Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі 1 Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата24.03.2017
өлшемі3,48 Mb.
#10354
1   2   3   4   5

Кенжебай  АХМЕТОВ                                                                                                                    

                                                                    Филология  ғылымының кандидаты, драмматург

 

 



                                                                                                                

 

Орынды  бастаманың  нәтижелі  болуы үшін ең  әуелі  



елдің  бірлігі  керек. Бірлесіп  атқарған  істің де қиюы  қаша  

қоймасы анық . Тарихта  аты аңызға  айналған Кетбұқаның 

Арқа  аймағында  туғанын  мақтаныш ете  отырып, қазаққа  

ортақ      бабаға  көрсетілер  кұрметіміздің      бірі  –  ескерткіш  

орнату    мәселесін    қызу    қолдаймыз.    Сан  ғасырға      есімі  

өшпей    жеткен  Аталық  би  –  Кетбұқаның   ерлігін   актерлік  

шеберлігіме   салып, образын  көркем  сомдауға  тырысқан  


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

46  



 

болатынмын. Оның образын сахнада  сомдау үлкен  абырой  

мен  міндет  жүктеді. Алайда,  сол үлы  бабаның  бейнесін  

алып  шыға      алдым  ба,  әлде      жоқ    па,  ол    жағын    халық  

таразылайды.  Біз    тек      сол    тарихи    тұлғалардың    өз 

кезеңдеріндегі    бейнесін    жас    буынға  танытуды  көздедік.  

Ал  бүгінгі    бастаманың    жөні    мүлде    бөлек.  Бірнеше   

жылдан    бері    айтылып  келе    жатқан    мәселенің    мәнісі  

бүгін    ашыла    түскендей    болды,    бұл    игі  шара    да    өз  

жемісін  берері  хақ. 



                                                     

Досжан ЖАНБОТАЕВ,           

                                                             Қазақстан  Республикасының  еңбек, 

                                                   

 

 

 

 

  сіңірген  актері. 

Тағы    бір    ұлы  тұлғаны    жаңғыртуға    ұмтылыс  

жасаудамыз.  Сол    ісімізге  жаратқан  жар    болсын.  Ежелгі 

аңыздардан    оқып-білген  ер    рухты    бабамызды    ұрпақ   

санасында      қалдыру    үшін    аймақта    ескерткіш      орнату  

мәселесі  дер      кезінде      қозғалды.  Тарихтағы  тұлғаларды  

сәтінде    еске    алып,  еңбегін  елемесе    -  ұрпаққа    сын.    Сол   

сынды   жете  түсінген   азаматтардың  бастамаларына  қос  

қаланың ақсақалдары  да қолдау көрсетеді. 

Жиын    барысында  күй  оғыланының    «Сақ      болған, 

ұрпағым,  сақ    болғын»  өлеңі    оқылды.  Бүгінгі    қоғамды  

болып      жатқан    құбылыстарды    осыдан  800   жыл     бұрын  

жырлаған    Кетбұқа    бабаны    көреген,    дана    демеске  

амалымыз    қалмады.  Дипломатиялық      қатынастардағы  

мәселелерді   би  ретінде   шешіп, еліне көз  алартқан  жауға  

қарсы  оқтай      атылып,  өз    қоғамының    ащы      шындығын 

жырға    қосқан  дара    дарын    иесіне    қандай    құрмет   

көрсетсек  те,   артық  етпейді. 

 

 

 



 

 

 



 

   Октябрь  БАЙТАСОВ

 

  

 

                       Жезказган  қаласының  тұрғыны,  еңбек  ардагері 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

47  



 

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ 

Мағжан 


Жұмабаев 

(Әбілмағжан) 

Бекенұлы  (25  маусым  1893,  Солтүстік 

Қазақстан  облысы,  қазіргі  Мағжан  Жұмабай 

ауданы,  Сасықкөл  жағасы  -19  наурыз  1938, 

Алматы)  –  Алаш  қозғалысының  қайраткері, 

ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдыз өкілі. 

    


 

 

ЕРЛЕРДІ  ҰМЫТСА – ЕЛ ДЕ ҰМЫТПАС! 

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,  

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.  

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған  

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.  

Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай 

жортқан 

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.  

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан  

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.  

Арқаның селі, желі, шөлі, белі  

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас! 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

48  



 

Тағанбай қажы ШАМБҰЛОВ,  

Жезқазған қаласының тұрғыны  

ҚАЗАҚТЫҢ КЕТБҰҚА БИІ 

Егемен  еліміздің  тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан 

Әбішұлы  Назарбаев  «Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы: 

қалыптасқан мемелекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында 

«Біз  бәріміз  бір  атаның  –  қазақ  халқының  ұлымыз. 

Бәрімздің де туған жеріміз біреу, ол – қасиетті қазақ даласы. 

Бұл  дүниеден  біздің  бір  ғана  Отанымыз  бар,  ол  –  Тәуелсіз 

Қазақстан» деп өте орынды атап айтты. Шынында да, біздің 

бәріміз  де  бір    атаның  –  қазақ  халқының  ұлымыз.  Біздің 

Отанымыз  біреу  екені  рас.  Ол  –  Тәуелсіз  Қазақстан  екенін 

барша  әлемге  мақтана  айта  аламыз.  Еліміз  біреу,  жеріміз 

біреу.  Тарихымыз  да,  тағдырымыз  да  ортақ.  Тәуелсіздіктің 

таңы  атқанға  дейін  қаншама  қиын–қыстау  қасапты  жолды 

бастан  өткердік.  Ардақты  ақынымыз  Жұбан  Молдағалиев 

«Мың  өліп,  мың  тірілген»  деп  бекерден-бекер  айтқан  жоқ. 

Жоғалып  кетудің  алдында  қалып,  сөніп  бара  жатып  қайта 

жанып, алаулаған ақ таңға жеттік. Ақтабан шұбырындыдан 

аман  қалған  қазақтың  тағдырына  зер  салсақ,  тек 

халқымыздың  ардақты  ұлдары  ұлттың  отын  өшірмей 

шаңырағын  сақтап  қалудың  жолында  жанын  аямай 

күрескені  ақиқат.  Бірақ,  оны  кешегі  кеңестік  жүйе  кезінде 

ашық  айтуға,  тарихымызды,  таразылауға  еш  мүмкіндік 

болмады.  Ұлттың  өткені  мен  кешегі  туралы  ой 

қозғағандардың  аты  өшіріліп,  атылып,  айдалып  кетіп 

жатқанда,  кім  өткенін  іздеп  әуреге  түседі.  Міне,  сондай 

қиын  шақта  да  ұлттың  ұлдарының  өнегелі  істері  ауызекі 

әңгімеде ара-тұра айтылып қалып жүретін. Сондай әңгімені 

бала  кезімізде  де  үлкендерден  естідік.  Кейін  сол 

естігендеріміздің 

сана 


сүзгісінен 

өткізіп 


көрсек, 

тарихымызға қатысты керекті, құнды деректер алдымыздан 

шыға келетінін көз көрді. Солардың бірі бүкіл қазаққа ортақ 

бір әңгіме сол, ол «Ақсақ құлан» күйінің шығуына қатысты 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

49  



 

дер  едім.  Аңыз  десек  те  түбінде  шындық  жатқан  бұл 

әңгімеде жер жүзіне аты жеткен Шыңғыс ханның үлкен ұлы 

Жошының  қазасын  естіртуге  байланысты  сөз  болады. 

«Кімде  кім Жошы  жайлы  жайсыз хабар  жеткізсе,  көмейіне 

қорғасын  қорытып  құямын»  деген  Қаһанның  әмірінен  ел 

қаймығады.  Себебі  белгілі.  Кім  Жошының  өлгенін  айтып, 

өлгісі келеді. Ал, айтпаса, жалпы халыққа қырғын келуі де 

мүмкін. Міне, осындай алмағайып, қиын шақта хан алдына 

домбырасын  өңгере  келіп,  жосылтып  күй  төгіп,  аңыратты, 

зарлатты,  ащы  өксікті  ортаға  салғанда  шыдай  алмаған 

Шыңғыс: «Жошы өлді болмасын!» - деп өкіріп құлап түседі. 

Сонда  күйші  жігіт:  «Дат,  тақсыр  өзіңіз айттыңыз»  дегенде, 

«Оны маған жеткізген мына қара домбыра, соның шанағына 

қорғасын  құйыңдар!»  -  деп  әмір  береді.  Осылайша  ханға 

ұлының  өлгенін  жеткізген  «Ақсақ  құлан»  күйі  кең  даланы 

шарлап  кетеді.  Міне,  бүгінгі  қазақ  еліндегі  ең  көне 

күйлердің    бастауында  тұрған  осы  –  «Ақсақ  құлан»  күйі 

халықтың  қымбат  рухани  қазынасына  айналды.  Мәңгілік 

мұрасы  болып  сан  ғасырлардан  бері  күмбір-күмбір  етіп, 

құлақ  құрышын  қандырып,  тарихымыздан  сыр  шертіп 

келеді.  Бірақ,  біз  осы  уақытқа  дейін,  «осы  күйдің 

шығарушысы  кім?»  деген  сауалға  кешегі  кеңестік 

идеологияның  әсерімен,  халықтың  ішіндегі  бір  белгісіз 

күйші деп жауырды жаба тоқып қоя салып сылбыр жауапқа 

қанағат  тұтып  келдік.  Сөйтсек,  ол  күйдің  авторы  белгілі 

екен.  Танымал  ғалымдар  Тұрсын  Жұртбаев,  Ақселеу 

Сейдімбек  жазбаларында  «Ақсақ  құлан»  күйінің  авторы 

Кетбұқа  би  деп  нақтылып  көрсетілген.  Ал,  Кетбұқа  би  кім 

дегенде  ол  белгілі  тұлға  Найман  ұлысының  бас  батыры 

Шыңғыс  ханға  қарсы  шайқаста  бет  қаратпаған  алапат 

күштің  иесі  Домбауылдың  ұлы  болып  шығады.  Шыңғыс 

әскерімен  кезекті  бір  шайқаста  Домбауыл  үлкен  ұлы  Кел-

Бұға  екеуі  қолға  түседі.  Ал,  бұл  кезде  оның  екінші  ұлы 

Кетбұқа  Шыңғыс  әскерінің  көрнекті  тұлғаларының  біріне 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

50  



 

айналған.  Домбауылды  Шыңғыс  хан  өз  қасына  алып,  оң 

тізесіне  орын  береді.  Ал,  оның  екі  ұлы  Кел-Бұқа  мен 

Кетбұқа  Жошының  қосынын  басқарады.  Осылайша 

Домбауылдың  өзі  және  оның  ұлдары  Шыңғыс  ханның 

қанды  шеңгелінен  бүгінгі  Қазақ  деп  аталған  халықтың 

негізін  сақтап  қалады.  Осы  үшін  де  біз  оларға  құрмет 

көрсетуіміз  ләзім.  Әсіресе,  Жошы  қолының  бас  сардары 

атанған  Кетбұқаның  қазақ  халқының  басын  құрап,  осынау 

сахарада  емін-еркін  өмір  сүруіне,  жоғалып,  жұтылып 

кетпеуі  үшін  төккен  тері,  жұмсаған  жігері  орасан  зор  деп 

білеміз.  Ұрпағым  деп  атқа  мінген  Кетбұқа  қолбасшының 

мәңгілік мекені Иерусалимде деген мәлімет бар. Өз кезінде 

Кетбұқа  га  уан  (мыңбасы)  Сирияның  билеушісі  болып 

тағайындалған.  Дала  перзенті  Кетбұқа  ноянды  Мәмлүк 

атанып  кеткен  Бейбарыс  сұлтан  да  қадірлеген.  Бейбарыс 

өзінің  жан  жолдасы  Құтызды  қандасы  Кетбұқаны 

қапылыста  өлтіргені  үшін  өз  қолымен  о  дүниеге 

аттандырды  дегенді  тарихшы  ғалымдар  жазып,  айтып 

көрсетіп  жүр.  Кең  даланың  перзенттері  бірін-бірі  өкпеге 

қиса  да,  өлімге  қимаған. Дала  дәстүрін  олар  сақтай  білген. 

Бүгінде  Бейбарыс  есімі  елімізде  еркін  айналысқа  енді.  Ал, 

ерлігі  де,  ел  үшін  атқарған  еңбегі  де  тұрғыластарынан  бір 

саты  кем  емес,  қайта  оқ  бойы  озық  тұрған  Кетбұқа  есімі 

ескерусіз келе жатқаны қалың ойға батырады.  

Халқымыз  «ерлік  ұмытылмайды»  деп  бекер  айтпаған. 

Бүгінгі  ұрпағы  қазақ  елінің  әр  азаматы  Кетбұқа  ноянды 

келешекте  мәңгілік  есте  қалдыру  үшін  оған  өзіне  лайықты 

құрмет,  қошеметін  жасауы  тиіс.  Оны  келешек  ұрпақ 

жасайды  деп  кейін  ысырап  қоюдың  реті  жоқ.  Бүгінгідей 

тәуелсіз елдің таңы шырайланып атып тұрғанда Көк туымыз 

көкте желбіргенде, Елбасымызды дүниежүзі таныған шақта 

әлемге  аты  жеткен  Шыңғыс  ханның  шылбырынан  тартып 

тоқтатып,  қазақ  деген  ұлтты  ұстап  қалған  Кетбұқаның 

еңбегі ескерілуі керек-ақ. Оған ескерткіші алтын қойсаң да 


Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

51  



 

артық  емес.  Бірақ,  Жез  қаланың  жезі  деп  алтынға  бергісіз 

емес  пе?!  Бабаға  ұлықтап,  ас  беріп,  дұға  бағыштап,  рухын 

еске алып, ескерткіш ашып жатсақ, қазақ халқының мерейі 

бір өспей ме? Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін де ұрпақтар 

сабақтастығы үшін де елі үшін еңбек еткен ерен ер Кетбұқа 

биге тұлғасы биік, тұрпаты бөлек ескерткіш ашсақ деген бір 

ой көңілді түрткілей береді. Әрине, ол бір адамның қолынан 

келетін  іс  емес,  оған  жергілікті  билік  өкілдері,  қоғамдық 

ұйымдар  мен  зиялы  қауым,  ақсақалдар  атсалысса 

абыройымыз  арта  түсер  еді.  Осы  бір  ойды  ортаға  салуды 

көптен ойға алып жүр едім. Бұған сіз не дейсіз, ағайын?!    



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

52  



 

Кенжебай АХМЕТОВ,  

Қазақстан Педагогика ғылымдары,  

Академиясының мүше-корреспонденті.  

 

КЕТБҰҚАДАЙ БИЛЕРДЕН КЕҢЕС СҰРАР КҮН 

ҚАЙДА? 

 

Бұл  –  он  сан  ноғай  бүлініп,  Ордалы  жұрт  ыдырап, 

кешегі еңселі елдің тозғындаған тобырға айнала бастағанын 

көріп, берекесі қашқан жұртты бір арнаға тоғыстыра алмай, 

амалы  таусылған  дулығалы  Доспамбет  жырау  айтқан  сөз. 

Бүгінде қос қазақтың бірі жатқа айтатын сөз. Ал, осы сөздің 

айтары не, аманаты қандай? 

Отыз  жылдай  ғана  кешсе  де,  бүкіл  Дешті  Қыпшақ 

даласының кешегісі мен өз тұсындағы тірлігі жайынан мол 

хабардар болған, Стамбұл мен Бақшасарайды көзбен көріп, 

мұсылманшылық жолына да молынан қанығып үлгерген, ес 

білгеннен  бастап-ақ,  ел  тірлігіне  араласқан  жауынгер 

жыраудың әйгілі толғауы: 

«...Кетбұқадай билерден  

Кеңес сұрар күн қайда? 

Еділдің бойын ен жайлап,  

Шалғынына бие біз байлап,  

Орындықтай қара сабадан,  

Бозбаламен күліп-ойнап,  

Қымыз  ішер  күн  қайда?!»  -  деп  түйіндеуінің  сыры 

неде?  

Доспамбет  жыраудың  аңсары  –  мамыражай  тірлік, 



берекелі  бейбіт  өмір.  Ал,  ондай  өмірдің  үлгісі  –  Кетбұқа 

бидің  тұсында  болған  өмір.  Ал,  қалың  жұрттың  қамсыз 

тірлік  кешуінің  кепілі  –  Кетбұқадай  билердің  кеңесіне 

жүгіну. Іштен іріп, сырттан қыспақталып, ағалы  – інілі бір-

бірімен қырқысып, бітіспеске бет түзеген жұртының басын 

қайта  біріктіре  алмай,  көкейдегі  арманын  сөзбен  сауған 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

53  



 

Доспамбеттің Кетбұқаны аңсаулы заңды еді. Неліктен? 

Өйткені  Доспамбет  жырау  тірлік  кешкен    XVI 

ғасырдың  алғашқы  ширегінде  Ноғайлы  жұртының  басына 

түскен  ахуал  мен  XIII  ғасырдың  алғашқы  ширегінде 

түркілер,  оның  ішінде  найман  жұрты  басынан  өткерген 

жағдай өте ұқсас еді.  

Тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі нақты уақытқа 

қатысты  жекелеген  деректерде  аздаған  айырмашылықтар 

болғанымен,  кезеңнің  жалпы  бейнесін  жүйелей  көруге 

болады. Енді сол бейнеге зер салып көрелік.  

Түрлі  себептермен  бір  кездегі  бірлігінен  жаңылған 

түркі  жұрты  қайтадан  тұтасуға  ұмтылып,  XIII  ғасырдың 

алғашқы  жылдарында  Шығыс  Түркістаннан  Жетісу, 

Оңтүстік  Сібір  өңірлеріне  дейінгі  аралықты  қамтитын 

Моғолстан  мемелекетінде  бас  біріктірді.  Алайда  монғол 

билігіне  келген  Шыңғыс  хан  бұл  мемлекеттің  күшеюіне 

мүмкіндік  бермеді.  Толық  бірігіп  үлгермеген  ел  аумағы 

Шыңғыс 

ұрпағына 



үлестірілді. 

Соның 


ішінде 

Моғолстанның  солтүстік  бөлігі  Жошының  еншісіне 

бұйырды. Жалпы, Жошы ұлысы Ертістен батысқа созылып, 

Жетісу  мен  Хорезмнен  Саксин  мен  Бұлғарға  дейін  қамти, 

бүкіл Дешті Қыпшақ даласын алып жатады. Ал, Жошы хан 

Кетбұқа өмірінде маңызды орын алатын адам екені белгілі. 

Демек,  Жошы  билігі  тұсында  осы  өңірлердің  бәрінде  де 

Кетбұқа есімі жақсы танымал болғаны даусыз.  



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

54  



 

Жошының  ақылман  аталығы,  Шыңғыстың  нояны 

атанған  Кетбұқа  Доспамбет  толғауында  неліктен  «Кетбұқа 

би»  ретінде  аталады?  Мұның  сырын  дұрыс  бағамдау  үшін 

Кетбұқа өмір сүрген уақыттың алдында болып өткен тарихи 

маңызды кейбір оқиғаларды ескеру ләзім. 

Найман  жұртының  мемелекет  ретінде  көшпелілер 

кеңістігінде ықпалды күш иеленген кезеңі Инаң Білге билік 

құрған XII ғасырдың соңғы ширегі еді. Соның бір дәлелі – 

Темүжінді  Шыңғыс  ханға  айналдырған  екі  ханның  бірі 

керей  Тұғырыл,  енді  бірі  дәл  осы  Инаң  Білге  болуы.  Бір 

кездегі  ықпалды  күштің  тарих  сахнасынан  ығысуына 

аңғалдық  пен  менмендік  жетті.  Қуатты  үстеле  түскен 

Шыңғыс  әуелі  Тұғырылды  жойды,  ал  Инаң  Білге  өз 

ажалымен  дүниеден  көшті.  Екі  ұлы  Таян  мен  Бұйрық  бір-

бірінен  алшақтап  кетті.  Себеп әкеден  қалған тақ  билігі  еді. 

Осыны  пайдаланған  Шыңғыс  тұтастығына  сына  түскен 

жұртты  қол  астына  қаратуға  асықты.  Әуелі  Бұйрық  ханға 

ілескендер  талқандалды,  ханның  өзі  де  мерт  болды.  Арада 

екі жыл өтер-өтпестен, Таян ханның жұрты да монғолдарға 

бас  иді,  ханның  өзі  шайқас  үстінде  қаза  тапты.  Шешесі 

Гүрбесу  Шыңғыс  ханның  тұтқынына  түсті.  Таянның 

жаужүрек  ұлы  Күшілік  өзіне  ерген  жұртты  бастап, 

Алтайдан  аса,  Ертіс  бойына  ауды.  1208  жылы  оларға 

Сүбедей  жасағы шабуылдап, күші аз Күшлік қарақытайлар 

иелігіндегі  Жетісуға  ығысып,  сол  өңірдегі  наймандар  мен 

меркіттерді  топтастырып,    монғол  қолына  қарсы  күресін 

жалғастыра  беруге  ниеттенеді.  Сол  уақыттағы  тарихи 

жағдайлардың 

өзгеруіне 

байланысты, 

қарақытай 

гурханының  әскері  де  Күшліктің  билігіне  көшеді.  Күшлік 

хан  билігінің  қуаттана  бастағанын  байқаған  Шыңғыс  хан 

қапысыз қамданған қалың қолға Құбылай мен Жебе ноянды 

бас етіп, оған қарсы аттандырады. Қаң қасап соғыстың соңы 

Күшлік  қолының  жеңілуімен  аяқталады.  Осылайша, 

Шыңғыс  ханға  қарсы  тұруды    мақсат  етіп,  он  алты  жылға 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

55  



 

(1202-1218 ж.ж.) созылған күрес те тынады.  

Шыңғыс  хан  монғолдың  билеушісіне  арналған  1189 

жылдан  1218  жылға  дейінгі  аралықта  отыз  жылға  жуық 

уақыт  жатыр.  Осы  аралықта  Инаң  Білге,  Бұйрық,  Күшілік 

хандар билік құрып, соңғы екеуі Шыңғыс ханмен шайқасып 

өткен екен.  

Ал,  осы  оқиғалар  Кетбұқа  тағдырында  қандай  із 

қалдыруы мүмкін?  

Тарихшылардың басым бөлігі ден қоятын 1185 жылды 

Кетбұқа  дүниеге  келген  жыл  (1190  жыл  деп  есептейтін 

пікірлер  де  бар)  деп  алсақ,  Таян  хан  дүниеден  озған  1204 

жылы ол 18-19 жас шамасында болады. Әрине, біз он алты 

жылға  созылған  күрестің  ортасында  Кетбұқаның  болған-

болмағанын айта алмаймыз, алайда осы тайталастың, себеп-

сырына,  қалай  ширығып,  қалай  аяқталғанына  Кетбұқаның 

қанық болғанына да шүбә келтіре алмаймыз. Ендеше елдің 

амандығын  жердің  бүтіндігін  сақтау  үшін  жер  қайысқан 

қолға  қарсы  шығумен  мақсатқа  жете  алмасын,  керісінше, 

қанды қырғыннан аман қалған жұрттың өзі жоғалып  кетуі 

мүмкін екенін Кетбұқа түсінбеді деп ойлауға бола ма? Жоқ, 

Кетбұқа ел амандығын үшін, қалған жұрттың өсіп-өнуі үшін 

басқа  жол  іздеу  қажеттігін  күннен-күнге  күш  алып  келе 

жатқан  Шыңғыс    хан  әскеріне  қарсы  тұрмақ  болу  ажалға 

арандаумен бірдей екенін ерте бағамдаса керек. Сол себепті  

де  ел  амандығы  үшін  өзінің  және  өзіне  ерген  екі  түмен 

сарбаздың  басын  бәйгеге  тігуді  жөн  санаса  керек.  Осылай 

еткенде  ғана  өзі  мен  өз  серіктерін  кепіл  ету  арқылы  ғана, 

туған  елін  қырғыннан  сақтап  боларын,  туған  жеріне 

тыныштық әкелерін білген.  

Ал,  елдігінен  де,  билігінен  де  айырған  Шыңғыс  ханға 

кектенуі өршіп тұрған жұртты бір келеге келтіріп, бір уәжге 

жүгіндіру 

Кетбұқа 


оңай 

соқпағаны 

анық. 

Оның 


Доспамбеттей  өр  мінезді  жыраулардың  бас  иер  піріне 

айналып,  «Кетбұқа  би»  аталуы  да  осы  тұстан  өрбісе  керек. 



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі  

 

56  



 

Кетбұқаның  билігі  кейінірек  етек  жайған  жесір  дауы,  жер 

дауы түйіткілдерін шешуден салмақты билік. Кетбұқа  – би, 

би болғанда да, қалың қаһарымен емес, алға озған ойымен, 

алды-артын  кемел  пішкен  парасатымен  жүгіндірген  би. 

Қазіргі  түсінікке  бейімдей  айтсақ,  бейресми  билік  иесі, аса 

ықпалды саясаткер, сын сағаттардағы өзгерістерді өз елінің 

пайдасына  шебер  шеше  білетін  дипломат.  Демек,  дүние 

жұртын  дүбелеңге  салған  Шыңғыс  ханның  Кетбұқаға 

айырықша пейіл танытуының негізгі себебін де осы тұстан 

іздеу  абзал  шығар.  Осы  тұрғыдан  келсек,  Кетбұқаның 

Шыңғыс хан сарайындағы ықпалды нояндардың бірі болуы, 

монғол  қолына  қосылып,  жорықтарға  араласуы  –  қара 

бастың қамын күйттеген яки атақ-даңқ іздеген әрекет емес, 

ел амандығын сақтау үшін жасалған бірден-бір амал.  

Кетбұқа  есімі  аңыздан  да,  тарихи  жазбалардан  да 

ұшырайды.  Аса  танымал  аңыз  –  «Ақсақ  құлан»  күйіне 

байланысты.  Аңызда  айтылғандай,  балқытылған  қорғасын 

қаралы  хабарды  жеткізген  адамның  аузына  емес, 

домбыраның  шанағына  құйылады.  Неге?  Аңызда  бұл 

сұрақтың  жауабы  да  бар.  Дегенмен,  жауапты  тарихи 

жағдаймен  байланыстыра  іздесек,  «күйші  басқа  адам  емес, 

Кетбұқа  болғандықтанда,  жазадан  аман  қалған-ау»  деп  ой 

түюге  болар  еді.  Өйткені    Жошының  өлімі  1227жылдың 

оқиғасы. Бұл уақытта Кетбұқа Шыңғыс ханға да, ен Даланы 

жайлап жатқан түркі жұртына аса ықпалды тұлғаға айналып 

үлгерген.  Ал,  Шыңғыстың  дүниені  дүр  қақтырған  қалың 

әскерінің  басым  белгілі  түркі  текті  сарбаздардан  құралған. 

Қанша қайғы жұтып отырса да, Шыңғыстың бұл жағдайды 

ескермеуі,  аңызда  айтылатындай,  бір  ауыз  сөзге  жығыла 

кетуі  орайсыздау  сияқты.  Әсілі,  сол  бір  ауыз  сөзді  негізгі 

ойын бүркемелеу үшін ұтымды пайдаланған болар. Әлбетте, 

біздің бұл ойымыз үзілді-кесілді пікір емес, солай болуы да 

ықтимал деген көзқарас қана.  

Ал,  тарихи  зерттеулердегі  Кетбұқаға  қатысты  пікірлер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет