Б. Соқпақбаев прозасындағы сюжет пен композиция үйлесімі Н. Зұлхайдарқызы



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі145,34 Kb.
#8818

Б.Соқпақбаев прозасындағы сюжет пен 

композиция үйлесімі 

 

Н.Зұлхайдарқызы, 

магистрант 

Қазақстан, Астана 

 

Ӛткен  ғасырдағы  қазақ  әдебиетінің  ӛсу,  ӛркендеу  жолына  кӛз  салар  болсақ  оның 

қазіргідей  шырқау  биікке  шығуына  небір  ғажап  таланттар  ат  салысқанын  кӛреміз. 

Әрқайсысы  ӛзінің  шама-шарқынша  туған  әдебиетіміздің  кӛп  қырлы,  кӛп  сырлы, 

кемпірқосақтай  алуан  түрлі  әсем  бояулы  болуына  үлес  қосыпты.  Бұл  ғасырда  халқымыз 

басынан кешкен әрбір кезең хатталып кӛркем әдебиеттің бетіне түсіп балталасаң ӛшпейтін 

елдік  шежіре  жасалған.  Нағыз  ерек  таланттар  қаламынан  туған  шығармалар  ӛз 

халқымыздың ғана емес, әлем халықтарының да рухани сусынын қандырар баршаға ортақ 

асыл қазынаға айналған.  

Сондай  асыл  қазынамыздың  бірі  Бердібек  Соқпақбаевтың  шығармалары.  Ӛзіндік 

сырлы  бояуы  бар  шуақты  шыншыл  шығармашылық.  Балаларға  деп  жазып,  балалар 

жазушысы  атанып,  ал  шындығына  келгенде  шығармаларын  жас  пен  кәрінің  бәрі  бірдей 

сүйіп  оқитын,  қалың  оқырманның  махаббатына  бӛленген  шын  мәніндегі  халықтық 

жазушы.  

Б.Соқпақбаевтың  жастық  шағы  қиындыққа  толы,  қайғы-қасіреттері  кӛп 

болғанымен  ол  шығармашылық  қадамын  бірден  сәтті  бастаған,  жолы  болған  жазушы. 

Талай  рет  арқасына  ӛмірдің  ащы  «таяғы»   аяусыз  тиді.  Сонда  да  ӛмірге  деген 

«оптимисттік»  кӛзқарасын  еш  жоғалтпаған.  Керісінше,   сол  кӛрген  қиыншылықтарынан 

ұмтылмас  сабақ алып, болашаққа нық сеніммен  қараған.   Жігерлі, ӛмірдің болмашы ғана 

қиындығына  сағы  сынбайтын,  қайсар  әрі  ӛжет  болып  ӛседі.   Кейіннен  есейгенде  сол 

«балалық  шағын  ұрлаған»  заманды  қағаз  бетіне  түсіреді.  Әрине,  сол   шығармаларында 

басты  кейіпкер,  ӛмірге  құштар  жан  -жазушының  ӛзі.  Ол  кӛптеген  туындыларына  ӛз 

балалық  шағын арқау  етіп  отырған. «Ауырдың үсті, жеңілдің астымен» жүруге жаны қас 

жазушы  ӛз  шығармаларында  оқырман  қауымды  ӛмірді  сүюге,  тағдыр  ауыртпалығына 

мойынсұнбауға, тӛзімділікке шақырады. 

Алғашқы кітабының жарыққа шыққаны жайлы Бердібек Соқпақбаевтың еске алған 

сӛзін  айтар  болсақ:  "Баспаның  директоры  аты  республикаға  белгілі  ақын  еді.  Ол  мені 

студент  кезімнен  білетін.  Бұрынғы  жылы  институттың  мен  басқаратын  әдебиет 

үйірмесінде біз онымен мықтап тұрып дауласып, кездесу кешін ӛткізбенбіз. Бірге суретке 

түскенбіз. Соның бәрі  ол кісінің  есінде  екен. Жастарға қамқоршыл  мінезімен ол мені  ӛте 

жылы  қарсы  алды.  Баспаға  қатысты  шаруаларымды  ешқандай  әуре-сарсанға  салмай 

тындырып берді", - дейді. 

Бұрымындай қыздардың 

Ағасың әсем ӛріліп, 

Тӛсінде ойнап құздардың, 

Күмістей жалт-жұлт кӛрініп. 

Соқса да дауыл бұлқынып, 

Басса да құлап зіл жартас. 

Жай түссе де тас жарып, 

Күлкіңді  сенің  тыя  алмас  [3,5]  –  осындай  жыр  шумақтарымен  Б.Соқпақбаев 

әдебиет  әлемінің  табалдырығынан  аттаған  еді.  Әдебиетке  құштар,  жазушы  болуды 

армандаған  балғын  жас  осылайша  ӛз  күшін  ең  әуелі  поэзияда  байқап,  сӛз  қасиетін,  сӛз 

қадірін  поэзия  безбенімен  ӛлшеуді  үйренді.  "Бұлақ"  атты  жинақ  жазушының  алдағы 

шығармашылық  ғұмырының    бағдарламасы  іспетті  болатын.  "Тӛсінде  ойнап  құздардың 

күмістей жалт-жұлт кӛрініп"  - Соқпақбаев  шығармашылығының бар  сипат, қасиеттерінің 

анықтамасын  осынау  жолдарда  алдын  ала  ӛзі  айтып  кеткендей.  Кӛркемдік  биігінен 



ойнақтап  кӛрінетін  оның  тамаша  повестері,  күмістей  жалт-жұлт  еткен  мӛлдір  таза 

әшекейлі тілі шығармадан шығармаға шыңдалып, шымырланып, шеберлене берді.  

Б.Соқпақбаевтың  осындай    артына  ӛшпес  із  қалдырған  шоқтығы  биік 

шығармалардың бірі  -  "Менің атым  - Қожа" повесі. Ол  - қазақ балалар әдебиетінің үлкен 

бір белесі. Халықтың, жас оқырмандардың шынайы ықыласына бӛленген сәтті туынды. 

"Менің  атым  -  Қожаның"  кӛркемдік  ерекшелігіне  тоқталсақ,  алдымен  назар 

аударатынымыз  құрылымының  тосындығы,  ӛзгешелігі.  Кӛркем  шығарма  құрылымы  сӛз 

болғанда, әңгіме  сюжет пен композиция туралы болатыны белгілі.  "Дүниеге келген әрбір 

туындының  кӛркемдігі  мен  құндылығы  осы  екеуінің  бірлігі  арқылы  анықталады.  Сюжет 

нақтылы  кӛрінісін   композициядан  тапса,  іс  әрекет  ізімен  шығарма  құрылысының 

жасалатыны да анық. 

Повесте  оқиғалар  жүйесі  мектеп  оқушысы  Қожа  Қадыров  тӛңірегінде  ӛрбиді. 

Шығармада  оның  іс-әрекеті,  мінез-құлқының  қалыптасуы,  арман-тілегі,  басқалармен 

қарым - қатынасы суреттеледі.  

Повесть әрқайсысына тақырып қойылып, нанымды, әсерлі оқиғаларға құрылған 27 

тараудан  тұрады.  Шығарманың  жазылу  әдісі,  батыс  әдебиетіндегі  романның  әрбір 

тарауына  айдар  ретінде  кӛне  қағидалардан  үзінді  беріп,  оқушы  үмітіне  үкі  тағып 

жетектейтін  тәсілді  еріксіз  еске  түсіреді.  Мәселен,  В.Скоттың  "Айвенгосын",  немесе 

Ж.Верннің  "Дәрігер  Окстың  тәжірибесіндегі"  әрбір  тараудың  басындағы  мазмұнның 

қысқаша  баяндалып  кету  нұсқасы  ӛз  дәрежесінде  шығарманы  ӛте  ұтымды  және 

қызғылықты етіп кӛрсеткені анық.  

Жазушының ӛзі кӛрсеткендей "Менің атым - Қожа" мен  М.Твеннің "Том Сойерін" 

салыстырып қарай бастасақ, тараулардың қысқалығы, автордың айтайын деген ойын тым 

ауырлатппай,  жеңіл  елгезек  тілмен  алып  кетуі  сияқы  ұқсастықтарды  табуға  болады. 

Жазушының  шынайы  ӛмірден  алынған  қызықты  хикаялары  жоғарыдағыдай  ӛмірі  ӛлмес 

нұсқалармен  әбзелденген.  Алайда,  бұл  еліктеу  дәрежесінде  қалып  қоймаған,  қазақ 

топырағының  шындығынан  барып  туындаған  талантты  шығарма.  "Осындай  шығарма 

қазақ балаларына да керек" деген мақсаттан барып туындаған дүние болса керек. 

"Композиция  құрамына  сюжеттің  кезеңдері  ғана  емес,  сюжеттен  тыс  нәрселер  де 

кіретіні белгілі. Солардың бірі - пролог - кӛркем шығармаға кіріспелердің бір түрі" [2, 55] 

екенін  ескерсек,  повестегі  "Кіріспе  орнына"  деген  тарау  пролог  іспетті.  "Оллаһи, 

мақтанғаным  емес,  достарым,  шындықты  айтып  отырмын  -  әттең  жазушы  болсам  деген 

арман менің кӛкейіме ерте ұялады. Үшінші-тӛртінші кластарда оқып жүргеннің ӛзінде-ақ 

ақындық  даңқым  мектептен  асып,  бүкіл  ауданға  жайылды..."  [1,5].  Бұл  -  кейіпкер 

Қожаның сӛзі. Повестің кіріспесі дәл осылай басталады. Ӛз арман-тілегі туралы аздап сыр 

ашқан автор "ӛтірік ештеңе қоспаймын" деп уәде береді. Уәдесін орындайды да. "Кіріспе 

орнына"  деген  тараудың  басты  міндетінің  ӛзі  -  шығарманың  нанымды  шығуына  қызмет 

ету  болса  керек.  Шығармадағы  оқиғалар  бас  кейіпкер  атынан,  яғни  бірінші  жақтан 

баяндалады. Жазушының ӛз сӛзімен айтсақ бұл тәсіл "... ӛмір құбылыстарын  - жақсы мен 

жаманды, ақ пен қараны бала кӛзімен кӛру, бала түйсігімен түсінуден туындайды".  

Бұл айтқандарымыз - повестің бірден кӛзге түскен композияциялық ерекшелігі. Ол 

ерекшеліктер  жазушының  кейіннен  жарық  кӛрген,  автобиографиялық  туындысы  болып 

саналатын  "Балалық  шаққа  саяхат"  повесінде  де  ӛз  кӛрінісін  тапқан.  Сюжеттің  басталуы 

оның кіріспесі іспетті: мұнда әдеби қаһармандар ӛзара қарым-қатынасқа кӛшпес бұрынғы 

хал-жағдай,  тіршілік,  қоғамдық  орта,  болашақ  қақтығыстар  алаңы,  оқиғалар  орны 

суреттеледі. Сюжеттік даму Қожаның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына,  іс-

әрекетіне негізделген 4 тараудағы Майқанованың ӛзінен үлгерімі тӛмен, сыпсық Жантасқа 

жолдама  беріп,  Қожаға  бермеуі  оның  теріс  жолға  түсуіне  себеп  болады.  Қарап  отырсақ, 

педагогикалық  қызметтегі  объективтік  бағалаудың  сәл  сәтке  болса  да  әлсіреуі  -  бала 

тәрбиесіне әсер етеді екен.  

Егер  сюжеттің  негізі  тартыс  болса,  Қожа  мен  Майқанова  арасындағы 

психологиялық  тартыс  сюжетті  ӛрістетудің  тәсілі  тәрізді.  Пионер  лагеріне  жолдама  ала 



алмай  қалған  Қожа  жайлауға  мамасына  жүрмекші  болады.  Колхоз  атын  ұрлап  мінуге 

келгенде,  Сұлтанмен  кездеседі...  Одан  әрі  шығарма  сюжеті  ширақ  ӛрбіп  дамиды. 

М.Горькийдің анықтауы бойынша, шығарманың тартымды, әсерлі болуы оның сюжетінің 

жатық, ширақ шығуына байланысты.  

Жалпы,  Б.Соқпақбаев  шығарма  сюжетін  қаһармандар  характерлерінің  қақтығысы, 

конфликт арқылы ӛрбітеді. Сюжет - әрбір қаламгер жаңадан жасайтын дүние, ол бір туған 

соң әсте қайталанбаса керек.  

Тамаша  құрылған  сюжет  пен  композиция  қаламгердің  айтайын  деген  идеясына, 

образдың жан  - жақты кӛрініп,  ӛсу логикасына қызмет  етеді. Ондаған кейіпкерлерге,  сан 

түрлі оқиғалар мен неше алуан суреттеу құралдарына тиісті орын тауып, ӛмірлік жағынан 

нанымды етіп шығаруы, сӛз зергерінің шын мәніндегі  шеберлігін аңғартады. 

Бердібек Соқпақбаев  -  қазақ әдебиетінде  ӛзіндік ӛрнегімен, шындықты қарапайым 

әңгімелеу  арқылы  мӛлдіретіп,  кӛз  алдыңа  жайып  салатын,  кейіпкерлерді  даралау  мен 

психологиялық  бейнелеудің  де  ӛзгеше  бір  жолын  тапқан  талантты  жазушыларымыздың 

бірі  еді.  Жасынан  ӛмір  талқысын  кӛп  кӛрген  адамның  ӛмірбаяндық  деректері  оның 

шығармаларына  арқау  болды.  Ұрпаққа  деген  басты  шығармаларды  жазып, 

оқырмандарынан лайықты бағасын алған бақытты жазушы.  

Адам  үшін  ӛмірдегі  ең  қымбат  бала  болғандықтан,  әдебиеттегі  ең  құрметті  - 

балалар  әдебиеті. Барлық еңбек, барлық  ӛнер құрметті болғанмен, балаларға арналғаннан 

асары  жоқ.  Ал,  сол  қызметті  балалардың  ӛздері  жоғары  бағаласа,  ӛнер  адамы  үшін  одан 

үлкен бақыт бола бермес. 

Тағы бір айта кететін жайт. Бердібек Соқпақбаев  шығармаларына тән, ортақ белгі 

–  бірінші  жақтан  баяндалатындығы.  Бұл  стильді  жазушы  саналы  түрде  таңдап  алғанға 

ұқсайды.  Олай  дейтініміз,  балаларға  арналғандықтан  сенімді  болу  керек.  Тілге  жеңіл, 

түсінуге оңай болса... деген  сияқты біз айтпаған тағы да қаншама  қасиетті  қоса келгенде 

ең  оңтайлысы  –  осы.  Авторлық  «Мен»  жеке  тұлға  ретінде  қай  шығармасында  да 

қарапайым адам. Жұрттан асқан ерлігі, елден асқан ақылы да кӛрінбейді. Бірақ оқушыны 

бірден-ақ  баурап  алады.  Шығарманың  мықтылығын  –  «енді  не  болар  екен  дегізсе...»  деп 

бағалап  жатамыз  кейде.  Бердібек  Соқпақбаевтың  ерекшелігі  осы  сӛзді  кӛп  айтқызбайды. 

Бірақ оқи бересіз, құныға бересіз. Шиеленісіп жатқан сюжет те жоқ. Дегенмен, жібермейді 

бір  күш.  Себебі,  Бердібек    Соқпақбаев  алдымен  оқушының  санасына  орнығып,  ӛзі 

оқушыға, оқушы оған айналып кетеді. 

«Менің атым Қожа» шығармасында «Повестің бірінші тарауын осымен доғарамын 

да, келесі тарауға кӛшемін», – дейді автор шығарманың ішінде. Кәдімгі автор ретінде айта 

салады. Оқиғалардан бӛліп алып. Бірақ осы бір жол оқырманға автор Бердібек емес, Қожа 

болып  әсер  етеді.  Қожа  осы  қазір,  қасыңда  отырып  жазып  отырғандай.  Тақ  бір  повесть 

жазу оп-оңай шаруа сықылды. Міне, автор осы тұстан бастап толықтай сіздің құрдасыңыз. 

Бала. Ал, сіз шығарманың басында-ақ авторға айналып кеткенсіз. Қараңыз, Қожа ӛз атына 

риза емес. Дәл осы тұста  сіз де  ӛз атыңыз жайлы бір  ойлап  ӛтесіз. Келесі сәтте мына бір 

үзінді: 


«Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлықтардың ат қоюы қызық болады екен. Бала 

бес-алты  жасқа  толғанша  оның  тәуелді  аты  болмайды.  «Ортаншым»,  «кенжем», 

«сүйіктім»,  «жұпарым» деген секілді  шартты атаумен атап жүреді.  Ал есі кіріп, бес-алты 

жасқа  толғаннан  кейін,  бала  ӛзіне  қандай  есім  ұнаса,  соны  таңдап  алады.  Міне,  әділдік 

деген. Осы дұрыс емес пе?» [1, 8]. 

Дұрыс,  әрине. Бұл  сіздің  ішкі  ойыңыз. Іле,  «егер бізде де  осылай болса, мен  ӛзіме 

қандай  ат  қояр  едім»,  –  деп  кәдімгідей  ойлана  бастайсыз.  Ал,  енді  сіз  автормен  бір 

адамсыз.  Ол  не  айтса  да  сіз  кӛнесіз.  Қаратай  жаман  ба?  Жаман!  Майқанова  ше?  Ол  да! 

Жантас? Атай кӛрме!.. 

Қаратай  неге  жаман?  Ересек  адамның  кӛзқарасымен,  табиғат  заңын  негізге  алып 

ойланып кӛрсеңіз, Қаратайдың түк кінәсі жоқ. Әйелі ӛлген. Енді күйеуі жоқ Миллатқа «екі 

жарты  –  бір  бүтін»  туралы  ұсыныс  айтып  жүрген  адам.  «Жол  ортасында  атың,  жер 



ортасында  қатының  ӛлмесін»  деген  қазақтың  даналығын  есіңе  алсаң,  тіпті  жаның  ашып 

кететін-ақ  кейіпкер.  Оны  жек  кӛрінішті  қылатындай  артық  оқиға  да  жоқ  повесте.  Бар 

болғаны  Қожаның  анасына  сӛз  салып  жүр.  Жоқ,  сіз  бәрібір  қарсысыз.  Ӛйткені,  сіз 

Қожасыз.  Сіздің  шешеңізге  кӛз  салуға  ешбір  кӛлденең  еркектің  қақы  жоқ.  Болды! 

           Бала  оқырманның  санасына  қалай  жол  табу  керегін  Бердібек  мықты  меңгерген 

жазушы. Баяғыда ұмыт болған, тіпті, елесі де қалмаған бала кездегі «ақымақ» армандарды 

қайта  тірілтіп,  кӛз  алдыңызға  қаз-қалпында  тарта  салғанда,  «осыны  қалай  ұмытпай  жүр 

екен?» – деп таңдай қағасыз. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.



 

Соқпақбаев Б. Менің атым Қожа. –Аст.: Елорда, 1999. 

2.

 

Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - А.: Мектеп, 1969.  



3.

 

Баймұратова Б. Оралмас күндердің естеліктері. // Қазақ әдебиеті, 14.01.2011 № 1-2.  



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет