Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Оқушылардың ғылыми-зерттеу шығармашылығына шабыттандыру



Pdf көрінісі
бет16/71
Дата07.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71
Оқушылардың ғылыми-зерттеу шығармашылығына шабыттандыру 
қағидаты. Бұл қағидат алдыңғы қағидатпен байланысты. Білім 
алушылардың ойлау қабілетін дамытады, «барлығы бір-бірімен байланысты 
осының бəрі «Мен» рухани деңгейде кез келген жағдаятты жəне ғылыми 
мəселені бағалай білуге үйрете отырып, олардың ғылыми-зерттеу 
дағдыларын дамытып, шығармашылық əлеуетін ашуға мүмкіндік туғызады. 
Оқушыларды өздерінің жалпыадамзаттық құндылығының бағытталуы 
негізінде ғылыми-зерттеу іскерлігіне, ғылыми-рационалдық білімнің барлық 
түрлерінің бірлігі мен өзара ішкі байланысын бейнелейтін, пəнаралық 
жобалар зерттеулер ұйымдастыруда шабыттанудың маңызы зор. 
Оқушылардың жаратылыстану, экономикалық, саяси тақырыптардағы 
ғылыми жобаларын адамгершілік, этикалық құндылықтар туралы олардың 
көзқарастары тұрғысынан талдап, бағалау маңызды. Білімді интеграциялау 
үдерісінде алған білім жанды жəне тəжірибелі болады, ол оқушыларға 
жалпыадамзаттық құндылықтарды біріктіретін бастауды əлемнің ғылыми 
суретінен, ғылыми зерттеулерден жəне қоршаған өмірден көруге, ал болашақ 


31
мамандарда бірегей рухани-материалдық тұтас əлемнің бірлігін 
қалыптастыруға көмектеседі жəне ұрпақтан-ұрпаққа зияткерлік қана емес
рухани - адамгершілік құндылықтарды табыстауға рұқсат береді.
Әлеуметтік ынтымақтастық немесе қоғамға қызмет ету 
қағидаты. Білім берудегі басымдылықтың дұрыс құрылмауына байланысты, 
жақсы дамыған талантты оқушылар бағдарламаларға сəйкес тиісті білім 
қорын игергенімен, оны алға дамытуға, қоғам игілігіне жаратуға дайын емес 
болып шығады. Қоғамда дүниеге келген адам сол қоғамның игілігі мен 
дамуы үшін қызмет етуі тиіс. Қазіргі қоғамға білімді, ашық жүректі, ақыл-
ойы кең, риясыз қызмет етуге қабілетті адам қажет. «Қарапайым өмір мен 
жоғары тұрғыдан ойлау», – міне, осы білім берудің идеясына айналуы тиіс. 
Өкінішке орай, бүгінгі күннің идеясына «жоғары деңгейдегі өмір мен төмен 
тұрғыдан ойлау» айналған. Қазіргі білім алушылар – болашақ ғалымдар
саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, кəсіпкерлер – олардың өздерінің кəсіби 
қызметтеріне қандай қағидаттарды басшылыққа алатыны біздің бүгін 
олардың игеретін білімдерін қандай құндылықтармен толтыруымызға 
байланысты. 
Қоғамдағы өтіп жатқан барлық үдерістің білім алушылар үшін жат 
болмай, алған білімін халықтың тұрмысын жақсарту үшін қолдануға болатын 
тұстарын көре білуінде. Бұндай жоспар үшін олар бір топ болып жұмыс 
жасауды, өмірлік міндеттерін тұжырымдауды жəне іс жүзінде шешуді 
үйренуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет