Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет48/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71
Ата-аналармен жұмыс. Ата-ана міндеті – адамгершілік жəне рухани 
мəдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дарыту. Отбасында 
баланың адал, əрі ізгі болып өсуіне ата-анасының ықпалы зор. Баланың 
бойындағы мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін бағалап, оның үлгілі 
болуға ұмтылған талабын бағалап, қолдап отырған жөн. 
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс формалары:

ата-аналар жиналысы; ата-аналар күні;

үлгі сабақтар мен сынып сағаттар;

үйірме, клуб, бірлескен шығармашылық істер;

əкелер мектебі, аналар мектебі;

ата-аналарға арналған коучингтер;

ата-аналар конференциясы
«Мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тəрбиесінде» 
атты ата-аналар жиналысының жобасы
Топтық жұмыс тапсырмалары: тақырыпты талқылау, постер қорғау.
«Ақиқат» тобы: Отбасындағы қыз тəрбиесі
«Сүйіспеншілік»: Отбасындағы ұл тəрбиесі
«Дұрыс əрекет»: Отбасындағы ананың рөлі
«Тыныштық»: Отбасындағы əкенің рөлі
«Қиянат жасамау»: Отбасы тəрбиесінің қоғамдағы рөлі.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар жəне олардың отбасындағы 
дамуы» тақырыбындағы ата-аналар күнін өткізу:
«Мен жəне менің отбасым» көрмесі;


82
«Отбасының мəдени құндылықтары жəне олардың бала үшін маңызы»
тақырыбы бойынша құндылықтар негізінде əңгімелесу.
Төменде мектептердің тəрбие жұмысын зерттеу бағытында ата-
аналардан алынатын сауалнамалар ұсынылып отыр (3.4 - кесте, сауалнама 
сұрақтарын өз қалауларыңыз бойынша өзгертуге болады).
3.4-кесте
«Балаңыз бос уақытында немен айналысады?»
ата-аналарға арналған сауалнама
Р/с
Сұрақтар тізбегі
Жауаптары
1
Аты-жөніңіз (ата-ана)
2
Балаңыздың аты-жөні
3
Бос уақытында немен айналысады?
4
Балаңыздың хоббиі
5
Сүйікті бағдарламасы
6
Сүйікті кітабы
7
Балаңызға тілегіңіз
Ата-аналар өздерінің жұмыс орындары туралы да əңгімелеуге болады. 
Өз баласына ыңғайлы үйірмені таңдау кезінде ата-аналарға оның баласы не 
қызықтыратынын, мұндай қабілеттері бар ма, онымен айналысуға ынтасы 
бар ма деген талдаудан бастау керек. Таңдау кезінде баланың болашағын 
ескеру, оның ойын сұрау маңызды. «Ата-ана жұмысындағы қызықты күндер» 
тақырыбында бірнеше тапсырмалар беріп, талқылауға болады. Мақсаты –
ата-анасының жұмыс орнымен танысу, мамандық түрлерін білу, еңбекті 
құрметтеуге тəрбиелеу. Мекемелерге серуен – балалардың өзін-өзі 
қалыптасуына, болашақта мамандық таңдауда кім болғысы келетініне
қоғамда өз орнын табуға септігін тигізеді. Мектеп оқушыларымен 
«Мамандық əлемінде» ойынын ұйымдастыруға болады. Шарты: ең мықты
жасыл, сулы, күлкілі, қызықты, қатал, тұзды, қатыгез, мейірімді мамандық 
түрлерін атау, талқылау.
Сұрақтар:
1. Жалпыадамзаттық 
құндылықтарды 
ұлттық 
құндылықтармен
үйлестіруге бола ма?
2. Рухани-адамгершілік білім мен тəрбие берудің негізгі ұстанымдарын
атаңыз.
3. «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
мақсат-міндеттеріне түсінік беріңіз. 
4. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұнының
жүзеге асырылу жолдары қандай?
5. Сіз отбасыңыздағы өз рөліңізді қалай түсінесіз?


83


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет