Б. М. Кусманова Ж. Аймауытовтың шағын әҢгімелеріндегі («Әнші», «елес») етіс категориясының функционалдық Қызметі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата21.01.2017
өлшемі0,51 Mb.
#2353
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

Қолжазба құқығында

Б.М.Кусманова

Ж.АЙМАУЫТОВТЫҢ ШАҒЫН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ («ӘНШІ», «ЕЛЕС»)

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

6М020500 - Филология мамандығы бойынша

гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін 

алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

ПАВЛОДАР - 2014


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

                                     Қорғауға жіберілді

                                                                       «Қазақ филологиясы» кафедрасының

                                              меңгерушісі, филология 

                                                 ғылымдарының докторы,

                                                                         профессор _________Имамбаева Ғ.Е.

                                                                

(қолы)

                                                                       «____» _________________ 2014 ж.

Магистрлік диссертация

Ж.АЙМАУЫТОВТЫҢ ШАҒЫН ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ («ӘНШІ», «ЕЛЕС»)

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ Мамандығы:

6М020500 - Филология



      Магистрант                ___________________                Кусманова Б.М. 

(қолы)

      Ғылыми жетекшісі,                               

      филол.ғ.д., профессор   ___________________                   Имамбаева Ғ.Е.

(қолы)

ПАВЛОДАР – 2014



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

1 ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

1.1 Етістің лексикамен байланысы ................................................................8

1.2 Тілші-ғалым А. Байтұрсынұлының етісті зерттеуінен …......................31

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 

2.1 Етістің өзіндік сипаты,түрлері ................................................................38

2.2 Ж. Аймауытовтың шығармаларын талдай отырып етістің 

функционалдық тұрғыдан ерекшеліктерін белгілеу ...............................53

2.3 Ж. Аймауытовтың  шағын  әңгімелеріндегі («Әнші», «Елес» етіс

 категориясының  функционалдық  қызметі) ...........................................58

ҚОРЫТЫНДЫ  .........................................................................................69

           

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  .........................................70



                                           КІРІСПЕ

Жұмыстың     жалпы   сипаттамасы.  Қазақ   тіл   білімінде   етіс   жайлы

бірсыпыра   ғылыми   зерттеулерді   сөз   етсек,   бұл   көне   категория   төңірегінде

әртүрлі   пікірлердің     болғандығын   аңғарамыз.   Қазақ   тіліндегі   етіс

категориясының ерекшеліктері жайлы   М С. Исаев, А.  Қалыбаева

Б. Құлмағамбетова, А. Ысқақов, Ы. Маманов, Н. Оралбаева,  Ә. Төлеуов,  

С. Аманжолов,   А.С. Аманжолов еңбектерінде көрініс тапса,   Н.А. Баскаков,

А.А.   Азер,     А.К.   Алиев,     А.Н.   Кононов,     К.М.   Любимов,   С.А.   Соколов,  

У. Турсынов,  Ж. Мухторов,  А.Х. Фатыхов зерттеулерінде етістің түркі тілдес

халықтар тілдеріндегі өзіндік табиғаты қарастырылған.

Қазіргі   қазақ   тіл   білімінде   етіс   категориясы   төңірегінде   толық

зерттелмеген   жақтарына   байланысты,   күрделі   мәселелердің   бірі   болып

қарастырылады. Бұған етіс категориясын анықтау, етіс категориясын белгілеу,

оның семантика мен  түрлер сипаттамасының   қарама-қайшылықтары,  актив  -

пассив   формаларының   сандық   жүйесі,   олардың   семантикалық   пен

функционалдық ерекшеліктерін меңгере отырып, арақатынастығын, белсенділік

мағына   мен   көңіл-күй   етістіктердің   өзара   шектелу   жақтарына   қатысты

мәселелер жатады. 

Етістің морфология мен синтаксиспен байланысын анықтау да, күрделі

мәселелердің   біріне   енеді.   Қазіргі   таңда   тілдік   құбылыстарды   зерттеу

барысында   тілдің   функционалдық   жақтарымен   қатар,   жүйелі     құрылымдық

бағыт  талап етіледі.

Ғылыми – зерттеуге бағытталған  монография  еңбегінде  етіс  мәселесін

функционалды   -   семантикалық   тұрғысынан   қарастыру   –   бұл   категорияның

грамматикалық   формаларының   көпфункционалдық   жақтарын   ашумен   қатар,

грамматика мен лексиканың арақатынасын айқын көрсетеді. Қазақ тілінде етіс

категориясының   лексика-грамматикалық   табиғатын   функционалдық   тұрғыдан

ашу – грамматикалық құбылыстарды меңгеруде, сонымен бірге қазақ тіл білімі

саласындағы   күрделі   теориялық,   практикалық   мәселелердің   зерттеу

нәтижелерінің   көрінісі   ретінде,   бұл   құрылымдардың   логика-семантикалық,

коммуникативтік     жақтарын   көрсетуде   аса   маңызды   рөл   атқарады   және   бұл

құбылысқа жүйелі, бірізді түрде анықтама беруге мүмкіндік жасайды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.  Етіс жайлы көптеген ғалымдардың өз

еңбектерінде   әртүрлі   тұрғыдан   (тарихи,   салыстырмалы,   грамматикалық)

зерттегені рас. Бірақ бұл ғылыми еңбектерде айтылған тұжырым, қағидалардың

қайта   қарауды,   тереңірек   зерттеуді   қажет   ететін   тұстары   баршылық.   Атап

айтқанда,   етісті   барлық   тілдік   салалармен   байланыстырып   қарау,   салт   пен

сабақтылықтың етістіктер арасындағы орнын, етістің өзіндік сипаты мен даму

жақтарын қарастыру – тіл білімінде етіс теориясын тереңдетуге жол ашады.

3


Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған

пікірді   Ахмет   Байтұрсыновтың   «Тіл-құрал»   оқулығынан   табамыз.

А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі

етіс бар», -дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік

етіс, беделді  етіс,  ырықсыз  етіс, шығыс  етіс, дүркінді етіс,  өсіңкі етіс деген

түрлері барын келтіреді.

Тіл   арқылы   жеткізілетін   әлеуметтік   маңызға   ие   ақпаратты   адам

факторымен, жалпы қоғаммен байланыста қарастыру бүгінгі дамып келе жатқан

тіл білімі саласының талабынан туындап отыр. Тіл тіл білімінің зерттеу нысаны

болғанымен,   оны   басқа   тілдік   салалармен   ұштастырмай   бүгінгі   ғылым

сұранысына жауап бере алмайды. Осы   себептен де тілді меңгеру барысында

тілдік   бірліктердің   әрқайсысын   адам   табиғатымен   байланыстыра   отырып,

кешенді зерттеудің  жаңа сатыға көтерілуі байқалады.

Сондықтан   тіл   білімінің   әр   саласын,   соның   ішінде,   етістікке   тән

грамматикалық категорияларды да терең зерттеу қажеттілігі туындайды.

Бұның барлығы аталмыш категорияны, ең алдымен, жеке анықтай келе,

тарихи   тұрғыдан     зерттеулерін   көрсету   арқылы,   тіл   білімінде   қалыптасқан

салалармен   байланыстыра   отырып,   өзіндік   ерекшеліктерін   табу,  оны   жүйелі

түрде беру табиғатын айқындау – жұмыс көлемінің басты өзектілігіне жатады.

Зерттеу   жұмысының   нысаны.  Ж.   Аймауытовтың   шығармаларын

талдай  отырып, етістің  функционалдық тұрғыдан ерекшеліктерін  белгілеу. 



Зерттеу жұмысының пәні.  Ж.  Аймауытов  шығармаларындағы етістің 

функционалдық  сипаты.



Зерттеу   жұмысының   мақсаты   -  Ж.   Аймауытовтың   шағын

әңгімелеріндегі   («Әнші»,   «Елес»)   етіс   категориясының   функционалдық

қызметін анықтау.

Аталған   мақсатқа   жету   үшін   төмендегідей     міндеттерді   шешу   алға

қойылды: 

  -   етіс   категориясына   жалпы   сипаттама   бере   отырып,   аталмыш

категорияның   Ж.   Аймауытовтың   шығармалар   көлемінде   функционалдық

ерекшеліктерін көрсету; 

  -   мәтіннің   ішкі   логикалық   байланыс   жүйесін   сақтайтын   тілдік

құралдарды меңгеру барысында етіс категориясының рөлін анықтау.



Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазақ  тіл  біліміндегі етіс категориясы

жайлы ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, бұл категорияның  

Ж.   Аймауытовтың   шығарма   тіліндегі   функционалдық   ерекшеліктерін

анықтау.                                                             

  -   етіс   бірыңғай   семантика-грамматикалық,   морфология-синтаксистік

тұрғыдан ғана емес, функционалдық тұрғыдан коммуникативтік шеңберде де

қарастырылды;

 - зерттеу барысында сөйлемнің мәтін синтаксисіне қарай бетбұрыс жасау

етіс категориясының үнемі даму үстінде екендігін көрсетті;

 - жұмыста  «объект»,  «субъект», «жалғау», «жұрнақ», «етіс» ұғымдарына

ғылыми тұрғыдан жаңа анықтамалар берілді;

4


  - етістің салт  және сабақты етістікпен, етістіктің болымды, болымсыз

түрлерімен,   осыған   қоса,   етістіктің   грамматикалық   формалары   (есімше   мен

көсемше),   шақ   категориясымен   байланысын   нақты   фактілермен   дәлелдеу

арқылы өзіндік ерекшеліктері айқындалды;

  - етістің сөздер арасындағы (қиысу, меңгеру, қабысу) байланыс түрлері

нақтыланды. 



Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар.  

-  Етіс  категориясына  жалпы сипаттама бере отырып, Ж.  Аймауытовтың

шығармалар көлемінде функционалдық ерекшеліктері  көрсетілді; 

- жұмыста  «объект»,  «субъект», «жалғау», «жұрнақ», «етіс» ұғымдарына

ғылыми тұрғыдан жаңа анықтамалар берілді;

Ж.   Аймауытовтың   шағын   әңгімелеріндегі   («Әнші»,   «Елес»)   етіс

категориясының функционалдық қызметін анықтады;

Әңгіме     мазмұнына   назар   аударған   сайын,өзіміз   байқағанымыз-тіл

білімінде   қалыптасқан   функционалды   грамматиканың   жеке   ұғымдары   орын

алып,олардың барлығы адам мәселесі төңірегінде бола тұрып,көбінде қимылды

білдіру арқылы оқырман ойына қонымды жеткізу;

 Бұл жерде функционалдық грамматиканың қайсыбір түрін бөлектетпей,

бір-бірімен тығыз байланыста екендігін байқатады.



Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Жұмыстың ғылыми негіздері

ретінде   А.   Байтұрсынов,   С.   Аманжолов,   А.   Қалыбаева-Хасенова,   С.   Исаев,  

Ә. Ысқақов, М.Б.  Балақаев,  А.С.  Аманжолов,  Б.Қ.  Қасым және белгілі  орыс

түркітанушы- ғалымдардың: П.М. Мелиоранский, Н.А. Баскаков, 

Н.П. Дыренкова,  А.Н. Кононов,  Н.К. Дмитриев, С.В. Севортян, 

С.В.   Шкуридин   еңбектеріндегі   қажетті   теориялық   негіздер     басшылыққа

алынды.

Ғылыми еңбекті жазу барысында,  ең алдымен, етісті зерттеу мәселесін



тереңірек ашу мақсатымен көрнекті түркологтар (Н.П. Дыренкова  

А.Н.   Кононов,     Н.А.   Баскакова,     А.   Зайончковский,     С.В.   Шкуридин)

еңбектерімен     қатар,   қазақтың   тілші-ғалымдарының   (А.   Байтұрсынов,  

С.  Аманжолов,    А.  Қалыбаева-   Хасенова,    А.  Ысқақов,     А.С.  Аманжолов,    

Б. Қасым т.б.) ғылыми  зерттеулері  де  жұмыс барысында сөз етілді.

Түркі   тілдеріндегі   «етіс»   деп   аталатын   категория   «анық   семантикалық

жіктелуді» көрсетеді, көпшілік жағдайда етіс мағынасын білдірмейді, сондай-ақ

өзінің ерекше жағдайда парадигмасы жоқ. 

В.В.   Радлов   бастаған   бір   топ   зерттеушілер   етіс   категориясын   «сөз

тудырушы  жұрнақ» ретінде қарастырды. А.Н. Кононов: «Етіс категориясы, бір

жағынан,   өзінің   сөз   тудырушылық   үлгісімен,   екінші   жағынан,   өзінің

грамматикалық қызметі жөнінен қимыл иесі мен сол қимылдың арасында пайда

болған,   әр   түрлі   қатынастарда   айқын   білінетін   форма   тудырудың   (сөз

түрлендірудің) бір түрі болып табылады», - дейді.

А.Н.   Кононов   етістер   кейде     лексикалық   мағынасына   қарай   бастапқы

негізгі   етіс   мағынасын   емес,   жаңа   лексикалық   мағына   жамайтын,   яғни   сөз

түрлендіруші емес, сөз тудырушы қызметін атқарған дейді. 

5


Оған  мынадай  мысалдар   келтіреді:   «любить»,  «радоваться»,   «хвалить»,

«радоваться» [6, 173 б]

А.Н. Кононов  пікірінен байқалғаны:   етіс  категориясын,   біріншіден,  сөз

тудырушы   қосымшалардың   қатарына,   екіншіден,   сөз   түрлендірушілердің

қатарына қосады.  Олай болса, етістер жөнінде ғалымдар  арасында  бірізділік

жоқ.   Көпшілік   ғалымдар   етіс   қосымшаларын   сөз   тудырушы   аффикс   ретінде

қарастырады.

Зерттеудің   әдіс-тәсілдері  Баяндау,   талдау,   түсіндірме   әдісі,   сипаттама

жасау   әдісі,   диахронды-салыстырмалы,   синхронды   -   салыстырмалы,

сипаттамалы, талдау және жинақтау, трансформация әдістері, функционалдық

талдау тәсілдері қолданылды. 

Жұмыс  материалы  ретінде түсіндірме, фразеологиялық, этимологиялық

сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, көркем шығарма материалдары,

ғалымдардың зерттеу еңбектері пайдаланылды. 

Зерттеудің   теориялық   маңызы.  Етіс   категориясына   жалпы   сипаттама

бере   отырып,     Ж.   Аймауытовтың   шығармалар   көлемінде   функционалдық

ерекшеліктерін көрсетеді. 

Тілші-ғалымдар   арасында   етіс   категориясы   әр   түрлі   пікір   тудыратын

грамматиканың   қиын   да   күрделі   мәселелерінің   бірі   ретінде   қаралып   келді.

Мұндай   пікір   ала-құлалығының   туындауы,   біріншіден,   етіс   категориясы

табиғатының ерекшелігіне, екіншіден, аралас лексика-грамматикалық категория

болып   есептелінуіне,   үшіншіден,   тарихи   даму,   өзгеру,   жетілу   процестеріне

байланысты болу керек. В.В. Виноградовтың пікірі бойынша, етіс категориясы

морфологиядан   гөрі   синтаксис   саласына   жақын,   яғни   сол   тұрғыдан   қаралу

керек.  Ж.   Аймауытовтың   шағын   әңгімелеріндегі   («Әнші»,   «Елес»)   етіс

категориясының функционалдық қызметін анықтау.



Зерттеу   жұмысының   практикалық   құндылығы.  Диссертацияның

нәтижелері мен тұжырымдамалары семантика, когнитивтік ілімдердің дамуына

өз   әсерін   тигізеді,   сондай-ақ,   семинарлар   мен   практикалық   курстарда,

лингвистика   саласына   қатысты   жаңа   бағыттағы   оқулықтар   мен   әдістемелік

құралдар   дайындауға,   арнайы   курстар   мен   семинарларға   арналған

бағдарламалар жасауда пайдалануға болады.



Зерттеу   жұмысының   талқылануы   мен   жариялануы.   Диссертация

боынша   «Мәңгілік   ел   –   Қазақстан   білімі   мен   ғылымын   жаңғыртудың

уәждемесі»   атты   Халықаралық   ғылыми-тәжірибелік   конференциясы

материалдары,  2014 жылғы 10-11 сәуір, С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан

мемлекеттік   университеті,   «Аманжолов   оқулары-2014»,   І   бөлім

(«С.Аманжоловтың   функционалдық   етістің   категориясын   зерттеуінде   қосқан

үлесі»),  88-92  бб.  «Қазақ  ұстазы»  ж., 2014  ж., №5    («Жүсіпбек    Аймауытов

әңгімелеріндегі етіс категориясының көрінісі») , ИнЕУ Хабаршысына  «Етістің

функционалдық қызметі» атты мақала берілді.

6


Зерттеу жұмысының құрылымы 

Диссертациялық  жұмыс  Кіріспеден, екі  бөлімнен және  Қорытындыдан

тұрады. Жұмыстың соңында  пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

7


1

ЕТІС  КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Етістің  лексикамен байланысы

Тіл   білімінде етіс категориясы  күрделі тақырып екендігі  - бұл мәселе

төңірегінде әлі де аяқталмаған зерттеулер нәтижелерінен орын алып отыр.

Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей

бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің рай, шақ, жіктік

жалғау   категориялары   қатарында   етіс   категориясының   бары   да   айтылған.

Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай

жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына

тоқталып,   солардың   ішінде   етіске   де   анықтама   беріп,   жасалу   жолдарының

көрсетілуі   етіс   туралы   зерттеудің   де   кеңи   бастағанын   көрсетсе   керек.

Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған пікірді

Ахмет   Байтұрсыновтың   «Тіл-құрал»   оқулығынан   табамыз.   А.Байтұрсынов

етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар» дей

келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді

етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс деген түрлері барын

келтіреді.   Етіс   түрлері   ішінде   салт   етіс   пен   сабақты   етісті   етістің   түрлері

қатарында атайды. 

Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге қарау, бұдан

кейінгі жылдары шыққан мектепке арналған оқулықтар мен жоғары оқу орнына

арналған   грамматикаларда   да   орын   алып   келді.  Қазақ   тіл   білімінің   дәстүрлі

грамматикасы бойынша етістің бес түрі бар екендігі белгілі. Осылардың ішінен

ырықсыз   етіс   түрі   ерекше   орын   алады.   Ырықсыз   етіс   басқа   етіс   түрлеріне

мағынасы   жағынан   қарама-қайшы   болып   келеді.   Бұл   тұжырым   басқа   төрт

етістің етістік көлеміндегі іс-әрекетті білдіруде іс иегері – субъект бар болса,

ырықсыз етісте субъектінің жоқтығымен қимыл өзбетінше өтіп, объектіге қарай

бағыт алады.                                           

Қазақ   тіліндегі   етіс   қосымшаларының   осындай   бір-бірінен   мағыналық

ерекшеліктерімен қатар, етістіктің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік

тағы бір ерекшелігі бар. Ол – етіс тудыратын жұрнақтардың етістіктің түбіріне

тікелей жалғанатын болымсыз -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан бұрын

жалғанатындығы.   Мысалы:   кел-тір-меді,   кел-тір-іл-меді,   кел-тір-т-кіз-беген,

ойла-н-бады, ойла-т-пады, ойлан-дыр-т-қыз-бады, әкел-ін-беді, әкел-т-тір-меді,

өкел-іс-педі т.б. 

Бұл   мысалдардан   етіс   қосымшаларының   тағы   бір   ерекшелігі   етістіктің

негізгі және туынды түбірлеріне тікелей жеке және бірінен соң бірі үсті-үстіне

жалғана беретін қасиеті бары көрінеді. Етістік етіс қосымшаларынан соң өзінің

басқа   категорияларының   қосымшалары   ретімен   қабылдайды.   Яғни,   етіс

қосымшаларынан кейін түбірге етістіктің басқа категорияларының есімше не

көсемше,   рай,   шақ,   жақ   тұлғаларынның   көрсеткіштері   қосылады.   Етіс

категориясының   семантикалық   сипаты,   етіс   қосымшаларының   қызметі

жайында бірізді пікір көпке дейін қалыптаспады. 

8


Етістерді   етістіктің   өзге   категорияларынан   ерекшелендіріп   тұратын

сипаттары мынадай: Ол одан жөн  сұрады;  Олар бір-бірінен жөн  сұрасты;  Ол

онан жөн  сұратты;  Одан жөн  сұралды;  Ол өзі  сұранды  деген сөйлемдердегі

етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың соңындағы

өткен шақтың     қосымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі  сұра, сұрас,

сұрат, сұрал, сұран  етістіктерін бір-бірінен салыстырғанда, олар бір түбірден

өрбіген   түбірлес   негіздер   екені   айқындалады.   Етіс   формаларының   бұл

ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақтар сияқты, туынды етістік жасайтын

қабілеті барлығы (айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындығы) және сол

етіс   жұрнақтары   арқылы   туған   формалар   етістік   негіздері   есебінде   қызмет

ететіні айқындалады. Ендеше, бұл жағынан қарағанда етіс жұрнақтары сөзден

сөз тудыратын жұрнақтармен сәйкес келеді де, лексикалық категорияға жатады.

Екіншіден, етіс категориясының формаларында субьекті мен обьектінің амалға

қатысын,   керісінше,   амалдың   (әрекеттің)   субьекті   мен   обьектіге   қатысын

білдіретін   грамматикалық   сипаты   күшті.   Демек,   етіс   формалары   сөйлемнің

грамматикалық   құрылысына   өзгеріс   енгізіп   отырады»   -   дегені   дәлел.   Бұл

пікірден автордың етіс қосымшаларын әрі сөзжасам, әрі грамматикалық мағына

беретін   қосымша   тұрғысында   танығаны   анық   көрінеді.   Ал,   И.Маманов   етіс

категориясын түбір етістіктен туатын грамматикалық форма ретінде таныған.

Бұл пікірді профессор С. Исаев қолдап, етіс қосымшаларын форма тудырушы

тұлға   қатарына   қосады.   Ғалым   «етістіктерде   етіс   жұрнақтары   жаңа   сөз

тудырмайды,   етістік   түбір   білдіретін   семантикасын   өзгертіп   жібермей,

лексикалық   және   жалпы   грамматикалық   мағынасы   сақталып   қалады,   тек

сабақтылық-салттылық   өзгеріп,   сөйлемде   субьект   пен   обьекті   арасындағы

қатынасы ауысуы мүмкін», - дейді.

Етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғанда, етістіктің түбірінің жалпы

грамматикалық мағынасы өзгермей, тек түбірдегі салттылық-сабақтылық мән

ғана   өзгеретін   болса,   етіс   жұрнақтары   тек   салт   етістікті   сабақты   етістікке,

сабақты етістікті салт етістікке айналдыру қызметін ғана атқара алады. 

Ендеше ол (етіс қосымшалары) сөзжасам қосымшаларына жатпайды, сөз

түрлендіруші   қосымшалары   қатарына   қосылады.     Етіс   қосымшалары   етістік

түбірге   жалғанғанда   түбірдің   грамматикалық   сипатын   өзгертпейді.   Ол   етіс

тұлғалы  етістіктің  түбір  етістіктер  сияқты  ерекшелігі   екенін  көрсетеді.   Яғни

етіс тұлғалы етістіктер түбір етістікгер сияқгы тек сырттай бұйрық райдың 

2-жақ   жекеше,   анайы   түрімен   сәйкес   келгенімен   тікелей   жіктік

жалғауларын қабылдамайды, сонымен бірге сөйлемде етістік етіс тұлғасында

қолданылмайды.  Қазақ   тілі   етістік   формаларына   өте   бай.   Етістердің   ішінен

ырықсыз етіс туралы сөз етсек, қазақ тілінде ырықсыз етіс сабақты етістіктен

жасалып,   заттың   басқа   зат   пен   тұлғаның   әсерімен   қимылға   ұшырағанын

көрсетеді   де,   логикалық   субъект   ретінде   грамматикалық   толықтауышы,   ал

логикалық объект – грамматикалық бастауышпен белгіленеді. 

Қазақ   тілінің   ырықсыз   етіс   құрамында   қимыл-әрекет   жасаушы   мүлдем

болмайды, өте сирек түрде субъект барыс, шығыс, көмектес септіктерде тұруы

мүмкін,   мысалы:   «Жау   батырдан   жеңілді»   (субъект   –   шығыс   септікте   тұр).

9


«Жоспар   қызметкермен   құрастырылды»   (субъект   –   көмектес   септікте).

Ырықсыз етісті сөйлемдерде субъект тек қана сөйлем арқылы көрініс табады.

«Бір жылдан соң мекемем ашылады». Бұнда субъект сөйлем арқылы белгіленіп

тұр, басқаша айтқанда: Менімен бір жылдан соң мекеме ашылады.

Сабақты  етістіктен  жасала  отырып,  ырықсыз етістегі  етістік  – сабақты

түріне жатады. Қазақ тіліндегі ырықсыз етіс арнайы –л, –ыл, –іл аффикстердің

сабақты етістік түбіріне қосылу арқылы жасалады, мысалы: «басталу, жіберілу,

қосылу». Егер етістік түбірі «л» дауыссыз дыбысына аяқталса, онда ырықсыз

етіс   –н,   –ын,   –ін   аффикстердің   қосылуымен   жасалады:   «салыну,   алыну».

Бұндай   жағдайда   ырықсыз   етіс   пен   өздік   етіс   аффикстері   біркелкі   болып,

олардың   мағыналары   тек   қана   контекст   арқылы   белгіленеді.   Белгілі   орыс

ғалымы   П.М.   Мелиоранскийдің   айтуы   бойынша,   қазақ   тілінде   ырықсыз   етіс

көбінесе айтушы іс-әрекетті, жасалғандығы туралы сезбей, білмеген жағдайда

қолданылады.   Кейде   ырықсыз   етістегі   етістік   негізгі   етістің   салт   етістігімен

сәйкес, өзгелік етістен жасалуы мүмкін, мысалы:  «түс-у, түс-ір-у, түс-ір-іл-у».

Қазақ   тілі   грамматикасының   1967   жылы   шыққан   мәліметтеріне   сүйенсек,

ырықсыз етіс түбірлерге   –л, –ыл, –іл дара аффиксі, сондай-ақ –лын, –ілін, –

ныл,   -ініл   тәрізді   күрделі   аффикстердің   қосылуымен   жасалады.   Ырықсыз

етістің   өздік   етістен   біршама   өзгешеліктері   бар,   соның   бірі   –   субъектінің

грамматикалық   тұлғалануында.   Әдетте   субъектісі   сөз   етілмейтін   кейбір

ырықсыз етісті сөйлемде субъектінің де арнайы айтылатын кездері болады. 

Мұндайда   субъекті   «тарапынан»,   «жағынан»   деген   сөздермен   тіркесе,

немесе барыс пен көмектес септік тұлғаларындағы жанама толықтауыш болып

беріледі, мысалы: «Мемлекет  тарапынан  көптеген  шаралар  қолданылды».

Ырықсыз етісті сөйлемнің сипаттамасын айтатын болсақ, ырықсыз етіс те

сабақты   етістерден   жасалады.   Ырықсыз   етіс   баяндауыш   болып   тұрған

сөйлемнің бастауышы қимыл көшетін объекті. Оның қимылға қатысы пассив

болады. Сабақты етістіктегі қимыл иесі бастауыш болып берілсе, актив болады

да, сабақты етістіктің объектісі ырықсыз етісте бастауыш болып берілгендіктен,

пассив   болады.   Сөйтіп,   амалдың   іске   асырылуында   тұлғалары   бірдей

бастауыштардың   бірде   актив,   бірде   пассив   субъектілердің   мағынасында

жұмсалуы сөйлемде баяндауыш болып тұрған етіс категориясымен анықталады.

Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын

қимыл,   іс-әрекеттің,   субьекті   мен   обьекті   арасындағы   әртүрлі   қатынасын

білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-

грамматикалық категорияларының бірі. 

Етіс   категориясы   субьекті   мен   обьектінің   өзара   әр   түрлі   қатынаста

болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда

болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де

байланысты,   өйткені   етіс   түбір   етістіктерге   қосымшалардың   қосылу   арқылы

жасалады.   Етіс   категориясы   қимылдың   субьекті   мен   обьектіге   әр   түрлі

қатынасын   көрсететін   жұрнақтар   қосылу   арқылы,   түбір   сөздің   бастапқы

грамматикалық   мағынасын   өзгертіп,   сөйлем   мүшелерін   синтаксистік

байланысқа түсіреді. Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік

тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің

10


рай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да

айтылған.   Кейінгі   шыққан   грамматикаларда   бұрынғы   айтылғандарға   қосқан

айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап,

әрқайсысына   тоқталып,   солардың   ішінде   етіске   де   анықтама   беріп,   жасалу

жолдарының   көрсетілуі   етіс   туралы   зерттеудің   де   кеңи   бастағанын   көрсетсе

керек. 


Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылған

пікірді   Ахмет   Байтұрсыновтың   «Тіл-құрал»   оқулығынан   табамыз.

А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «етістікте он түрлі

етіс бар» дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік

етіс, беделді  етіс,  ырықсыз  етіс, шығыс  етіс, дүркінді етіс,  өсіңкі етіс деген

түрлері барын келтіреді. 

Етіс   түрлері   ішінде   салт   етіс   пен   сабақты   етістікті   етістің   түрлері

қатарында атайды. Салт етістік пен сабақты етістікті етіс категориясымен бірге

қарау,   бұдан   кейінгі   жылдары   шыққан   мектепке   арналған   оқулықтар   мен

жоғары оқу орнына арналған грамматикаларда да орын алып келді.

Қазақ тіл білімінде етіс жайлы бірсыпыра ғылыми зерттеулерді сөз етсек,

бұл көне категория төңірегінде әртүрлі пікірлердің  болғандығын аңғарамыз.

Етіс   категориясын   ғылыми   тұрғыда   лексика-грамматикалық   сипаты

жағынан арнайы зерттеген ғалым – профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым

Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке

қатысы жайында және сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс категориясы

мен   байланысы   жөнінде,   етістің   түрлері,   олардың   жасалу   жолдары,   етіс

категориясының   мағынасы   мен   тұлғалық   ерекшеліктеріне   ғылыми   талдау

жасап, «етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз

табының   (етістік)   ерекшеліктерін   байланыстыра   салыстырып,   бірінен   бірін

бөлмей тұтас қарау қажет» деген құнды тұжырым жасайды. Ғалым басқа сөз

таптарының   грамматикалық   категориялары   сияқты   етістіктің   етіс

категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен

байланысты екенін дұрыс бағдарлайды. 

Ғалым   басқа   сөз   таптарының   грамматикалық   категориялары   сияқты

етістіктің   етіс   категориясының   қалыптасуы   сөйлем   мүшелері   мен   сөз

таптарының дамуымен байланысты екенін дұрыс бағдарлайды.

Өзінің қалыптасу дәуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс

категориясының   синтаксистік   қызметіне   сай   беретін   мағынасы,   өзіне   тән

тұлғалық   ерекшеліктері,   ол   тұлғаларды   жасайтын   қосымшалары   бар.   Етіс

жасайтын қосымшалар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып,

етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Салт  етістіктерден  қимыл мен қимыл иесі

арасындағы   қатынастан   туып,   субьектінің   ішкі   мәнін   түрлендіретін   өзгелік,

ортақ етіс түрлері жасалса,  сабақты етістіктерден  етіс қосымшалары  қосылу

арқылы барлық етіс түрі жасала береді.

Қазақ   тіліндегі   етіс   категориясының   грамматикалық   ерекшеліктерін

көрсету барысында, бұл категорияға қатысты «Қазақ тілі грамматикасындағы»

анықтамасын келтіргенді жөн көрдік: «етіс – етістіктің ерекше категориясы».

Әдетте   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің,   субъекті   мен   объекті   арасындағы

11


(семантикалық-синтаксистік   сипаты)   әр   түрлі   қатынасты   білдіріп,   белгілі

қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады [1,

507-б.]. Келтірілген етіс жайлы теориялық түсініктемеге қосатынымыз: сондай-

ақ   етіс   етістіктің   басты   категориясы   бола   тұра,   өзіндік   тұлғасымен   бірнеше

тілдік   салалармен,   оның   ішінде:   сөзжасам,   морфология,   лексика,   синтаксис,

әрқайсысының тиісті ерекшелігіне сай, тығыз байланыста болатындығы сөзсіз.

Өзіндік   көрсеткіштерімен   етіс   қимыл-әрекет   үстінде   субъект   пен   объектіні

белгілеу барысында сабақты мен салт етістіктер жасалу бағытына да тікелей

қатысып,   етістіктің   есімше,   көсемше   формаларында   да   орын   алып,   күрделі

етістіктер   құрамын   айқындауға   әсерін   тигізіп,   етістіктің   болымдылық   және

болымсыздық категорияларымен де ұштасып отырады.

Бастысы   –   етістіктің   семантикасы,   формасы,   қызметі   өзара   бір-бірімен

тығыз   байланысты   екендігін   ескере   келе,   ал   етіс   етістіктің   қазақ   тілі

грамматикасында «етістік негізі», «қимыл атауы», «салттық және сабақтылық»

категорияларынан   кейін   төртінші   етістік   формалар   жүйесінің   етістікке   тән

грамматикалық категория болғандықтан, қазақ тіліндегі етістің грамматикалық

ерекшеліктерін ашуда, жоғарыда айтылған тілдік  факторлармен байланыстыра

зерттеу   керек   деп   білеміз.  Етіс   жұрнақтары   түбір   етістіктерге   де,   арнаулы

жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-

түрлеріне де жалғана береді. Оқулықтарда етістер негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік

етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай

түсінік берілген: негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды; оған әрбір түбір

я   туынды   етістіктердің   де,   күрделі   етістікгердің   де   негіздері   жатады;   әдетте

етістік негізінің субьекті мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік

негізіне   (амалына)   қатысы   сол   негіздің   бастапқы   лексикалық   семантикасына

қарай   анықталатындықтан,   оның   семантикалық   ерекшелігі,   грамматикалық

(синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды.

Бұл  түсініктің  өзінен   анық  көрінетіндей,  негізгі  етіс   деп  аталатын  етіс

түрінің етістік түбірі деген ұғымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір

болсын,   не   семантикалық   жағынан,   не   формалық   жағынан,   не   синтаксистік

қызметі басқа сөздермен қарым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ

және грамматикалық я лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға,

яғни   негізгі   етіс   деп   аталған,   дұрысында   етістік   түбірі   деген   тұлға   ол

категорияның   бір   түрі   бола   алмайды,   категория   шеңберіне   енбейді,   сол

категория   түрлеріне   негіз   ғана   болады.   Сондықтан   негізгі   етіс   деген   етіс

категориясының түрі жоқ, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі,

туынды, күрделі етістік түбір деген ұғым ғана бар» - деген пікір негізгі етіс

етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. 

Сол   себептен   де   етіс   түрлері   төрт   түрге   бөлінеді,   яғни   етіс

категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана

бар.

Жұмыстың   ғылыми   негіздері   ретінде   А.   Байтұрсынов,   С.   Аманжолов,



А.Қалыбаева-Хасенова, С.Исаев, Ә. Ысқақов, М.Б.Балақаев, А.С. Аманжолов,

Б.Қ. Қасым және белгілі орыс түркітанушы-ғалымдардың: П.М. Мелиоранский,

Н.А. Баскаков, Н.П. Дыренкова, А.Н. Кононов, Н.К. Дмитриев, С.В. Севортян,

12


С.В.   Шкуридин   еңбектеріндегі   қажетті   теориялық   негіздер     басшылыққа

алынды.


Аталмыш ғылыми пікірлерді меңгере келе, ғалым А.С.Аманжоловтың етіс

жайлы ғылыми көзқарасына тоқтауды жөн көрдік. Бастысы – ғалым етісті көне

категория   екендігін   нақтылай   отырып,   қазіргі   тіл   білімі   грамматикасында

қалыптасқан етістің төрт түрін (ырықсыз, ортақ, өзгелік, өздік) Орхон-Енисей

көне   жазбаларында   болғандығын   дәлелдей   келе,   олардың   әрқайсысының

өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді.

Осыған   орай,   біз   етісті   етістікке   тән   категория   екендігін   баса   айта

отырып,   оны   етістіктің   негізгі   категориясы   есебінде   қарастыруымыз   қажет.

Тілші ғалымдардың етіс жайлы пікірлерімен таныса отырып, бұл тақырыптың

толық ашылмаған жақтарымен қатар, қандай да тіл болсын, әр тілде өзіндік

ерекшкліктері бар екендігін мойындауға   келеді. А.С. Аманжоловтың ғылыми

ерекшеліктерінің құнарлығы ғалымның етісті тарихи тұрғыдан қарастыруында

жатыр.   Ғалымның   ойынша,   етіс   ескерткіш   тілдерінде   мағыналық   жағынан

қазіргі күйіндегі етіс мағынасымен сәйкес бола тұра, морфологиялық тұрғыдан

қарағанда,   етіс   жұрнақтарының   өзгешеліктері   мен   ерекшеліктерінің

болғандағын баршамызға паш етіп, зерттеу аясын кеңейте қарастырған ғалым.

Бұл жерде тілдің тарихи тұрғыдан дамуына байланысты көптеген жұрнақтар

түсіп   қалып,   сақталғандары   қазіргі   тіл   грамматикасында   орнығып,   көрініс

тапты.   Осындай   өзгерістерді   ғалым   А.С.   Аманжолов   өзінің   «Көне   түркі

ескерткіштер   тіліндегі   етістіктің   меңгеруі»   атты   еңбегінде   нақты   көрсетуге

тырысып, етістің қазіргі кездегі даму жолында екендігін  баса айтады.

Сайып   келгенде,   тіл   грамматикасында   бұл   категоия   тиісті   орын   алып,

өзіндік ерекшеліктерімен белгілене шектеліп тұрғанына қарағанда, етістікке тән

етіс категориясы нақты  зерттеуді талап етеді деген ойдамыз.

Қазақ тіліндегі етіс категориясының қалыптасу тарихын сөз еткенде, бұл

категорияның   түрік   тілдерде,   соның   ішінде,   қазақ   тілінде,   терең   зерттелу

тарихы   бар   екендігі   айқын   көрінеді.   Олар   сөйлемде   атқаратын   қызметі   мен

беретін   мағынасына   қарай   тұлғалық   ерекшеліктері   бар   қалыптасқан

грамматикалық категорияға жатады.

1. Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің

өзіне қарай жұмсалады. Яғни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш

қызмет   атқарып   тұрған   етістік   өздік   етіс   тұлғасында   тұрады.   Өздік   етіс

баяндауыш   болып   тұрған   сөйлемнің   бастауышында   әрі   субьектілік,   әрі

обьектілік мағына сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды.

Осылай   өздік   етісті   сөйлемде   тура   толықтауыш   болмай,   етістік   мағынасы

жағынан   салт   етістікке   айналып   кететіндіктен,   сөйлем   құрылысы   жағынан

объектісіз сөйлем болады.

Өздік   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің   субьектісіне   қарай   бағытталып,   сабақты

етістікке-ын,-ін,-н қосымшасы қосылу арқылы жасалады. Бірақ барлық сабақты

етістіктерден  өздік  етіс   жасала   бермейді.  Өздік  етіс   жұрнағы   тек  қимыл,  іс-

әрекет субьектінің өзіне қарай бағыттала алатын сабақты етістіктерге жалғану

арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады.

13


Етіс қосымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тән қосымша ретінде өзі

жалғанған   сабақты   етістікті   салт   етістікке   айналдырып   қана   қоймайды,   ол

жалғанған етістік сөйлемдегі бастауыштың әрі субьектісі, әрі обьектісі екенін де

білдіреді.   Өздік   етістің   бастауышы   қимыл   иесінің   қызметін   өзі

атқаратындықтан,   оның   қимылы   тікелей   өзіне   жұмсалатыны   көрініп   тұрады.

2.   Ырықсыз   етіс.   Ырықсыз   етіс   іс   істеуші   арнайы   айтылмай,   ол   іспен

байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің

түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы

(түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс-

әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі

оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып тұрады да, ырықсыз

етіс   жұрнағы   жалғанған   сабақты   етістіктер   салт   етістікке   айналады.   Кейде

қимылды   атқарушы   субьект   жалпы   сөйлемнің   мазмұнынан   сезіліп   тұрады

немесе   грамматикалық   жанама   обьекті   тұлғаларында   тұрып   та   жұмсалады.

Профессор   С.Исаев   өздік   етіс   пен   ырықсыз   етістің   ұқсас   та,   өзгешелік   те

жерлері барын төмендегідей көрсетеді. 

Ұқсастығы: 1) қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я

ырықсыз етіс екені контекстен  ғана байқалады,  сөйтіп бір-бірімен омоформа

жасайды: Ол дәрігерге көрінді және Алыстан бір қара көрінді; 

2)  екеуі   де   сабақты   етістікті   салт   етістікке   айналдырады;   негізгі

айырмашылығы олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық 

(іс   иесі)   субьект   -   грамматикалық   субьекг   (бастауыш)   болады   да,   ал

ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық объект болады.

3)   өзгелік   етіске   қазақ   тілінің   грамматикаларында   «істің   басқа   біреу

арқылы   істелетінін   көрсететін   етістіктің   етіс   түрі   өзгелік   етіс»   деген   ереже

берілген; істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның

алатын   орнын,   ол   субьектінің   негізгі   түрі   екенін   айтпай   кетуге   болмайды,

өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-әрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес,

екінші   бір   субьекті   арқылы   істелетінін,   іске   асыратынын   білдіріп,   етістікке

арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз қосымшаларының бірі жалғану

арқылы   сабақты   етістік   жасалатын   етістіктің   етіс   категориясының   бір   түрі

болып табылады.

4)   ырықсыз   етісті   сөйлемдерді   құрылысына   қарай   былай   топтастыруға

болады:   ырықсыз   етіс   баяндауыш   болған   кейбір   сөйлемдерде   қимыл   иесінің

(agens)   берілуі;   қимыл   иесі   шығыс   септіктегі   жанама   толықтауыш   арқылы

беріледі;   қимыл   иелері   берілмеген   сөйлемдерде   табыс   септіктегі   тура

толықтауыштан басқа іс-әрекеттің бағытын, мекенін, мезгілін, себебін және т.б.

белгілерін   көрсетіп,   септіктің   басқа   түрлерінде   тұрған   сөйлемнің   тұрлаусыз

мүшелері қолданыла береді. 

Бірнеше етістік қатар тұрып, сөйлемнің күрделі баяндауышы болғанда,

өздік   етіс   сияқты   ырықсыз   етіс   аффикстері   де   негізгі   етістікке   жалғанады.

Өйткені,   сөйлемнің   басқа   мүшелерімен   байланысып,   сөйлем   мағынасын

толықтырып   тұратын   негізгі   етістік.   Ырықсыз   етіс   мағынасы   да   сол   негізгі

етістік   арқылы   беріледі.   Қазақ   тіліндегі   етіс   категориясының   грамматикалық

ерекшеліктерін   көрсету   барысында,   бұл   категорияға   қатысты   «Қазақ   тілі

14


грамматикасындағы»   анықтамасын   келтіргенді   жөн   көрдік:   «етіс   –   етістіктің

ерекше   категориясы».   Әдетте   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің,   субъекті   мен   объекті

арасындағы (семантикалық-синтаксистік сипаты) әр түрлі қатынасты білдіріп,

белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістік категориясы [1, 507 б.].

Келтірілген етіс жайлы теориялық түсініктемеге қосатынымыз: етіс етістіктің

басты категориясы бола тұра, өзіндік тұлғасымен бірнеше тілдік салалармен,

оның ішінде: сөзжасам, морфология, лексика, синтаксис, әрқайсысының тиісті

ерекшелігіне сай, тығыз байланыста болатындығы сөзсіз.

Өзіндік   көрсеткіштерімен   етіс   қимыл-әрекет   үстінде   субъект   пен

объектіні белгілеу барысында сабақты мен салт етістіктер жасалу бағытына да

тікелей   қатысып,   етістіктің   есімше,   көсемше   формаларында   да   орын   алып,

күрделі етістіктер құрамын айқындауға әсерін тигізіп, етістіктің болымдылық

және болымсыздық категорияларымен де ұштасып отырады. 

Бастысы   –   етістіктің   семантикасы,   формасы,   қызметі   өзара   бір-бірімен

тығыз   байланысты   екендігін   ескере   келе,   ал   етіс   етістіктің   қазақ   тілі

грамматикасында «етістік негізі», «қимыл атауы», «салттық және сабақтылық»

категорияларынан   кейін   төртінші   етістік   формалар   жүйесінің   етістікке   тән

грамматикалық категория болғандықтан, қазақ тіліндегі етістің грамматикалық

ерекшеліктерін ашуда, жоғарыда айтылған тілдік  факторлармен байланыстыра

зерттеу   керек   деп   білеміз.   Ырықсыз   етісті   сөйлемнің   ерекшелігін   көрсетпек

бұрын,   ырықсыз   етіске   «Қазақ   тілі   грамматикасында»   берілген   толық

анықтамасына   назар   аударуды   қажет   еттік:   «ырықсыз   етіс   деп   қимыл,   іс-

әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура объектісі

оның   грамматикалық   бастауышы   болу   қызметін   атқарып,   тек   сабақты

етістіктерден –ыл, -іл, -л қосымшасы, түбір құрамында л дыбысы болса, -ын,

-ін, -н қосымшасы арқылы жасалатын етістің түрін айтамыз» делінген [1, 509

б.].

Қазіргі кезде қазақ тіл білімінің жетістіктері әлемдік деңгейде бағаланып,



еліміздің   тілін   меңгеруге   шетел   қауымының   қызығушылықтары   арта   түскен

сәтте, тіл грамматикасының жеке бөлшектері де тиісті орын алады. 

Соның   бірі   етіс   бола   тұра,  ырықсыз   етісті   –  қазақ   тілінен   басқа,   әлем

тілдер  етістігінің   басты   категориясы   деп  білеміз.  Бұл  етіс   түрін  әлем  тілдер

грамматикасына ортақ етіс деп те атауға тура келеді. Ырықсыз етістің негізгі

ерекшелігі – «іс-әрекет бар, қимыл жасаушы жоқ», мысалы: «хабар жіберілді»,

«сарай салынды», еңбекте сөз етілген әлемнің қай тілі (ағылшын, қытай, испан,

орыс,  жапон  т.б.)   осыған   қоса,   кейбір  шетел  тілдерінде  де  (неміс, француз),

БҰҰ   мемлекет   тілдерінің   (өзбек,   қырғыз,   украин   т.б.)   жүйелерінде   ырықсыз

етістің  семантикалық  мағынасы  мұқият  сақталған,   бірақ  та  әр  тілдің өзіндік

ерекшеліктеріне   сай,   бұл   етіс   әртүрлі   көрсеткіштермен   берілетіні   сөзсіз.

Сондықтан,   қоғамдағы   тілдік   қарым-қатынастың   негізін   салып,   сөзжасам,

морфология мен синтаксис салаларын біріктіріп тұрған тіл грамматикасын алға

тарта   отырып,   соның   төңірегінде   орын   алған   етістің   –   грамматикалық

ерекшеліктерін де жекеленген сала бөлшектерімен байланыстыра қарастырған

жөн. Жалпы, сөйлем көлемінде ғана өзіндік ерекшелігін нақтылайды дейтініміз,

мәселен, өздік пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгеше де жерлері бар болғандығы

15


осыған дәлел. Ұқсастығы: қосымшалары кейде бірдей болып келетіні, екеуі де

сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылығы: олардың

білдіретін семантикасында жатыр. Етістікті сөз тіркесінде етістік шешуші рөль

атқаратынын   белгілей   келе,   меңгеріле   байланысқан   етістікті   сөз   тіркестері

құрамында етістің де көрінісі бар екендігі рас. Меңгеру табиғатында етістікке

тән   екендігін   тіліміздің   тарихын   айқындауға   негіз   болатын.   Орхон-Енисей

ескерткіштерінің   тілінде   етістіктердің   болсама,   есімдердің   меңгеруі

кездеспейтіні   туралы   қазіргі   заманның   белгілі   ғалымы   А.С.   Аманжоловтың

өзінің   «Көне   түркі   жазу   ескерткіштері   тіліндегі   етістіктің   меңгеруі»   атты

ғылыми еңбегінде бұл мәселе жөнінде айтылған пікірі дәлелдейді [2].

Тақырып желісіне үңіле түскен сайын қазақ тілінің етіс категориясы да

стильдік   сипатқа   ие   екендігін   мойындауға   тура   келеді,   етістің   әр   стильдік

тармақтарда, әдебиеттің әртүрлі жанр шеңберінде қарастыра, сипатын айқындау

– ғылыми ізденіс пен зерттеу күтіп тұрған мәселелердің бірі деп білеміз. Етістің

әдебиеттің   әр   жанры   түрінде   қолданыс   аясын   ашу   –   етіс   табиғатының   қыр-

сырын анықтауда бұдан да арта түсер еді. Аталмыш тақырыпты ашу барысында

алға қойылған мақсатымызға сай, қазақ тіліндегі етіс категориясының лексика-

грамматикалық   табиғатын   анықтауға   бетбұрыс   жасап,   қойылған     талапты

өтеуге  талпыныс  еттік.

Тілдік   бірліктерді   жүйелі   түрде   зерттеп,   оларды   бір-бірімен   қарастыра

қарап, кешенді түрде тұтастықта қабылдау қалпы керек етіліп, уақыттың талабы

– әр тілдік құбылысты байланыс шеңберінде қарастыруы алға қойылып отыр.

Етіс категориясының сандық көлемі жөніндегі пікірлер де біркелкі емесе. Егер

тілші-ғалым А. Байтұрсынұлы етістің он түрін, С. Аманжолов етістің үш түрін,

А. Ысқақов бес түрін, Н. Сауранбаев пен Ғ. Беғалиев – сегіз түрін көрсетсе,

ғалымдар А. Қалыбаева – бес түрін, Ы. Маманов – төрт түрін, қазіргі заман

ғалымы  А.С. Аманжолов етістің төрт түрін ғылыми еңбектерінде белгілейді.

Бұл келтірілген жайт – етістің күрделілігін айқындай түседі. Етіс – лексика-

грамматикалық категория бола тұра, оның табиғаты функционалдық тұрғыдан

қарастырғанда   толық   ашылады.   Түбір   сөздің   мағынасы   мен   ол   арқылы

жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты, бұл сөзжасауда үнемі

сақталатын   заңдылық.   Лексикалық   мағынасы   болмаса,   одан   туынды   түбір

жасалмас   еді.   Сөзжасам   жүйесіндегі   жұрнақтардың   әрқайсысының   өзіндік

мағынасы бар, бір жұрнақтың өзі бірнеше мағына білдіре береді, сондықтан да

бұл жайт – етісті лексика-семантикалық категория екендігінің де дәлелі. Қазақ

тілінде   етіс   категориясы,   негізінен,   морфологиялық   тәсіл   арқылы   жасалады.

Әрбір етіс түрі арнайы аффикстермен сипатталады және барлық етістіктен етіс

формасын жасауға болады.

 Алғашқы грамматикалардан бастап, 30-жылдарға дейінгі еңбектерде етіс

түрліше   бөлініп   келді.   Бұл   категория   50-жылдардан   бастап   арнайы   зерттеу

нысанына   алынып,   ғылыми   негізде   қарастырыла   бастады.   Оған   Н.А.

Баскаковтың «Залоги каракалпакского языка» (1951), А. Қалыбаеваның «Қазақ

тіліндегі   етіс   категориясы»   (1951),   өзбек   тілінің   етістері   жөнінде   С.А.

Фердаустың,   түркімен   тілінің   етіс   категориясы   туралы   Б.Ч.   Арыяровтың,

башқұрт тілінің  етістері   жөнінде   А.Х.  Фатыховтың  диссертацияларын  атауға

16


болады.   Етіс   қосымшалары   түркологияда   үш   түрлі   бағытта   (сөз   тудырушы,

форма   тудырушы,   екі   функциялы)   зерттелгендігі   байқалады.   Өз   зерттеуінде

Н.А.   Баскаков   сөз   тудырушы   деп   анықтаса,   қазақ   тіл   білімінде   етіс

категориясын   арнайы   қарастырған   А.Қалыбаева   сөз   тудырушы   қосымша   деп

қарастырады.   Дегенмен, түркологияда етіс қосымшаларын форма тудырушы

деп   анықтаушылар   саны   өте   көп.   Олардың   қатарында   А.Щербак,   Б.А.

Орузбаева, Ф.А. Ганиев және т.б. атауға болады.  А.С. Аманжоловтың ғылыми

жұмысының   маңыздылығы   мен   жаңалығы   келесі   мәселелерге   байланысты.

Ғалым етісті тарихи тұрғыдан  қарастырып, ескерткіш  тілдеріндегі  етістердің

мағыналық   жағынан  қазіргі  күйіндегі  етіс  мағынасымен   сәйкес   келетінін,  ал

морфологиялық тұрғыдан етіс жұрнақтарының өзгешеліктері мен ерекшеліктері

бар   екендігін   көрсеткен.   Лингвист-ғалым   етісті   зерттеу   аясын   кеңейте

қарастырған ғалым. 

Бұл   жерде   тілдің   тарихи   тұрғыдан   дамуына   байланысты   көптеген

жұрнақтар   түсіп қалып, сақталғандары қазіргі тіл грамматикасында орнығып,

көрініс тапты. Осындай өзгерістерді ғалым А.С.  Аманжолов өзінің «Көне түркі

ескерткіштер   тіліндегі   етістіктің   меңгеруі»   атты   еңбегінде   нақты   көрсетуге

тырысып, етістің қазіргі кездегі даму жолында екендігін   баса айтады. Сайып

келгенде,   тіл   грамматикасында   бұл   категория   тиісті   орын   алып,   өзіндік

ерекшеліктерімен белгілене шектеліп тұрғанына қарағанда, етістікке тән   етіс

категориясы нақты  зерттеуді талап етеді деген ойдамыз.

Қазақ тіліндегі етіс категориясының қалыптасу тарихын сөз еткенде, бұл

категорияның түрік тілдерде, соның ішінде, қазақ тілінде терең зерттелу тарихы

бар екендігі айқын көрінеді.

Олар   сөйлемде   атқаратын   қызметі   мен   беретін   мағынасына   қарай

тұлғалық ерекшеліктері бар қалыптасқан грамматикалық категорияға жатады.

1.   Өздік   етіс.   Өздік   етісте   субьектінің   қимылы   басқа   обьектіге   емес,

субьектінің өзіне қарай жұмсалады. Яғни субьекті өз-өзіне обьекті болады да,

баяндауыш қызмет атқарып тұрған етістік өздік етіс тұлғасында тұрады. Өздік

етіс   баяндауыш   болып   тұрған   сөйлемнің   бастауышында   әрі   субьектілік,   әрі

обьектілік мағына сақталатындықтан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды.

Осылай   өздік   етісті   сөйлемде   тура   толықтауыш   болмай,   етістік   мағынасы

жағынан   салт   етістікке   айналып   кететіндіктен,   сөйлем   құрылысы   жағынан

объектісіз сөйлем болады.

Өздік   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің   субьектісіне   қарай   бағытталып,   сабақты

етістікке   -ын,-ін,-н   қосымшасы   қосылу   арқылы   жасалады.   Бірақ   барлық

сабақты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. 

Өздік   етіс   жұрнағы   тек   қимыл,   іс-әрекет   субьектінің   өзіне   қарай

бағыттала   алатын   сабақты   етістіктерге   жалғану   арқылы   жасалады   және   сол

сабақты   етістікті   салт   етістікке   айналдырады.   Етіс   қосымшасы   -ын,   -ін,   -н

негізінде өздік етіске тән қосымша ретінде өзі жалғанған сабақты етістікті салт

етістікке   айналдырып   қана   қоймайды,   ол   жалғанған   етістік   сөйлемдегі

бастауыштың   әрі   субьектісі,   әрі   обьектісі   екенін   де   білдіреді.   Өздік   етістің

бастауышы қимыл иесінің қызметін өзі атқаратындықтан, оның қимылы тікелей

өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.

17


2.   Ырықсыз   етіс.   Ырықсыз   етіс   іс   істеуші   арнайы   айтылмай,   ол   іспен

байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістіктің

түрін айтады. Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л қосымшасы

(түбір құрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс-

әрекеттің өздігінен орындалатын мән үстеп, қимыл, іс-әрекеттің тура обьектісі

оның грамматикалық бастауышы болу қызметін атқарып тұрады да, ырықсыз

етіс жұрнағы жалғанған сабақты етістіктер салт етістікке айналады. 

Кейде қимылды атқарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп

тұрады   немесе   грамматикалық   жанама   обьекті   тұлғаларында   тұрып   та

жұмсалады.   Профессор   С.Исаев   өздік   етіс   пен   ырықсыз   етістің   ұқсас   та,

өзгешелік те жерлері барын төмендегідей көрсетеді.

Ұқсастығы: 1) қосымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я

ырықсыз етіс екені контекстен  ғана байқалады,  сөйтіп бір-бірімен омоформа

жасайды:  Ол   дәрігерге   көрінді  және  Алыстан   бір   қара   көрінді;   2)  екеуі   де

сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. 

Негізгі айырмашылығы олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте

логикалық (іс иесі) субьект - грамматикалық субьект (бастауыш) болады да, ал

ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалық объект болады.

3)   өзгелік   етіске   қазақ   тілінің   грамматикаларында   «істің   басқа   біреу

арқылы   істелетінін   көрсететін   етістіктің   етіс   түрі   өзгелік   етіс»   деген   ереже

берілген.   Бұл   айтылғаннан,   яғни   істі   басқа   біреу   істегенімен,   оны   істеуші

субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін

айтпай   кетуге   болмайды.   Өйткені,   өзгелік   етіс   қимыл,   іс-әрекеттің   тікелей

субьектінің   өзі   арқылы   емес,   екінші   бір   субьект   арқылы   істелетінін,   іске

асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз,-гіз

қосымшаларының  бірі  жалғану   арқылы  сабақты   етістік  жасалатын   етістіктің

етіс   категориясының   бір   түрі   болып   табылады.  Қазақ   тіл   білімінде   етісті

Ы.Маманов  грамматикалық  категория  ретінде қарап, етіс формаларын форма

тудырушы қосымшалар қатарына қосады. Бірақ бұл қосымшалар туралы даулы

пікір әлі күнге дейін жалғасып келеді. Етіс қосымшалары жалғану мүмкіндігі

жоғары қосымшалардың қатарынан орын алады. 

Етіс жұрнақтарының сөзге жалғану жиілігіне 10 томдық түсіндірме сөздік

бойынша   статистикалық   зерттеу   жүргізген   С.Мырзабеков   сөздіктегі   етіс

формаларының саны 22 мыңнан асып кетеді. Бұл сөздіктегі барлық сөздің 33

пайызына тең деп көрсетеді. 

Демек,   етіс   қосымшаларының   сөзге   жалғану   мүмкіндігі   мол,   олар  

Ы.   Маманов   көрсеткендей,   грамматикалық   абстракция   жасай   алады.   Етіс

қосымшаларының   сөзжасам   мен   формажасамға   қатысын   зерттеген  

А. Жаңабекова етістердің жоғарыда аталған ерекшеліктерін ескере келе, «етіс

қосымшалары барлық кезде сөз тудыру қатарын құрай бермейді, тек объектілік-

субъектілік қатынасты білдіріп, грамматикалық категория құрай алады» деген

қорытынды шығарады.                                                        

Ғалымның   пікірінше,   етіс   категориялары   белгілі   бір   етістік   тобына

түгелдей   жалғанып,   грамматикалық   абстракция   жасайды.    Ал   оның   кейбір

сөздердің   құрамында   келіп,   лексикалық   дербестікке   жетуі   етіс

18


қосымшаларының сөзжасамдық қабілетінің емес, сөзжасамның семантикалық

тәсілінің,   яғни   мағына   дамуының   нәтижесі   деп,   Ы.   Маманов,   С.   Исаев

пікірлерімен орайлас тұжырым жасайды [6]. 

Ы. Маманов қазақ тіліндегі салт, сабақты етістіктер мен етіс категориясын

бір-бірімен   тығыз   байланыста   қарастырады.   Өздік,   өзгелік,   ырықсыз   етіс

мағыналары салт, сабақты етістіктердің грамматикалық формаларынан туатын

семантикалық   ұғым   деп   түсіндіреді   [13,   36   б.].  Қазақ   тіл   білімінде   етіс

құрылымдық   аспектіден   етістіктің   грамматикалық   категориясы   ретінде

қарастырылса, функционалды грамматикада етіс (залоговость) функционалды-

семантикалық   категория   болып   табылады.   Функционалды-семантикалық

категориялар   көбінесе   етістік   категорияларына   негізделгендігі   байқалады.

(кесте 1).   

Кесте  №1

Тіл білімі аспектілеріне байланысты етістің мәртебесі

Құрылымдық тұрғыдан

Функционалдық тұрғыдан 

Етіс – грамматикалық категория Етіс   -   функционалды-семантикалық

категория

Мысалы,   аспектуалдылық   категориясы   құрылымдық   грамматикадағы   –

қимылдың   өту   сипаты   (вид)   категориясына,   темпоралдылық   –   шақ

категориясына,   модалдылық   –   рай   категориясына,   персоналдылық   –   жақ

категориясына негізделген. (кесте 2).   

Кесте  №2

Құрылымдық грамматикадағы аспектуалдылық категориялары

қимылдың   өту

сипаты


темпоралдылық

модалдылық

персоналдылық

вид категориясы

шақ категориясы

рай категориясы

жақ категориясы

Ы.Маманов   зерттеулерінде   етіс,   негізінен,   объектілік,   субъектілік   және

көпмағыналық қатынастармен сипатталады. Етіс категориясын функционалды

грамматика тұрғысынан зерттеу болашақтағы іс деп білеміз.

Лексиканың   –   сөз   мағынасын,   яғни   сөздік   қорын   зерттейтін   ғылым

екендігін   біле   тұра,   бұл   саламен   етістің   де   тығыз   байланысы   бар   дейміз,

мысалы   мынадай   сөйлемдерді   алып   қарағанда:  оқушы   жазды,   мұғалім

жаздырды, сөз жазылады  етістіктерінің мағыналары мен түрленуі-істеушінің

(субъектінің) іске (объектіге) қатынасының әркелкі болып келуіне байланысты.

Осы тұжырымдаманың тағы да бір дәлелі ретінде етіс анықтамасын келтіруге

болады. Сөйтіп, етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа (объектіге)

қатынасына   байланысты   мағыналық   және   тұлғалық   жақтан   құбылуын   етіс

дейміз.   Жоғарыда   көргеніміздей,   етістіктердің   өзіндік   мағынасы   және     де

морфологиялық көрсеткіштері бар. Соған сәйкес етістердің де түрлері белгілене

түседі.                                                         

19


Қазіргі  тілімізде қолданылатын бірсыпыра етістік түбір (не негіз) күйінде

әрі   салт,   әрі     сабақтылық   мән   береді.   Ондай   етістіктердің   қай   ыңғайда

айтылғандығы   тек   сол   контекст   құрамында   ғана   айқындалады.   Салт   және

сабақты етістіктер (лексикалық   тұрғыдан) бірінен екіншісіне ауысып жатады.

Тіл білімі мәселесіндегі етіске қатысты зерттеуші мамандардың көзқарастары

мен пікірлерінен тұрақты тоқтам жасарлық нәтиже шығуы тым ұзаққа созылуда

десек,   артық   болмас.   Өйткені   қазіргі   кезге   дейін   етіс-етістіктің   ерекше

категориясы   екендігін   айта   отырып,   бұл   категорияның   әлі   де   шешілмеген

жақтары көп.

Айта   кету   керек,   етіс   жұрнақтары   семантикалық   сипаты   жағынан

сөзжасам   қосымшаларына   жақын.   Кейбір   түрлері   жаңа   сөз   жасап,   етіс

қосымшалы  етістік негізгі сөздік  құрамынан жеке лексикалық  бірлік ретінде

орын   алған.   Қолданыстағы   етістіктер   етіс   қосымшалары   арқылы   жасалған

туынды түбір негізгі түбірден туған жаңа мағыналы сөздер болып табылады,

мысалы:  бер, жаз  түбірлерден –іл, ыл ырықсыз қосымшалары арқылы жаңа

мағыналы  (оқуға берілді, ауруынан жазылды) сөздер жасалады.

Осындай құбылыстарды талдау нәтижесінде кейбір етістіктің құрамында

келіп, жаңа туынды түбір, демек негізгі  түбірден    өзгеше  жаңа   лексикалық

мағына  білдіретін, мысалы:  қыз айттыру, олар   бәрібір   табысады   тәрізді

сөздердің  сөздік  құрамнан бөлек  орын алуы тек қана  етіс қосымшаларының

жалғану   нәтижесі   емес,   одан   да   гөрі   семантикалық   үрдістің     (сөзжасамның

синтетикалық   тәсілінен   басқа   семантикалық   тәсілінің)   басым   болуынан

байқалады.

Сөйтіп,   етіс   тұлғалары   тек   қана   сөзжасам   қосымшалары   емес,   етістің

лексика-грамматикалық   категориясы   болып   та   табылады.   Мағыналық

ерекшіліктері   мен   синтаксистік   қызметіне   және   тұлғалық   ерекшеліктеріне

негізделіп, қазақ тіліндегі етістіктерді де: негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс,

ортақ етіс және өзгелік етіс деп беске бөліп жүр. Бірақ, 1967 жылғы «Қазақ  тілі

грамматикасында»   негізгі   етіс   деп   аталатын   етіс   түрінің   етістік   түбірі   деген

ұғымынан ешбір айырмашылығы жоқ деп көрсете келе, негізгі етіс деген етіс

категориясының   түрі   жоқ   деп   көрсете   келе,   негізгі   етіс   деген   етіс

категориясының түрі жоқ деп жазылған еді [63, 509 б.]. 

Тіліміздегі   өздік   пен   ырықсыз   етістіктерді   салыстырғанда,   олардың

ұқсастықтарымен   қатар,   айырмашылықтары   бұлардың   білдіретін

семантикасында жатыр дер едік, себебі өздік етісте логикалық (іс иесі) субъект-

грамматикалық субъект  (бастауыш) болады, ал ырықсыз етісте грамматикалық

бастауыш   логикалық   объект   болады.   Өзгелік   етісте   қимылды,   әрекетті   іске

асырушы субъекті бір емес, екеу болады. Өзгелік етіс тек сабақты етістіктен

жасалады. Ал салт етістікке өзгелік етіс жұрнағы жалғанғанда іс-әрекет иесі

жаңадан пайда болады да, қимылды тікелей өзі орындайды; салт етістік сабақты

етістікке   айналады;   салт   етістіктегі   грамматикалық   бастауыш   (субъекті)

сабақты етістіктің тура объектісіне айналады; екінші объект –агенс, іс-әрекетті

тікелей   орындаушы   субъекті   болмайды.   Өзгелік   етіс   қосымшасы   бір   түбірге

бірінің   үстіне   бірі   жалғана   береді,   бұл   тек   өзгелік   етіс   қосымшаларының

ерекшелігі болып табылады [39, 68 б.]. 

20


Ортақ  етіс туралы   айтар болсақ,  ортақ  етіс  мағынасы   мен  қосымшасы

етістің басқа түрлерінен сабақтылық-салттық сипатқа бейтарап болуы негізінде

ерекшеленеді.

Ортақ етістің тағы бір ерекшелігі –қимыл атауын білдіруге бейім тұрады

да, кейбіреулері сол арқылы заттық ұғымның пайда болуымен зат есім болып

кетеді, мысалы: соғыс, айтыс, байланыс

Ортақ етіс   пен өзгелік  етістің семантикасында  ұқсастық бар: екеуі де

қимылдың,   іс-әрекеттің   бір   субъекті   емес,   бірнеше   субъекті   арқылы

орындалатынын   білдіреді,   бірақ-агенс   міндетті   түрде   болады,   ол   –қимыл,

 іс - әрекетті тікелей орындаушы, ал ортақ етісте бұлар жоқ.

Жалпы,   етіс   категориясының   лексикамен   байланысы   оның   нақты   мән-

мағынасында жатыр. Тұтас бір категория есепті танылатын әрбір жеке етістің

мағыналық   және   тұлғалық   дербестігі   –   олардың   бір   сөзде   бірнешеуінің

қатарласа тіркесіп, қолданылуына мүмкіндік береді.

Осыдан барып етістіктер:  ізде, іздес, іздестір, іздет, іздестірілген  тағы

басқа   тұлғалық,  соған   сәйкес  мағыналық   өзгешеліктермен   қолданыла  береді.

Күрделене қолданылып тұрған етістіктердің соңғы сыңары да өз лексикалық

мәнін түгел немесе жартылай сақтап   тұрған жағдайда етіс аффикстер екеуіне

де  бірдей   қосылып  қолданылады:  Қара  тас,  көмір,   қалайын,  Шыңыраудағы

мұнайын Жүгенделіп алынды (Жароков).

Етіс аффикстерінің жаңа немесе үстеме мағыналы сөз тудырудағы рөлін

етіс аффиксінің бірінсіз, дербес сөз болып, қолданыла алмайтынын мына көне

туынды түбірлерден де анық байқауға болады: оя-н мен оя-т, жа-н мен жа-қ,



үйре-н мен үйре-т.

Сайып   келгенде,   етіс   аффикстері   өзінің   тікелей   мағыналарымен   қатар

жаңа   сөз   тудырушы   категориялар   тобына   жатады,   мысалы:  жағала  (суды,

өзенді)   мен  жағалас  (екеуі   жағаласып   қалды),  сырла  мен  сырлас    тағы   да

басқалары   етіс   аффикстерін   жалғаулар   тобынан   бөліп   қараудың   дұрыстығын

дәлелдейді.

Сөз таптары, оның ішінде етіске қатысты етістікті сөз етсек, олар өзіндік

жалпы   категориялы   мағынаға   ие   болады,   морфологиялық   жағынан

тұлғаланады.   Сөз   тудырушы   және   сөз   түрлендіруші   арнайы   формаларға   ие

болып, сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруға икемделеді.

Қ. Жұбановтың анықтамасы бойынша, етіс дегеніміз «мағына  жағынан

істеуші мен  істелушінің  арасында қандай қатынас барын көрсететін категория,

мысалы: жүр-салт, (мұның істелушісі жоқ), жаз – сабақты (мұнын істелушісі

табыс   сөзбен   аталған:  мен  (істеуші)  хатты  (істелуші)  жаздым  (іс);  жу-ын-

өздік (мұның істелушісі істелушінің өзі: жуындым – өзімді өзім жудым) [72, 383

б.].


Еңбегінің   үшінші   ескертуінде   тілші-ғалым   бұрынғы   өзгелік   етіс   пен

беделді   етістің   екеуін   бір   қосқандығын   дәлелдей   келіп,   сағыс   етіс,   бұрынғы

дүркінді етіс түрлерін грамматика көлемінен шығарып тастағанын айтады. 

Сонымен,   етістің   лексикамен   байланысы,   ең   алдымен,   оның   мағына

білдіру қасиетінде жатқаны сөзсіз. Сөйтіп, қазақ тіліндегі етістер де басқа түркі

21


тілдеріндегідей, өз алдында жеке бөліп қарауға келетін, дербес грамматикалық

категория   болып   танылады.   Іс-әрекетпен   субъекті   және   объекті   арасындағы

қарым-қатынасты  білдіретін бұл категория  етістіктің басқа категорияларынан

өзінің   мағыналық   және   тұлғалық   өзгешеліктері,   сондай-ақ,синтаксистік

қызметтері жағынан ерекшеленеді.                                                               

Етіс   мағынасын   білдіретін     аффикстер   негізгі   және   туынды   түбір

етістіктердің  болымды   түріне қосылады.  Болымсыздық  мағына  беретін  –ма,

-ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнағы:  көр-сет-пе, жаз-дыр-ма, жу-ын-ба  болып, әр

уақыт   етіс   аффикстерінен   соң   қосылып   айтылады.   Етіс   аффиксі   қосылған

сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер құрамына енеді,

сондықтан да, бұл категория сөз тудырудың морфологиялық әдісіне жатады.

Етіс   аффиксті   етістіктердің     мағыналық   және   синтаксистік   қызметі

сөйлем ішінде толық  және әр жақты танылады.                                                 

Олай     болатын     себебі,   біріншіден,   сөйлемнің     бастауыш   және

толықтауыш   мүшелері   арқылы  етістік   пен   субъект   және   объекті   арасындағы

қарым-қатынас толық ашылса, екіншіден, етістіктің салт немесе сабақты болып

келуі де өз мәнінде көрінеді. 

Қазақ     тіліндегі     етіс   аффикстері   етістіктің   негізгі   және   туынды

түбірлеріне   тікелей   жалғанады.   Етістіктің   түбіріне   тән   грамматикалық

болымсыздық «ма»-ның өзі етіс аффикстерінен соң келеді. Етіс аффикстерінің

түбірімен   кіріге   айтылуы   оның   қолданыла   келе   лексикалық   категорияға

айналып, қалыптасып кетуіне мүмкіндік туғызады да, етіс аффиксі қосылған

туынды түбірдің үстіне болымсыздық «ма» қосылып, не қосылмай, етістіктің

болымды, немесе   болымсыз   түбірі   есебінде етістіктің шақ, рай, жақ, кейде

екінші,   не     үшінші   дәрежелі     етіс     аффикстерімен   түрленіп,   сөйлемде

баяндауыштық  қызмет атқарады. 

Түбірден соң   қосылған етіс аффиксінен кейін етістің екінші, не үшінші

дәрежелі аффикстері бірінен соң   бірі тіркеле   жалғанады да, олардың   үстіне

етістіктің басқа грамматикалық  категорияларының  аффикстері қосылады.

Күні бүгінге дейінгі қазақ тілі жайында жазылған грамматикаларда етіс

аффикстері қосылған туынды түбір етістіктер сөйлемнен тыс, тек түбір тұлғада

алып   қаралды.   Бұлай     қарау     арқылы   етістердің   жасалу   амалдарын   ғана,

болмаса,   беретін   мағыналары   мен     сөйлемдегі     қызметін     толық     айқындау

мүмкін     емес     еді.   Өйткені,   етіс   категориясының     сөйлем     мүшелерінің

грамматикалық   тұлғаларын   белгілеп,   олардың   ішкі     мәндерін     түрлендіріп,

сөйлем   құрылысына   енгізетін   өзгерістерінің     бірде-бірі   айқындалмай,   етіс

категориясының     грамматикадағы   орны     толық   ашылмай   қалып   отырады.

Сондықтан,   бұл   тарауда   әрбір   етістің   жасалу   амалдары   мен   мағыналары

сөйлем  ішінде жеке-жеке  беріледі. 

Өздік     етісте     сабақты     етістік   субъекті   қимылының     объекті   арқылы

орындалуын көрсететін болса, өздік етісте субъектінің қимылы басқа объектіге

емес,   субъектінің   өзіне   қарай   жұмсалады.   Өздік   етісті   сөйлемде   тура

толықтауыш берілмейтін болған соң, етістік мағынасы жағынан салт етістіккеи

айналады да, сөйлем  құрылысы жағынан  объектісіз  болады. 

22


Өздік  етістің  жасалу  амалдарын  қарастырсақ, бұл етіс етістік түбіріне –

ын, -ін, -н және -ыл, -іл, -л  аффикстерінің  қосылуы арқылы жасалады. –ын, -ін,

-н аффикстері, негізінде, өздік етіске тән. Түбір соңы  дауыссыз  дыбысқа бітсе,

сөздің   жуан-жіңішкелігіне   қарай   –ын,   -ін   аффикстерінің   бірі,   -н   дауысты

дыбыстарға біткен түбірлерден соң  қосылады.

Егер   атау   тұлғадағы     бастауыш     қимыл   иесі   болумен   бірге   объекті

мағынасын да берсе, етістік  өздік  етіс мағынасында, егер бастауыш қимыл иесі

болмай, тек объекті мағынасында айтылып, актив субъекті сөйлемде берілмесе,

етістік ырықсыз етіс мағынасында жұмсалған.

Сонымен, өздік етіс мағынасы   етістік түбіріне белгілі   аффикс қосылу

арқылы   жасалады.   Өздік     етіс   тұлғасындағы   етістік   етістіктің   басқа

грамматикалық   категорияларының     бәрінен   түрленіп,   негізінде,   сөйлемде

баяндауыш болып қызмет атқарады. Өздік етіс тұлғасындағы етістік қос сөздер

тұлғасында   және   көмекші   сөздермен     күрделеніп,   сөйлемнің   бір-ақ   мүшесі

болып қызмет атқара алады.

Сөйтіп,   актив   және   пассив   субъекті   мағыналарынң   бастауыш   арқылы

берілетінін көрсететін етістің түрі өздік  етіс делінеді десек,  ырықсыз етістің

бастауышында пассив  субъектілік қана ұғым болады. Ырықсыз  етісті сөйлемде

қимыл   иесі,   актив   субъекті   сөйлемнің   белгілі   мүшесі     болып     берілу   қазақ

тілінде қалыптаспаған. Қимыл иесі  бастауыш  арқылы  берілмесе де, іс  істеуші

басқа біреу екені сөйлемнің жалпы мазмұнынан  айқындалады. 

Сонымен, ырықсыз  етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышы

қимылдың іске   асу- аспауында   пассив   субъекті   болып   қалады   да, қимыл

иесі, көбінесе, берілмейді. Қимыл иесінің  кейбір сөйлемдерде барыс, шығыс

немесе көмектес септіктеріндегі жанама толықтауыш болып берілуі, тілімізде

сирек кездеседі.

I . Ырықсыз етіс, негізінде, сабақты етістіктерге –л, -ыл/-іл аффикстерінің

қосылуы арқылы  жасалады.

II. Ішінде –л дыбысы бар сабақты етістіктер ырықсыз етіс мағынасында

қолданылғанда, етістік түбіріне өздік етістігі делінетін –н,-ын/-ін аффикстерінің

бірі  қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет