Б. Т. Каримова, Ж. Б. Әсетова Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтін сипаты



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата23.02.2022
өлшемі1.12 Mb.
#26237
1   2   3   4   5
72                                                                        

      ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №3(133).2011 

 

Ертеден де,   бүгінгі таңда да халықтың тұр-



мысында  баспана  мәселесі  маңызды.  Пәтер 

мәселесі шешуін таппай келе жатқаны да мәлім. 

Сол жайт жайлы оқиғаны жазарда  таңдап алын-

ған тақырыпаттар да әр түрлілігімен оқырманды 

селт  еткізері  анық.  Журналист  мақаласындағы 

баяндалатын  жайттан  хабар  береді.  «Пәтерден 

әркімнің-ақ  бар  үміті.  Бірақ...» < «...Өлеңге  әр-

кімнің-ақ  бар  таласы»  Абай> (Алма  Мұхамед-

жанова,  Айқын,  №30, 20.02.2010) Ал  мына 

мәтіндегі баяндалатын жайт та мағыналас, тақы-

рыбы  қайталанып  берілсе,  оқырман  көңілінен 

шыға алмас еді. Даудың басы – баспана < «Дау-

дың  басы – Дайрабайдың  көк  сиыры» > (Миуа 

Байназа, Айқын, №59, 08.04.2010)  

Газет  мәтіні  тақырыпатының  мағынасын 

түсінуде  адресат    пресуппозицияға  сүйенеді,  ол 

(пресуппозиция)  газеттің  тұрақты  оқырман-

дарында  қалыптасады.  М.Серғалиев  баспасөз 

атаулары  жайлы    былай  дейді: «зоголовокты 

көңіл  қойып  оқығаннан-ақ  материалдың  мазмұ-

нынан  біршама  мағлұмат  алуға  мүмкіндік  бар» 

[4,130].  Осы  пресуппозиция  мәтін  тақырыпа-

тының  эксплицитті  элементтерінің  семантика-

лық мазмұнын анықтайды.   Мысалы:  «Жеңге-

сіндей сырласты» (Е.Қ., 06.03.10). Бұл тақырып-

аттан  адресат  мақалада  сөз  болатын  мәселе 

(әңгіме  тақырыбы,  болған  жері,  уақыты,  оған 

қатысушылар  т.б.)  туралы  толық  ақпарат  ала 

алмайды, бірақ қазақы менталитетке тән  етене 

жақын  болу,  ойын  бүкпесіз  ашық  айту  сияқты 

жақын,  пікірлес,  бір-біріне  жаны  ашитын, 

қамқорлық  танытатын  адамдардың  арасында 

болатын  жылы  қарым-қатынас  сипаты  аңға-

рылады. Жеңгесін анасындай көретін қазақ ұғы-

мында одан ешқандай сыр жасыруға болмайды, 

яғни  бұл  мақаладағы  кейіпкерлер  арасында 

барынша  ашық  әңгіме  болғанын  білдіреді.  

Осындай  аялық  білімге  ие  адресатқа  бұл  тақы-

рыпат  ерекше  әсер  ететіні  сөзсіз.  Сондықтан 

мақаланың  атауын  оқыған  сәтте  оқырман  сана-

сында  «жақындық», «жанашырлық», «сенімді-

лік», «достық», «қамқорлық»  сияқты  ассоциа-

циялар  туындап,  адресаттың  мақала  мазмұны-

мен  танысуға  деген  қызығушылығы  оянады. 

Дегенмен,  мақаланы  оқып  шыққанда  аталған-

дардан  мүлдем  басқаша  ассоциациялар  туын-

дауы  да  мүмкін.  Медиа-мәтіннің  екінші  түрі 

адресатты теледидарға сілтейді. Медиа-мәтіннің 

негізгі қайнар көзі мыналар болып табылады: 

Теледидарлық жарнамалардың мәтіндері бір 

жақтан  үнемі  және  сансыз  рет  қайталанады, 

нәтижесінде  олар  әйгілі  болады,  ал  екінші 

жақтан  теледидарда  тым  аз  ғана  орын  алады 

және тез ұмытылады: 

-  бастаушы  каналдардың,  белгілі  теледи-

дарлық бағдарламалардың атаулары; 

-  әйгілі  кино  мен  телефильмдердің  фраза-

лары; 

-  сүйікті  көрермендердің  кинофильмдері 



мен белгілі басты кейіпкер бейнесі; 

-  Әйгілі  кинофильмдердің атаулары. 

Мысалы: «Сіз  кімсіз,  Семения    ханым?» < 

«Сіз  кімсіз,  Ка  мырза?»> (Ғалым  Сүлеймен, 

Айқын, №97, 03.06.2010) Тақырып  

«Сонымен,  Ка  мырза  кім  екен?» < «Сіз  кім-

сіз, Ка мырза?» фильмі жайлы> (Таңшолпан Қа-

натқызы, А.Т., №5, 4-10 ақпан, 2010ж). 

«Байлар да жылайды» < «Богатые тоже пла-

чут»телехикаясы> (Назым  Әшімхан,  Айқын, 

№24, 12.02.2010). Кинофильмдерді  көру  журна-

листтердің  көп  таралған  амал-тәсілі  болып  та-

былады.  Бұл  ретте  көркемдік  ресейлік  кино-

фильмдердің  әйгілі  атаулары,  фильмдердегі 

фразалар,  басты  кейіпкерлер  бейнелері  қол-

данылады. Көркем кино және телефильмдер ТВ-

дағы бұқаралық өнім қолданысының бірі болып 

табылады.  Адамдар  арасындағы  әртүрлі  әлеу-

меттік  топтар  мен  жас  ерекшелік  категория-

ларының  әйгілігі  мен  танымалдылығы  осыдан. 

Әйгілі  кинофильмдерден  алған  көптеген  фра-

залар,  әсіресе,  ресейлік  комедиялар  қанатты 

сөздерге  айналды.  Олардың  мағынасы  түсінікті 

және  танымды,  хабар  етілген  ақпараттарға 

қосымша  тартымдылық  береді,  газеттік  мәтін-

дермен  эмоциональді  қанағаттануды  қамтама-

сыз  етеді,  сонымен  қатар  ұсынылған  ақпарат-

тарды  айқындалған  сенім  дәрежесімен  қамта-

масыз етеді. 

Қазіргі  қазақ  баспасөзінде  оқырманның 

назарын  аудартып,  мақаланы  оқып  шығуға 

«мәжбүр  ету»  мақсатымен  осы  сияқты  ұлттық 

танымды  көрсететін,  эмоционалдық  бояуы 

қанық,  бедерлі  оралымдарды  қолдануға  ұмты-

лыс дәстүрге айналып келе жатқаны байқалады. 

Мысалы  «Сақтанғанды  сақтайды» (Б.  Файзол-

лаұлы, Айқын, №50, 26.03.2010). 

 «Сақтансаң сақтайды» («Құдай сақтанғанды 

сақтайды») (Е.Қ., 22.05.04). 

Сөйтіп,  газет  беттеріндегі  медиа-мәтіндерді 

шартты  түрде  екі  түрге  бөлуге  болады:  сөзой-

натым  (каламбур)  типіндегі  медиа-  мәтін  және 

теледидарлық  медиа-  мәтін.  Сөзойнатым  (ка-

ламбур)  типіндегі  медиа-мәтінді  өз  алдына 

мынадай тармақтарға бөлуге болады: идеология-

ландырылған  мәтін,  Библиядан  (Інжіл)  алынған 

діни  дәйексөз,  фразеологиялық  тіркестер,  жыр-

лардан алынған дәйексөз, мақал-мәтелдер.  

Теледидарлық  медиа-мәтіндер  да  мынадай 

тармақтарға  бөлінеді:  теледидарлық  жарнама, 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет