Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


«Өзін-өзі тану» пəнінің гуманитарлық пəндермен интеграциясы



Pdf көрінісі
бет22/71
Дата07.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
2.2. «Өзін-өзі тану» пəнінің гуманитарлық пəндермен интеграциясы
«Интеграция» ұғымына философиялық сөздікте мынандай түсінік 
береді: əр текті бөліктер мен элементтердің бірігуімен байланысты даму. 
Интеграция процесі (латын тілінен аударғанда integratio – қалпына келтіру, 
толықтыру, integer-ден тұтас) бірін-бірі толықтыратын, бір-бірімен 
байланысты жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Сөздіктер бойынша 
берілген түсініктерді сараптай келе, интеграция жалпы қазақ тілінің 
«толықтыру» ұғымымен синонимдес екендігін байқауға болады. «Өзін-өзі 
тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы – бұл бəрінен бұрын 
білімнің жаңаруы, кез келген пəннің тəрбиелік мəнін анықтауы. Бұл білім 
түрі – барлық пəндердің жалпыадамзаттық негізгі құндылықтарын біріктіру.
«Қалай интеграциялауға болады?» деген сауалға жауап іздер болсақ
бүгінгі білім беру жүйесінде рухани-адамгершілік бағдарламасын екі түрлі 
жолмен интеграциялауға болады:
1. Сыртқы интеграция – бұл өзін-өзі танудың əдістемелік тəсілдерін кез-
келген сабақта қолдану (жағымды көңіл-күй, дəйексөздер, əңгімелеу,
шығармашылық іс-əрекет, хормен əн айту, сабақтың қорытынды сəті).
2. Ішкі интеграция – бұл биологиялық жəне əлеуметтік табиғатқа ғана емес,
сондай-ақ жоғары рухани табиғатқа да ие адам мен əлемнің тұтас түсінігіне
негізделген интеграция. Бұдан шығатын тұтас білім адам тұлғасының барлық
аспектілерін қозғайды – ақыл-ойдың, қол мен жүректің үйлесімді дамуы;
теңдестірілген тұлғаны дамыту; адамға тəн адамгершілік-рухани қасиеттерді
анықтау жəне оларды өмір тəжірибесіне енгізу. Басты мақсаты – ой, сөз жəне
іс бірлігінде көрінетін мінезді тəрбиелеу. Жалпы кез келген пəнді оқыту
барысында сол пəннің мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды қосып,
жарыққа шығару.
Интеграцияланған оқытудың мақсаты:
1. Әртүрлі пəндерді интеграциялау негізінде оқу процесінде
оқушылардың ойлауын дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау.


42
2. Оқыту процесінің кейбір қайшылықтарын жеңу.
3. Сабақта оқушылардың танымдық жəне шығармашылық қызметін
жандандыру .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет