Бағдарламаның мазмұны: дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға



бет1/2
Дата04.05.2023
өлшемі1,38 Mb.
#89709
түріБағдарламасы
  1   2

Жалпы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу болып табылады. Ал міндеттері мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жайлы және қауіпсіз білім беру жағдайларын жасау, баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға бағытталған дамытушы заттық- кеңістіктік ортаны, оның ішінде арнайы ортаны құру, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың физикалық дамуы, коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, баланың зияткерлік, әлеуметтік дағдыларын және тұлғасын дамыту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, отаншылдыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметтік нормаларға баулу, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді беру болып табылады.
Бағдарламаның мазмұны: дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға; балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуге, қолдың ұсақ моторикасын, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға; тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуге; өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру, қоршаған әлемді эмоционалды тану, тәрбиеленушілердің өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасауға; тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оң әлеуметтендіру, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, қоғам және мемлекет, отбасы дәстүрлеріне баулу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасындағы оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ескере отырып, сабақтастық пен үздіксіздік қағидаларын қамтамасыз етуге; бастауыш білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беруге бағытталған.
Бағдарламаның мазмұны балалардың физикалық және психикалық дамуының жас кезеңдерін ескере отырып, әр түрлі жас топтарында іске асырылады.
Жалпы Үлгілік оқу бағдарламасында күнделікті 14 іс-әрекетті орындап отыру тиіс. Яғни олар, дене шынықтыру, жүзу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, қазақ тілі, сенсорика, математика негіздері, құрастыру, қоршаған ортамен таныстыру, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка.
Ал енді «Өркендеу» бағдарламасының мазмұны мен мақсатына тоқтала кетсек. Бұл бағдарламаны іске асыруда халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтастай тәрбие берудің сапасын арттыру, жас ұрпақты жаңа қоғам талабына сай жетілдіру, жаңарған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алатын ұрпақ тәрбиелеу және қазақ халқының әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, сананы жаңғыру, ұлтымызды жаңа сапаға көшуі үшін күнделікті өмірлік ұстанымдарымызды жаңаша бағытта қалыптастыру көзделген. Негізінен тәрбие мен білім беру негізінде идеология мен адамның рухани әлемі өзгереді. Руханилық ең алдымен адамның өз-өзіне, басқа адамдарға, қоршаған әлемге деген ұқыпты адал қатынасынан, рухани-адамгершілік мүдделердің материалдық құндылықтардан жоғары тұруынан көрінеді. Жалпы бұл бағдарламаның мақсаты баланың рухани әлеуетін ашу, толық дамуына жағдай жасау арқылы жайлы және қауіпсіз дамытушы білім беру ортасын құру, рухани-адамгершілікке, ізгілік пен жомарттыққа, жағымды және көркем мінез-құлыққа тәрбиелеу болып табылады. Балаларға қоршаған орта жайлы ұғымдарды қалыптастыруда, ұлттық құндылықтарға, елін, жерін сүйуге, мемлекеттік рәміздерін құрметтей білуге, ізгілікке тәрбиелеу басты мақсаттардың бірі. Бағдарламада әр жас кезеңдеріне сәйкес бала игеруге тиісті білім, іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруда бағдарлама мазмұны төмендегідей бағыттарда топтастырылды: «Рухани тәрбие әлемі», «Елтану әдемі», «Зияткерлік әлемі», «Өнер әлемі», «Салауат тану әлемі».
Бағдарламада балалардың ерте дамуының өзектілігі балаға дұрыс тәрбие мен жас ерекшелігіне сай білім беруге, оның ақыл-ойын, дене бітімін дамытуға, психологиялық саулығын қамтамасыз етуге, еркін ойлай алатын азаматтарды тәрбиелеудің ұтымды жолдары қарастырылды. Өркендеу де адам капиталын дамытудың басты бағыты ретінде ұлттық ой сананы қалыптастыру, ұлттық дүниетанымды ғылыми негізде ұғыну, білім арқылы өркениет құндылықтарының дағдарысын еңсеріп, ұлттық ділі берік жас ұрпақты тәрбиелеуді көздейді. Халық педагогикасының озық дәстүрлері мен өркениеттік инновацияларды тоғыстыра отырып, жас ұрпаққа терең, рухани, пайдалы білім беру, олардың бойында мемлекетшілдік рухты дамытады.
Баланың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, қарапайым білім негіздерімен қаруландырадытек тазалығына, ұлттық рухын түсірмеуге, ұлттық озық салт-дәстүрлерді дамытуға баулиды. Ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтауда отбасымен тығыз ынтымақтастық орнатылады және педагогтардың жаңаша ойлауын дамытудың инновациялық-әдістемелік жүйесі қалыптасады.
Жалпы ұрпақ тәрбиесінде балаға құндылықтарды меңгерту өте маңызды болып табылады. Себебі, бала мектепке дейінгі жаста дамып, бойына жақсы мен жаман қасиеттерді сіңіріп өседі. Осы тұрғыда тәжірибе барысында пайдаланған оқу іс-әрекетіммен мысал келтірсем:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет