Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі 1 Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі



жүктеу 3.48 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата24.03.2017
өлшемі3.48 Mb.
1   2   3   4   5

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

17  



 

Қызыл қанымды төктім,  

Қара терімді ағыздым.  

Күш-қуатымды аямадым, 

Мен өзім ұзақ жорықтарға да бастадым.   

Білге  Тоныкөктің  тарихи  бейнесі  араға  бес  жүз  жыл 

салып  барып,  Жошы  ханның  кеңесшісі  Кетбұқа  жырау 

бейнесінде  дәлме-дәл  қайталанады.  Елтеріс  қағанға  әрі 

ақыл-кеңес  беріп,  әрі  әскерін  басқарып  жүрген  Тоныкөк 

сияқты  Кетбұқа  жырауда  Жошы  ханға  ұдайы  кеңес  айтып 

отырады.  Әрі  хан  жасақтармен  бірге  жауға  қарсы  шығады. 

Кемеңгер  Білге  Тоныкөк  философиялық  ой-пікірлері 

Кетбұқа жыраудың дидактикалық шещендік сөз үлгісіндегі 

толғаулармен  астасып  жатады.  Білге  Тоныкөк  түркі 

қағанатын  сақтап  қалу  үшін  ең  алдымен  елдің  ішкі  бірлігі 

қажетті  екендігін  пернелеп,  астарлап  ақыл-өсиет  айту 

арқылы жеткізеді: 

Жұқаны бүктеу – оңай  

Жіңішкені үзу – оңай  

Жұқа қалыңдаса, алып бүктейді  

Жіңішке жуандаса, алып үзеді.  

Кетбұқа жырау да қазақ елінің бірлігі туралы өзінің ой-

пікірін  Жошы  ханға  астаралап  айту  арқылы  жеткізіп 

отырған. Кетбұқа бір өлеңінде: 

 

Ынтымақсыз болған елден,  



Ырыс кетер, сақ болғын,  

Бірлігі жоқ, Алашымнан,  

Қыдыр кетер, сақ болғын.  

 

Тұлпар тауды, селдер бұзса, 



Тұл боларсың, сақ болғын,  

Құдағисыз, құдасыз,  

Құнның кетер, сақ болғын.  

 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

18  



 

Күш-қуатың саудаланып,  

Пұлға айналар, сақ болғын,  

-

 



деп ұзақ толғап келеді де, өзінің түйінді ойын жыр 

соңында ғана айтады:  

Құдіреті күшті елге,   

Құл боларсың сақ болғын.  

Өз  жерінен  үдіре  көшкен 

елдің ұлы сезімі атамекенен артық 

не бар. Қолына Қорқыт бабасынан 

қалған  қара  қобызын  күңіренте 

тартып,  Алтай  мен  Ұлытаудың 

салқын төсін зар күйіне қосты. Ел 

оны Кете жырау деп атады. Сол  күйлерін шығарған жерлер 

әлі де сайрап жатқан жоқ па?  

 Домбауыл бабасынан кейін Кетбұқа күйшінің қобызын 

күңірентіп  күй  тартқан  жерді  халық  «Сарын  шоқысы»  деп 

атайды. Бұл жер Ұлытаудың солтүстік батысында.   

Осындай  Ұлытаудағы  «Сарын  шоқысы»  сияқты    жер 

атаулары Қазақстанның көп жерлерінде бар.  

Ә.Марғұланның  ұйымдастыруымен  1943  жылдардан 

бастап  жүргізілген  археологиялық  экспедиция  Ұлытау 

өңірінде  Қазақ  хандығына  байланысты  бірнеше  тарихи 

орындарды  анықтап  берді.  Олар:  «Хан  ордасы», 

«Ордабазар»,  «Хан  аралы»,  «Хан  басы»,  «Хан  төбе»,  «Хан 

қыстағы»,  «Хан  көтерген».  Осы  Ұлытаудан  «Хан  жолы» 

өтетіні туралы да жазған –  Әлкей Марғұлан.  

Қазақ  хандығының  астанасы  Түркістаннан  шығатыны 

«Хан  жолы»  Сарысуды  бойлай  саяси  орталық  Ұлытау, 

Ханордасы, Қаратон, Ордабазар, Есіл арқылы Ертіске өтіп , 

Тобыл  қаласына  баратын.  Кейде  бұл  жолды  «Сарысу 

жолы», «Сауран жолы» деп те атаған.  

Әлкей  Марғұлан  өзінің  еңбегінде:  «Сөйтіп,  кәрі 

заманның  аңызында  жиі  ұшырайтын  «Ортау»,  «Кертау» 

немесе  «Ұлытау»,  «Кішітау»тарихи  замандағы  аттары 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

19  



 

Орталық  Қазақстанда  әлі  күнге  дейін  сақталып  келеді. 

Алаша ханның кешені тұрған Ұлытау әрі мәуелі, әрі салқын, 

оты  шүйгін  жердің  бірі.  Ұшы-қиыры  жоқ  кең  сахараның 

ортасында  оның  алыстан  мұңартып  көрінген  сәулеті,  әлі 

күнге  сол  Рашид-ад-дин  мен  Әбілғазы  жазғандағыдан  еш 

бөтендігі жоқ.   

Жер-су  атаулары  арқылы  да  Кет  Бұқадай  бабамыздың 

жүрген жерлерін анықтауға болады.  

Зерттелмей жатқан осындай мұралар қаншама?  

Кезінде 

Жақсықоң 

өзенінің 

маңайындағы 

Айдаһарлы 

үңгіріне 

барғанда 

сол 


жерде 

тұратын 


Мұрат 

ақсақалдан  осы  үңгір 

жайындағы әңгімені естіп 

еді.  Ол  жайлап  қолына 

домбырасын  алып,  бір 

күй  тартты.  Тартып  болғаннан  кейін  бұл  күй  «Жылан 

қайыс»  күйі  деп  айтқан  еді.  «Айдаһарлы-Құдайберлі» 

үңгірін  кезінде  геолог  М.П.Русаков  зертеп  деректер  беріп 

кеткен. Бұл деректер  Мұрат Әбуғазының «Күй атасы – Кет 

Бұқа» атты мақаласынмен сарындас:    

Шыңғыс  ханға  Жошының  өлімін  домбырамен 

естіртеді.  Қаһарлы  Шыңғысхан  домбыраның  шанағына 

қорғасын  құйып,  Кет  бұқа  күйшіні  айдаһардың  үңгіріне 

апарып тастауды бұйрады. 

 Сонда Кетбұқа бабамыз:  

-  Тақсыр,  оған  да  құлдық,  тек  домбырамды  өзіме 

беріңіз,  -  дейді.  Ханның  нөкерлері  оның  қолына 

домбырасын беріп, аяғына кісен салып, айдаһардың алдына 

апарып  тастайды.  Айдаһар  адамды  көріп,  жұтайын  деп 

қасына  келгенде,  Кет  Бұқа  оның  алдына  отыра  қалып,  күй 

тартады. Сонда айдаһар күй біткенше тыңдап жатқан екен. 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

20  



 

Күй  аяқталған  соң  ініне  кіріп,  ат  басындай  алтынды 

домбырашының алдына домалатып әкеліп тастайды.  

Міне,  күй  құдіреті.  Адам  түгелі  жан-жануарды 

мақұлықтарды да өзіне баулап алатын ұлы құдірет. Сондай 

құдіретті күйлерді тудырушы Кетбұқа бабамыз.  

 Кетбұқа бабамыздың қобызда тартылатын «Ел бірлігі» 

атты  күйін    қырғыз  ағайындарымыз  ұлттық  алтын  қорына 

кіргізгеннін естіп, біз қуанып қалдық. Бабамыздың тағы бір 

мұрасы табылғанына. Бабамыздың аты бізге жауынгершілік 

жолдарымен  емес,  құдіреттік  күй  әуендерімен  жетіп  отыр.   

Осындай  Кетбұқа  бабамыздың  күйлерін,  артында  қалған 

мол  мұралары  қырғыз,  қарақалпақ,  өзбек,  татар,  ноғай 

әдебиет  қорларында  бар  екеніне  енді  сенімдеміз.  Осындай 

мұраларды 

іздестіру 

іс-шаралары, 

Елбасының 

бастамасымен  қабылданған  «Халық  тарих  толқынында» 

бағдарламасына енгізсе дейміз.   

Кетбұқа жыраудың  

ер жүректігі мен парасаттылығын,  

отансүйгіштігі мен өнегелі қасиеттерін  

жас  ұрпақ  жадына  ұғындырып,  қазақ  елінің 

өміршеңдігімен ұлтық тұтастығын насихаттауымыз қажет.  

 

Құрметті  халайық, туған бауырлар!  

 

Осы алқалы жиында мен сіздердің назарларыңызға  Кет 

Бұқа бабамыздың «Сақ болғын, ұрпағым, сақ болғын» өлеңі 

туралы  айтқым  келіп  тұр.    Бұл  жыр  Қырғыстан 

Республикасы  Ғылым  Академиясының  қорынан  алынды. 

Қырғыз тілінде екен, қазақ тіліне өзіміз аудардық.  



 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

21  



 

Кетбұқа  жыраудың  осы  өлеңі  өсиеті  Ош  қаласының 

әкімі  Мелисбек  Мырзакметовтың  шешімімен  барлық 

мекемелер  мен  кәсіпорындарда    ілінген.  Мелисбек 

Мырзакметов: 

«Бабамыздың  «Сақ  болғын» 

өлеңін 

байыппен  оқитын  болсақ,  онда  осы  өмірде  өтіп  жатқан 



көптеген    мәселелерді    байқауға  болады.  Біздің  ақын 

Кетбұқа  бабамыз  осыдан  көп  ғасырлар  бұрын  осы  өлеңін 

шығарса да, бүгінгі күн талабына сай келіп тұр», - деген сөзі 

бізді,  яғни  Кетбұқа  бабаның    тікелей  ұрпақтарын 

ойландырады деп ойлаймын.  

Қорыта келгенде, қазақ ұлтының Кетбұқадай тарихи ірі 

тұлғаның,  қазақ  елінің  елеулі  мақтаныш  тұғырында 

ұрпақтан-ұрпаққа  жететін  алтын  әріптермен  жазылатын 

күні туса, нұр үстіне нұр болар еді. 

 Өзімізді  өзгелер  таныған  кейін,  солар  арқылы  өзімізді 

танудан  гөрі,  өз  тарихымызбен  тарихи  тұлғаларымзды 

өзіміз зерттеп, зерделеп,  қадірлеуді үйренетін уақыт жетті.  

 

Ел үшін ерлер өтті етіп еңбек,  



Оларға өлгенмен, жоқ өмірде өлмек! 

Кейінгі кенін тастап кеткеннен соң,  

Не керек, негізінде, қайтып келмек.  

 

Халық боп қорған салып құралдағы,  



Кенінен керегіңді тұр алдағы.  

Солардың сарынына сен де түссең,  

Боларсың белгілі ер ұрандағы.  

 

 



 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

22  



 

...Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты 

империялық  

идеологиясы мен сенім-нанымның жиынтығы – 

шыңғысшыл- 

дықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына 

дейін  

түсінілмей қалған жаңа бір дін болып енді. Өйткені бұл 



тежеу  

білмес тегеуірінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі 

қайсарлық  

қана емес, Шыңғыс әулетінің ұлы империясының 

ұстынына тірек,  

ұсқынына көрік болған рухтың революциясы еді... 

 

 

...Шыңғыс әулеттерінен тараған жазба ескерткіштері, 



мәселен, 

 «Асыл дастан» («Сокровенное сказание») немесе 

«Моңғолдардың құпия тарихы», Шыңғысхан заңдарының 

жинағы «Жаса» қажеттігіне  

қарай қазақтардың да рухани тарихының бір бөлігі 

болып табылады. Шыңғыс әулеті ғасырлар бойы халық 

тарихының бір бөлігі ретінде қарапайым адамдарда 

өшпенділік қана емес, сонымен бірге тәлімді танымалдық 

пен тағзымды құрмет те туғызған. Сондықтан оны 

есептен шығарып 

тастауға болмайды.  

Н.Ә.Назарбаев  

 

Кетбұқа - Аталық би. 

 

Кетбұқа  Құлағуды  жас 

кезінен 

күйшілік 

өнерге, 

шешендікке, 

батырлыққа 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

23  



 

тәрбиелеген  ұстаз,  сол  заманының  тілімен  айтсақ, 

Құлағудың аталығы.  

Құлағу  -    Шыңғыс  ханның  немересі,  Төленің  ұлы. 

Сондықтан  Құлағу  өзінің  120  мың  әскерінің  басында  Кет 

Бұқа  –  Аталық  биді  қоюды,  оған  сенгендік  белгісі.  Еш  бір 

шешімді  Кұлағу  Кетбұқамен  ақылдаспай  шешпеген.    Таяу 

Шығыс  және  Орталық  Азияның    шығысында  Құлағу 

тұсында  Ильхандар мемелекеті құрылды.  Ильхан дегеніміз 

–  Елхан,  яғни  Ұлыс  ханы.  Қетбұқаны  сол  уақытта 

Ильхандар  мемелекетінің  Елата  Аталық  би  болған,  яғни 

Елатасы.  Қазақ  шежіресіндегі  Елата,  міне  осы  Аталық  би. 

Құлағу  Кет  Бұқа  құрған  Ильхандар  мемелекетіне  қазіргі 

Иран,  Ирак,  Кіші  Азияның  Шығыс  бөлігі,  Түркіменстан, 

Әзірбайджан,  Армения,  Ауғанстан  кірген.  Кипр  королдігі 

Транузит  мемлекеті  Грузия  Ильхан  мемлекетіне  тәуелді 

болған.   

Артында  мол  мұра  қалдырған,  тарихта  да  ізі      ірленіп 

жатқан Кетбұқа бабамыздың еңбектері Иран, Сирия, Қытай, 

Франция  елдерінің  де    архивтерінен    табылуы  мүмкін. 

Кезінде  тарих  ғылымының  докторы,  професор  Мұхтархан 

Оразбай    Тегеран  қаласы  мұрағатынан  Кет  Бұқа  күйшінің 

тарихи  суреттін  тапқан  болатын.  Сол  кезде  бәріміз  де  

Кетбұқа бабамыздың тұлғасын көріп, қуанып едік. Осындай 

қуаныш барлық қазаққа ортақ деп білемін.  

Франция  архивінде  Акро  қаласының  командоры, 

тамплиер  рыцарлер  орденінің  ұлы  магистрі  Жерар  де 

Редформен  Кетбұқаның    келіс  сөз  жүргізіп,  бітімге  келген 

тарихи  құжаттары  сақталынған.    Бұлардың  барлығы 

Кетбұқа бабамыздың тарихи іздері. Бұл Батыстың Шығысқа 

қараған тәуелді кездерін меңзейді.  

Тарихшылар  Кетбұқа  ноянның  соңғы  сағаттарын 

тәптіштеп  жазып  қалдырған.  Бір  деректер  бойынша  соңғы 

жауынгері  қалғанша  соғысқан  Кетбұқа  ноян  атынан  құлап 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

24  



 

қолға  түсіп,  Құтыз  сұлтанның  қолынан  қаза  табады.  Бұл 

белгілі Айн Джалут шайқасы еді.  

Айн  Джалут  –  Палестинадағы  Назарет  қаласының 

маңындағы  елді  мекен.  Байсан  қаласының  солтүстік-батыс 

жағында,  Джалут  өзенінің  бойында  орналасқан.  Осы  елді 

мекенде  1260  жылдың  3  қыркүйегінде  мәмлүк  әскері  мен 

Кетбұқа  ноянның  түмені  кездеседі.  Құтыз  сарбаздарының 

саны жүз жиырма мыңдай, Кетбұқа ноян әскері шамамен он 

мың  болатын.  Хулагу  әскерінің  үш  мыңын  армян,  грузин 

жасақтарын құрайды.  

Тең  емес  шайқаста  артқа  шегінетін  жол  жоқ  екенін 

түсінген Кет Бұқа бабамыз әскерін алып, шайқасқа шығады. 

Әскер  алдынада  тұрып,  Білге  Тоныкөк  бабасындай  лепті 

үнімен  мәнерлеп  ғибрат  айтып,  көтеріңкі  сарынмен  үндеу 

тастап,  алға  ұмытылады.  Бұл  кезінде  Білге  Тоныкөктің 

бүкіл  түркі  еліне  қарата  айтқан  ғибратты  жырымен 

сарындас болып жатыр: 

-

 

Мен – білге Тоныкөкпін.  



Алтын қойнауын асып келдік,  

Ертіс өзенін кешіп келдік.  

Көп (екен) деп неге қашамыз?! 

Азбыз деп неге қорқамыз?!  

Елін ел етіп, қағанын қаған етіп, барша мұратына жетіп 

барып,  асыл  абыз  бұл  дүниеден  армансыз  өтті.  Ол  өзінің 

бағасын, тарихтағы орнын өзі тасқа қашап жазып кетті!  

 

«Тәңірі  жарылқады!  Бүкіл  түркі  халқына  қарулы  жау 



келтірмедім.  Атты  әскер  жолатпадым.  Елтеріс  қаған 

жауламаса,  оған  еріп  мен  де  жауламасам,  елім,  халқым 

жойылар  еді.  Оның  шабуылының  нәтижесінде,  менің  де 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

25  



 

шабуылымның  нәтижесінде  еліміз  қайта  ел  болды. 

Халқымыз  қайта  халық  болды.  Өзім  қартайдым,  ұлық 

болдым.  Қандай  қағанат  болмасын,  оның  халқының 

арасында оңбаған болса, онда ол халықтың қанша соры бар 

десеңші! Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған 

мен  –  Білге  Тоныкөкпін!»  -  деп  еліне  өсиет  етті.  Сүйегі 

Орхон өзенінің жағасына қойылды.  

Дүниеге келгендерге мирас өлмек,  

Өлген соң, екі бастан, жоқ қой келмек .  

Соны ойлап өз-өзімнен қайнап тасып.             

Қиялым көкрегімді кетті кернеп!  

«Кейінгі нені тастап кетемін?» деп,  

Ішкенім у сияқты болды кермек.  



 

Міне,  осылай  ел  алдында  екпінмен  ақыл-өсиет  айту 

асқақтата  сөйлеу  дәстүрі  бірнеше  ғасырдан  кейін  Кет Бұқа 

бабамыздың:  «Мен  ұлы  даланың  ұлы  биімін.  Ешқашанда 

жеңілген  жоқпын,  жеңілмеймін  да.  Артымда елім тұрғанда 

мен  асқақтай  түсемін»,  -  деп  бұл  фәниден  мәңгілік  бақиға 

өтіп  еді.  Ұлы  бабамыздың  сүйегі  Палестина  жеріне 

қойылды.  

Бабалар рухы өлмесе, аруақты ана асқақтап ұрпақтарын 

қолдап    мерейін  аспандата  түсетіне  сенемін.  Елдік  пен 

мемлекеттік  өре,  ауыл  мен  ру  деңгейінде  қалмауына 

кепілдік  еткенде  ғана,  Қазақ  тарихының  бұрындағыдай 

алтын  нұрмен  сәулененіп,    әлемдік  тарихтан  өз  орынын 

алады. 


Өзкелең ұрпағымызды: 

 өз қанымыздағы тасқынды ерліктермен,  

бабадан қалған тарихи ерекшелігімізбен,  

кешегі керемет жан кешулерімізбен,  



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

26  



 

Кет-Бұқадай ұлы тарихи тұлғаларымызбен  

баулуды ұмытпайық ағайын. 

Қазақ  болып,  ұлтын  силап  Мен  ұлы  қазақтың 

ұрпағымын деген ұлы бақыт. Мен қазақпын: 

 

Өр мінезді мен мойымас қазақпын, 



Көріп өскен жолын ауыр азаптың.  

Елім, жерім риясыз сен маған,  

Намысыңды қорған етер жасақпын.  

 

Тура айтып өткір тілмен сөйлеймін,  



Байлық, мансап арбауына көнбеймін.  

Адами пәк сезімдерге бас ием,  

Әділетсіз дөрекі іске төбеймін.  

 

Мен қазақпын, кең пейілді қонақжай,  



Достарымды аймалаймын даламдай.  

Арам пиғыл дұшпаныма аяу жоқ,  

Атыламын от боп нағыз найзағай.  

 

Ата-баба ғұрпына берікпін,  



Силасқанға жан аямас серікпін.  

Арым үшін мал мен жаным садаға,  

Жықтырмаймын туын азат еріктің.  

Сондықтан 

осы 

алқалы 


жиында 

мынандай 

ұсыныстарым бар:  

-

 



«Қазақтың 

Кетбұқасы» 

атты 

Республикалық 



қоғамдық бірлестік құру.  

-

 



Игілікті істер әрқашанда көппен бітетіні белгілі. Кет 

Бұқа  бабамыздың  ескерткішін  орнатамыз  деп,  оған 

тиісті  қаражатты  бәріміз  ел  болып,  басқа  қоғамдық 

ұйымдар  мен  көрнекті  кәсіпкерлер    бірлесе  отырып, 

Республикалық  қоғамдық  бірлестікке  қарасты  қор 

құру.  


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

27  



 

-

 



Осы  қоғамдық  бірлестікті  құру  мақсатында 

ұйымдастыру алқасын тағайындау.  

-

 

Ұйымдастыру    алқасына:  қоғамдық  бірлестікпен 



қордың 

негізгі 


құжаттары, 

оның 


мақсаты 

айқындайтын  және    таяу  мезгілдерде  орындалатын 

жоспарды жасау.   

Аты қазақ тарихының ғана емес, дүние тарихында орны 

бар Кет Бұқа жыраудың Ұлытау төрінде ескерткіш салу 

туралы  көптеген  ұсыныстар  түсіп  жатыр.  Бұл 

ескерткіш  кезіндегі  ақиық  ақын  Сәкен  Сейфуллиннің 

айбынды  Абылай  ханның  жұпынды  ескерткіштері 

сияқты  емес,  асқақты  бейнесі  сомдалған  ескерткіш 

болуға тиісті.  Мағжан Жұмабаев айтқандай:  

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас, 

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. 

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған 

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. 

Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай жортқан 

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас. 

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан 

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас. 

Арқаның селі, желі, шөлі, белі 

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! 

 

Ескерткіш  орнын  белгілегенде    ғалым  Ұлытау 



ауданының,  Жезқазған,  Ақтөбе  қалаларының  құрметті 

азаматы  бірнеше  мемлекеттерінің  сыйлықтарының 

иегері    Қуаныш  Ахметовтың  аманат  –  сөзін 

ескергеніміз  жөн  деп  ойлаймын.  Ол  кісі  былай  деп 

айтып еді: 

Бізді  әрқашан  Кетбұқадай  бабаларымыздың  рухы 

қолдасын. 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

28  



 

  

 Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Тарих 



толқынында» атты кітабында: 

  

«Мұның  сыртында,  бабалар  рухы  –  аруақ  –  мені  күн 



сайын  желеп-жебеп  отырады.  Діни  сезім  және  бабаларыма 

деген  сенім  –  бұл  менің  өзекті  ісім.  Мен  бабаларымды 

аруақтың  қолдағанын  білемін,  сондай-ақ  олар  мені  де 

желеп-жебейтініне  сенемін.  Міне,  менің  пайымдауымда, 

қазақтың классикалық дәстүрлі көшпелі қоғамында қазақтар 

осылай ғұмыр кешсе керек.  

Бұл ойдың орамын бүгінгі оқырман дұрыс түсіну үшін 

бір пікірмен толықтыра кету қажет.  

Мен  үшін  ата-баба  рухына,  аруаққа  бас  ию  сезімдері 

олардың  идеалын  жалғастыру  деген  сезімдермен  астасып 

кеткен.  Ал  ата-бабамыздың  идеалы  біздің  бүгінгі  өмір-

тіршілігімздің ең киелі ұстанымдарымен сай келіп жатыр», - 

деген болатын. 

Биыл  Елбасы  бастауымен    «Тарих  толқынындағы 

халық»  бағдарламасы  қабылданып,  көптеген  іш-шаралар 

қабылданды.  

«...Қазақстан  халқы  ұлы  тарихтың  иесі  атануға 

лайық...» - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

Амин  солай  болғай,  құрметті  халайық  ағайын-

бауырлар! 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

29  



 

Кетбұқа бабамыздан қалған асыл сөз 



 

САҚ БОЛҒЫН, ҰРПАҒЫМ, САҚ БОЛҒЫН. 

 

Көкше тауды селдер жуса, көркі кетер, сақ болғын,  



Көсемдерің елді алдаса, көш бұзылар, сақ болғын. 

 

Өзегіңе өртті тастап, іштей бұзар, сақ болғын, 



Асыл сөздер қордаланса, тіл бұзылар, сақ болғын. 

 

Салқын тауды селдер бұзса, салт бұзылар, сақ болғын. 



Салқындылық ентелесе, ер бұзылар, сақ болғын, 

 

Намыс тозып арың азса, бірлік кетер, сақ болғын,  



Әділ сөзді айталмаса, ел бұзылар, сақ болғын.  

 

Қызыл тауды селдер бұзса, Қызыр кетер, сақ болғын,  



Ұл-қыздарың дүние қуса, «құл»  көбейер, сақ болғын. 

 

Ынтымақсыз болған елден, ырыс кетер, сақ болғын,  



Бірлігі жоқ, Алашымнан, Қыдыр кетер, сақ болғын! 

 

Тұлпар тауды, селдер бұзса, тұл боларсың, сақ болғын,  



Құдағисыз, құдасыз, құның кетер, сақ болғын.  

 

Күш-қуатың саудаланып, пұлға айналар, сақ болғын,  



Құдіреті күшті елге,  құл боларсың сақ болғын! 

 

 



 

 

 



 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

30  



 

 

КЕТБҰҚА ЖЫРАУДЫҢ КҮЙЛЕРІ 

 

 



 

«Қаралы белдік мойнымда, сауға, Шыңғыс, сауға»; 

 

Жан сауға  



 

Сынған бұғы; 



 

«Жошы хан жортуы»;  



 

«Ел бірлігі»; 



 

«Ай-ханым»; 



 

«Кетбұқа» 



 

«Ақсақ құлан»;  



 

«Жылан қайыс»; 



 

«Нар идірген»; 



 

«Нар шөккен»; 



 

«Нарату»; 



 

«Терісқақпай»; 



 

«Күйдім-жандым»;   



 

«Ақсақал». 



 

Кетбұқа бабаның күйлерін мұрағат құжаттарынан іздестіріп,  

толықтырып жазған Кенжал БАЛКЕНОВ.  

 

 

«Ұлы жыраулардың ең ескі дәуірдегі ұлы ұстазы Қорқыт (VII-



VIII  ғғ.).  одан  кейін  ХІІ  ғасырда  жасаған  Аталық  жырау,  «Ақсақ 

құлан»,  «Жошы  хан»,  күйін  орасан  көп  халықтың  ортасында 

тартып  беріп,  музыка  үнінің  кереметін  танытқан  Аталық  жырау 

(шын  аты  Кетбұқа,  кейбір  жерде  Кербұқа)  еді.  Бұл  оқиғаны  әдемі 

суреттеп  кеткен  араб  ғалымы  Ибн-ал-Асир  (ХІІІ  ғ.  30-жылдар), 

одан кейін Улуғбек, түрік шежіресі)». 



Каталог: attachments -> article
article -> Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының
article -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу
article -> Деся ru №24 апрель 2015
article -> Алматы облысы Қаратал аудандық әдістемелік кабинеті Интыбекова Нургуль Агдарбековна әдіскер Деңгейлік оқу бағдарламасының іс
article -> Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
article -> Род имён существительных
article -> Истинная вежливость. Цель. Воспитывать чувство уважения и вежливости. Оформление


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет