Б. Момышұлы, is considered as an important element of artistic skill principles and of the writers worldview. Keywords: memoirs, portrait, story



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі312,99 Kb.
#5488

«Theoretical &Applied Science»

                                        

www.T-Science.org

 

 

120 



 

 

SECTION 29. Literarе. Folklore. Translation Studies. 



 

Otesh  Zhibek Amirovna 

 lecturer of the Department "Philology and journalism", 

Taraz State University named after M.Kh. Dulati, Kazakhstan 

 

THE SKILL OF THE CREATION OF THE PORTRAIT - AN 



INDICATOR OF THE WRITERS  WORLDVIEW 

 

The article considers the question writer's skill Б.Момышұлы. So as not 

being  a  professional  literary  critic  and  a  writer's  story  «Our  family»  became 

one of the most prominent works in the Kazakh prose. In particular portrait in 

the work Б.Момышұлы, is considered as an important element of artistic skill 

principles and of the writers worldview. 

Keywords: memoirs, portrait, story. 

 

УДК 82-93:087.5 

 

МАСТЕРСТВО СОЗДАНИЯ ПОРТРЕТА – ПОКАЗАТЕЛЬ 

ПИСАТЕЛЬСКОГО МИРОВОЗЗРЕНИЯ 

 

В  статье  рассматривается  вопрос  писательского  мастерства 

Б.Момышұлы.  Так как  не  являясь профессиональным  литературоведом и 

писателем  его  повесть  «Наша  семья»  стала  одним  из  особенных 

произведений  в  казахской  прозе.  В  частности  портрет  в  произведении 

Б.Момышұлы 

рассматривается 

как 

важнейший 

элемент 

художественного мастерства и писательского мировоззрения.   

Ключевые слова: мемуары, портрет, повесть. 

 

ПОРТРЕТ ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ – ЖАЗУШЫ ТАНЫМЫНЫҢ 

КӨРСЕТКІШІ 

 

Əр  дəуірде, оның ішінде, əрине,  қазіргі  кезде  көркем  шығармадағы 

адамдарды аса биік көркемдік талаптарға сəйкес барынша терең де, толық 

бейнелеген  уақытта  олардың  жан  дүниесі  де,  адамгершілік  құнды 

қасиеттері де айқын ашылатыны, жан-жақты танылатыны белгілі. Себебі, 

«əдебиет адамды тану өнері деп танылғанда, əр шақта, əр дəуірде адамды 

оның жан дүниесінің, жаратылысының барынша шарқына жеткен шағына 

апара түсіп суреттеу керек болатын» [ 1, 395-б].  

Көркем  туындыда  адам  образын  мүсіндеп  айқындай  түсудің 

жолдары  көп.  Көркемдік  бейнелеудің,  яғни  шығарманың  көркемдік 

компоненттерінің  қай-қайсының  да  адам  бейнесін  толыққанды  етіп 


 Advances in techniques & technologies,  30.10.2013    

 

 



Milan, Italy

 

 



 

121


 

 

 



шығарудағы  рөлі  ерекше  екені  əр  уақытта  ескерілуге  тиіс.  Көркем 

шығармадағы адам бейнесін айқындайтын көркемдік компонеттердің бірі – 

портрет.  Портрет  əдебиеттің  барлық  жанрларында  түгелдей  қолданыла 

бермейтіні  де  мəлім.  Портрет,  негізінен,  прозалық,  поэзиялық 

шығармаларда,  əсіресе,  сюжетті  эпикалық  туындыларда  қолданылатын 

бейнелеу құралдарының бірі. 

Əдебиеттің  классиктері,  теорияшылары  шығармадағы  адам 

портретіне айрықша назар аударып, əрдайым үлкен көңіл бөліп отырғаны 

əдебиет  тарихынан  белгілі.  Олар  эпикалық  шығармадағы  образды  аша 

түсудегі  көркем  портреттің  атқаратын  рөлінің  маңызды  екенін  баса 

көрсетіп отырған.  

Қай  ұлт  əдебиеті  болмасын,  онда  да  осы  көркем  тəсілдің  мəн-

маңызын  белгілеп  өткен.  «Писатель  должен  смотреть  на  своих  героев 

именно как на живых людей, а живыми они у него окажутся, когда он в 

любом из них найдет, отметит и подчеркнет характерную, оригинальную 

особенность речи, места, фигуры, лица, улыбки, игры глаз и т.д. Отмечая 

все это, литератор помогает читателю лучше видеть и слышать то, что им, 

литератором изображено. Людей совершенно одинаковых – нет, в каждом 

имеется  свое  –  и  внешнее  и  внутреннее»  [2,  117-118-б]  -  деп  А.М. 

Горькийдің  портреттің  образ  жасаудағы  қажеттілігін  жеткілікті 

сипаттағанын көреміз. 

Сонымен кейіпкер портреті əр түрлі тəсілмен беріледі: 

-  кейіпкердің  кескін-келбетін,  жүріс-тұрысын,  қимыл-қозғалысын, 

киім  киісін  суреттеу  арқылы  оның  мінез-құлқы  ашылып,  толық  бейнесі 

жасалады; 

-  портрет  жасауда  əр  түрлі  тəсілдер  қолданылады.  Кейде  жазушы 

кейіпкерлердің  портретін  басқа  бір  кейіпкерлердің  көзімен,  соның 

суреттеуімен береді; 

- портрет диалог арқылы беріледі

- монолог арқылы беріледі;  

- авторлық баяндау арқылы беріледі. 

Ал, жауынгер-жазушы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының 

шығармаларын  алатын  болсақ,  онда  портреттердің  жасалу  шеберлігі 

соншалықты  көркем  болмаса  да  нанымды  суреттеліп,  шығарманың 

шынайылылығын,  творчестволық  табиғатын  арттыра  түскен.  Əрине, 

Б.Момышұлы  кəсіби  жазушы  емес,  арнайы  əдебиеттік  білімі  де  жоқ. 

Дегенмен  ол  адам  жанының  тұңғиығына  бойлай  білген,  адам  мінезінің 

қыр-сырын  түсіне  білген  сұңғыла  психолог.  Оның  соғысқа  дейінгі 

шығармасы  («Ұшқан  ұя»  повесі)  оқырман  жүрегіне  қалай  жол  тапса, 

соғыстан  кейінгі  жазған  əңгімелері  мен  естеліктері  («Москва  үшін 

шайқас»,  «Генерал  Панфилов»,  «Куба  əсерлері»,  «Я  помню  их», 

«Жауынгердің  тұлғасы»,  «Адам  қайраты»,  «Қанмен  жазылған  кітап»)  де 



«Theoretical &Applied Science»

                                        

www.T-Science.org

 

 

122 



 

 

соншалықты  шынайы,  өмір  шындығын,  соғыс  шындығын  суреттеген 



құнды дүниелер болып қалды. 

«Мен  писатель  емеспін,  я  честно  признаюсь.  Я  это  категорически 

отрицаю.  Мен  –  мемуариспін.  Мемуар  деген  сөзді  түсіну  керек.  Ол  ой 

толқыны,  сыр  толқыны  деген  нəрсе.  Тіл  жағынан,  саяси  жағынан  менің 

кемістігім мол, бірақ шындық жағынан да растығым аз емес. Вот почему я 

вышел в литературу! 

Менің  əдебиетке  кіріскен  жолым  басқалардан  бөлек,  қазақ 

əдебиетінде  мемуарлық,  естелік,  халық  мақал-мəтелдері  менің 

авторларымдағы негізгі тамырлары. Мен өз түсінігімше шындықты жазуға 

тырыстым.  Көптеген  нəрселердің  менің  қолымнан  келмегенін 

мойындаймын. Осы күндегі жастардан мен орысшаны нашар білгеніммен, 

олар  қорқақ,  мен  батырмын.  Əліме  қарамастан,  мен  орыс  тілінде  орыс 

жазушыларының өзімен жағаластым… Қазақ тілін де мен нашар білемін. 

Өзіме  қарамастан  қазақ  тілін  менен  жақсы  білемін  дегендермен  де 

жағаластым. Грамматика, синтаксис деген тіл жағынан салыстырмасы бар 

ғой  –  олардан  менің  осы  уақытқа  дейін  ешқандай  хабарым  жоқ.  Менің 

сыйынғаным,  сенгенім  –  халық  тілі  болды,  орысша  да,  қазақша  да.  Мен 

соларға сүйеніп жаздым естеліктерімді… 

Сыр ашсам саған, халқым, ұға білсең, 

Даярмын өрт пен суға, маған сенсең… 

Мен мұны бекер жазғаным жоқ. 

 

Арыңды ақ ниетпен ақтамасам, 



Ризамын теріс қолмен бата берсең… 

Осы сөздерім жоғарғы ойлардан шығады» [3, 37-б]  

 

деп, батыр өзінің жазушылық қабілетін өзі-ақ анықтап, мемуарлық жанрдың 



да мəн-маңызын атап өткен. 

«Ұшқан  ұя»  повесі  халықтық  ұғымға  бай,  дүниетанушылық  қуаты  мол, 

тəрбиелік мəні зор туынды болғандықтан, тек бүгінгі ұрпақ үшін ғана емес, 

келешек ұрпақтардың да қызыға оқитын болашағы мол, жасампаз шығармаға 

айналып  отыр.  Б.Момышұлының  сөз  саптауы,  əсіресе  табиғатты  суреттеп, 

оны  адам  жанымен,  адам  тағдырымен  ұштастыруы,  адам  бейнесіне  салып 

көркем  сөзбен  бейнелеуі  таң  қалдырады.  «Бұлт  сонда  үн-түнсіз  шаруақор 

менің  əкеме  ұқсайтын.  Ал  күн  күркіресе,  апамның  ересек  балаларына 

ақырып-зекіргені есіме түсіп, жым боламын. Жаңбыр жауса, жас баланың көз 

жасындай,  кімді  аяйтынымды  білмеймін,  əлдекімге  жаным  ашып,  жаңбыр 

жауса,  жылағым  келер»  [4,  17-б]  –  деп  балалық  шағының  оралмас  тəтті 

сəттерінен  сыр  шертеді.  Əкесі  мен  əжесінің  қимыл-əрекеттерін  табиғаттың 

жанды  көріністерімен  параллельді  түрде  қатарластырып  суреттеуі 

кейіпкерлер образын, ол арқылы портреттерін нанымды түрде берген. 



 Advances in techniques & technologies,  30.10.2013    

 

 



Milan, Italy

 

 



 

123


 

 

 



Алайда  жазушы  өз  көздеген  мақсатына  жетуі  керек,  яғни  портрет 

арқылы  оның  сырт  пішінін  өзінің  эстетикалық  идеалы  тұрғысынан  ғана 

суреттеу  емес,  штрих-детальдарды  қолдану.  Кез  келген  қаламгер 

кейіпкерге  сипаттама  беріп,  оның  жанды  бейнесін  оқырманына  таныту 

үшін  портреттік  детальдарды  ұтымды  пайдалануы  да  əдеби  туындының 

көркемдік  қуатын  арттырудың  кепілі.  «Жазушы  шығармадағы  портреттік 

детальдарды  өзінің  эстетикалық  идеалына  орай  алады.  Сол  арқылы 

образдың  толық  қанды  кейпін  беруді  мақсат  етеді.  Кейіпкердің  сыртқы 

көрінісі оқушыға түйсік туғызады, бірақ ол əлі оның мінез-құлқын толық 

ашуға  жеткіліксіз.  Ол  үшін  шығармадағы  басқа  эпизодтарға,  штрих-

детальдарға тереңдей бару керек» [2, 107-108-б] – деп ғалым Т.Ақшолақов 

кейіпкер характерінің əр жақты ашылуының маңыздылығын көрсетеді. 

Бауыржан  Қызтумас  əжесін,  Момыш  əкесін,  Момынқұл  көкесін 

ерекше  суреттейді,  əр  бөлімде  олардың  іс-əрекеттері,  диалогтары,  мінез-

құлықтары  арқылы портреттерін детальдап жеткізеді. 

Момынқұл  көкесін  суреттеп  отырғанда,  оқырман  назарын  сол 

мезетте  өр  мінезді  Серкебай  нағашысының  образы  да  қызықтырады. 

Жазушының өзі де «нақ бір ескі дəуірдің қатал əміршілеріндей елестейді» 

деп қоятыны бар. 

«Серкебай  асыл  киімдерді  қонымды  етіп,  сымбатты  киініпті: 

алдымен құндыз бөркі құлпырып көз тартады. Бөркін шешкенде көк тақыр 

етіп қырған басында оқалы барқыт тақиясы қалды. Бешпет сыртынан буған 

кемер белдігінің жалпақтығы кере қарыстай еді. Сабы күміспен күптелген 

қамшысын  сəнмен  қос  бүктеп  қасына  қойыпты.  Етсіз  қыр  мұрыны, 

қысыңқы  өткір  көзі  ашаң  жүзін  айбарландырып  жібереді  екен.  Қияқтай 

етіп  бастырған  мұртының  ұшы  екі  езуін  жиектеп  көмкеріп  тұр.  Селдір 

ұзын  сақалы  кеудесіне  түседі.  Ол  аз  сөйлеп,  əр  сөзін  нығарлап,  таптап, 

қарсы  отырған  адамына  қарай  қамшысын  немесе  сұқ  қолын  нұқып  сесті 

айтады  екен.  Нағашым  ешкімді  бет  қаратпайтын,  айналасын  айбармен 

меңдеп  алған,  өркөкіректеу  көрінді.  Өз  қатарларының  өзін  менсінбейтін 

кісі, біз сияқты бала-шағаға көз қиығын да салған жоқ» [4, 37-б]. 

Мұндағы портреттің өзгешелігі Серкебайдың бет-əлпеті мен кейпін 

ғана  суреттеу  емес.  Оның  киім-киісі,  жүру  əдеті,  сөйлеу  мəнері,  барлық 

қимыл-қозғалысы  көрініп,  есте  қаларлықтай  сипат-белгілері  туралы  да 

айтылады.  Сондай-ақ,  шығарманың  басқа  да  бөлімдерінде  Серкебайдың 

əрекеттері  детальді  портреттер  арқылы  көрініс  тапқан.  Оған  дəлел 

кейіпкердің сөздері, арада болған диалогтары. 

-  Жаман  күшікше  неменеге  жалтақтап  тұрсың?  Ұзатылған  қыздай 

сызыла қалыпты ғой, қызталақ. Мен саған əлі көрсетермін. Ауылға барған 

соң, екі аяғыңды бір етікке тықпасам ба. – Сөйтті де əжем жаққа алара көз 

тастап,  тістене  сөйледі.  –  Балаңның  сүйегі  ғана  сенікі,  əпке!  Қалғанын 

өзіме  жіберіңіз  бұл  тентектің…»  [4,  37-б]  –  десе,  енді  бірде:  «…Мен 

көкемдер  ауылдан  аттанарда  Серкебай  нағашым  еліне  барған  соң, 


«Theoretical &Applied Science»

                                        

www.T-Science.org

 

 

124 



 

 

шынында  да  көкемнің  «екі  аяғын  бір  етікке»  тығып  қояды  деп  қиналған 



едім.  Сөйтсем  онысы  қатал  тəртіпте  ұстаймын  дегені  екен  ғой.  Көкеме 

ұзын ақ шапан кигізіп, басына сəлде оратып, оқуға үңілдіріп қойыпты» [4, 

38-б]. Серкебайдың бұл əрекеті ұрпақ тəрбиесіне қазақ халқының ерекше 

назар аударатындығының көрінісі іспеттес. 

Осынау  адуынды  мінезімен  танылған  Серкебай  қаншалықты  қатал, 

əміршіл болса да, соншалықты парасатты, кешірімшіл болатын. «Серкебай 

нағашым  да  ашуын  лақ  еткізіп  төге  салып,  көкемнің  тентектігін  лезде 

кешіретін» [4, 69-б]. Автор Серкебайды тұлғалауда, портрет жасауда ұзақ 

баяндамай,  оның  характерін  танытып,  оқырман  көңілінде  ұзақ 

сақталатындай етіп суреттеген. 

Повестегі əйел теңсіздігінің құрбаны болған Зəпира сұлу да ерекше. 

Оның  портреті  бірнеше  тұста  əсерлі  суреттелген.  «Нұрбайдың  жалғыз 

қызы Зəпира да ағалары сияқты сымбатты, сұңғақ бойлы, толықсыған қыз 

еді»  [4,  77-б]  –  деп  автор  таныстырып  өтсе,  енді,  міне,  толығымен 

суреттеуге  кіріседі:  «Зəпира  келбетті  келген  жан  еді.  Талдырмаш  сұңғақ 

бойына  əркім-ақ  сұқтана  қарайтын.  Оның  атжақты  жүзі,  қыр  мұрыны, 

үлбіреген  беті  шығыстың  сұлуларын  елестеткен.  Жайнаған  мөлдір  көзі, 

қарлығаштың қанатындай қияқ қасы, шоқтай қызыл, қалыңдау ерні өзгеше 

бір сұлулықтың нышанын аңғартып тұрушы еді. 

Өзі  де  айналасындағы  күйкі  көріністі  мойындағысы  келмей,  өзін 

қоршаған  сұрықсыз  тірлікті  көзіне  де  ілмей,  батыл  да  еркін  жүретін»  [4, 

77-б]. 


 

М.Əуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға 

деген  ыстық  сезімін  суреттегенде  қолданылатын  портреттік  деталь  – 

қыздың  бейнесін  оның  шолпысының  сылдыры  арқылы  əсерлі  елестетуі. 

Сол  секілді  жас  балғын  Бауыржанның  да  есінде  Зəпира  сұлудың  əсем 

келбеті  мəңгілікке  сақталады.  Мына  бір  детальда  оның  көрінісі  нақты 

берілген: 

 

«Оның  басын  шалқайта  ұстап,  маржандай  тізілген  ақ  тістерін 



көрсетсе,  бұралып  отырғаны  əлі  есімде.  Ақторғын  кимешектің  сыртынан 

əсем  ораған  күндігі  ерекше  жарасып  тұрушы  еді.  Мен  одан  көз  алмай 

қарайтынмын» [4, 78-б]. Жас жеткіншектің бойында əлдебір сезім жанын 

жайлап алатын. 

 

Жалпы  бұл  кейіпкер  сыртқы  көрінісі,  яғни  Зəпираның  портреті 



шебер  жасалған  деуге  негіз  бар.  Жазушының  суреттеген  жалпы 

портретінен  басқа  психологиялық  портреті  де  ұтымды  шыққан.  Сол 

алғашқы көргеннен кейін араға екі жыл салып: 

«Баяғы батылдықтан, еркіндік  пен өжеттіктен жұрнақ  та қалмапты. 

Қатты  шөгіп,  ауым-сауым  халге  түсіпті.  Шамасы  бұрынғыдай  бой  түзеп, 

таранып,  жинақты  жүруді  де  ұмытқан-ау.  Басындағы  ақ  жаулығы  да 

бозарып  бітіпті.  Жүрісіндегі  өзіне  тəн  ерке  қимыл  суға  түскен  кесектей 

еріп кеткен сияқты. Жəудіреген мөлдір жанары бұрынғыдай нұр шашпай, 



 Advances in techniques & technologies,  30.10.2013    

 

 



Milan, Italy

 

 



 

125


 

 

 



жасаурап, солғындап кеткен. Айналадағының бəріне өшіге, жанымен жек 

көре  қарайтын  сияқты.  Жұрт  енді:  ол  безілдеген  Анаргүлдің  жыбыр-

жыбырына  көніп болған, тіптен күйеуі дауыс шығарып, қол көтеретін де 

болыпты  деп  жүрді»  [4,  83-б]  -  деп,  жазушы  Зəпираның  ендігі  халі 

«жайнап  тұрған  гүлдей  емес,  күздің  күлгін  жапырағындай  күн  сайын 

солып бара жатқандығын» үлкен бір аяушылықпен, күйзеліспен білдіреді. 

Кейіпкерлердің өткен өмірін еске алудағы шегіністі шығармаларына 

желі  етіп  баяндау  –  жауынгер-жазушының  қолданған  ұтымды  тəсілі. 

Олардың  өмірлеріндегі  болған  əр  оқиғаға,  эпизодқа  ұқыптылықпен,  аса 

қырағылық  танытып,  ескеріп  отыруы  –  кейіпкерлердің  ішкі  əлемін 

танудағы  бірден-бір  қажет  компонент,  əрі  көркемдік  тəсілі.  1943  жылы 

Бауыржан ауылына демалысқа келіп, сол-ақ еді, қартайған бір əйелге сəлем 

беруге  тұра  бергенде,  ол  өзінің  сүйікті  Зəпира  жеңгесі  екенін  əрең 

таныпты: 

«Сырттан елдің  ең соңы  болып, белі  бүкшиген,  кір орамалы  көзіне 

дейін  түсіп  кеткен  бір  əйел  келді.  Əлгі  əйел  асқан  бір  жылы  мейіріммен 

құшып,  еркелете  сөйледі.  Сонда  барып  майшамның  алакөлеңкесінде 

əйелдің  Зəпира  екенін  əрең  танып  едім.  Əбден  қажып  бітіпті.  Шүйкедей 

боп шөгіп, бүріскен күйі отыра берді. Шамның күңгірт жарығы əжімдерін 

адырайта айқындап, тіссіз қушиған иегін де əйгілеп тұр» [4, 83-б]. 

Тіпті оның, яғни Зəпираның арада қаншама жылдар өтсе де, сөйлеген 

сөздері  де  жас  кезіндегідей  айбарлы,  айбынды  болып  естіліп,  оның  сырт 

бейнесіне  ерекше  нəр  береді.  Қалыңмалдың  қарғысынан  сол  баяғы 

қарсылық  пен  бұлқыныс  оты  өшпеген,  өміріне  мəңгілік  өшпес  қара  із 

қалдырған  зорлықты ұмытатын  емес. Оның  портретін  күшейтетін  де осы 

тұсы. 


-Бөрік  кигеннің  бəрі  азамат  атын  жоғары  ұстап,  халқын  қорғауға 

аттанғанда, Дəулет оған да жарамады ғой, - деп ызалы сөйледі Зəпира.  – 

Анасы сол үшін туғандай, менің қорушым боп жəрбиіп отырған жоқ па?! 

[4, 84-б]. 

Міне,  жазушы  повесіндегі  қазақ  халқының  өмірінде  өткен  елеулі 

оқиғаларды баяндай келе, үлкен бір əлеуметтік кезеңдерді сипаттап өтеді. 

Ал  қазақ  халқының  байырғы  əрі  əдемі  салт-дəстүрлері  тек  құрғақ 

суреттелмей, кейіпкерлерінің тікелей қатысуымен, солардың араласуымен 

өтеді.  Халқымыздың  өміріндегі  зор  əлеуметтік  өзгерістерді,  оның  жеке 

адам,  отбасы,  ауыл  өміріне  ықпалын  кең  тыныспен  суреттейтін  келелі 

шығарма. 

Музей  апа атанып кеткен Бауыржанның үлкен əпкесі Үбианның да 

бейнесінің  суреттелетін  осы  тұсы.  «Ат  жақты,  қыр  мұрынды,  жіңішке 

ерінді, сылдырлаған шолпыларын өріп, жылтыраған қара шаштарын екіге 

бөлгенде,  жүзінің  сұстылығын,  мінезінің  айбарлығын  танытатын.  Ұзын 

бойы  мен  қыпша  белі  үшін  «Талшыбық»  атанып  кетті.  Оның  барлық 

қимылына  тəн  бір  қалыпты  жүрісі  мен  байсалдылығы  ерекше  нəзіктік 


«Theoretical &Applied Science»

                                        

www.T-Science.org

 

 

126 



 

 

беріп,  еріксіз  өзіне  тартатын»  [4,  90-б].  Автор  жалпы  портретті  бере 



отырып,  кейіпкер  бойын  əр  түрлі  детальдармен  қоса  суреттейді.  Оның 

киім-киіс  əдеті  де,  сан  алуан  зергерлік  бұйымдар  да  өңіне  қосымша  нəр 

береді. 

 «Əпкем əбден толысып, ауылдың бұрала басқан бойжеткені болды. 

Енді ол мойны мен кеудесін алқаға толтырып, шашына шолпы тағатынды 

шығарды.  Үкілі  кəмшат  бөркінің  жиегіне  де  шетірмек  тігуші  еді. 

Саусақтары  жүзікке  толы.  Ауылдың  еркесі  атанып,  жиын-тойдың, 

айтыстың көркіне айналды. Өзі де еркін жүріп, əн-күйдің ортасында өсіп, 

жасының жиырмаға шығып бара жатқанын аңғармай да қалып еді» [4, 84-

б]. 


Сол сияқты жазушы əпкесінің ұзатылу үстіндегі сырт бейнесін əдемі 

суреттеген.  Қазақ  дəстүрінде  ұзатылар  қыздың  киіміне  де  еркше  мəн 

берілген.  Осы  салт-дəстүр  арқылы  қаламгер  өз  оқырманын  Үбианның 

ендігі  портретіне  назар  аудартады.  «Раушан  түстес  бүрме  етек  көйлекті 

кигенде,  əпкемді  танымай  қалдым.  Керемет  жарасымды  екен.  Көйлек 

сыртынан  қынамабел  көкбарқыт бешпет  киді.  Құндыз  бөркінің  төбесінде 

үкі  желбірейді.  Қос  бұрымының  ұшынан  күміс  тамшы  төгілгендей, 

арқасында  əсем  шолпы  сылдырайды.  Аяғында  биік  өкше,  оюлы  етік. 

Мойны моншаққа толы, кеудесін алқа көмкеріп тұр. Аппақ білегінде қос-

қостан  күміс  білезік.  Саусақтары  сақинамен  безенген.  Тырнағына  аздап 

сүрме  жаққандай  көрінді»  [4,  97-б].  Кейіпкер  портретін  жасаудағы 

шеберлік жалаң емес, ой-толғамға толы. Оның ар жағында салтқа беріктік 

пен  терең  сүйіспеншілік  жатыр.  Осы  Үбианның  портреті  арқылы  бұл 

көрініс  тамаша,  əрі  əсерлі  шыққан,  əрі  көркем  бейне  де  соншалықты 

жанды, тірі адамдай елестейді. 

Сондай-ақ,  оның  қарсылық  білдіруінен  де  əлдебір  мінез  ұшқыны 

байқалады.  Ұрын  келген  күйеу  баламен  көрісуден  бас  тартып  тыйып 

тастағанынан бойына біткен мінезінің де көрсеткіші іспеттес. 

«Үнемі салмақты үні қатты шықпайтын байсал мінез əпкемнің дауыс 

көтере  алатыны,  қарсылық  көрсете  алатынын,  бұлтартпай  бұйыра 

алатынын мен тұңғыш рет сонда сездім. 

Əпкем əлдебіреу күшпен жетелей жөнелетіндей тартынып, сандыққа 

сүйеніп тұр. Оның шырайлы өңі сұрланып, жұқа еріндері дір-дір етеді» [4, 

90-б]  -  деп  жазушы  мінезін  айқындай  келе,  сол  бір  əрекет  үстіндегі 

портретінен хабар береді.  

Қазақ  ауылына  ене  бастаған  қоғамдағы  өзгерістерінің  бірі  əйел 

теңдігінің    бір  белгісі,  көрінісі  –  жазушының  тағы  бір  жеңгесі  Зəуренің 

тағдыры  еді.  Бірақ  Зəпираға  қарағанда,  ол  өзінің  теңдігін  қорғап,  басына 

жаңа  күн  туды.  Негізіссіз  тағылған  айыпқа  қарсы  сөйлей  алды,  ешбір 

күнəдəн  таза,  адал  болғандығын  дəлелдей  алды.  Сондықтан  да  оның 

бейнесін  автор  тыс  қалдырмай  суреттеуінде  де  өзіндік  мəні  бар.  Алайда 

оның портреті сырт келбетімен емес, ситуация үстінде беріледі. «Əкесінің 



 Advances in techniques & technologies,  30.10.2013    

 

 



Milan, Italy

 

 



 

127


 

 

 



қасында  бүрісіп  отырған  күйеуіне  жек  көре  бір  қарады.  Қанын  ішіне 

тартып,  бозарып  кетіпті.  Жанары  ызалы  ұшқын  атып,  жас  тығылып 

тұрғандай»  [4,  154-б].  Автор  Зəуренің  сезім  арпалысын,  сондай-ақ  оның 

көпшілікке,  соның  ішінде  белді  ақсақалдардың  бірі,  сол  кеңесте  билік 

жүргізген Жарымбет биге айтқан сөзінен кейін былайша жалғастырады: 

«Бұл  сөздің  бəрін  келіншек  бойындағы  дірілін,  кеудесіндегі  ызасы 

мен  толқуын  жеңіп  тұрып,  қолмен  қойғандай,  шегемен  қаққандай  айқын 

баяндайды. Адал адам ғана осылай батыл сөйлей алады деп ойладым мен 

ішімнен.  Өйткені  оның  сөзі  жан  сезімнің  нұрын  шашып,  жалаға  қарсы 

жалындап  тұр  еді.  Əйелдің  бүкіл  бітімі,  жан  дүниесі,  тіптен  киімінің  əр 

түймесіне  дейін  əділетсіздіке  деген  айбатын  айқын  танытатын  сияқты. 

Қаны  қашып,  сұрланған  жүзі  қуқылданып  көрінсе  де,  батыл  шешімнің, 

ұстанымдылықтың,  өжеттіктің  нышанын  əйгілей  түседі»  [4,  154-155-б]  - 

деп  бəрінің  де  оның  мінезінің  қайраттылығына,  батылдығына  қайран 

қалып  ұйып  отырып  тыңдағандарын  жазушының  өзі  де  үлкен  əсермен 

суреттейді.  Əсіресе  «қолмен  қойғандай»,  «шегемен  қаққандай»  деген 

суреттеулері дəл əрі нақты түрде шыққан. Шынында да, Зəуре айтқанынан 

қайтпайтын  қайсар  адамның  бейнесін,  мінезін  танытады.  Жазушының  да 

бұл орайда алдымызға əкелген ситуациялық портреті нанымды шықты.      

Əдеби  шығарманың  көркемдік  деңгейіне  қызмет  ететін 

элементтердің  бірі  –  психологизм  табиғаты  болса,  суреткер  қолданған 

көркемдік  тəсілдің қай-қайсысы  да  кейіпкер  табиғатының жұмбақ  сырын 

ашу,  сол  арқылы  шығарманың  идеялық-көркемдік  салмағын  арттыру 

мақсатында қолданылады. Тіл құралымен адамның көркем образ жасау, ол 

үшін  характерін  типтік  тұраптта  көрсетіп,  ішкі  жан  дүниесін  айқын  аша 

білу шеберлігі – қаламгер дарындылығының, таланттылығының бір қыры. 

Бұл  мəселе  жөнінде  зерттеуші  Г.Ержанова:  «Психологиялық  анализ 

жасауда  кейіпкер  мінезінің  құбылысын,  сөйлеу  мəнерін,  қозғалыс-

қимылын  айқын  бояумен,  жарқын  детальдармен  аша  білу  –  жазушыдан 

шеберлікті талап етеді. Образ жасаудың диалог, монолог, портрет сияқты 

ортақ  түрі  болғанымен,  оны  қолдану  тəсілдері,  яғни  образды  мүсіндеу 

тəсілдері  əр  суреткерде  əр  басқа.  Ол  жазушының  түйсіну,  көре  білу 

ерекшелігіне,  көркемдік  талғамына,  шеберлік  сырына  байланысты»    [  5, 

76-б] – деп тұжырым жасайды. 

Кез келген суреткердің шығармашылық жолы туралы сөз болғанда, 

оны  сол  суреткердің  дүниетанымынсыз  қарастыру  орынсыз  болар  еді. 

Себебі «биік дүниетану тұрғысы жоқ жерде, шындықты терең, дұрыс тану 

мүмкін  емес»  [12,  28-б].  Ал  шындық  терең,  дұрыс  танылмаса,  шынайы 

шығарманың  тумасы  да  анық.  Ендеше  дүниетаным  мен  суреткерлік 

шеберлік бірін-бірі толықтырып тұратын егіз ұғым. 

Қазақ  ауылындағы  көрініс  тапқан  адамгершілік  қарым-

қатынастарының  барлығы  да  бала  Бауыржанның  батыр  Бауыржан,  дана 

Бауыржан  болып  қалыптасуына  игі  əсерін  тигізді.  «Ұшқан  ұяның»  тек 


«Theoretical &Applied Science»

                                        

www.T-Science.org

 

 

128 



 

 

жалаң, суреткерлік қиялдан ғана емес, өмір материалын терең зерттеу, оны 



талдап, таразылау нəтижесінен туғандығы осының айғағы. 

 

 



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1.



 

М.  Əуезов.  Уақыт  жəне  əдебиет.  –  Алматы:  Қазақ  мемлекеттік  көркем 

əдебиет баспасы, 1962ж. 

2.

 



Т.  Ақшолақов.  Шығарманың  көркем  айшықтарын  таныту.  –  Алматы: 

Рауан, 1994 ж. 

3.

 

Б.Момышұлы. Көз алдымда бəріңсің. – Тараз, 2007 ж. 



4.

 

Б.Момышұлы. Ұшқан ұя. – Алматы: Атамұра 2003 ж.  



5.

 

Г.Б.  Ержанова.  Қазіргі  қазақ  повестеріндегі  психологизм  мəселелері: 



автореф. ...филол. ғыл. канд.: Алматы, 1994 ж. 

6.

 



М.Қаратаев. Таңдамалы шығармалар, 3 томдық, Т.3., - Алматы: Жазушы, 

1974 ж. 


 

 

 



 

Document Outline

  • _120
  • _121
  • _122
  • _123
  • _124
  • _125
  • _126
  • _127
  • _128


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет