Бағалар жөнінде түсініктеме беру үшінжасалатын қадамдар



бет1/9
Дата31.12.2021
өлшемі169,07 Kb.
#22360
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бағалар жөнінде түсініктеме беру үшінжасалатын қадамдар

13.1 Жетістік критерийлері туралы айту

13.2 Бастапқы жоспар дайындау

13.3 Жетістікті анықтау

13.4Мақсатты анықтау

13.5 Берілген түсініктемеге қатысты оқушының ойлануы мен жауабы

13.6 Деңгейлерін анықтау жəне оқушыларға жұмыстарын қайтару. Жазбаша жұмыстарды топтық бағалау

Жетістік критерийлері мұғалімге оқу мақсатына жеткен оқушыларды анықтауға көмек береді. Жетістік критерийлері оқушыларға оқу мақсатына қалай жетуге болатынын көрсетеді. Ал мұғалімдерге оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін анықтауға көмектеседі.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау –оқушылардың жоспарланған оқу мақсаттары мен нәтижелерінің сәйкестік деңгейлерін орнату болып табылады. Жетістік критерийі арқылы бағалау – оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижеге жетуде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Сол арқылы бағалау оқушылардың деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Жетістік критерийі сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс қағидаттары негізінде дайындалады.

Оқу мақсатына жетуде жетістік критерийлерін құрастыру және қолдану – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген жетістікті салыстыру үрдісі. Ең маңыздысы – жетістік критерийлері арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді. Бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай қалай ойлағаны белгілі болады.


Білім беру жүйесінде ұзақ жыл бойы оқушылардың білімі бес балдық жүйемен және басқа оқушының жетістігімен салыстырылып бағаланып келді. Яғни, оқушылардың оқу жетістігін шынайы бағалау болмады. Қазіргі таңда, әлеуметтік сұраныстарға байланысты бағалау жүйесіне де келесі өзгерістер енгізіледі:

  • Оқушының жұмысы бағамен бағаланады;

  • Жетістік кртерийі оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт;

  • Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы керек;

  • Нақты білімділік мақсатты бағалануы қажет.



Бағаланатын дағдылар сипаттамасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет