Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет20/71
Дата07.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
1. Арсыз адам, асығыс айлакерлік,
Мұның бəрі шайтанның досы болмақ.
2. Ақ жолдан айнымай, ар сақта оны біл!
3. Сөз, мінезі құбылса,
Ар-иманы жоқ деп біл.
«Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялап оқыту барысында əрбір 
тұжырымды ойдың түйінін таба отырып, орынды жерінде болашақ 
жеткіншекке жеткізу үшін, алдымен, мұғалім – болашақ маман иесі берілетін 
ұғымды түйсіне білуі шарт. Сондықтан аталған бағдарламаны жүзеге 
асыруды шартты түрде үшке бөлген дұрыс. Олар:


38
1. Болашақ мұғалім «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру
бағдарламасының психологиялық-педагогикалық жəне əдіснамалық 
негіздерін түсіне білуі;
2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын
іс-тəжірибеге енгізу тетіктерін анықтау, яғни интеграциялау 
жолдарындағы тиімді жақтарын игеруі жəне болашақта жетілдіру 
бағытында жұмыстануы;
3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын
интеграциялауда іс-тəжірибе тарату жəне оның жетілдіре түсу жолдарын 
қарастыру. 
1-кезеңінде тəрбие мен білім беруші тұлға бағдарламаның
философиялық түйінін түсіне отырып, оны психологиялық тұрғыдан 
қарастыра білуі шарт. Әр жастың өзіндік ерекшелігін, əсіресе бала 
психикасының даму кезеңдерін жете түсіне отырып, қабылдау, 
қызығушылық тудыру, зейінін шоғырландыру, түсіну жəне т.б. психикалық 
процестердің жүзеге асырылуын білгені жөн. Сонымен қатар аталған 
бағдарламаның философиялық түйінін де жете түсінгені абзал. 
Психологиялық білім негізінде балаларға қандай жолдармен, қалай жеткізе 
аламын деген сұрақтың жауабын табу мақсатында педагогикалық жəне 
əдіснамалық білім негіздерін ажырата білуі қажет. Пəнді интеграциялауды 
дамытуға бағытталған білімділік мақсатын ажырату, оны сабақтың өн 
бойында жүзеге асыру орындарын ажырата білуді игергенде ғана жұмыс 
нəтижелі болмақ. Интеграцияны жүрекпен сезіне отырып, терең деңгейдегі 
мазмұн-мағынада жəне жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жүзеге 
асыру əрбір ұстаздың басты мақсаты болмақ. Егер ұстаз өзі үнемі ізденіп, 
рухани-адамгершілік тұрғысынан дамып, жетіліп отырмаса, қоршаған 
ортаның біртұтас екенін ұғынбаса, онда пəнді ұғыну да, интеграциялау 
бағыты да жүзеге асырылуы екіталай. Барлық атқарылатын жұмыс қағаз 
бетінде көрініс табуы жеткіліксіз екенін ұққан жан ғана айтулы нəтижелерге 
қол жеткізетіні анық. 
Бағдарламаны жүзеге асырудың 2 жəне 3-кезеңі барлық білім беру 
жүйесіндегі «Өзін-өзі тану» пəні бүгінгі таңда ұрпақтың жан-жақты 
үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталғандығына мəн берілуі қажет. 
Мұғалім əрбір білім алушының жеке тұлғалық ұғымдарын түсіну, өзін-өзі 
тануы, өмірдегі ұстанымының қалыптасуын, дүниетанымдық көзқарасын 
анықтай алатын құндылықтар сапасын игеруге бағыт-бағдар береді. «Өзін-өзі 
тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мақсаты – біртұтас, 
рухани, білімді адамды, сонымен қатар жаһандану ғасырында өмір сүре 
алатын, өмір бойы білім алу дағдысы бар, қоршаған əлемді қорғай, сақтай 
алатын, өзінің ұлттық сана-сезімі бар тұлға ретінде қалыптастыру. Ойы, ісі, 
сөзі бір жерден шығатын тұлға қалыптастыру бағытында жұмыстарды 
нəтижелі жүргізу үшін аталған білім беру бағдарламасын бірыңғай білім беру 
үрдісіне енгізу бағытында жұмыстану қажеттігі туындайды. Сонымен қатар 
бағдарламаның негізгі идеялары тыңдаушының жеке жəне кəсіби өмір 
тəжірибесінде жүзеге асырылуы тиіс. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік 


39
білім беру бағдарламасын іс-тəжірибеге енгізу тетіктерін анықтау барысында 
мұғалім-білім алушы, білім алушы-білім алушы, мұғалім-мұғалім 
арасындағы оқыту əрекеттерін интеграциялауды атқару арқылы тиімді əрі 
тиімсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік туады. Ол үшін төмендегідей бағытта 
жұмыстар жүргізіледі:
1. Білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын сабақта интеграциялау
бойынша жоспарлау жəне өткізу;
2. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау
бойынша оқу-əдістемелік бірлестікте, семинарлар мен дөңгелек
үстелдерде талқылау жұмыстарын жүргізу;
3. Нəтижеге қол жеткізу бағытындағы жұмыстарды жандандыру;
4. Мұғалімдердің өзара əдістемелік көмек көрсетуі;
5. Білім беру кеңістігіне «Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялау бағытында
білім алушыларға эссе, шығарма жазғызу, сурет салғызу, шығармашылық
тапсырмалар орындату;
6. Бұқаралық ақпараттық құралдарда өз тəжірибелерімен бөлісе отырып,
кері байланыс орнату жағын қарастыру;
7. Интеграциялау бағытында курстық жұмыстар, дипломдық жобалар мен
ғылыми жобалар жазу жəне қорғау жəне т.б.
Ең бастысы, білім беру бағдарламасын үнемі интеграциялай отыра, 
«Жанды білім» берудің нəтижесімен бөлісе отырып, салыстыру, талдау 
жұмыстары арқылы мониторинг жүргізу қажеттігі туындайды. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің пəнге интеграциясы -
бұл, ең алдымен, білімді жандандыру, оның басты мəнін анықтау, бұл тұтас 
білім, мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар мен əр алуандықтағы бірлік 
көрінісі негізінде барлық пəндерді синтездеу (жинақтау):
- жалпыадамзаттық мəңгілік құндылықтар білім берудің фокустық
нүктесі болуы тиіс, басқаша айтқанда, біз үйрететін нəрсемен біртұтас
тұтастықты құрауы тиіс.
- «Өзін-өзі тану» – білім беру процесінің тұтастығын, адамгершілігін
жəне жандылығын қамтамасыз ететін метапəн.
Кез келген пəн балаларды рухани-адамгершілік тəрбиелеудің құралы 
бола алады, оны өмір тəжірибесі дəлелдей білді. «Өзін - өзі тану» білім беру 
бағдарламасы – бұл балабақшадан бастап, жоғары оқу орнына дейінгі 
кезеңдегі өзін-өзі тану мəселесінің барлық сабақтармен өріле отырып берілуі. 
Бұл жол адамзаттың адамгершілік тəжірибесін ұғыну, аға ұрпақтың, өз 
халқының мəдени, рухани дəстүрлеріне баулу, жалпы алғанда, қоғамның 
рухани дамыған жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет