«БАҚ қызметінің бүгіні мен ертеңі» Abstract



Дата26.03.2022
өлшемі20,55 Kb.
#28877

«БАҚ қызметінің бүгіні мен ертеңі»

Abstract. In this article, we will focus on the quality and status of modern media, the most pressing issues and new and interesting information in this area.

Keywords: Media, society, modern, information, news, development, technology.

***

Аңдатпа: Бұл мақалада сіздермен бүгінгі БАҚ қызметінің сапасы мен жайына, айшықты мәселелері мен осы салаға қатысты тың әрі қызықты мәліметтерге тоқталатын боламыз. Жалпы айтқанда жыртығы жамалған, бүгіні бүтінділген БАҚ пен таныс боласыздар.

Түйін сөздер: БАҚ, қоғам, заманауи, ақпарат, жаңалық, өрлеу, техника.

***

Аннотация. В этой статье мы сосредоточимся на качестве и статусе современных СМИ, наиболее острых проблемах и новой и интересной информации в этой сфере.

Ключевые слова: СМИ, общество, современный, информация, новости, развитие, технология.

Кіріспе:

Аталмыш, тақырып аясы бүгінгі қоғамның өзекті тақырыптарының бірі. Өркениеті дамыған, технологияның билік құрған ширек ғасырында БАҚ-сыз әлемді елестету мүмкін емес. Жаңалықтардың жаршысы, дүниенің ғаламатымен таныс қылатын ақпарат өкілдері жер-жаһанның даму сатысының бірі болып табылады...



Бұқаралық ақпарат құралдары, яғни БАҚ-арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген адамдарға әр түрлі мәліметтер мен ақпараттарды ашық түрде жариялауға арналған әлеуметтік маңызы бар мекемелер. Қоғамның өмір сүріп, әлем ареналарында алға жылжуына БАҚ пен қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады. Заман ағымы мен өркениеттің алға жылжуына да байланысты БАҚ-тың дамуы мен күнделікті өзгерістерге ұшырауы таныс жағдай. БАҚ-тың атқартын қызметі әр түрлі, олар: ақпараттық, білімдік, әлеуметтік,саяси сынды бағыттарды қамтып, жұмыс атқарады. Олар ақпараттық қызметтерді барынша шынайы жеткізіп маңызды оқиғалар мен көкейкесті сұрақтарға толыққанды жауап іздейтін сала мамандарынан тұрады. Сондықтан, дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін БАҚ-тың маңызы зор. Қазақстанымыздың әлем алдында экономикалық-мәдени, әлеуметтік-саяси дамуы үшін де БАҚ-маңызы тереңде. Біз ақпарат майданында өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі күні электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұқаралық ақпарат көздері де жаңашаланып, даму деңгейінің барлық модульімен жұмыс атқаруда. БАҚ-күнделікті радио, теледидар, мерзімді баспасөз басылымы, интернет сайттар мен жаңа медиялар және мелекеттік идеология құралы. Қазақстан-тәуелсіздік алғалы бері баспасөз саласында халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Еліміздің ата заңы мен президенті ақпарат құралдарының бостандығының кепілі. Еліміздің тәуелсіздік алып, БАҚ-ты құрудағы қиындықтарының бәрі неше түрлі сатылардан өтіп, артта қалғаннан кейін, бұқаралық ақпарат көздерінің бүгіні мен ертеңі қалыптасты. Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту, ақпарттық-телекоммуникациялық инфоқұрылымды дамыту, сандық теледидарды енгізу сынды міндеттерді атқару жолға қойылды. Нәтиже жаман емес, республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың одан әрі өркендеуіне зор ықпалын тигізуде. БАҚ қызметі болып өткен, болып жатқан, алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жайында түсініктерге негізделе отырып, қоғамда нақты көзқарас қалыптастырады. Қазіргі кезде бүкіл әлемде дерлік БАҚ-құндылықтармен емес, саудамен өндіріске негізделгендей. Осы орайда маңызды шешім қабылдайтын нәрсе, БАҚ-тың Қазақстанға, оның болашағына қалай қызмет ететіні маңызды болуда. Мұнда туындайтын мәселелер: қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ойын-сауық, ағарту, хабар беру сынды баспалдақтармен қамтамасыз етіп тұрса да, экономикалық мәселелер, журналистердің дамуы, біліктілікті арттыру, жалақы, ақпарат құралдарының еркіндігі, жарнама, тираж тарату, құқықтық мәселелерді жетілдіру, дамыту әлі де керек болып отыр. Атап кететін нәрсе бүгінгі БАҚ пен кейбір оның өкілдері атақ пен даңқа, ақша мен сенсацияға да жіті мән береді. Өйткені, жарнама немесе қаралымы көп таралымы жоғары жаңалықтар арқылы жұмыскелерді бір жағынан жұмыспен, ақшамен, ал екінші бір кезекте арнаның басқа арналарға қарағанда мәртебесін жоғарылатады. Интернет атауы мен ғаламтор әлемінің бүгінгі қарқыны өте жоғары. БАҚ-өкілдеріне де өте тиімді. Инстаграм, фейсбук, ватсап, вк, твиттер, ю туб, телеграм сынды бүгінгі күннің ақпарат көздері бүкіл әлемнің жаһандануының жаршысы, әп-сәтте жаңалық пен мәліметті таратуға немесе керісінше хабардар болуға болатын сымсыз БАҚ-қызметі. Цифрландырудың ең негізгі алғышарты десем қателеспеспін. БАҚ қызметкерлері өз саласының майталманы ретінде журналистика әлемінің әр түрлі бағытында жұмыс жасайтыны белгілі. Өздері жақсы меңгерген тілші, диктор, редактор, баспасөз хатшысы, сценарийст, техника мен ақпарат құралдарына жауапты маман, бағдарламалар топтамасышы, сыншы, жазушы, тақсын тағы өте көп бағытты атап айтуға болады. Әр бағыттың өзіндік қызығы мен шыжығы мол жұмыс. БАҚ қызметкерлерінің де құқығы мен атқаратын жұмысы заңмен қорғалады. Аталмыш бағыттардың бәрінде цензура сақталынуы тиіс. Шынайы, бұқпасыз-боямасыз, арнаның рейтингін арттыру мақсатында дәлелсіз, өтірік мәліметтер мен саяси шектеу қойылған мәселелерді тарату да заңмен қатал қадағаланады. Айтайын деген ойым, барлық жерде цензура сақталады, шектеу, тежеу, бәсекелестік деген нәрсе міндетті түрде болғанымен, шекара бәрібір болады. Қоғамға дұрыс қызмет жасау БАҚ өкілдерінің басты мақсаты болуы тиіс. Біз бұл салада өткен тарихта да, бүгінгі күні де жалпы болашақта да ақсақ болмаймыз, болғанда емеспіз.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет