Бағалау қызметі
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заң
Бағалау туралы есеп – жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жасалған жазбаша құжат
Бағалау туралы есептің сараптамасы – бағалау туралы есептің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасының және бағалаушылар палатасы стандарттарының талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында бағалаушылар палатасының сарапшылық кеңесі жүргізетін зерттеу;
Бағалау қызметi саласындағы уәкiлеттi орган – бағалау қызметi саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Үлестес тұлғалар – бағалаушының қызметіне ықпал етуге қабілетті, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын айқындау жөніндегі шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде қабылдау және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың біреуінің) қабылданатын осындай шешімдеріне, оның ішінде жасасқан мәмілеге орай тікелей және (немесе) жанама түрде ықпал ету мүмкіндігіне ие жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Бағалаушылар палатасы – өз мүшелерінің бағалау қызметінің сапасын бақылауды жүзеге асыру, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында құрылған, кәсіптік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйым;
Бағалау стандарты – бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін, бағалау қызметiнің субъектілері үшін бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге құнын айқындауға қойылатын бірыңғай талаптар белгіленетін нормативтiк құқықтық акт;
Құн түрлері
Құнның қоры мен түрлері" бағалау стандартын бекіту туралы заң
Алмастыру құны – бағалау объектісінің тозығын ескере отырып, бағалау жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар сомасы; (Алмастыру құны, əлде қалпына келтіру құны мынадай əдістердің көмегімен есептеледі:1) элемент бойынша есептеу əдісі – бірыңғай аудандық бірліктік бағалаулар жинақтарын, сметалық нормалар мен қағидаларды, сметалық нормалар мен бағалауларды жəне басқа да нормативтерді пайдалану негізінде қалпына келтіру немесе алмастыру құнын айқындау);
Арнайы құн – бұл нарықтық құннан асып түсетін және активтің кейбір ерекшеліктерін көрсететін, арнайы сатып алушы үшін құндылыққа ие сома;
Кеден құны – қолданыстағы кеден заңнамасы негізінде есептелетін кеден төлемдерін аудару мақсатында айқындалатын құн;
Тарату құны – әдетте бизнес жабылғаннан кейін жеке сату үшін ұсынылатын бизнесте бірлесіп пайдаланылатын активтер тобының нарықтық құнының түрі;
Сақтандыру құны – келісім шарттың немесе сақтандыру полисінің ережелерінде көзделген мүлік құны. Сақтандыру сомасының болжанып отырған мөлшері сақтандыру шартының талаптарына жүргізілген талдаудың нәтижелері негізінде, жалпы жекелеген сақтандыру жағдайлары, бір топ сақтандыру жағдайы үшін, сондай-ақ мүліктің табиғи жағдайының, оның ағымдағы пайдаланылу ерекшеліктерін, мүліктің нарықтық құнын қалыптастыруға сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып айқындалады;
Достарыңызбен бөлісу: |