Б. Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В. А



бет1/38
Дата07.11.2022
өлшемі1,09 Mb.
#47949
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Б.Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В.А. Қалиева
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ


ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-бөлім

Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған




Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған

Алматы «Атамұра» 2022



ӘОЖ 373 (072)
КБЖ 74.268.3
Қ 13

Қабатай Б.Т. т. б.
Қ 13 Әдебиеттік оқу. Оқыту әдістемесі. 1-бөлім. Жалпы білім беретін мектептің 2-сынып мұғалімдеріне арналған/Б.Т. Қабатай, Д.Қ. Тлеулесова, В.А. Қалиева. – Алматы: Атамұра, 2022. – 156 бет.

ISBN 978-601-10-0155-7


ӘОЖ 373 (072)
КБЖ 74.268.3
© Қабатай Б.Т., Тлеулесова Д.Қ., Қалиева В.А., 2022
ISBN 978-601-10-0155-7 © «Атамұра», 2022

АЛҒЫ СӨЗ


Құрметті ұстаз! 2-сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұны жаңартылып ұсынылып отыр. «Бұл жаңарту мен жаңалықтар неден байқалады?» деген сұраққа жаңа оқу бағдарламасына сүйене отырып жауап береміз:



  • оқу мақсаттарының жүйесі «құндылық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық- бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер» негізінде оқушының дербестігін дамытуға қызмет жасайтындай етіп үйлестірілген;

  • оқу үдерісіне қойылатын негізгі талап – оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру басты назарда болады;

  • педагогикалық үрдісті гуманизациялау. Мұның мәнісі – мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қамтамасыз ететін интербелсенді әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылады;

  • «оқу мақсаттарының жүйесі түрінде күтілетін нәтижелер» түзіледі және орындалады;

  • оқулық тек пәндік білім мен білікті ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталады.

«Білімді функционалдық және шығармашылық қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін қолдану, топпен, жұппен және жеке-дара жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешім қабылдай алу, алған білімін өмірде қолдана алу (өмірге бейімдей алу) сияқты кең ауқымды дағдыларын дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістігінің кепілі болып табылады».
Міне, жаңадан құрастырылған «Әдебиеттік оқу» кітабының басты ұстанымдары – осы жоғарыда аталған талаптар. Оқулық жазуда бұрыннан сұрыпталған, неше жыл тәжірибеден өткен мәтіндер таңдалып, пәндік біліммен, біліктілікпен қатар балаға өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға ерекше назар аударылды. Сондықтан сабақтардың тақырыбын дәстүрлі жүйедегідей мәтіннің атауымен (автормен қоса) атамай, сол күнгі мақсат-міндеттер жүйесінің тірек сөздерімен атауды жөн көрдік. Мысалы, Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін?» мәтінін оқыту арқылы оқушыны өзі туралы айтуға бағыттау мақсатында сабақты Өзім туралы айтайын деп алсақ, Бауыржан Момышұлының «Ұяда не көрсең…» мәтіні арқылы баланың сәби кезіндегі қызықты/қорқынышты сәттерін еске түсіріп, әңгімелету мақсатында сабақты Қызықты оқиға деп атадық. Өзім туралы бөліміндегі сабақтың тақырыбы «Оспантайдың ойыны» деп аталып тұруы да мүмкін еді. Дегенмен сол күнгі сабақтың Мен ойнайтын ойындар деп аталуы баланы да, ата-ананы да, Сізді де, құрметті ұстаз, басты назарды неге аудару керектігіне, мақсат-міндеттерді, жетістік критерийлерін нақты дұрыс таңдауға септігін тигізеді деп ойлаймыз. Сондай-ақ авторлар тарапынан ұсынылып отырған мәтіндегі оқиғаға оқушының көзқарасын смайликтер арқылы білдіріп отыруы, ойқозғау, ойжалғау, ойтолғау, түртіп алу т.б. әдісіне берілген сұрақ- тапсырмалар баланың мәтінді түсінуі мен жалпы алға қойған мақсат-міндеттерге жетуін жеңілдетеді деп сенеміз. Оқулық ұстанымын, идеясын оқушыға жеткізуші басты тұлға – мұғалім. Ісіңізге сәттілік тілейміз, құрметті ұстаз!
Авторлар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет