Ба0ылау тапсырмасы 1



Дата20.10.2022
өлшемі18,29 Kb.
#44479

Ба0ылау тапсырмасы 1
1.Қазақ жазуының тарихы
2.Латын әліпбиіне көшу – тіліміздің жарқын болашағының кепілі
Қазақ тілінің жетілуі заман талабаны сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, оның ішінде Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды не осы жазуды жетілдіруді күн тәртібіне қоя бастады. Қазақ тіліне, нақтырақ айтқанда орфографиясына араб жазуының кемшіліктері байқала бастап, қазақ жазуын орыс (киррилица) графикасына көшіру идеясын қызу талқыланды.
Алфавит қай уақытта да дінмен бірге қабылданады. Мысалы, Батыс Еуропа латын алфавитін латын шіркеуі, орыстар грек алфавитін славян шіркеуі арқылы қабылдаған. Татарлар да өзге мұсылман елдері тәрізді араб жазуына ислам дінініңт таралуына байланысты көшкен. Араб жазуы – ислам дінімен байланыстырушы үлкен құрал.Әдетте, сөз құрамында айтылатын тіл дыбыстарының жазба тілде қағаз бетіне түсіп жазылуы және оған орай оқылуы үшін белгілі бір таңбалармен белгіленуі шарт. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба-әріптермен таңбаланады. Осындай ретпен орналасқан әріптердің жиынтығын алфавит деп атайды. Өте кең таралған алфавит латын мен орыс. Ал түркі тілдерінде сөйлейтін халықтардың алфавиті 20-шы жылдардың аяғына дейін араб графикасына негізделген алфавит болды. Қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Латын графикасы негізіндегі алфавит сауатсыздықты жоюға негіз болды.Осындай жетістіктер жағы болса да, латын графикасы негізіндегі алфавит орыс тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген көптеген сөздер мен терминдердің айтылуын бұрмалау сияқты қолайсыз жағдайларға ұшыратты. Бұд жерде гоеграфилық жағдайдың да өз әсереін тигізетіні байқалады. Қазақ жері Европа мен Азияны алтын көпірі десек те артық болмас, ендіосы орналасқан жеріміз, нақтырақ айтқанда көршілердің ықпалы тимей қоймады. Қазақ тіліне кірме сөздер жеткілікті, арасында орыс тілінен енген сөздер де а емес, осыған орай сол уақытта алфавитті ауыстыру пайдасы болғанын байқаймыз. Мысалы айтатын болсақ: араб тілінде «Б» «В» «Г» әріпі жоқ, алысқа кетпей, өзіміздің төл адам есімдерінің жоғарыда көрсетілген әріптерсіз айту кемшіліксіз бола алмайды.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі – Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бүкіл саналы өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.1910 жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп,сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. А.Байтұрсынов реформалаған қазақ графикасы ресми түрде 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш құрылтайында қабылданады.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Латын әліпбиіне көшкенде қазақ тілі жоғалмайды.Сондықтан шошудың қажеті жоқ.Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан,сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын. Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер еді.
Тұңғыш Елбасымыздың «Әлеммен бірлесу» деген сөзіне назар аударатын болсақ, латын әліпбиін қазіргі таңда көптеген мемлекеттер қолдануда. Соның ішінде: Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия және Әзірбайжан сияқты түбі бір түркі мемлекеттері. Енді осы мемлекеттер қатарын Қазақстан да толықтырмақ.
Латын графикасына көшу ешқандай саясатқа негізделмеген. Ең басты қажеттілігін тілдің өзі талап етіп отыр. Тілдің ішкі-сыртқы жағдайы қазіргі жазудың (орфография) айтылымға (орфоэпияға) кері әсер етіп, өзге тілден кірген сөздердің салмағы арта түсіп, кірме дыбыстардың төл сөздеріміздің фонетика-грамматикалық талаптарын бұза бастауы секілді түрлі жағдайлар әліпби өзгерту мәселесін алға тартты. Демек, әліпби өзгерту тек кирилл әріптерін латынмен алмастыру ғана емес, жазу саласында да реформа (қайта қарау) жасау қажеттілігін талап етеді. Яғни, кирилл әріптерінде қалсақ, осы әліпбидің емле-ережелері де қапталдай жарыса кедергі келтіруін қоймайды. Себебі, біз, қазақтар, орыс тілін өз ана тіліміздей меңгерген, сөздерді араластырып айта беруге де үйренген, тіпті кейде қай тілде сөйлеп, қай тілде тыңдап отырғанымызды өзіміз де аңғармай қалатын дәржеге жеттік. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына негіздеу арқылы біз мына нәрселерден ұтамыз.
Біріншіден, жат дыбыстарды таңбалайтын әріптер қысқарып, тіл тазалығы сақталады.
Екіншіден, латын графикасына негізделген әліпбиге көшу- қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, түркі тілдес елдермен, мәдени, рухани және экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, тіліміздің қолданыс аясы кеңейіп, тар бұғаудан босайды және жаһанданудың жұмырында жоқ болып кетуден сақтайды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бүгінгі таңда әлем елдерінің басым көпшілігі дәл осы латын графикасына негізделген әліпби нұсқасын қалыптастырып, таңдап алғаны баршамызға аян. Ақпарат алмасу үдерісінде де осы жазу үлгісінің озық екені екі бастан дәлелденіп, айқындалып қойғаны мәлім. Сондықтан да бұл реформа алдымен ұлт болашағы үшін қолға алынып отырғанын қаперден шығармауымыз керек. Жаңа әліпбиді таңдау арқылы біз кеңестік қызыл империя санамызға сыналап енгізген бодандық психологиядан арылатын боламыз. Ең бастысы да осы емес пе?
Латын графикасына негізделген әліпбидің мемлекет болашағы үшін аса маңызды екенін жастарға түсіндіріп, насихаттап жүру – баршамыздың асыл міндетіміз. Сол абыройлы міндетті жоғары деңгейде атқарудан еш жалықпауымыз керек-ақ. Қазақ «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген сөзді текке айтпаған. Ендеше мемлекетіміздің қарыштап дамуы үшін жасалған осы қадамға жұдырықтай жұмылып қолдау білдіргеніміз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет