Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет41/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71
Сұрақтар:
1. Қоғамда рухани-адамгершілік тəрбие қандай рөл атқарады?
2. Рухани-адамгершілік бағытында сыныптан тыс іс-шаралардың
формалары мен əдістерінің тізбесін атаңыз?
3. «Адамгершілік», «тəрбие» ұғымдарына сипаттама беріңіз.
4 Сыныптан тыс жұмыстарды тəрбиелеу жұмысының бағыттары
қандай?


70
5. Адамгершілік тəрбиелеудегі қолданылатын ережелер түрлерін
атаңыз?
Тапсырмалар: 
1. «Адамгершілік – ар-ұят» тақырыбына мəнжазба дайындаңыз.
2. Адамгершілік 
қасиеттерді 
қамтитын 
əңгімелер 
жинағын
құрастырыңыз.
3. Машықтану кезінде сыныптан тыс іс-шаралардың бір жоспарын
талдаңыз.
4. Қазына картасы. Көзіңізді жұмып, өзіңізден сұраңыз: менің қазынам
қайда жасырылған? Менің қандай ашылмаған қабілеттерім бар? Өз 
қазынаңызды көз алдыңызға келтіріп көріңіз. Өз қазынаңыздың суретін 
салыңыз. Содан кейін өз қазынаңызға апаратын аяқ жол, ол сіздің өміріңіз 
деп ойлаңыз. Қазынаға жетер алдында кездескен бөгеттерді жəне оны табуға 
көмектескен не екенін көрсетіңіз. Өз ой-толғанысыңызды қағаз бетіне 
түсіріңіз.
5. Ойын-жағдаят: «Мен жəне менің рөлім». Қоршаған ортаға кім болып
табылатындарыңызды жазыңыздар. Рөл түрлері: оқушы, бала, балалар 
ұйымының мүшесі, жолаушы, жаяу жүруші. Әр рөлді орындағанда, қандай
міндеттерді атқаруымыз керек? Осы жағдайларды ойнап көрейік – дүкенде, 
кітапханада, далада, мектепте, мұражайда жəне т.б. Мақсаты – əрбір рөлдің 
өз жауапкершілігі бар екендігіне көз жеткізу. 
3.2. Үйірме, клуб жəне т.б. жұмыстарды рухани-адамгершілік білім 
беру бағдарламасымен интеграциялау жолдары
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тəрбиелеу, олардың бос 
уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстың 
көптеген түрлері пайдаланылады. Сабақтан тыс іс-əрекет – білім беру 
ұйымындағы біртұтас оқу-тəрбие процесінің құраушы бөлігі, үлгілік оқу 
жоспарында айқындалған оқу жүктемесінен тыс іске асырылатын білім 
алушылардың бос уақытын ұйымдастырудың нысаны. Балаларға əлеуметтік-
педагогикалық, көркем-эстетикалық, музыкалық, ғылыми техникалық, 
туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық, əскери-патриоттық, спорттық-
сауықтыру, жобалық-зерттеу жəне басқа да бағыттары бойынша қамтамасыз 
етіледі. 
Мектептерде сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда пəндік 
үйірмелер мен секциялар маңызды орын алады. Бұл – бір жағынан пəн 
бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал екінші жағынан – қосымша білімнің бөлігі. 
Демек, мектеп оқушыларының сыныптан тыс өмірі мен іс-əрекеттері көп 
салада – отбасында, мектепте, мектептен тыс тəрбие мекемелерінде
көшелерде, қарым-қатынастың кең орын алған жерлерінде өтіп жатады.
Сонымен рухани-адамгершілік білім мен тəрбие беруде негізгі 
ұстанымдарды ескерген жөн:

Рухани-адамгершілік оқу материалдарын бір жүйелілікпен үздіксіз
жүргізу;


71

Сабақтан тыс жұмыстарда рухани-адамгершілік білім мен тəрбие
беруде пəнаралық байланыстардың болуы.
Сыныптан тыс іс-шараларды, үйірмелерді, секциялар мен 
факультативтерді ұйымдастыру барысында баланың дарындылығын ерте 
анықтау, оның қызығушылықтарының жан-жақтылығын қалыптастыру, 
кəсіби өзін-өзі анықтауына көмек бола алады. Оқушыларға сапалы қызмет 
көрсету үшін мектеп əкімшілігі, білім алушылар мен олардың ата-аналары 
арасындағы өзара қарым-қатынасты ретке келтіру тиіс. Барлық тараптардың 
тиімді өзара əрекеттестігі ғана қосымша үйірмелерді, секцияларды, іс-
шараларды ұйымдастыруды мүмкін етеді. 3.2 - кестеде көрсетілгендей, 
адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы тəрбиелеудің міндеттері
ұсынылды.
3.2 - кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет