тұлғаны орта жəне білім беру мекемелері тəрбиелейді.
Адамгершілікке тəрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары – білім 
алушылардың белсенді өміршіл, саналық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін 
адамгершілік нормаларынан ауытқуларына жол бермеуді қалыптастыру. Ол 
баланың жеке басының қалыптастырушы дамудың аса маңызды бір саласы. 
Бұл арқылы Отанға, еңбекке қатынасын айқындайды. Ұстаз шəкірттерге жан-
жақты тəрбиені осы адамгершілік тəрбиесінен бастайды. Себебі бұл оның 
адамгершілік сезімін, сенімін белгілі бір мақсатқа жетелеу іс-əрекетін 
ұйымдастыруды жетілдіреді. Сонда ғана ұстаз шəкірттерінің ізгілігін, 
адалдығын, кішіпейілділігін қалыптастырады [6].
Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата-ананың берген тəрбиесi, 
тұрмысы ықпал етеді. Халқымызда: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсің»
дегендей, адамгершiлік тəрбиенiң негiзі отбасында қалыптасатыны белгілі.
Халық ауыз əдебиеті адамгершiлік-эстетикалық тəрбие беруде баланың ой-
өрiсін дамытады. Олардың тіл байлығы жəне шексiз шешендiк 
мүмкіндiктерін арттырады.
Білiм алушыларды кішіпейілділiкке, адамгершiлікке тəрбиелеуде қазақ 
халқының тəлімдiк тиімді құралының бірi – мақал-мəтелдер. Оларда 
халықтың тұрмыс - тіршілігi, əдет - ғұрыптарының дəстүрлерi, бақыт 
жолындағы күресi, баланың өзара қарым-қатынастары – өз халқына, Отанға, 
туған жерiне, оның табиғатына сүйіспеншілігiн бейнелеген. Мəселен:
«Жақсы сөз – жарым ырыс»,– деп адам қасиетiн білдiрсе,
«Ұлық болсаң – кішiк бол», – кішіпейілділiкті,
«Әдептi бала – арлы бала,
Әдепсiз бала – сорлы бала», - деп көрегендiкті,
«Шешеннiң тілi ортақ,
Шебердiң қолы ортақ», – деп адам бойындағы өнер жалпы халықтың 
қазынасы екендігiн уағыздайды.
Білiм алушылардың рухани-адамгершiлік тəрбиелеу мəселесi əрбір ата-
ананың, қоғамның жəне жалпы мемлекеттiң алдында тұрған негiзгі 
мəселелердің бiрі, себебi қоғамда жас ұрпаққа рухани тəрбие беру мəселесiне 
қатысты күрделi мəселелер қалыптасты. Қазіргi таңда өскелең ұрпаққа 
арналған нақты өмірлiк бағдарламаның аз болуы, қоғамдағы рухани-
адамгершiлік ахуалдың төмендеуi, балалармен бос уақыттағы мəдени 
жұмыстарының əлсiздігі, балалардың физикалық дайындығының нашарлауы 


26
жəне тағы басқа өзектi мəселелерге айналды. Білім беру жүйесі тұлғаның 
рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткенi тəрбие – бұл 
күнделікті өмірдегi адамның əрбір адамға деген құрметi мен сыйластығы 
негізiндегі басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның 
сапасы.
К.Д.Ушинскийдің 
айтуынша: 
«Тəрбиелеудiң
басты
мiндетiн
адамгершiлік əсер етуден құрайды», - десе, дана Абай: «Ақпейiл жəне 
ықыласты жүрек адамды жетелеуi тиіс, сонда ғана оның еңбегi жəне 
табыстылығы ерекше мəнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, 
бірақ адам болу қиын», – деген болатын. Тəрбиенiң маңыздылығы сондай, 
бiздің болашақ ұрпағымыз тəрбиеден ғана рухани байлық алып, тəрбие 
арқылы ғана Адам болып қалыптасады.
Адамның адамгершілiк негіздерi болмаса, ол еркiнен, өмiрлік 
бағдарынан тез айырылып, тағдырдың ойыншығына немесе қылмыс əлемiнің 
құрбанына айналады. Ондаған, мыңдаған нашақорлар, маскүнемдер, 
қаңғыбастар, қамқорсыз балалар, жетiмдер – бұл күннiң шындығы. Әсiресе,
балалар мен жасөспірімдер кері жолға бейiм болады [7].
Әрине, əр адам өз өмiрінің қожасы жəне ол өз өмiр жолын өзi таңдайды, 
басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, қателiктерге бой алдырады. Сенi 
қоршап тұрған жағдайды өзгертуге болады, бiрақ өзіңнің iшкі əлемiңнен 
қашып құтыла алмайсың. Сонымен қатар, егер адамның жаны немесе рухы 
сырқат болса, онда ешқашан сау бола алмайды. Сондықтан адамның қандай 
рухани құндылықтарды игергенi өте маңызды. Адамгершiлік тəрбиесi оқу 
тəрбие үдерісiнің барлық саласында, оқыту, білім беру жəне еңбекке баулу 
үдерісінде жүзеге асады. Тəрбиелі болу үшін адамгершілік қасиеттерді жатқа 
білу жеткіліксіз, оның терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру, мінез-құлыққа 
бекіту керек.
Тəрбие ісі нақты кезеңнің ерекшеліктерін сақтай отырып, болашаққа 
бағдар береді, жеке тұлғаны соған дайындайды. Жеке тұлғаның адамгершілік 
құндылықтары өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста 
балалардың бастапқы адамгершілік қасиеттері мен ұғымдары, мінез –
құлықтың қарапайым дағдылары қалыптасады. Баланың мектеп жасына 
дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары болашақта ересек қоғамда жəне құрбы-
құрдастарымен қарым-қатынасқа түскенде көріне бастайды. Бастауыш 
сыныпта адамгершілік көзқарастардың, мінез-құлықтардың, сезім мен 
сананың жаңа түрлері одан əрі дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тəрбиелеу, ең алдымен, оқыту 
үдерісінде қалыптасады. Әр түрлі пəндерді оқыту кезінде бастауыш сынып 
оқушыларының достық, жолдастық, өмірге деген белсенді көзқарас, Отан 
туралы ұғымдары қалыптасып дамиды. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, 
ата-аналарды қадірлеу, еңбектенуге үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы 
тəртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсіне білуге 
дағдыланады. Олар мектептегі оқу əрекетіне деген өзіндік қатынастарын, 
отбасында, қоғамда өзін-өзін ұстауды біледі. Соның нəтижесінде мектеп 


27
оқушыларында дербес жəне қоғамдық мінез-құлық, адамгершілік қарым -
қатынасы дамиды.
Білім алушылардың бойына тəрбие негіздерін дарыту мектепте 
оқытылатын барлық пəндерге бірдей жүктеледі. Әсіресе, білім алушының 
адамгершілікке тəрбиелейтін пəннің бірі – өзін-өзі тану»пəні. Пəннің басты 
міндеті – өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне 
жауапты болу, өз арыңмен келісімде өмір сүру, өзіңнің жаныңа жақын іспен 
айналысу, адамдарға мейірімділік таныта білу, ізгілікті болу. Тəжірибе 
көрсеткендей, өзін-өзі тану білім берудің құнды мəнін нығайта отырып
тұлғаның шексіз сүю, өз ісіне жəне жеке күшіне сену, ізгілікті іс жасау, көп 
білу жəне өзін-өзі жетілдіру, физикалық, психикалық, рухани дамуда 
үйлесімдікке қол жеткізу дағдыларын қалыптастырады. 
Заманауи өзін-өзі тану – адамның бойына тумысынан салынған мəңгілік 
жалпыадамзаттық құндылықтарды аша отырып, оны адамгершілік қасиеттер 
арқылы жарыққа шығарады. 
Білім алушыларға тəрбие беру тек жеке пəндерде ғана емес, сыныптан 
тыс іс-шараларда, үйірме жұмыстарында рухани құндылықтарға баулуға 
болады. Рухани тəрбие өзінің əрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса, 
кез-келген оқу пəні оқушылардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын 
қалыптастыру құралы бола алады [8]. 
Жасөсіпірімдерді адамгершілікке тəрбиелеуде өмірде кездесетін түрлі 
жағымсыз жағдаяттардан сақтану мəселесі де ескерілуі қажет. Көбіне 
көптеген отбасыларында күнделікті тірлік қамымен балалардың рухани 
қажеттіліктері ескерілмей, екінші орынға жылжиды. Бала дұрыс, 
адамгершілік іс- əрекеттерді, салауатты өмір салтын, жақсы мен жаманды 
айыра білу, өзін-өзі жетілдіруге деген ынтасын қалыптастыруы керек, қажет 
кезде өз бетімен шешім қабылдап, дұрыс таңдау жасауы үшін кішкентайынан 
өз дегенін іске асыруға баулу керек. Ал бұл дағдылардың барлығы жанұяда 
қалыптасады.
Балаларды адамгершілікке тəрбиелеуде ата-ананы оқу-тəрбие үдерісіне 
қатыстыру, олармен тығыз байланыс орнату мəселесі басты назарда болуы 
тиіс.
В.А. Сухомлинский өз сөзінде: «Егер баланы тəрбиелеген дəрежеге 
жеткізудің сəті түссе, адамгершілік тəрбиесі жеке адамды жетілдіруге тиімді 
ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, 
ол бала дəл сондай бола алады», – деген болатын.
Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-
өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. 
Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен 
туындайды. Ендеше, білім алушыларды рухани-адамгершілік тəрбиесі 
арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тəрбиелеу – қоғамымыздың басты 
мақсаты. Рухани-адамгершілікке тəрбиелеу барысында мұғалім оқушыны 
тұлға ретінде танып біліп қана қоймай, оның дамуында кешегіні, бүгінгіні, 
болашақты көре білуі қажет.


28
Рухани-адамгершілік тəрбие – бұл адамның туғаннан басталатын жəне 
өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез-құлық нормаларын игеруіне 
бағытталған үздіксіз үдеріс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық 
қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Сондықтан оқу-тəрбие 
жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін 
ескеру маңызды орын алмақ.
«Өзін-өзі тану» пəні мен басқа пəндерді интеграциялау процесі кезінде 
мына қағидаттар басшылыққа алынады (1.3-сурет):
1.3-сурет. «Өзін-өзі тану» пəні мен басқа пəндерді интеграциялау 
қағидаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет